Әңгімелесу әдісі.
Педагогикалық зерттеу әдісі ретінде өз алдына дербес қолданылады
және байқау әдісімен толықтырылып отырады. Әңгіме әдісі күні бұрын белгіленген
жоспар бойынша анықталуға тиісті зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің
барысы, мазмұны толық баяндалады, қорытындысы жасалады.
Интервью алу әдісі.
Бұл әдіс педагогикаға әңгімелесу әдісінің бір түрі ретінде әлеуметтік
зерттеулерден ауысқан. Әдетте жүргізілетін әңгімеден айырмашылығы интервью алған
кезде алдын ала белгіленген сұрақтар , бір ізді дәйектілікпен әңгімелесушінің жауаптары
жазылып алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |