Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 1,09 Mb.
бет3/5
Дата28.11.2017
өлшемі1,09 Mb.
#2232
1   2   3   4   5

4-бөлім. Ағаш ағызу
35. Ағашты судан алушы

Параграф 1. Ағашты судан алушы, 3- разряд
138. Жұмыстар сипаттамасы:

механикаландырылған түсіру кезінде ағашты судан дайындау, будаларды, бөренелер мен солқылдақ шыбықтарды түсіруге дайындау;

будалар мен борткомплектілерді алу;

ағашты қатарға жинау және көлденең және бойлай ағаш транспортеріне беру;

ағашты ағаш транспортерінен бассейндерге қою немесе қатарға жинау;

қысқасын түсіру, оны текшеленген отынға салу;

от жағатын қағазды өзеннің түбінен көтеру, оны плашкоутқа немесе жағалауға қатарлап қолмен және механизмдерді пайдаланумен салу;

мұзды қардан тазалау, қатарға аратөсемді салумен ағашты мұзға салу және қатар қалыптастыру;

аратөсемдерді шабу және қатардың бастиегін салу.

139. Білуге тиіс:

түсіре механизмдерінің, аспаптардың, қолданылатын аспаптың құрылысы;

судан ағаш түсіру кезінде және от жағатын қағазды көтеру кезінде жұмыс тәсілдері;

ағашты қатарға жинау ережесі, ағаш сортименттері және оларға мемлекеттік стандарттар.

36. Ағаш ағызудағы жүкшығыршы жұмысшы


Параграф 1. Ағаш ағызудағы жүкшығыршы жұмысшы, 4- разряд
140. Жұмыстар сипаттамасы:

суда ағаш шоғырлау, жағалық м шоғырлау, суға салу, судан түсіру және штабельге салу, салдарды қалыптастыру және тиеу- түсіру жұмыстары кезінде жүкшығырды басқару;

жүкшығырды, қозғалтқышты және арқан- блоктық жүйеге күтім жасау және оларды жұмы күйінде ұстау;

жүкшығыр мен арқан- блоктық жүйеге профилактикалық және ағымдағы жөндеу жүргізу;

жүкшығыр мен арқан- блоктық жүйені монтаждау мен жинақтауға қатысу, арқандар мен ілмектерді біріктіру.

141. Білуге тиіс:

суда ағаш шоғырлау, жағалық м шоғырлау, суға салу, судан түсіру және штабельге салу, салдарды қалыптастыру және тиеу- түсіру жұмыстары кезінде жүкшығырды пайдалану басқару ережесі;

құрылысы, жүкшығырды жұмыс орнында ауыстыру және бекіту тәсілдері;

бағыттаушы блоктардың конструкциясы;

арқандар мен блоктардың жүк көтерімділігі;

жүкшығырдың жұмысында ақаулықтарды табу әдістері мен оларды жою ережесі;

арқандар мен ілмектерді біріктіру тәсілдері.

37. Шоғырлау (сұрыптау) машинасының машинисті
Параграф 1. Шоғырлау (сұрыптау) машинасының машинисті, 4-разряд
142. Жұмыстар сипаттамасы:

ағашты шоғырлау (сұрыптау) кезінде шоғырлау (сұрыптау) машинасын басқару;

шоғырлау (сұрыптау) машинасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, қарау, майлау, профилактикалық және ағымдағы жөндеу жүргізу;

шоғырлау (сұрыптау) машинасының күрделі жөндеу жүргізу үшін ақау тізімдемелерін құрастыру.

143. Білуге тиіс:

ағаш материалдарын сұрыптау, будаларды шоғырлау ережесі және оларға техникалық шарттар;

шоғырлау (сұрыптау) машинасының құрылысы және техникалық пайдалану ережесі;

тозған бөлшектерді ауыстыру тәртібі, майлау материалдары мен отынның түрлері, қасиеттері.

Шоғырлау (сұрыптау) машинасын орта және күрделі жөндеуге қатысу кезінде - 5- разряд.

38. Суды ағашты сұрыптаушы


Параграф 1. Суды ағашты сұрыптаушы, 2-разряд
144. Жұмыстар сипаттамасы:

ағашты негізгі сұрыптау дәлізімен, сұрыптау аулаларымен, әкелетін дәліздер, бассейн аулалары бойынша жылжыту.

145. Білуге тиіс:

ағаш материалдарын суда жылжыту тәсілдері мен әдістері.

Параграф 2. Суды ағашты сұрыптаушы, 3- разряд
146. Жұмыстар сипаттамасы:

ағашты қақпаларға беру (жақындату) және олардан өткізу;

ағашты сұрыптау аулалар бойынша ірікту;

будаларды ұсақтау станогының дәлізіне жақындату және дайындау;

ағашты сумен тиеу механизмдеріне беру;

аралауға беру кезінде екі аралық диаметрлері бойынша бассейнде бөренелерді сұрыптау.

147. Білуге тиіс:

ағаш материалдардың орнын ауыстыру тәсілдері мен әдістері;

ағаш сортименттері және оларға мемлекеттік стандарттар;

ағаш материалдарын маркалау, ұсақтау жабдықтары мен құрлдың әрекет ету қағидасы;

ағашты түсіру механизмдеріне беру ережесі.

39. Ағызушы


Параграф 1. Ағызушы, 3-ші разряд
148. Жұмыстар сипаттамасы:

жаға еңістері мен тайыз жерлерден ағаштарды ығыстырып тастау, өзен бойынша ағаштардың жүзіп кетуін қамтамасыздандыру; бөгеттер және кедергілер арқылы ағаштардың өтуі; өзендерді суару және ағаштардың жүзуі кезеңінде суару құралдарын қамтамасыздандыру бойынша жұмыстарды орындау; ағашты ағызу кезеңінде бондардың қызмет көрсетуі; салдың дұрыстығын қадағалау; ағаштарды және такелаждарды сақтау, ағызатын орындарды жөндеу және салдың қозғалу уақытында ақаулықтарды және сынықтарды жою, жолда салдарды басқару, тұрақтандыру үшін салдарды жағаға тарту, кошельдарды толтыру және тарту; жылжытқыштардағы бөгеттердің құрылғысы және қондырғысы; тұрған орнынан салдарды өзен магимстральдарына шығару, салдардың аялдамаларға тарту және нығайту және олардың соңғы пункттерін қондыру;

екі қатарға дейінгі әртүрлі конструкциялар мен басқа жүзуші құралдардың тірелген плиткаларды салу және жөндеу; щиттерді, рейлерді дайындау, ырғақтарды әзірлеу; қалашықтарға төсей отыра кергілерді қондыру; каөпіршіктерді төсеу (қаптау); басқыштарды қою; запаньдар және құралдар үшін жағалық тіреуіштерді қондырғылар; еңістіктерді жинау және қою, штабельдерді өңдеу, әртүрлі конструкциялы дарбазаларды қондыру және жөндеу, жатақты тазалау, бас дәлізді өңдеу, жүзуші құралдарыдың сүйретітілуі; ағызушы машиналарды тазалау, қара күйені ұстағыштарды қою.

149. Білуге тиіс:

мольдық ағаш ағызудың, салдарды ағызудың, ағаштарды суға қолмен және механизациялық тастаудың әдістері мен жолдары;

жүзуші жабдықтарды қондыру және орындарын ауыстыру әдістері;

заторлардың пайда болуы және ескерту шаралары;

салдардың жүзуі үшін қажетті арнайы құралдардың типтерінің қондарығылары;

тағайындалуы, жағаларды және өзендердің еңістерін нығайту бойынша жұмыстарды өндіру ережесі;

ағашты ағызуда қолданылатын бондардың, рейлердің және тіректерінің типтері;

запаньдар және басқа да жүзуші құралдар үшінжағалық тіреуіштердің конструкциясы оларды дайындау әдістері;

жүзуші құралдарды нығайту үшін қолданатын такелаждардың түрлері және олармен жұмыс жасау әдістері.

Параграф 2. Ағызушы, 4-ші разряд
150. Жұмыстар сипаттамасы:

ағызудағы апаттарды қолмен және механизацияланған әдіспен жою; заторларды, заломдарды өңдеу және қолмен және механизацияланған әдіспен басты, қолдаушы және қабылдаушыларда күш салуы; лоттарды, шынжырларды, зікірлерді қолдана отырып тартымдылықпен және өз бетінше жүзу барысында жүргізуші бірлікті басқару; тіреуші плиткаларды, конструктивті бондарды және екі қатадан жоғары басқа да жүзуші құралдарды салу және жөндеу; басты дәліздің, сұрыптаушы және формалық торшалардың, шығарушалылардың, бас дәліздің бойымен және оны кесетін бонданды қою;

зәкірмен штоктарды дайындау және өңдеу, зәкірлерде және өтектерде шеймаларды өңдеу; бондарда анкерлік құлыптарды қондыру, құлыптарға бекіте отырып, бондар бойынша жатақтарды төсеу; ағызушы машиналарды қою; бондарды, сұрыптаушы және құралдарды қалыптастырушыларды жинау.

151. Білуге тиіс:

ағызуда апаттарды ескерту немесе жою барысында механизмдердің көмиегі арқылы және қолмен жұмыстарды орындау әдістері;

күш салушыны қамтамасыздандыру қондырғылардың конструкциясы және оларды арнада қондыру кестесі;

заторларды, заломдарды және күш салушыларды өңдеу әдістері;

запаньдарды кесіп өту;

конструктивті бондар және екі қатар жабдықтардан жоғары басқа да жүзуші жабдықтар үшін плиток қондырғылар;

жүзуші жабдықтарды қоюдың және жинаудың кестесі мен әдістері;

салда такелаждың және құралдардыңі белгіленуі, жабдықтармен, арқанмен нығайтудың әдістері және стандық такелажбен жұмыстардың жолдары (лоттар, зәкірлер).

40. Шоғырлаушы


Параграф 1. Шоғырлаушы, 3-разряд
152. Жұмыстар сипаттамасы:

навигациялық шоғырлау кезінде – қылды жинау және тегістеу, сигнал беру, ағашты суда механикаландырылған топтастыру кезінде дайын шоқтарды бұру;

бір - және көп қатарлы шрғырлау бірліктерін жинау:

жағалаулық шоғырлау кезінде ағашты штабельдерден домалату, буда жинау, чокерлермен ілу, арқандармен және ауыр арқанмен жұмыс.

153. Білуге тиіс:

шоғырлау бірліктерінің түрлері мен құрылымдары;

суда ағашты шоғырлау ережесі;

ағаш материалдарының сортименттері, буда байлау ережесі және байлау материалына қойылатын талаптар;

шоғырлау және байлау такелажы мен арқандардың, ағаш материалдарының жарамдылық нормалары;

шоғырлау жұмыстары кезінде ақаудың түрлері мен себептері;

оның алдын алу және жою бойынша шаралар.

Параграф 2. Шоғырлаушы, 4- разряд


154. Жұмыстар сипаттамасы:

суда және жағалық шоғырлауда механикаландырылған топтастыру кезінде будаларды байлау;

қысқартулар, бітеулер жасау;

байлау сымын дайындау, шетін түзеткішпен буданың шеттерін тегістеу.

155. Білуге тиіс:

будалардың байлау технологиясы мен құрылғылар;

байлау материалына қойылатын техникалық талаптар.

41. Салдарды қалыптастырушы


Параграф 1. Салдарды қалыптастырушы, 2- разряд
156. Жұмыстар сипаттамасы:

шоғырлау машиналарына шоқтарды әкету, шоқтарды сортименттер бойынша сорттау;

будаларды салдарды құру учаскелеріне қою;

құру пунктілерінде шоқтарды бекіту.

157. Білуге тиіс:

будаларды орнынан ауыстыру тәсілдері мен әдістері,

ағаш материалдарын маркалау.

Параграф 2. Салдарды қалыптастырушы, 3- разряд


158. Жұмыстар сипаттамасы:

такелажды салдарды қалыптастыру аудандарына жақынджату және әкелу;

тіректі беру;

ағаш қоятын жерге жіберу үшін тіректі бұрғылау және шынжырлармен және сыммен қосу;

түсіру жерлерінде орнатумен салдарды жинау.

159. Білуге тиіс:

балқытуда қолданылатын такелаждың түрлері мен оларды ұстай білу ережесі;

садарды қабылдау ережесі мен қалыптастыру тәсілдері.

Параграф 3. Салдарды қалыптастырушы, 4- разряд
160. Жұмыстар сипаттамасы:

жинақтаушы машиналармен сызықтарға және секцияларға қалыптастырумен будаларды және басқа қосу және сорттау;

салды дайындау, салдарды және бастаушы бірліктерді құру, қалыптастырушы аулаларда салдарды қалыптастыру, зәкірлерді құру және салдарды толық жабдықтау бойынша басқа жұмыстар;

салдардың үстіңгі жабдығын дайындау;

ағашты бітеуге, торларға, киіздерге, шоқтарға тиеу;

қорытпаның транзиттік жолдарында және ағашты түсіру пункттерінде салдарды қайта қалыптастыру және тарату.

161. Білуге тиіс:

салдардың және бастаушы бірліктердің түрлері мен конструкциялары;

әр түрлі салдарды қалыптастыру және тарату технологиясы;

оларды жабдықтау бойынша жұмыс тәсілдері;

ағаш сортименттері мен түрлері бойынша сал бірліктерін сорттау ережесі;

қалыптастыру және тарату жұмыстарын ұйымдастыру;

салдарды ережесі;

салдарды қалыптастыру мен жабдықтауға техникалық шарттар.

Параграф 4. Салдарды қалыптастырушы, 5- разряд
162. Жұмыстар сипаттамасы:

көл салдарын және сигаралардан салдарды қалыптастыру;

бастаушы бірліктердің, маткалардың, Зайцев плиткаларының құрылысы;

ағашты сигараға тиеу, көл салдарын және сигаралардан салдарды тарту мен шынжырлау.

163. Білуге тиіс:

бастаушы бірліктердің, көл салдарының және сигаралардан салдардың түрлері мен құрылымдары;

салдарды қалыптастыру технологиясы және оларды жабдықтау бойынша жұмыс тәсілдері;

қолданылатын жабдық пен такелаждың түрлері;

мүмкін жарамдылық нормалары.

5-бөлім. Ағаштың шырынын ағызу
42. Ағаш химиялық қондырғының аппаратшысы
Параграф 1. Ағаш химиялық қондырғының аппаратшысы, 3- разряд
164. Жұмыстар сипаттамасы:

ағаш химиялық қондырғының анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен осмолды, берестті, технологиялық шикізатты термиялық ыдырату, оттықты көсеу процесін жүргізу;

барлық аппараттарда шикізатты алу және түсіру;

сургуч өндірісі кезінде борды ұсақтау және кептіру;

хлорофил-каротиндік паста өндірісінде кылқанды кішкентай табанды ұсақту;

тоңазытқыштардың ваннасына су беру;

аппараттарды тазалау және оларды өндірістік циклге дайындау.

165. Білуге тиіс:

ағаш химиялық қондырғыда технологиялық процесс жүргізу сызбасы және жұмыстарды орындау технологиясы;

температура режимі, алынатын өнімнің негізгі қасиеттері.

Параграф 2. Ағаш химиялық қондырғының аппаратшысы, 4-разряд
166. Жұмыстар сипаттамасы:

осмолды, берестті, технологиялық шикізатты термиялық ыдырату, оттықты көсеу процесін жүргізу;

қылтабанды экстракциялау;

канифолды лакты қайнату және басқа ағаш химиялық өнімдерді өндіру;

қызмет көрсететін аппаратураны, пештерді, оттықтарды ағаш химиялық қондырғының түтінағарларын ақаусыз күйде ұстау;

алынған ағаш химиялық өнімді есепке алу.

167. Білуге тиіс:

өндірістерде қолданылатын аппаратураның құрылысы:

смолоскипидарлық спирт - ұнтақ хлорофилл – каротин пастасы, самырсын майы;

берест қара майының және ағаш химиясының басқа өнімдері (екіншілерден басқа);

бұл өндірістердің технологиялық процесінің сызбасы;

қызмет көрсетілетін аппаратураның технологиялық көрсеткіштері және қысыммен аппаратурамен жұмыс істеу ережесі;

алынатын ағаш химиялық өнімнің қасиеттері,

43. Көтеруші


Параграф 1. Көтеруші, 3- разряд
168. Жұмыстар сипаттамасы:

қабылдағыштан тірілткіш сұрыптау;

науашаларды және крампондарды тірілткіштен тазалау;

баррасты және шырша серкасын жинау;

каррды санап шығу және карржабдығын орнату;

тірілткішті ылғал мен сордан босату;

қабылдау пунктілеріне тірілткішті жеткізу және оны бөшкелерге тиеу;

құрастырылатын аспапты ұштау.

169. Білуге тиіс:

әр түрлі қабылдағыштардан тірілткіш пен баррас жинау технологиясы;

тірілткішті бір жолғы және разрядталған жинау;

тірілткішті жинау кестесін құру ережесі;

тірілткіш пен баррас жинауға арналған құралдың құрылысы;

тірілткішпен бөшкелерді маркалау және тығындау ережесі;

тірілткішке мемлекеттік стандарттар;

қысқы кезеңде сақтау тәртібі.

Параграф 2. Көтеруші, 4- разряд
170. Жұмыстар сипаттамасы:

каррларды белгілеу және қызарту;

науашаларды желілеу;

әдеттегі шырынын ағызу кезінде жаңартудар жағу;

кесетін құралды және шырынын ағызуға арналған жинақтау құрылғыларын қайрау, түзеу, реттеу.

171. Білуге тиіс:

ағаштың шырынын ағызу технологиясы;

ағаш жүргізу;

метерологиялық және технологиялық факторлардың тірілткіштің шығымына әсері;

ағаштың шырынын ағызудың ағаштың тіршілік әрекетіне ықпал жасау;

тірілткіштің құрамы;

тірілткіштің сапасын жақсару тәсілдері;

кесетін құралды және шырынын ағызуға арналған жинақтау құрылғыларының құрылысы;

қайрау ережесі.

Параграф 3. Көтеруші, 5- разряд
172. Жұмыстар сипаттамасы:

мотосүргіні пайдаланумен каррды қызарту: күкірт қышқылмен, хлорлы ізбес таспен, сульфитті - спирттен жасалған қойыртпақпен, сульфитті - ашытқы ашымақпен, азық ашытқымен, олардың экстрактілермен және шайыр бөлетін басқа ұқсас стимуляторлармен;

мотсүргіге, химиялық заттарға арналған резервуарға, мөлшерлегішкеі және басқа жабдықтарға техникалық қызмет ету және ағымдағы жөндеу.

173. Білуге тиіс:

күкірт қышқылмен, хлорлы ізбес таспен, сульфитті - спирттен жасалған қойыртпақпен;

сульфитті - ашытқы ашымақпен, азық ашытқымен, олардың экстрактілермен және шайыр бөлетін басқа ұқсас стимуляторлармен ағаштың шырынын ағызу технологиясы;

химиялық реагенттердің рецептурасы, олардың дайындау және оларды ұстау білу тәсілдері;

жаңартуға енгізу мөлшері;

шырынын ағызу құралы мен жабдықтың түрлері мен құрылысы;

шырынын ағызу құралын ұстау ережесі және оған техникалық күтім жасау.

44. Ағаш жұмыстарын жарушы
Параграф 1. Ағаш жұмыстарын жарушы, 4- разряд
174. Жұмыстар сипаттамасы:

жаруды оттық және элктрлік тәсілдерімен түбірлі осмолды дайындау;

жарылғыш материалдарды шығыс қоймасынан алу және жұмыс орындарына жеткізу;

түбірлердің тамырымен жұлып алу кезінде қажетті әскери патрондарды даярлау және өңдірулерді дайындау;

шпурлардың мөлшерін және орналасуын, олардың тереңдіктерін және бағытын тексеру;

зарядтардың қажетті мөлшерін және жарылғыш заттардың қолдануға, түбірлердің тамырымен жұлып алу кезінде шпурларды зарядтауға жарамдылығын анықтау;

қауіпсіз аймақ шекараларын және посттарды қою жерлерін анықтау;

жарылу желісін анықтау және оның ақаусыздығы мен кедергісі тексеру;

сигналдарды беру;

забойды қарау және жарылмаған зарядтарды жою;

ірі түбірлерді сыртқы зарядтармен ұсату;

жарылғыш материалдардың шығынын есептеу және қалдықтарын қоймаға тапсыру.

175. Білуге тиіс:

жарғыш машиналардың және электр өлшеу аспаптарының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

шпурларды зарядтау және жару тәртібі;

жарыыс жұмыстарының қауіпсіздік ережесі және жасау тәсілдері;

жарылғыш заттар мен жару құралдарының қасиеттері;

жарылғыш заттарды шығындау нормалары және байқау тәсілдері;

жаратын жұмыстарды жүргізудің негізгі әдістері;

электржару кезінде қосу схемалары;

жарылғыш материалдардың сақтау;

есептеу және тасу ережелері;

болмаған зарядтарды жою ережелері және тәсілдері;

жаратын жұмыстарды дайындау және жүргізу реттілігі;

жарылғыш материалдарды алу және тасу ережелері;

геологиялық және техникалық жағдайларға байланысты шпурларды бұрғылау тәсілдері және орналастырулары.

Параграф 2. Ағаш жұмыстарын жарушы, 5- разряд
176. Жұмыстар сипаттамасы:

таулы жағдайларда жарудың оттық және электрлік тәсілдермен электр жеткізу желілерінің және гидротехникалық құрылыстардың жақын маңында, тоғайларда және ойлы-қырлы жерлерде, жолдардың құрылысы жанында және соқпақтардың таулыларды шарттарда жолдар салу кезінде түбірлі осмолд дайындау;

ағашты құлату, мұздан қатқан ағашты алу, ағаштың шырынын ағызумен тежеулерін жою;

«Контурлық» жару әдісімен жару жұмыстарын орындау;

жарылыстардың саны мен мөлшерін тіркеу бойынша қондырғыларға қызмет көрсету;

сейсмикалық қауіпті аймақты анықтау;

жарылыс жұмыстарын техникалық басқару құқықтары болған кезде жару жұмыстарын басқару.

177. Білуге тиіс:

электр жеткізу желілерінің және гидротехникалық құрылыстардың жақын маңында;

тоғайларда және таулы жағдайларда жару жұмыстарын қауіпсіз жүргізу ережесі мен ерекшеліктері;

апатты жағдайлардың салдарын жою бойынша жұмыстарды орындау кезінде ағаштың шырынын ағызумен тежеулерді болдырмау;

жарылыс жұмыстары үшін зарядтардың массасын есептеу әдістері.

45. Ағаш көмір күйдіруші
Параграф 1. Ағаш көмір күйдіруші, 2- разряд
178. Жұмыстар сипаттамасы:

үймелерде көмірді күйдіру;

қақпақтар және тосқауылдарды дайынжау;

үймеге ағаш тасу;

ағаш салу, алауды тұтату;

қақпаны бөлшектеумен түзетумен үймені толтыру;

отты сөндіру;

үймені бұзу;

көмірдің ірі кесектерін стандартты мөлшерлі кесектерге ұсату;

сусымалы көміржі, қалдықтарды, қоқымды, қабықты жинау;

тарсылда көмір қоқысын себу;

көмір күйдіру пештерінде күйікті қаққылау;

пештің түбігн тазалау;

бірнеше сөндіргіштерден көмірмен технологиялық вагондарды арнайы алаңға аудару.

179. Білуге тиіс:

көмірді салу ережесіжәне күйдіру процесі;

тарсылдың әрекет ету қағидасы;

жұмыстарды орындау кезінде қолданылатын құрал мен құрылғылар және оларды пайдалану ережесі;

ағаш көмірге техникалық шарттар.

Параграф 2. Ағаш көмір күйдіруші, 3- разряд


180. Жұмыстар сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті ағаш көмір күйдірушісінің басшылығымен көмір күйдіру пештерінде ағаш көмір күйдіру;

пешті жағу және өшіру;

көмір күйдіру пештерінде ағаш көмір алғаннан кейін оны сөндіру;

пештің оттықтарын көсеу;

ағаш көмірді қолмен фракцияларға сорттау;

көмір күйдіру пештеріне қызмет көрсету;

қызмет көрсететін пештерді, қолданылатын құрал мен аспаптарды ақаусыз күйде ұстау;

көмірді орау және тасу;

көміртегінің, күлділіктің, көмірдің дымқылдығын бақылау.

181. Білуге тиіс:

көмір күйдіру пештерінің жұмыс істеу қағидасы және оларды пайдалану ережесі;

пеште көмір күйдіру процесі;

сөндіргіштер мен басқа қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы;

ыстық көмірді сөндіру және сөндіргіштерді герметизациялау тәсілдері;

көмірге қойылатын талаптар.

Параграф 3. Ағаш көмір күйдіруші, 4- разряд
182. Жұмыстар сипаттамасы:

шикізат қабылдау;

көмір күйдіру пештерінде ағаш пен ағаш тамырларынан көмір, сондай-ақ қандыағаш, тал және қайын тектес бұтадан шикі – көмір күйдіру процесін жүргізу және дайындау;

ағаш көмірді, шикі- көмірді сорттайтын агрегатта фракцияларға сорттау;

сапасын бақылауға арналған сынамаларды сұрыптау; нәтижелері бойынша және көзбен қараумен көміртегінің, күлділіктің, көмірдің дымқылдығын бақылау;

көмір күйдіру пештерінің жұмыс режимін реттеу, олардың ақаусыздығын қадағалау және ағымдағы жөндеу жүргізу;

ағаш көмірді орау, маркалау және тасу.

183. Білуге тиіс:

көмір күйдіру пештерінің және сорттайтын агрегаттың құрылысы;

пешті көмір күйдіру процесі;

ағаш көмірдің физикалық –химиялық қасиеттері және оның сапасына қойылатын талаптар;

сынамалар алу әдістері;

ағаш көмірді маркалау ережесі.

.


6-бөлім. Қамыс даярлау және өңдеу
46. Қамыс даярлаушы
Параграф 1. Қамыс даярлаушы, 3-разряд
184. Жұмыстар сипаттамасы:

қамысты, қоғаны кескішпен, шөп шапқыш машинамен, орақпен шабу;

бауларға байлау, бауларды және байланбаған қамысты әкету және шөмелеге, шашаққа қатарларға жинау;

баулуды байлауға арналған қоға мен брауды дайындау.

185. Білуге тиіс:

қамыстың пісу белгілері;

қамысты, қоғаны қолмен шабу ережесі мен тәсілдері;

баулурды байлау мөлшерлері мен тәсілдері;

арқандарды және бауларды және байланбаған қамысты әкету және шөмелеге;

шашаққа қатарларға жинау ережесі.

47. Қамыс даярлау машинасының машинисті
Параграф 1. Қамыс даярлау машинасының машинисті, 4-разряд
186. Жұмыстар сипаттамасы:

аспалы қарулардың, механизмдермен құрылғылардың көмегімен қамысты дайындау бойынша әр-түрлі жұмыстарды орындау, тіркеме арбалармен шаналарда қамысты бумамен, тюктармен және баумен тасу кезінде тракторларды және тягачтарды басқару;

баулардан бумаларды және болат арқанның және тартатын қондырғылардың көмегімен шаналарда, арнайы алаңдарда немесе далада сыммен байланбаған қамыстың жекелеген үлестерін қалыптастыру және байлау;

тасымалданатын қамысты тиеуді, бекітудәі және түсіруді қадағалау;

тракторлармен тягачтарға техникалық қызмет көрсету, оларды профилактикалық және ағымдағыжөндеу, жанатын, майлайтын материалдар құю.

187. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін тракторлар мен тягачтардың құрылысы;

көше қозғалысы және жүргізу ережесі, техникалық қызмет көрсету және жөндеу ережесі;

тіркеме және аспалы қарулардың, механизмдердің, тарту құрылғылары мен құралдардың көмегімен жұмыстар жүргізу ережесі;

бумаларды байлау сенімділігі мен тарту тығыздылығына қойылатын талаптар;

қамысты тиеу, жинау, тарту, байлау және түсіру ережесінің, жүргізу ережесі.

Параграф 2. Қамыс даярлау машинасының машинисті, 5-разряд


188. Жұмыстар сипаттамасы:

қамысты шабуда тіркеме және өзі жүретін қамыс жинайтын машиналарды басқару;

жергіліктк жағдайға байланысты сабақтарды кесу биіктігін, кесетін аппаратты және машинаны басқа механизмдерін реттеу;

белгіленген салмақты қамыс пен қоғаның бауларын немесе үлестерін жинау және көлік құралыеа лақтыру;

бау байлайтын ақпараттың жұмысын реттеу және оны шпагатпен жөндеу;

шабу мен қалыптастыруда тракторларды және тягачтарды басқару;

қамыстан бауларды, бумалар мен бұйымдарды көлік құрылына тиеу мен жинау кезінде тракторда, тягачта немесе мінетін базада жиналған грейферлік тегіштерді және шошақ сыпырғыштарды басқару;

грейферлік тегіштер мен мінетін базаны жүргізу;

арқан контейнерлермен бумаларға байлаумен грейферлік тегішпен қамысты тую камерасына жүктеу;

тристелетін құрылғыдан бумаларды көлік құралдарына түсіру;

қызмет көрсетілетін машиналардың ақаулықтарын анықтау және жою;

қамыс жинау машиналарына, шошақ сыпырғыштарға, байлағыштарға, гренферлік тегіштерге және мінетін базаларға техникалық қызмет көрсету.

189. Білуге тиіс:

қамыс жинау машиналардың;

мінетін базалардың құрылысы;

жүргізу ережесі;

байлағыштардың, грейферлік тиегіштердің, шошақ сыпырғыштардың құрылысы;

қамыс жинау машиналарының кесетін аппараттарын қайрау ережесі;

жанатын-майлайтын материалдардың қасиеттері мен нормалары, және оларды сақтау тәсілдер;

қамыс жинау машиналарына;

шошақ сыпырғыштарға, байлағыштарға, гренферлік тегіштерге және мінетін базаларға техникалық қызмет көрсету ережесі;

тіркеме және аспалы қарулардың;

механизмдер мен құрылғылардың шекті мүмкін жүктемесі.

48. Күзетші


Параграф 1. Күзетші, 2-разряд
190. Жұмыстар сипаттамасы:

мотокөлік құралдарында және аттарда өрттен сақтау, малмен өңдеу үшін бөлінген қамыстың өскіндерін қарап өту;

өндірістік алаңдар мен питомниктарда гүлдерді, қамыстың өсуін қадағалау.

191. Білуге тиіс:

қамыс дайындауға арналған учаскелердің шекарасы;

мотокөлік құралдарының құрылысы;

аттарға күтім жасау ережесі;

өртке қарсы қауіпсіздік және күзету қызметін атқару ережесі;

карта мен компос бойынша бағдарлану тәсілдері.

49. Қамыстан плиталар престеуші

Параграф 1. Қамыстан плиталар престеуші, 2-разряд
192. Жұмыстар сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті қамыстан тақтайларды престеушінің басшылығымен қамыстан плиталарды престеу;

қамысты кесетін станокқа тасу және кесу немесе қысқартып кесу;

берілген молшер бойыеша престелген плиталарды кесу;

сымның, шпагаттың және плита борттарының кесілген ұштарын бітеу;

қамысты престің қабылдау құрылғысына жүктеу;

автоматты тігу механизмдырімен жабдықталмаған престерде жұмыс істеген кезде плиталарды тігу;

плиталарды тазалау, жинау және оларды қоймаға тасу;

сымның, престе шпагаттың үзілулерін жою;

прес пен механизмдердің ақауларын жоюға қатысу.

193. Білуге тиіс:

қамыстың қоғаның сапасына және плиталарға қойылатын талаптар;

кесетін станокта жұмыс істеу ережесі;

престің жұмыс қағидасы;

плиталарды кесу;

тазалау, көмкеру және жинау ережесі;

қамысты престерге жинау ережесі;

тігу механизмдерінің құрылысы.


Параграф 2. Қамыстан плиталар престеуші, 3-разряд
194. Жұмыстар сипаттамасы:

қолдық престерде қамыстан плиталар престеу;

престе шпагат пен сымды созу;

мөлшерлері бойынша қамыс пен қоғаны іріктеу;

қамыстың бумаларын шпагатпен байлау және тігу, оларды престен алу, орамға орау, байлау және тасу.

195. Білуге тиіс:

қолдық престердің құрылысы;

плиталардың өндірісіне техникалық шарттар;

қамыстың, шпагаттың сыммен плиталардың сапасына қойылатын талаптар;

ақау түрлері және оны жою тәсілдері.

Параграф 3. Қамыстан плиталар престеуші, 4-разряд
196. Жұмыстар сипаттамасы:

механикалық престерде және агрегаттарда қамыстан плиталарды престеу, жабыстыру және кесу, оларды іске қосу, тоқтату, реттеу және жөндеу;

механикалық перстер мен агрегаттардың ақаулықтарын анықтау және жою.

197. Білуге тиіс:

механикалық перстер мен агрегаттардың құрылысы;

механикалық агрегат жұмысының жылулық режимі;

қамыстан плиталарға мемлекеттік стандарттар

Жұмысшылардың жұмыстары мен

кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығының (37-шығарылым) 1-қосымшасы



жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау