Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, B-4, С-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**
7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8) ғылыми дәрежесінің болуы.**
** Ескертуге: осы талап "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
-
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-О-2
|
163 232
|
220 697
|
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 10 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-18-04 e-mail: s.konkurs@mz.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
1) Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Маңғыстау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті басшысының орынбасары (1 бірлік), С-О-2 санаты, 18-28-4;
2) Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті басшысының орынбасары (1 бірлік), С-О-2 санаты, 18-21-4;
Функционалдық міндеттері: Қаржылық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепті жүргізу, бюджеттің орындалуы, мемлекеттік мүлікті басқару, әкімшілік қамтамасыз ету, ұйымдастыру-әдістемелік жұмысын жүргізу, басқарудың автоматтандырылған жүйесі, мемлекеттік тілді дамыту мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың салааралық өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін саладағы қызметтің тиімділігін және олардың көрсеткіштерінің нәтижелілігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттемелерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Жамбыл облысы Қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті басшысының орынбасары (1 бірлік), С-О-2 санаты, 18-23-2;
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қызылорда облысы Қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті басшысының орынбасары (1 бірлік), С-О-2 санаты, 18-27-5;
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Маңғыстау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті басшысының орынбасары (1 бірлік), С-О-2 санаты, 18-28-3;
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті басшысының орынбасары (1 бірлік), С-О-2 санаты, 18-30-3;
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті басшысының орынбасары (1 бірлік), С-О-2 санаты, 18-20-2;
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті басшысының орынбасары (2 бірлік), С-О-2 санаты, 18-24-3;
Функционалдық міндеттері: Қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық қызметтердің көрсетілуін бақылау, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Техникалық регламенттерде және тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша, сондай-ақ қала/облыстар аумағында оларды өткізу сатысында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және медицина қызметі саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және мемлекеттік көрсетілетін, оның ішінде тиісті облыста электрондық түрде көрсетілетін қызметтер мәселелері. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, алқалар ұйымдастыру және оларды өткізуге қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттемелерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету мамандығы бойынша жоғары білім (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz
__________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
________________________________________________________________
________ _________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |