«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК ОДАҒЫ»
ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ
|
| ОБЩЕСТВЕННОЕ ОБЪЕДИНЕНИЕ
«КАЗАХСТАНСКИЙ ОТРАСЛЕВОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ РАБОТНИКОВ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ»
|
КЕҢЕС СОВЕТ
ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
26.04.2016 ж. № 2, 1 т.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының
2014-2019 жылдарға арналған негізгі бағыттарының» орындалу барысы
және Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың
2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге
асыруға кәсіподақ органдарының қатысуы туралы.
Салалық Кеңес Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы М.Т.Амантаеваның баяндамасын тыңдап және талқылай отырып, XIII съезден кейін кәсіподақ органдары мен ұйымдарының съездің шешімдеріне және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 2014-2019 жылдарға арналған негізгі бағыттарына» сәйкес, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін жүйелі түрде қорғай білгендерін атап өтеді.
Барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарымен салалық кәсіподақ қозғалысын нығайту жөнінде нақты жұмыстар атқарылды. Кәсіподақ құрылымдарының жарғылық қызметін реттемелеу жөніндегі жұмыс аяқталуға жақын.
Салалық кәсіподақ әлеуметтік әріптестікті дамытуда. Білім және ғылым Министрлігі мен Салалық кәсіподақтың арасында 2015-2017 жылдарға арналған салалық келісімге қол қойылып, жүзеге асырылуда, соның негізінде білім және ғылым саласы қызметкерлерінің бірқатар әлеуметтік проблемалары шешілуде.
Кәсіподақтың басқарушы органдары сала қызметкерлерінің жалақысын арттыруға, еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіруге бағытталған жұмысты жүйелі жүргізеді.
Салалық кәсіподақ әлеуметтік-экономикалық қатынастар жөніндегі норма шығарушылық қызметке белсенді қатысады.
Кәсіподақтың азаматтық қоғамды дамыту процесіне қатысуы мақсатында мүшелік үйымдардың 136 өкілі орталық және жергілікті атқарушы билік органдары жанындағы қоғамдық кеңестерге сайланып, білім саласының 409 қызметкері облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттары болды.
Съезден кейін кәсіподақтың құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, құқықтық қызметтің жұмысын нығайту және жетілдіру жөніндегі нұсқаулықтар мүшелік ұйымдармен бірге жоспарлы түрде жүзеге асырылады.
Өткен мерзімде Кәсіподақ Кеңесі мен Атқару комитетінің, мүшелік ұйымдардың жұмысы кәсіподақ кадрлары мен активін оқытуды жетілдіруге, кәсіподақ қызметін ақпараттық қамтамасыз етуге, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.
Кеңес съезбен қойылған бірқатар міндеттердің толық орындалмайтынын атап өтеді. Жекелеген мүшелік ұйымдардың кәсіподақ органдары сала қызметкерлеріне заңнамамен көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктердің жүзеге асырылу мәселесінде табандылық танытпай отыр.
Мұғалімдердің жалақы деңгейін арттыру жөнінде қабылданған шараларға қарамастан, жалпы, білім саласы қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру мәселелері әлі де шешіле қоймады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 31-желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес енгізілген бюджет саласы қызметкерлеріне еңбек ақы төлеудің жаңа моделі білім саласындағы қызметкерлердің түрлі санаттарын жоғары еңбек нәтижелеріне ынталандыруға септігін тигізбейді.
Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын орындауға қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, одақ мүшелерін тегін заңгерлік қызметтермен қамтамасыз ету мәселелерінде кәсіподақтың құқықтық қызметі одан әрі жетілдіруді талап етеді.
Кәсіподақ құрылымдарын ұйымдастырушылық нығайту жөніндегі съездің нұсқаулықтары толығымен орындалмайды. Білім және ғылым саласының жалдамалы қызметкерлері кәсіподақ мүшелігімен толық қамтылмайды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Кеңесі
Қ А У Л Ы Е Т Е Д І:
1. Салалық кәсіподақтың Атқару комитеті, мүшелік ұйымдар Кәсіподақтың XIII съезінің шешімдерін және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 2014-2019 жылдарға арналған негізгі бағыттарын» орындау жөніндегі жұмысты жалғастырсын.
Педагог қызметкерлерге еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдірумен байланысты мәселелерді шешуге басты назар аударылсын.
Әлеуметтік әріптестермен бірге Салалық, облыстық аймақтық келісімдермен және ұжымдық шарттармен көзделген міндеттемелердің орындалуына қол жеткізілсін.
2. Салалық кәсіподақ пен мүшелік ұйымдардың басты міндеттерінің бірі педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін және олардың әлеуметтік-экономикалық қорғалу деңгейін арттырудың маңызды факторы ретіндегі Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған жаңа Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысу болып есептелсін.
3. Салалық Кеңестің Атқару комитетіне, мүшелік ұйымдарға билік органдарының қоғамдық кеңестеріне және жергілікті өкілетті органдардың жұмысына қатысу арқылы сала қызметкерлерінің әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге белсенді ықпал ету ұсынылсын.
4. Мүшелік ұйымдарға ережелерді және келісімдермен, ұжымдық шарттармен көзделген міндеттемелерді, жеңілдіктер мен кепілдіктерді орындау жөнінде жергілікті жерлерде тұрақты мониторингті жүзеге асырып, сала қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделеріне қысымшылық көрсету фактілері туралы тиісті жергілікті атқарушы билік органдарына шұғыл хабарлау және оларды жою ұсынылсын.
5. Салалық кәсіподақтың Атқару комитетіне, облыстық, аумақтық ұйымдарға құқықтық қызмет жұмысын нығайту, оның жұмыс тиімділігін арттыру жөнінде қосымша шаралар қабылдау. Мемлекеттік еңбек инспекциясымен бірге жүйелі түрде еңбек қатынастарындағы заңдылықтың қадағалануына бірлескен тексерулер жүргізіп, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін бұзушылыққа жауапкершіліктің қолданылмай қалмауына қол жеткізу.
2016 жылдың ішінде барлық мүшелік ұйымдар штаттарды кәсіптік заңгерлермен жабдықтау мәселесін шешсін.
6. Барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарының маңызды міндеті ұйымдастырушылық қызметті одан әрі нығайту, білім және ғылым саласы қызметкерлерінің арасында ынталандыру жұмысын күшейту есебінен кәсіподақ мүшелерінің санын көбейтуге қол жеткізу болып есептелсін.
7. Атқарушылық тәртіпті арттыру, қаржы мәселелері бойынша жарғылық талаптарды орындауға кәсіподақ кадрларының дербес жауапкершілігін күшейту негізінде кәсіподақ қызметін қаржылық нығайтуды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау.
8. Барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарына орталықта және жергілікті жерлерде бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен қолдану арқылы салалық кәсіподақтың, мүшелік ұйымдардың жағымды имиджін қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыру, бұл жұмыста заманауи ақпараттық технологияларды барынша қолданып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі кәсіподақтың қызметін кеңінен насихаттау ұсынылсын.
9. Кеңес мәжілісінде айтылған сын ескертулер мен ұсыныстарды талдап қорыту Атқару комитетіне тапсырылып, оларды тәжірибелік орындау жөнінде іс-шаралар әзірленсін.
Кеңес материалдары мен шешімдері кәсіподақ мүшелеріне хабарланып, ресми сайтта орналастырылсын және «Қазақстан кәсіподағы» республикалық газетінде, басқа да кәсіподақтық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау салалық Кәсіподақтың Атқару комитетіне жүктелсін.
Төрайым М.Т.Амантаева
Достарыңызбен бөлісу: |