Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



жүктеу 0,73 Mb.
бет1/4
Дата13.11.2017
өлшемі0,73 Mb.
#31
түріДиплом
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Шымкент университеті



Педагогика және психология кафедрасы
031540-Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету


Шымкент-2008
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................................................................................................3

І тарау. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарын ұйымдастырудың ғылыми педагогикалық негіздері

1.1. Жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты ...................................................................................................................5


ІІ тарау. Жазу жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету және тіл дамытудың әдістемелік негіздері

2.1. Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері.....................................................................................................................12

2.2. Сауат ашу кезеңіндегі міндеттер, олардың мән мағынасы...........23

2.3. Оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін есепке алудың жолдары....................................................................................................49

2.4. Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары..........................................................52
Қорытынды...........................................................................................58
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................63

Кіріспе
Ана тілі – бүкіл ақыл-ой дамуының негізі дәне барлық білімдердің темір қазығы. ¤йткені оқушыларға ғылым негіздерінен жан-жақты білім мен берік дағды беретін, сауатты жаздырып, мәдениетті сөйлеуге, ойын әсерлі де жатық жеткізуге төселдіретін осы пән. Ана тілі орфографиялық ережені игеру үшін ғана емес, сонымен бірге, логикалық ойлауды қалыптастыру үшін де аса қажет.

Бастауыш сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі – оқушыларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдері мен формалары, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім.



Жұмыстың көкейкестілігі. Оқушылардың сауатын ашу, тілін дамыту – бастауыш мектеп бағдарламасының негізгі бір бөлігі. Сауат ашу жұмысы жазу жұмыстары арқылы іске асырылады. Жазу сабақтарының мақсаты – балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру, оларды көркем, анық, дұрыс, сауатты жазуға үйрету. Жазу сауаттылығын арттыру үшін өтілген орфографиялық ережелерге байланысты түрлі жұмыстар жүйелі де жиі жүргізілуі керек. Дұрыс, сауатты жазуға төсілдіру мұғалімнен үлкен шеберлікті, көп еңбекті талап етеді.

Диплом жұмысының мақсаты. Бастауыш мектептің І-ІV сыныптарында жазба жұмыстары арқылы тіл дамыту, сауаттылыққа үйрету әдістерін жинақтау, талдау және тиімді түрлерін негіздеу, ұсыныс жасау.

Жұмыстың міндеті

-бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарының мақсатын, қойылатын талаптарын зерделеп, сауат ашу кезеңінде жүргізілетін әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін көрсету;

- оқушыларды сауатты жазуға үйретудің әдістемелік жолдарын, жұмыс түрлерін мысалдарын көрсетіп, оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін бағалау және жіберген қателермен жұмыс істеудің практикалық жолдарын баяндау;

- үлгілі сабақ жоспары негізінде тәжірибелік сынақ жүргізу.



Теориялық-практикалық қолданылымы. Жұмыс нәтижесі бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында сауатты жазуға үйретуге байланысты тақырыптарда оқушылардың дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруда жалпы оқушыларды сауатты жазуға үйретуде бастауыш мектеп ұстаздары үшін әдістемелік құрал ретінде пайдалануы мүмкін.

Зерттеу әдістері. Бұл жұмыста іс-тәжірибе, әдебиеттер жинау, оларды талдау-жинақтау, салыстыру әдістері пайдаланылды.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарын ұйымдастырудың ғылыми педагогикалық негіздері

1.1. Жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты

Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты- балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру1.

Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу есіту- кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.

Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады.

Ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең - идеографикалық сөйлеу кезеңі деп аталады. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру рөлін атқарады.

Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген.

Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бұл кейінірек шыққан.

Жазудың құралына алфавит, графика және орфография (емле) енеді. Алфавит - тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі.

Графика - дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса, солай таңбалануы. Ал орфография тілдің белгілі бір нормаға

---------------------------------------------------------------------------------------------------

1. Рахметова С Қазақ тілін оқыту методикасы. А. 1991
келтірілген ережесін сақтап жазу.

Алфавит пен графиканы меңгеру- оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы, ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияны (немесе жазу, сауатты жазу) игеруді қажет етеді.

Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасу мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтере береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталады.

Жазбаша сөйлеудің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, жазбаша сөйлеудің қабылдаушыға әсер ететіндей қосымша құралдары жоқ; ол бүкіл оқушы қауымға арналады; онда автордың эмоциясы мен сезімі, толқуы мен мұңайюы, қуанышы, реніші т.б.с.с. бәрі сол арқылы жеткізіледі; жазу тілін қабылдау қиялдың жұмысын талап етеді т.с.с.

Бұл айтылғандар бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екендігін көрсетеді, яғни балалардың жазу тілін дамыту үшін алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек.

Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады. Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.

Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса, көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап, азайта түседі. Ал кейін әріп бөліктерін аса күш салмай-ақ қосып жаза алатын болады. Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып, әуелі әріптерді, сонан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады. Дей тұрғанымен балалар жазуға лезде-ақ дағдыланады деудің жөні жоқ. Себебі олардың кейбіреулері бір, тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды. Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады.

Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет- сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады.

Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оған тілдің ережелері (әріп таңбаларын қолдану тәртібі, әріпті таңдау, бірге және бөлек жазу т.б.с.с.), оны дұрыс қолдану жатады.

Оқушы ереже бойынша, саналы түрде түсіне отырып жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте дағдыға айналдыра береді.

Бір орфографиялық амал автоматталғаннан кейін екіншісі үйретіледі. Осылайша, орфографиялық құбылыстар саналы түрде меңгеріле бастайды.

Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі- морфологиялық принцип1, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (бас – шы, башшы емес), сөз шекарасында (боз құнан, бозғұнан емес) біреккен сөздерде де (Үмбетбай, Үмбетпай емес) сақталып жазылады.

Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы үнді дыбыс-әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар (Лелинград, клуб, педагог т.б.). Бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады, яғни д, г, б дыбыстары қатаңдап т, к, п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша да қатаң дыбыстан басталып жалғанады: Ленинградқа, педагогке, клубтан т.с.с. Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі.

Қазақ тілінде фонетикалық принципке сүйеніп, естілуінше жазылатын сөздер көп-ақ: қалам, кітап т.б. Кейде көнерген, біріккен

---------------------------------------------------------------------------------------------------

1. Рахметова С Қазақ тілін оқыту методикасы, А, 1991

сөздер дәстүрлі принциппен, естілуінше жазылады: қыстыгүні, ашудас т.б.

Қысқасы, жазуға үйрету әдістемесі тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді1.

Бұл жұмыстардың мақсаты - балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету. Ол үшін жазуға мынадай шарттар қойылады:

1. Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірімен қашықтығы біркелкі болуы.

2. Әріптердің биіктігі біркелкі болып шығуы.

3. Сопақша және жарты сопақша құрсау түріндегі әріп элеметтерінің, сондай-ақ қисық түзу сызықтан құралатын әріп элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастырылмай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы.

4. Әріптердің кескіні қабылданған үлгіге сәйкес дұрыс жазылуы.

5. Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы.

Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат- балаларды шапшаң жазуға үйрету. ¤йткені практикада шапшаң оқудың қандай маңызы болса, шапшаң жазудың да сондай маңызы болады.

Жазу барысында орындалуға тиіс ережелерді мұғалім балаларға оларды жазуға үйретуден бұрын көрсетіп, түсіндіреді: мысалы, екі аяқ тік бырыш қалыпта бүгіліп немесе жазылыңқырап еденге (столдың көргішіне) тіреліп тұрсын; жазғанда көкіректі столға тақап тіремей, столдың шетінен 3см қашық ұстап түзу отыру керек.

Екі иық кеудемен бірдей, түзу тұруға тиіс. Жазғанда оқушы тым еңкейіп, столға көкірегін тіреп отырса, дәптерге көзі тым жақындап, жақыннан көруге үйреніп кетіп, бірте-бірте сәл алыстағыны көре алмайтын болады.

Дәптерге жарық сол жақтан түсіп, қолы жазуды көлеңкелемейтін

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1. Ысқақ Б. Тіл дамытудың ғылыми негіздері А, 1997.

болсын. Екі қол шынтаққа дейін стол үстіне қойылсын. Дәптерді сол қолмен ұстап, жазу төмен түскен сайын жоғары жылжытып отыру керек. Қолдың қалам ұстаған жері көкіректің дәл орта тұсында болу керек. Дәптер де оқушының көкірегінің дәл орта тұсында жатсын. Әйтпесе басты оңға я солға қисату немесе дәптерге көздің қиығымен қарауға тура келеді.

Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық жаттығулар жүргізіп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады. Дайындық кезеңінде балаларды жазу сабағына қажет материалдармен және жазу аспаптарымен таныстыру, партаға қалай отыру, дәптерді қалай қою, қаламды қалай ұстау ережелерімен таныстыру, саусақтарды қимылдатуға бүгуге, жазуға жаттықтыру, білекті қимылдатуға жаттықтандыру керек. Әріп элементтерінің, әріп кескіндерін дұрыс меңгеріп, жазу әдістеріне төселе бастаған кезде балалар бірте-бірте қолды жүргізіңкіреп, такт бойынша жазуға үйретеді1.

Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында мұғалім мыналарға көңіл бөлуге тиіс. Материалдың тәртіппен өтіліп жазуға берілетінін алдын ала таңдылады. Каллиграфиялық жағынан дұрыс жазу үлгілерін мұғалім тақтаға, оқушылардың дәптеріне жазып көрсетіп отырады. Балалардың дәптерлері күн сайын қаралып, тексеріліп, кемшіліктері, оны қалай түзету жолы көрсетіліп отырылады. Айына бір рет болса да байқау жұмысы жүргізіледі.

Жазу сабағы шамамен мынадай жоспар бойынша жүргізіледі:

1. Жазғанда партаға қалай отыру ережелерін балаларға ескертіп, өзі аралап көріп, дұрыс отырмағандарын дұрыстап отырғызады.

2. Сабақтың мақсатын, алда тұрған міндеттерді көрсетіп, мұғалім жаттығуды, әріп элементтерін, сөзді, фразаны тақтаға жазады,

--------------------------------------------------------------------------------------------------

1. Әуелбеков Ш. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы, А 1997.

оқушылар мұғалімнің қолының қалай қимылдау жайын қарап, бақылап отырады.

3. Мұғалім оқушылардың алда тұрған міндеттерді қаншалықты ұққан-ұқпағандарын анықтап алып, жазуға кіріседі.

4. Мұғалім партаны аралап жүріп, жазу процессін бақылайды.

5. Жазу аяқталғаннан кейін оқушылардың кемшіліктері мен жіберген қателері айтылады, түзетіледі, жақсы жазғандары жарияланады.

Бастауыш мектеп оқушылары үшін орфографиялық танымның әсіресе алғашқы басқышы ерекше рөл атқарады. Олар сан алуан сөздер мен олардың формаларының әсерінен аз да болса білім, тәжірибе жинақтайды. Кейбір сөздерді дұрыс жазу дәрежесіне жетеді. Бірақ неге олай жазғанын әлі айтып бере алмайды. Мұндай құбылысты кейде орфографиялық сезім деп те атап жүр. Кейінірек грамматикалық білім алғанда мұндай орфографиялық құбылыстарды саналы түрде түсініп, сауатты жазуға дағдыланады1.

Жазуға үйрену тілдің ерекшеліктеріне қарай, әр түрлі дәрежеде өтеді: фонетикалық жазу дыбыстық-әріптік талдауды шебер жүргізу, дыбыстарды дұрыс, анық айта білуді, айтылған дыбыстарды дәл айыра алуды танытады, сөздердің мағыналарын түсініп, ережелерді үйрену басым болады. Ал орыс тілінен енген (армия, октябрят, монтер, шофер, т.б. сөздердің (карындаш, картоп, шәйнек т.б.) жазылуын оқушылар есте ұстап, ол сөздерді сөздіктен қарап, тауып жазуға үйренеді немесе жаттығу арқылы бірте-бірте дұрыс жаза алатын болады.

Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлардың бастылары:

1. Жазылатын сөздің мағынасын, мәнін анықтау. Мұғалім көшіруге ұсынған немесе оқып айту арқылы жаздыратын сөздерінің,

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1. Жинкин Н.И. Развитие письменной речи учащихся 3-4 сыныпов. М, 1995.

сөйлемінің, мәтіннің мағынасын оқушылардың анық түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырғаны жөн.

2. Сөздің айтылуына және жазылуына, грамматикалық формасына мұқият көңіл аудару; жазғандарын саналы түрде есте ұстауға жағдай жасау: оқы, ойлан, есіңе жазып ал, тыңда, зейін аудар, т.б.

Жіберілген қателермен жұмыс жасау: жазғаныңды тексер, түзет, қайта жаз осыған ұқсас мысал ойлан, т.б. оқушылардың белсенділігін көтеру және өздіктерінен жұмыс жасауға баулау.

3. Сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отыру: салыстыру, талдау, жинақтау жұмыстары, "неге?" сұрағын көбірек қою.

4. Сөйлеу әрекетінің бірде-бір жағын естен шығармау керек: дыбыстық-әріптік талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз таптары бойынша, синтаксис және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары. Орфографиялық жаттығуларды (көшіру, диктант) сөйлеу жаттығуларымен (мазмұндама, шығарма) кезектестіріп өткізу.

5. Грамматикалық жаттығуларды сөздік- орфографиялық жаттығулармен кезектестіру.

Орфографиялық дағдыға төселуіне қарай, ереженің оқушы үшін мәні өзгереді. Мысалы, алғашқы кезде бала ережеге мұқтаж болса, бірте-бірте сауатты жазуға жаттыққан сайын оның мәнділігі жойыла бастайды. Оқушы жазуға дағдыланға кезде оған ереженің мүлде қажеті бола қоймайды.

Орфографиялық дағды жөнінде айтылғандар пунктуацияға да қатысты. Бірақ пунктуацияға үйрену жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады.



ІІ тарау. Жазу жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету және тіл дамытудың әдістемелік негіздері

2.1. Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері

Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді. Мектепте грамматиканы оқыту неғұрлым жақсы жолға қойылса, оқушылардың сауаттылығы да соғұрлым жоғары болады. Олай болса, белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын грамматикалық құбылыстар саналы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет. Мұнда ережені мәніне түсінбей, құр жаттап алудан сақ болған жөн1.

Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ережелерін анық етіп түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді меңгерту тәсілдерін қарастыруға тиіс. Мысалы, қандай да болмасын сөз немесе оған жалғанған қосымшалар басқаша болмай, неге солай жазылғанына оқушы түсініп және оқыған ережесіне сүйеніп оны дәлелдей алатын болса, оның ережені саналы меңгергені. Ал ережені мүдірместен айтып бергенімен, неге солай жазылып тұрғанын дәлелдей алмаса, оқушы ережені механикалық түрде меңгерген болып шығады да, ол білгендірінің сауатты жазуға пайдасы шамалы болады. Сондықтан балалар мұғалімнің басшылығымен, тіл құбылыстарын, емле ережелерін бақылап, талдауға, оларды бір-бірімен салыстыруға, ой жүгіртуге, сипаттауға, өз беттерімен жазған жазу жұмыстарында қолдануға міндетті.

Грамматиканы оқу барысында оқушылар тіл құбылыстарын саналы түсінумен қатар, тілдің нақты фактілерін де білулері қажет. Мысалы, сөйлемдегі сөздерді жалғаулардың байланыстыратынын балалар есте қалдыра алады; сөйлемдегі сөздердің жалғауларын ажыратып айтып та бере алады. Бірақ өздері сөйлем құруға келгенде оны қолдана алмайды. Егер олар сөйлем құрғанда сөздердің арасындағы байланысты анықтау арқылы, жалғаудың қызметіне көңіл аударып дағдыланса, мұндай

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А, 1991.

байланысты өздері сөйлем құрғанда да сақтауға тырысады. Бұл үшін сөйлемдегі бір сөзден екінші сөзге сұрақ қойып дағдылану қажет. Мысалы, мен (кім?) мектепке (қайда?) барамын т.б.

Сауатты жазуға үйрену үшін аналогия арқылы жаза білудің де маңызы зор. Ереже, қандай да болмасын, тек жалпы ғана нұсқау немесе түсінік береді. Яғни онда нақты бір сөзді қалай жазу емес, бір топтағы сөздердің жазылуы көрсетіледі. Сондықтан оқушылар бір ережені меңгеру барысында дайын мәтінен ұқсас мысалдарды таба білуге немесе өздері мысал келтіре алуға тиіс. Оқушылар сол ережені оған ұқсас басқа жағдайларда қолдана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасты деп есептеуге болады.

Дұрыс, сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге, әріп алмастырып алмауға бірсыпыра көмектеседі. Мұндай жаттығулар III – IV сыныптарда да жүргізіліп отырады.

Тіліміздегі жазылуы айтылуынан өзгеше құлын, жұлын, күрек, басшы т.б.с.с. сөздерді тек есту дағдысына сүйеніп, жазуға болмайды. Көбіне оларды салыстыру жолымен талдаудың жәрдемі тиеді. Сондай-ақ - ма, - ме, -ба, -бе, -па, -пе сұраулықтарын етістіктің болымсыз түрімен, мен, бен, пен шылауларын септік жалғаулармен салыстырып байқаудың да маңызы күшті. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын, айтайын деген ойдың күңгірт, екі жақты болып шығатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазуларындағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп (Тұзшы – тұщы, барма – бар ма т.б.).

Сөйтіп сауатты жазуға үйрену үшін аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларының іске асуы ең маңызды шарт болып табылады.

Әрине, сауатты жазуға үйренуде қол қозғалысы арқылы қабылдау мен елестетудің алатын орны ерекше екені белгілі. Көп оқитын тіпті ережені тамаша білетін оқушы да қолдың дағдылануынсыз жазуда қатені көп жібереді және жазуының ұсқыны да тартымсыз болады. Сондықтан әсіресе бастауыш сынып балалары үшін танымның есту, айту, тыңдау, көру және қолын қозғау арқылы қалыптасатын функцияларын жүйелі түрде үйреніп, алғашқы кездің өзінде-ақ жақсы естіп, тыңдай алып, дыбыстық құрамға ойша тәртіппен талдау жасай алып, іштерінен қайталау т.б. сияқты тәжірибелер жинақтаудың маңызы орасан зор болатынын естен шығармауға тиіспіз1.

Сөйтіп жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, оқушыларды сауатты жазуға үйрету үшін ескерілетін жағдайларды топтап көрсететін болсақ, олар төмендегідей:

1. Мұғалім жазылатын сөздің немесе сөйлемнің мағынасын, мәнін оқушының түсінетіндігіне әбден көзі жеткеннен кейін барып жаздыруға тиіс (оқушы кейде мағынасына жете түсінбегендіктен қате жібереді).

2. Сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға, жазғандарына ой жүгіртуге бағыт беріп, қатемен жұмыс ұйымдастырады.

3. Үнемі талдау жасау, түбірлес сөздер табу, сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру – мұның барлығы оқушының ойлауын арттырып, материалды меңгеруге жағдай жасайды.

4. Дыбыстық талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз табының қызметі, синтаксистік талдаулар іске асырылып, сөйлеуге үйрету жұмыстарымен байланыстырыла жүргізіледі. Арнаулы орфографиялық жаттығулар (көшіру), (диктант) тіл дамыту жаттығуларымен (мазмұндама, шығарма) кезек жүргізіледі.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1. Ысқақ Б. Тіл дамытудың ғылыми негіздері. А, 1992.

5. Сөздік жұмысы үздіксіз жүргізіліп отырылады. Әрбір оқушының жазудан әлсіз жақтары болады (кейбір сөздерден қате жіберу т.б.). Мұғалім ондай балалармен сөздік жұмысын жеке жүргізеді.

6. Сауатты жазу дағдысын қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі – орфографиялық қате, сөйлеу қателерін болдырмау үшін алдын ала синтездеу, талдау жұмысы.

7. Белгілі бір жағдайға дағдылану біраз уақыт жаттығуды қажет ететіні сияқты, сауатты жазуға жаттығу дағдысы да көп қайталауды, жаттығуды талап етеді. Сондықтан өтілгеніне біраз уақыт болған материалдарды жүйелі түрде еске түсіріп отыру пайдалы.

Жазуға үйренуде уақытша нерв байланыстарын шартты рефлекс арқылы емес, операнттық рефлекс арқылы қалыптастырудың мәні ерекше болып табылады. Мұның мәнісі балаға дайын жұмысты орындату арқылы дағдыландырудан гөрі, өздеріне тапқызу, оларды ізденіп, қиналуға мәжбүр ететіндей тапсырмалардың тиімді нәтиже беретіні мәлім. Мұның барлығының да мақсаты қалыптасқан уақытша нерв байланыстарын (дағдыны) сақтау (сауатты жазу дағдысын) екенін жақсы түсініп, білімін жетілдіріп, педагогикалық шеберлігін ұштап отырған мұғалім ғана жұмысын ойдағыдай ұйымдастыра алады1.

Орфографиялық ережені түсіндіруден бұрын балалардың алдына олар шешуге тиісті мәселе қойылуы керек (мысалы, отпен ойнама, от пен судан сақтан мысалдарының арасында қандай айырмашылық бар? «пен» қайсысында бөлек, қайсысында бірге жазылуға тиіс? сияқты). Мұндай жұмыс балалардың зейінін сабаққа жұмылдырып, бұрын оқығандарын еске түсіруге көмектеседі.

Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әр түрлі факторларға негізделеді:


  1. Көру, қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология А, 1982.




  1. Есту арқылы қабылдауына сүйенетін мәтінді жазу (мұғалім оқып берген немесе оқушы оқыған мәтінді жазу. Бұған диктант, мазмұндама жұмыстарын алуға болады).

  2. Орфографиялық тапсырмалар бар жаттығулар: қалдырып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу т.б.

Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылсыз іске аспайды т.б. Сондықтан, жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде негізгі мәселенің қайсысы екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр.

Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, сонымен бірге іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрі мынадай1: грамматикалық – орфографиялық талдау («грамматикалық талдауды» қараңыз). Бұл – оқушыларды грамматикалық және орфографиялық құбылыстардың ара қатынасын түсінуге, орфографиялық қиыншылықтарды таба білуге, басқалардың арасынан оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландырады. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде бөлек немесе басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі (мысалы, көшіріп жазуда, диктантта т.б.).

Оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында карточка жүргізіледі. Бұл үшін әр оқушы алдын ала карточка дайындайды. Мысалы, зат есімнің септік жалғауларын талдау барысында мұғалім бір септік жалғауының қалай жазылатынын сұрағанда оқушы тиісті карточканы көрсетеді. Сонан кейін жазады. Бұл мұғалімге оқушылардың білімі жөнінде біраз мәлімет береді.

2) көшіру. Алғашқы, I сыныпта, II сыныпта сөзбе-сөз, механикалық көшіру іске асырылады. Кейін бірте-бірте: деформаланған мәтінді (картинадағы рет бойынша) көшіру, сөз теріп көшіру, қалдырылған сөздерді --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1991
қойып көшіру, толық көшіру т.с.с. ұйымдастырылады. Көшіру жұмыстарында керекті әріптердің, сөздердің, сөз тіркестерінің астын сызу, сөз табын анықтау, қосымшасын, жағын, шағын анықтау, жақшаға көрсету т.с. белгіленеді.

Балалар көшіру техникасына үйретіледі (әуелі оқып шық, буындап оқы, ойлан, мағынасына түсінесің бе, қалай жазылатынын байқа, есіңде сақта, жазып болған соң тексер т.б.). Жазғандарын түпнұсқамен салыстырып, қатесі болса, түзейді. Көшіруге алынатын материал қызықты, түсінікті болуға тиіс.

Есте ұстау арқылы көшіру. Мұнда тақтаға жазылған мәтін оқылады, талданады, сонан соң жабылады. Оқушы есінде қалғандарын жазады. Кейде мәтін талданғаннан кейін үйге беріледі. Жазып болған соң мұғалім мәтін ашып, жазғандарын салыстырып, тексеруге мүмкіндік береді. Көшіріп жазудың бұл көрсетілген түрі диктант болғандықтан, мұны көру диктанты деп атайды. Бұл әсіресе «қиын» сөздердің жазылуы өткенде пайдалы. Әдетте жазылуы қиын сөздердің тізімі оқулықтардың соңында беріледі. Мұндай сөздердің жазылуын есте қалдыру үшін мұғалім мынадай әдіс-тәсілдер қолданылады: 1) зейін қойып іштерінен және дауыстап оқып шығыңдар; 2) мағынасына көңіл бөліңдер; үй жануарларын білдіретін сөздерді бір топқа тізіңдер, бақша өсімдіктерін білдіретін сөздерді бір топқа тізіңдер; 3) мұқият оқыңдар және жазыңдар; 4) әсіресе, сөздің қай бөлімін есте сақтағыларың келеді, сол бөлімнің астын сызыңдар; 5) жазғандарыңды сөздік бойынша тексеріңдер; 6) сөзді екі-үш рет қайта жазыңдар немесе екі-үш түбірлес сөз ойлап тауып жазыңдар; 7) «я» әрпі бар сөздерді топтаңдар т.б.

Жазылуы қиын сөздер жаттығуларға кірістіріледі, бірнеше рет қайталанады. Жаттығулардың ішінде әсіресе сөздік жасауға байланысты жүргізілетін жұмыстар қиын сөздердің орфограммасын есте қалдыруға жақсы жәрдемдеседі (сөздік дәптері бірнеше бөліктерге бөлініп, цифрмен белгіленеді (1, 2, 3, ....). Мысалы, оқушылардың дәптерлерінің 5 бетінде «в» әрпі кездесетін сөздер тізіледі.

Еркін көшіру. Балалар әуелі мәтінді оқып шығады, талдайды, сонан соң кітапты жауып қойып, мәтінен есте қалғандарын, қалай ұғынса, солай жазады.

Грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру. Сөздің немесе сөйлемнің бір бөлігі өзгеріссіз сол қалпында, екінші бір бөлігі өзгертіліп көшіріледі: қалып қойған жерін ойлап тауып немесе қосып, өзгертіп жазады: қалып қойған әріптер мен буындарды тауып қосу, сөздерді тауып қосу немесе сөйлемдерді аяқтау, берілген сөйлемнің немесе сөздің тұлғасын өзгертіп жазу сияқты тапсырмалар орындалады.

Мұнда мәтінді көріп қабылдау жеткіліксіз, сонымен қатар оны ойланып, анализ-синтез жасау керек. Көшірмес бұрын балалар алдарында тұрған міндетпен танысады, мәтінді іштен және дауыстап оқиды, тапсырманы әуелі ауызша шешіп алып, жазуға соңында ғана кіріседі. Жұмыстың бұл түрін кейде бақылап көшіру деп те атайды. Казіргі оқулықтарда жаттығудың бұл түрі кең алынып жүр.

Көшіру жұмыстары тіл дамытумен байланысты, сұрақтарға жауап беру (жазбаша) түрінде де кездеседі. Бұл жұмыс балаларды мазмұндама мен шығарма жазуға дайындау мақсатында қолданылады.

Балалардың орфографммаға үйренген дағдылары мен шеберліктерін байқау мақсатында диктант жаздырылады. Мұнда мұғалім мәтінді, сөйлемдерді немесе жеке сөздерді оқиды, оқушылар оны аяғына дейін тыңдап, естерінде ұстайды, жазады.

Диктанттың бастауыш мектепте жүргізілетін түрлері:

1. Ескерту диктанты. Мұнда мұғалім мәтінді оқып шығады. Балалар жақсылап тыңдап отырады. Сонан кейін түсініксіз деген сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім әрбір сөйлемді қайта оқып шығады, оқылған сөйлемдер балалардың қатысуымен талданады. Сөйлемді жазбас бұрын мұғалім балалардың зейінін ондағы қиын сөздердің жазылуына, өтіліп отырған ережеге аударады. Оқушылар тиісті дыбыстарды көрсетеді, ережесін айтып береді, олардың қателескен жері болса, түзетіледі. Осындай жұмыстардан кейін ғана балалар сөйлемді жазуға кіріседі. Алғашқы кезде әрбір сөйлем оқылып, талданып барып жазылады. Кейін балалар жұмыстың бұл түріне дағдыланған кезде, бірнеше сөйлем бірден оқылып, олардың ішінен мағынасы түсініксіз сөздер мен жазылуы қиын деген сөздер ғана талданады, ал онан әрі мәтін тұтас оқылады да, сөздер іріктеліп алып талданады, сонан соң мұғалім әр сөйлемді оқып, балалар жазады. Егер балалар белсенділік көрсетіп, сөздердің қалай жазылуын, талдануын сұрап, сөздіктен қарайтын болса, онда ескерту диктантының тиімді болғаны.

2. Іріктеу диктанты. Мұның ескерту диктантынан айырмашылығы – балалар мұғалімнің айтқан сөздерінің барлығын жазып отырмайды, оның ішінен белгілі бір ережеге қажетті сөздерді немесе сөз тіркестерін іріктеп жазады. Диктанттың бұл түрінде уақыт үнемделеді, қажетті сөздер мен сөйлемдер көбірек жазылады, ең бастысы оқушылар мәтінді аса зейін қоя тыңдап отыруға мәжбүр болады.

3. Түсіндіру диктанты. Мұнда мәтін жазылып болғаннан кейін ғана талданады, қателері түзетіледі. Диктанттың бұл түрін жазуға кірісерде қажетті ережелер еске түсіріледі. Мұны ескерту диктантынан бақылау диктантына өткел ретінде жүргізілетін жұмыс деуге де болады. Түсіндіру диктантының бір түрі ретінде сөздік диктантын да жүргізуге болады. Онда сөйлем де, мәтіне емес, жеке сөздер айтылады. Бұған оқушыларға қиындық келтіретін немесе ережеге бағынбайтын сөздер алынады. Сөздік диктант ұзақ болмайды, 5 – 10 минут шамасы, көбінесе сабақтың аяғында жүргізіледі. Мұғалім жеке сөздерді айтады, балалар жазады, жазғандарын сөздіктен қарап түзетеді, үнсіз диктант ұйымдастырылады. Онда мұғалім қажетті суреттер көрсетеді (аю, сиыр, жылқы, қоян, қозы, трактор, комбайн, т.б.), ал балалар бірден жазады немесе керекті әрпі бар карточканы көрсетіп, сонан соң жазады. Сөздік диктант 10 – 15 сөзден аспауға тиіс.

4. Шығармашылық диктант. Мұғалім тақтаға қажетті сөздерді жазады. Кейде сурет немесе бір серия картина беріледі: балалар бір тақырыпқа сөйлемдер құрайды. Шамамен қолданылатын ережелер беріледі (еске түсіріледі). Балалар сөйлемдегі сөздердің дұрыс тұлғада тұрған-тұрмағанын байқайды, қажет болса, өзгертеді. Жұмыстың бұл түрін таза диктант деуге болмайды, сөйлемді балалардың өздері құрастыратын болғандықтан мұны шығарманың кіріспесі деуге де болады.

Шығармашылық диктант балалардың тілін дамыту үшін де өте қолайлы, өйткені оқушылар мәтін құрауға белсенді қатысады, сөздерді де өздері ойлап табады.


  1. Ерікті диктант. Бұл мазмұндама деп те аталады. Бірақ мазмұндамадан сәл оңайлау. Диктант деу себебі – мұғалім мәтінді оқып тұрады, ал ерікті дейтініміз – балалар әдеттегі диктанттай, мәтінді мұғалімнің оқуы бойынша сөзбе –сөз емес, естерінде қалғандарын ғана жазады. Мәтін оқылмас бұрын қажетті ержелер еске түсіріледі. Мұғалім мәтінді әуелі тұтас, сонан соң оның 5 – 6 жолын оқиды. Әрбір оқылған үзінді оқушылар жаттап алатындай, өте қысқа болмауы керек. Оқушылар оқылған үзіндінің естерінде қалғанын ғана жазады. Диктанттың бұл түрі де тіл дамыту жұмысымен ұштасады.

Осы көрсетілген жұмыстардың барлығы орфографиялық дағдыны автоматтандыру мақсатын көздейді.

  1. Бақылау немесе тексеру диктанты. Бұл балалардың алған білімдері мен қалыптасқан дағдыларын тексеру мақсатында жүргізіледі. Мұнда оқушы өзі білетін ережені қолданып, өз күшін өз бетімен байқай алады. Мұғалім қандай да болмасын бір орфографиялық ережені оқушылардың қалай меңгергендері жөнінде мәлімет алады. Қандай ереже қайталану керек, кімге қандай көмек керек – соны анықтайды. Егер диктанттың нәтижесі бүкіл сынып бойынша нашар болса, қайталау диктанты жүргізіледі. Мұндай жағдайда сол мәтіндің өзі қайтадан алынады немесе соған ұқсас мәтін алынып, қайталанады, диктант жаздырылады.

Жұмыстардың жүйесі: Орфографиялық жаттығулардың бірнеше кезеңі бар: а) алғашқы кезеңде әдетте, оқулықтағы немесе тақтаға жазылған дайын материал алынады. Бұл материалдар мұғалімнің көмегімен талданады, оқылған ереже бойынша, жазылған сөздер табылады, нақты үлгі бойынша, балалар ереженің практикада қалай қолданылатынын түсінеді. Мұнда оқылған орфограммаға сай, жеке сөздер, сөз тіркестері немесе сөйлемдер ғана беріледі. Мұны дағдыны бекітудің алғашқы кезеңі деуге де болады.

ә) екінші кезеңде де дайын мәтін: сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер беріледі. Мұнда оқылып отырған орфограммаға сай, сөздердің ішінде басқа ережелерге де жататындары болады. Ұсынылған материалдардың ішінен балалар керектісін, оқылып отырған ережеге сай келетіндерін іріктеп, тауып алады; неге ол сөзді алды, ол сөз бұл ережеге сай келе ме – дәлелдейді. Бұған қосымша, балалар сұрақтарға жауап қарастырады, ескерту диктантын жазады.

Бұл кезеңдегі ең көп қолданылатын жаттығулар: көшіріп жазу, үлгі сұрақ бойынша сөзді, сөйлемді аяқтап жазу. Бұл орфограмманы білу кезеңі деп аталады. Балалар ережені қрлданып үйрене бастайды, жазғандарын дәлелдеп, негіздей алады. Сөздердің жазылуын әуелі дәлелдейді, сонан соң ғана жазады.

б) балалар өздіктерінен басқа құбылыстардың ішінен оқылып отырған ереженің объектісін тауып бере алады. Мұнда жеке сөйлемдер де, тұтас мәтін те беріледі. Балалар мәтінді көшіреді: қалдырылып кеткен сөздерді үлгі, сұрақтарсыз өздері тауып жазады; Бұл кезде ескерту, түсіндіру, іріктеу диктанттары жаздырылады. Бұл үйрену кезеңі деп аталады.

в) орфографиялық дағдының автоматтана бастау кезеңі. Мұнда балалар орфография туралы ғана емес, жазу жұмыстарының басқа жақтары (мазмұны, лексика, синтаксис, жоспар) жөнінде де ойланады. Бұл кезеңде балалар грамматикалық – орфографиялық тапсырмаларды орындап, көшіру жұмыстарынан басқа ескерту диктанты, түсіндіру, ерікті, шығармашылық, бақылау диктанттары, түрлі мазмұндама, шығармалар жазады.

г) қалыптасқан дағдыларды жетілдіру кезеңі1. Жазылуы бірыңғай сөздерді байланыстырып, оларға тән ортақ заңдылықты, жалпылықты анықтау; түбірлес сөздерді табу, сөздердің синонимін, антонимін табу, омоним сөздерді табу. Бұл кезеңде диктанттың барлық түрі жазылады, оқыған ережелер бойынша қалыптасқан дағдылар толық автоматтанады, сондықтан мәтінді алдын ала талдаусыз жаздыра беруге болады. Сөздіктен қарауға, мұғалімнен сұрауға рұқсат етіледі.

Жоғарыда көрсетілген жүйені өзгертуге болмайды деп түсінбеу керек. Нақты жағдайларға: балалардың жас ерекшеліктеріне, дайындық дәрежелеріне, алған білімдері мен сөйлеу дағдыларына қарай өзгеріс болуы мүмкін. Алайда, мұғалім осы көрсетілген жұмыстардың жүйесінің толық орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай, материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар да бірден-бірге лексикалық, синтаксистік жағынан күрделене түсуге тиіс. Материал таңдауда әсіресе мына жағдайлар ескеріледі:



  1. Грамматикалық немесе орфографиялық құбылыстарды түсіндіру кезінде бақылау үшін анағұрлым жеңіл, анық материалдар алыну керек. Бұл кезде оқушылардың зейінін оқылып отырған ережеден басқаға алаңдататын нәрселер болмағаны жөн. Оқушылар бақылағандарынан дұрыс қорытынды шығара алатындай болсын.

Жаттығуға арнап материал таңдағанда тіл дамыту мен жазу жан-жақты ескерілуге және бұрын өтілгендерді үздіксіз қайталау есте болуға тиіс.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы, А, 1991.


  1. Жұмыстың әр түрлі кезеңдерінде біртектес (сөздік, фразалар немесе мәтін) материалдарды қайталап отыру дұрыс болмайды. Мысалы, алғашқыда «қала» сөзіне түбірлес сөз тапқанда «қалалар» десе, кейінгіде «қалалы, қалашық, қалашыл т.с.с.» сөздер айтқызылады.

Қазіргі кезде орфографияны меңгеру үшін көру мен есту органының (көшіру мен диктанттың) қайсысы маңыздырақ деген мәселе жөнінде талас жоқ.

Сауаттылыққа үйренуде сезім анализаторларының барлығы да: есту де, көру де, қол қозғалысы да қатысуы керектігі зерттеліп анықталды. Оның үстіне көшіру немесе диктант сияқты жазу түрлерінің қазіргі кезде әр түрлі варианттары шыққанын жоғарыда айтылғандардан байқағанбыз.

Мұғалім қандай да болмасын, бір сезім органына жаттығудың қай түрі дұрыс келеді деген мәселеден гөрі, бір жаттығуда таным қызметінің қандай операцияларды орындауы жайлы, олардың комплексті қатысуын қалай қамтамасыз етуге болатыны жайлы көбірек ойлауға тиіс: анализ, синтез, жалпылау, ұқсастық пен айырмашылықты табу, абстракциялау, топтау, жүйелеу т.б.

Сөйтіп, орфографиялық немесе пунктуациялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда оқушылардың зейінін, ойы-есін, қиялын т.б. таным қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға көп күш салу қажет.


жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау