МУ 042-18-3.1.29/04-2013
|
Басылым №3______
|
-бет беттен
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
МУ
|
МУ 042-18-3.1.29/04-2014
|
Әдістемелік нұсқау
«Қаржылық есеп І» пәнінен курстық жұмысты орындаудың
әдістемелік нұсқаулары
|
Басылым №3 _________
|
«ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП І» пәнінен ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
және курстық жұмысты орындаудың
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы студенттері үшін
Семей
2014
1 ӘЗІРЛЕНДІ
Әзірлеуші _________ Искакова Марал Серікқызы, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының мәжілісінде.
Хаттама № 1 «29» тамыз 2014 жыл
Кафедра меңгерушісі ___________ А.Зейнуллина
2.2 Экономика,құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің Оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде.
Хаттама № 1 «9» қыркүйек 2014 жыл
ОӘБ төрағасы ______________ С.Тойкин
МАЗМҰНЫ
1 Пәннің мақсаты және оның құрамдас бөлімдері ........................................... 5
2 «Қаржылық есеп І» пәннің жұмыс жоспары .................................................. 5
3 «Қаржылық есеп І» пәнінің жұмыс бағдарламасы ........................................ 6
4 Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері ................................................. 9
5 Курстық жұмыс тақырыбын таңдау мен бекіту тәртібі ................................ 9
6 Курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар .................................... 10
7 Курстық жұмыстың мазмұны ......................................................................... 11
8 Курстық жұмысты қорғау және бағалау ....................................................... 11
9 Курстық жұмыстың тақырыптары ................................................................ 12
10 Пайдаланылатын әдебиетттер тізімі ............................................................. 12
11 Қосымшалар ..................................................................................................... 15
ПӘННІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМДАС
БӨЛІМДЕРІ
Қаржылық есептілікті пайдаланушылардың түрлі топтарының болуы, сыртқы және ішкі пайдаланушылардың ақпараттық талаптарына байланысты, бухгалтерлік есепті ақпараттық жүйе ретінде келесідей түрлерге жіктеуге соқтырады: қаржылық есеп және басқару есебі.
Қаржылық есептің мақсаты мен міндеттеріне әлеуетті инвесторлардың, акционерлер мен кредиторлардың қаржылық ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында, сол сияқты мемелкеттік, статистикалық, салық қызметтеріне және басқа сыртқы қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған дұрыс та тиімді шешімдерді қабылдау үшін сыртқы қолданушыларға толық та шыншыл қаржылық есетплікті ұсыну жатады.
Мазмұны бойынша қаржылық есеп үш бөліктен тұрады:
Қаржылық есеп І, ұйым қызметінің есеп объектілеріне (шығындар есебі мен салықтық міндеттемелерден басқа) және қаржылық есептілікті ұсынуға негізделген;
Қаржылық есеп ІІ, компаниялар топтарының қаржылық есептілігін ашып көрсетуге, экологиялық проблемаларға және қаржылық құралдарға бағытталған;
Тереңдетілген қаржылық есеп, сегменттік есептілік пен тоқтатылған қызмет сұрақтарын қарастырады.
Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты
Қаржылық есеп сыртқы пайдаланушыларға олардың потенциалды инвесторларының, акционерлерінің, кредиторларының қаржылық ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында дұрыс та, оптимальді шешімдерді қабылдауы үшін, сол сияқты мемлекеттік, статистикалық, салық қызметтерінің және басқа сыртқы пайдаланушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін анық та, сенімді ақпараттарды ұсыну болып табылыады.
Курстың мақсаты
«Қаржылық есеп І» пәнін оқытудың мақсаты - студенттерді ұйымдарда қаржылық есепті жүргізу тәртібіне, оны халықырылық стандарттарға сай ұйымдастыра білуге үйрету. Сондай-ақ, студенттердің қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын меңгеріп, оларды есеп тәжірибесінде қолдану дағдысын жақсартуға, сондай-ақ басқару шешімдерін қабылдап, әрі талдау жасаумен байланысты кәсіби ойлау биімділігін жетілдіруге ықпал ету. Пәннің басты мақсаты – студенттерді кәсіби білімге қойылатын жоғары талаптарға сай болатын және басқару шешімдерін қабылдап, талдай алатын ішкі бақылаудың тиімді жүйесін ұйымдастыра алатын және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есепті құрастырып, ұсына алатын бухгалтерлік есеп саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.
Пәнді оқытудың негізгі міндеттері
«Қаржылық есеп І» пәнін оқытудың міндеттері – ұйымдардың қысқа және ұзақ мерзімді активтері, міндеттемелері және капиталы есептерін жүргізуде қолданылатын бухгалтерлік есептің негізгі әдістерін оқыту.
Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер білуі керек:
Қысқа мерзімді активтер есебін: ақшалай қаржылар, дебиторлық қарыздар, қорлар;
Ұзақ мерзімді активтер есебін;
Активтердің құнсыздануын;
Қысқа мерзімді міндеттемелер есебін;
Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебін;
Капитал мен резервтер есебін;
Табыстар мен шығындарды мойындау;
Қаржылық есептілікті дайындауды жасай алуы керек.
2 «ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП І» ПӘНІНІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Тақырыптар |
Сағаттар саны
|
Дәрістер
|
Тәжірибелік сабақтар
|
1 Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаттары және дебиторлық борыштар
|
4
|
2
|
2 Қорлар есебі (ҚЕХС 2)
|
4
|
2
|
3 Негізгі құралдар есебі (ҚЕХС 16)
|
3
|
2
|
4 Материалдық емес активтер есебі (ҚЕХС 38)
|
3
|
2
|
5 Активтердің құнсыздануы (ҚЕХС 36)
|
2
|
1
|
6 Ұйымның міндеттемелерінің есебі
|
4
|
2
|
7 Кірістер мен шығыстарды тану (ҚЕХС 18)
|
3
|
1
|
8 Капитал және қорлар есебі
|
3
|
1
|
9 Қаржылық есептілікті ұсыну (ҚЕХС 1)
|
4
|
2
| Жиыны |
30
|
15
|
3 «ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП І» ПӘНІНІҢ
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
1 Қысқа мерзімді активтер есебі: ақшалай қаражаттары және дебиторлық борыштар
Ақша қаражаттарын және олардың баламаларын тану, ҚЕХС 7. Ақшалай қаражаттарды қолдануға қойылатын шектеулер. Ақша қаражаттарына бақылау жасау. Ақшалай операциялардың есебін ұйымдастыру.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті ұсыну. Операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдарын ұсыну. Ақша қаражаттарының жасырынған ағымдарын бейнелеу.
Дебиторлық борыштарды тану және жіктеу. Бастапқы бағалау. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштарының есебі. Жеңілдіктер мен тауарлардың қайтарылуы. Үмітсіз дебиторлық борыштарды есептен шығару. Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері.
Тәуелді және қауымдасқан компаниялардың дебиторлық борыштарының есебі. Қызметкерлердің, жал бойынша, алынуға тиісті сыйақылар бойынша, басқа да дебиторлық борыштары.
Салықтық активтер есебі: берілген аванстар; алдағы кезең шығыстары; аяқталмаған құрылыс мжәне басқа активтер.
2 Қорлар есебі (ҚЕХС 2)
Қорларды тану. Қорларды тану критерийлері. Қорларды бағалау. Сатып өткізудің таза құны. Сатып алудың нақты құны. Қорларды бағалау әдістері.
Қорлардың шығыс етілуі. Дайын өнімдердің, тауарлардың, аяқталмаған өндірістің есебі.
Қорлар есебінің мерзімді және үздіксіз жүйелері.
Қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі. Қорларды есептен шығару бойынша резерв.
3 Негізгі құралдардың есебі (ҚЕХС 16)
Негізгі құралдарды тану критерийлері (ҚЕХС 16). Болашақ экономикалық тиімділік. Негізгі құралдардың бастапқы құны. Негізгі құралдарды сатып алу әдісі.
Кейінгі шығындар: капитализациялау және кезең шығындары. Негізгі құралдардың кейінгі есебі: тарихи құны бойынша есепке алу, негізгі құралдарды қайта бағалау.
Негізгі құралдардың амортизациясы: пайдалы қызмет мерзімдері және есептеу әдістері, оларды есепте бейнелеу.
Негізгі құралдардың шығыс етілуі: тану ашып көрсету.
4 Материалдық емес активтер есебі (ҚЕХС 38)
Материалдық емес активтерді тану (ҚЕХС 38). Бірегейлендіру. Бақылау. Болашақ экономикалық тиімділік. Материалдық емес активтерді сатып алу сәтіндегі бағалау және тану. Кәсіпорында құрастырылған материалдық емес активтердің өзіндік құны.
Кәсіпорында ждасалған саудалық маркалар, іскерлік бедел. Кейінгі шығындар. Материалдық емес активтерді кейінгі есепке алудың моделі. Бастапқы құн бойынша есепке алудың моделі. Қайта бағалау құны бойынша есепке алудың моделі. Пайдалы қызмет ету мерзімі. Шектелмеген пайдалы қызмет ету мерзімі бойынша материалдық емес активтер. Материалдық емес активтердің амортизациялау әдістері. Материалдық емес активтерді қолдануды тоқтату және есептен шығару.
Материалдық емес активтермен операциялар есебі.
5 Активтердің құнсыздануы (ҚЕХС 36)
ҚЕХС 36 қолдану аясы. Орны толтырылатын құн. Сату бойынша шығындарды алып тастағандағы әділетті құн. Қолдану құндылығы. Басты (генерирующая) бірлік. Құнсыздану бірліктері. Құнсызданудан алынатын зиянды тану. Құсызданудан алынатын зиянды қалпына келтіру (реверсирование).
Активтердің құнсыздануының есебін ұйымдастыру.
6 Ұйымның міндеттемелерінің есебі
Міндеттемелердің түсінігі және олардың жіктелуі, оларды тану. Қаржылық міндеттемелр есебі: банктік және басқа займдар, дивидендтер мен қатысушылар кірістері. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі. Уақытша және тұрақты айырмашылықтар. Уақытша айырмашылықтардың салықтық әсері.
Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі. Кредиторлық борыштар есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға; филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге; жал бойынша; төленуге тиісті сыйақылар бойынша. Займдар бойынша шығындарды тану (ҚЕХС 23). Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық борыштар есебі. Бағаланушы міндеттемелер есебі: кепілдік міндеттемелері; заңды шағыс талаптары бойынша міндеттемелер; қызметкерлерге сыйақылар бағаланушы міндеттемелер; басқа да бағалаушы міндеттемелер.
Басқа да міндеттемелер есебі: алынған аванстар; алдағы кезең кірістері; шығарылуға тиісті топтар міндеттемелері; өзге де міндеттемелер.
7 Кірістер мен шығыстарды тану (ҚЕХС 18)
Түсімді тану критерийі ҚЕХС 18. Мәмілені бірегейлендіру. Тауарларды сатудан, қызмет көрсетуден, пайыздар, лицензиялық төлемдер, дивидендтер түріндегі түсімді тану.
Кірістер және мен шығыстар түсінігі. Қаржыландырудан алынған кірістер есебі. Басқа да кірістер есебі. Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құндарының есебі. Кезең шығыстарының есебі. Қорытынды кірісті немесе зиянды тану, жабылушы жазбалар. Корпоративті табыс салығы бойынша шығындар есебі.
8 Капитал және резервтер есебі
Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар. Төленбеген капитал есебі. Қайта сатылып алынған меншікті үлестік құралдар. Эмиссиялық кіріс есебі.
Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал, активтерді қайта бағалау резервтері; шетел валютасын қайта санау резервтері және басқа да резервтер.
Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы. Жабылмаған зиянды есепте және қаржылық есептілікте бейнелеу.
9 Қаржылық есептілікті ұсыну (ҚЕХС 1)
Қаржылық есептіліктің мақсаты (ҚЕХС 1). Қаржылық есептіліктің құрамдас бөліктері. Қаржылық есептілікті шыншыл ұсыну және қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкестігі. Қызметтің үздіксіздігі. Есептеу әдісі бойынша есепке алу. Ұсынудың бірізділігі.
Мәнділік және біріктіруі. Өзара есепке алу. Салыстырмалы ақпарат. Құрылымы мен мазмұны. Есептік кезең.
Бухгалтерлік балансты ұсыну. Балансқа қойылатын ең аз талаптар. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімдіге жіктеу. Пайда мен залалдар жөніндегі есептің екі нысаны. Капиталдағы өзгерістер туралы есептің құрылымы, оның нысаны. Ақша қозғалысы туралы есепті құрастырудың тікелей және жанама әдістері.
Түсініктеме жазбаларда ақпараттарды ашып көрсету. Есеп саясаты түсінігі, оның құрылымы. Есеп саясатындағы өзгерістер. Кейіндетілген жағдайлар.
4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Курстық жұмыс іс жүзіндегі жеткілікті тәжірибелік материалдар негізінде материалдар негізінде жазылады. «Қаржылық есеп І» пәнінен курстық жұмыс осы пән бойынша толық курс оқылып біткеннен кейін барып орындалады: Курстық жұмыстың мақсаты:
теориялық білімді кеңейту мен тереңдету;
пәнді игерудің сұрақтарын бірізділікке сала отырып, өзінідік жұмыс жасау, қортындыларды түйіндеу;
пән бойынша материалды жан-жақты, теориялық және тәжірибелік тұрғыда талдап, өз ойын жүйелі түрде жеткізу.
Курстық жұмыстың мазмұны, егер автор тәжірибеде өз ұсыныстарын қолданып, ол шаралардан экономикалық тиімділік көрсетіп жатса, тіпті арта түседі. Студент курстық жұмысты жазу барысында таңдаған тақырыпты жан-жақты қарастырып, оның бүгінгі күндегі өзекті мәселелеріне тоқталуы керек.
Курстық жұмысты жазу барысында студент Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарын, ғылым-оқу әдебиеттерін, үкіметтің нормативті-құқықтық құжаттарын және баспасөз материалдарын қарауы керек.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУ МЕН БЕКІТУ ТӘРТІБІ
Курстық жұмысты тақырыптарын оқытушы құрастырып, оны кафедра мәжілісінде бекітеді. Курстық жұмыстардың тақырыптарына «Қаржылық есеп І» курсы бойынша өзекті тақырыптар алынған.
Студент таңдалған тақырып бойынша «Қаржылық есеп І» пәнінен алынған білімдерін, оны ұйымдастыру мен әдістемесіне қатысты сұрақтармен толықтырып,болашақта алатын мамандығына байланысты білімін жетілдіре түседі.
Курстық жұмыстың тақырыптары студенттермен таңдалған соң, оқытушы ол тақырыпты сол студентке бекітеді. Топтағы бір студентпен таңдалған тақырыпты, екінші студент жазуға болмайды. Одан соң студент тақырып бойынша жоспар жасап, оқытушымен әрі қарай жұмыс жасауға келіседі. Жоспар бекітілгеннен кейін студент курстық жұмысты жазуға кіріседі. Оқытушы студентке курстық жұмыстың мазмұны мен безендірілуі бойынша кеңес береді. Тақырыпты таңдау кезінде студенттің ғылыми және тәжірибелік қызығушылығына көңіл бөлінеді.
6 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Курстық жұмыс жоғары теориялық деңгейде жазылуы керек. Курстық жұмыс стандартты формат беттеріне жазылуы керек. Жұмыс машиналық жазба тәсілмен орындалады.
Курстық жұмыс электронды есептеу машиналарында орындалғанда Microsoft Win Wort (версия 6.0), KZ Times New Roman шрифтымен, №14 кегльда жазылуы керек. Жұмыс машиналық тәсілде 30-40 бет көлемінде болуы керек.
Курстық жұмысты жазғанда текст мына тәртіпте болады. Беттің сол жағында - 25 мм, оң жағында - 15 мм, жоғарғы жағында - 25 мм, төменгі жағында - 25 мм орын қалуы керек.
Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Әрбір тараудың бірнеше бөлімдері болуы мүмкін. Тараулардың араб цифрымен жазылған реттік номері болады. Бөлімдердің де сәйкес номерлері тарау номері және нүкте арқылы көрсетіледі. Мысалы: 1.тарау аты
бөлім аты
бөлім аты
Әрбір тарау жаңа беттен басталады. Ал, бөлім аяқталғаннан соң екі жол қалдырып, қайтадан жалғастырылады. Жұмыстың әрбір беті толық болуы керек. Бос кеңестікке жол берілмейді. Курстық жұмыс тиянақты, мұқият жазылуы қажет.
Курстық жұмыстың материалы мына тәртіпте орналасады:
- титульдік бет;
- мазмұны;
- кіріспе, жұмыстың тараулары, қорытынды;
- пайдаланған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
Текстте цитаталар тырнақшаға алынады, беттің соңында қайнар көз көрсетіледі, (автор, жұмыстың аты, тарау, параграф, бет) сілтемелер номерлермен белгіленеді.
Текстте мемлекеттік стандарт пен қазақ орфографиясында рұқсат етілген сөздерден басқа сөздер қысқартылмайды. Сандық шамаларды ондық, жүздік мөлшерде дөңгелектеп жазуға болады.
Текстегі әрбір кестенің номері мен аты жазылады. Содан кейін ғана кесте сызылады. Кесте барлық жағынан шектелген.
Курстық жұмыстың беттері номерленеді. Титульдік бет, мазмұны, кіріспенің бірінші беті есептеледі, бірақ номерленбейді.
7 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ
Курстық жұмыс мазмұнына сәйкес жасалады. Әрбір тараудың сұрақтары дәйекті қарастырылады.
Кіріспеде студент курстық жұмыстың мақсатын, міндеттерін, тақырыптың өзектілігін екі-үш бетте жазады.
Бірінші тарау теориялық сипатта жазылады. Курстық жұмыстың таңдалған тақырыбынан тәуелсіз түрде, онда қазіргі уақыттағы кәсіпорындағы ілгерлемелі қаржылық есепті ұйымдастыру, қаржылық құралдардың есебі, бизнасті біріктірудің сұрақтары қарастырылады. Материалды статистикалық анықтама деректерімен, монография, журнал статьялары және басқа да қайнар көздер деректерімен иллюстрациялауға болады.
Екінші тарау нақты бір тақырыптың өзекті түйінін ашуға арналады. Тақырыптың маңызды сұрақтары қарастырылады.
Үшінші тарауға қаржылық есепті жетілдіру бойынша шаралар кешені ұсынылады.
Курстық жұмыстың барлық тараулары бір-бірімен байланысты болуы керек. Материалдар бір ізді баяндалып, біріншісінен екіншісіне логикалық түрде ауысып отырады.
Қорытындыда бүкіл жұмыс бойынша түйіндер жасалып, нақты ұсыныстар көрсетіледі. Олар жалпы сипатта емес жекелеген әрбір түрде болғаны дұрыс. Ұсыныстар орынды болғаны жөн. Енгізілген шаралардан болатын экономикалық тиімділіктің көрсетілуі жұмыс мазмұнын аша түседі.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Орындалған жұмыс кафедраға өткізіліп, арнаулы журналға тіркеледі. Оқытушы жұмысты тексереді. Дұрыс орындалмаған, өңделмеген жұмыс қайтадан студентке қайтарылады. Тексерілген жұмыстарға пікір жазылып, қорғауға жіберіледі (босатылады).
Курстық жұмысты студенттер кафедрада бекіткен арнаулы комиссия алдында қорғайды. Кафедра шешімі бойынша курстық жұмыстарды бір оқытушы қабылдауы мүмкін. Студент бүкіл жұмыс бойынша дайындалып, сұрақтарға жауап береді.
Қорғау кезінде студент өз ойын жетік баяндап, негізгі түйіндерге тоқталады, қосымша сұрақтарға жауап береді.
Курстық жұмысты бағалау мына кезде жүргізіледі, егер автор:
зерттеу мақсатын дұрыс айқындап, өзекті мәселені айқындап білсе;
жоспарда тақырыптың негізгі сұрақтарын ашса;
жұмыста теориялық материалды тәжірибелік деректермен ұштастыра білсе;
сәйкес қорытындылар мен түйіндер жасаса;
жұмысты жақсы безендіріліп, таза, қатесіз жазса.
Курстық жұмыстың бағасын мына жағдайларда төмендетіледі:
курстық жұмыс жоспары тақырыптың өзекті сұрақтарын ашпаса;
жұмыста тақырыпқа сараптама жасамай, тек теориялық негізде орындаса;
қарапайым бақылау нормалары сақталмаса.
Курстық жұмысты қорғағаннан кейін, бағасы қойылады.
9 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
IAS 31 – Бірлескен кәсіпорындарға қатысу
Займдар бойынша шығындар
IAS 28 – Тәуелді (ассоцияцияланған) ұйымдарға инвестициялар
IAS 34 – Аралық қаржылық есептілік
Материалдық емес активтер
IFRS 3 – Кәсіпорындарды біріктіру
IAS 36 – Активтердің құнсыздануы
Байланысты тараптар туралы ақпараттарды ашу
IAS 33 – Акцияға пайда
IAS 37 – Бағаланушы міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер
IAS 40 – Инвестициялық жылжымайтын мүлік
IAS 10 – Есепті күннен кейінгі оқиғалар
Гиперинфляция жағдайындағы есеп
Қаржылық құралдар есебі
ҚЕХС 26 – Зейнетақылық қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша есеп және есептілік
Қаржылық жал
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сипаттама
Сегменттер бойынша есептілік
Есеп саясаты, есепті бағалардағы өзгерістер мен қателіктер
Шоғырландырылған қаржылық есептілік және оны құрастыру тәртібі
Табыс салығының есебі
Инвестициялар есебі
Ақшалардың қозғалысы туралы есептілік
Құрылыс келісім шарты
ҚЕХС 16 «Негізгі құралдар»
Түсім
Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері
Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер
ҚЕХС 4 «Сақтандыру келісім шарты»
ҚЕХС 5 «Сатуға аранлған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет»
Дайын өнім есебі
Кірістер мен шығыстар есебі
Бюджетпен есеп айырысулардың есебі
Еңбек ақының есебі
Дебиторлық борыштардың есебі
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі
Ақшалай қаржылардың есебі
Күрделі салымдардың есебі
Жеке құрам мен жұмыс уақытының есебі.
Қорлардың есебі
10 ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер
|
Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық І -Қарағанды, 2009
|
|
Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық ІІ.-Қарағанды, 2009
|
|
Джангалиева К.К Курс лекций по бухгалтерскому учету, 2002 г
|
|
Кеулимжаев К.К. Финансовый учет на предприятии. Учебник -Алматы: Экономика, 2005.
|
|
Попова Л.А. Финансовый учет (план счетов бухгалтерского учета, основанный на Международных стандартах финансовой отчетности ) - Караганда, 2007 г.
|
|
Кеулімжаев К.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. Қаржылық есеп: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004 жыл
|
|
Кеулімжаев К.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. – Алматы: Экономикс, 2003 жыл
|
|
Кеулімжаев К.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006 жыл
|
|
Тасмағамбетов Т.А. және басқалар. Қаржы есебі: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 жыл.
|
|
Радостовец В.К., Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп.- Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002
|
|
Баймұханова, С.Б. Қаржылық есеп.- Алматы, 2007
|
|
Баймуханова, С.Б. Финансовый учет:.- Алматы, 2008
|
|
Радостовец В.К, Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. Бухгалтерский учет на предприятии, Алматы, 1998г.
|
|
Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов / Под ред. Н.К. Мамырова – Алматы, 2005 г.
|
|
Толпаков Ж.С. Бухгалтерский учет.- Караганда, 2004 г.
|
|
Финансовый учет на предприятии. Учебник /Под ред. Р.М. Рахимбековой – Алматы, 2003г.,
| Қосымша әдебиеттер
|
Закон Республики Казахстан «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» - Астана 2007 год.
|
|
Международные стандарты финансовой отчетности
|
|
Бабаев Ю.А. Теория бухгалтерского учета. Москва. Аудит, 1999г
|
|
Мырзалиев Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы, 2008.
|
|
Качалин В.В. Финансовый учет и отчетность в соответствии со стандартами GAAP Москва, 2000г..
|
|
Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета, Алматы, 2000г.
|
|
Энтони Р., Рис Д.Ж. Учет, ситуации и примеры, Москва,1996г
|
|
Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет/ Под общ. ред.Н.К. Мамырова.- Алматы, 2000г.
|
|
Куттер М.И. Теория и принципы бухгалтерского учета. М., Финансы и статистика, 1997г
|
|
Инструкция (основа) по разработке рабочего плана счетов бухгалтерского учета для организаций, составляющих финансовую отчетность в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности от 22 декабря 2005 года № 427
|
|
Методические рекомендации к стандартам финансовой отчетности / Разработаны Департаментом методологии бухгалтерского учета и аудита Министерства финансов Республики Казахстан. Астана, 2005
|
|
Разъяснения Международных стандартов финансовой отчетности (МСФО). Комитет по Международным стандартам Финансовой Отчетности. 2001г.
|
|
Первый шаг к МСФО. Практическое пособие /Под общей редакцией Скала В.И.-Алматы, ТОО «Издательство LEM» - 2006г.
|
|
Палий В.Ф. Комментарий к международным стандартам финансовой отчетности. Москва, Аскери-АССА, 1999г.
|
11 ҚОСЫМШАЛАР
Қосымша 1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Есеп және аудит» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы __________________________________________________
Орындаған ______________________________
(студенттің аты-жөні, тобы)
Тексерген _______________________________ (оқытушының аты-жөні, қызметі)
Семей
2013
Достарыңызбен бөлісу: |