Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі



жүктеу 1,14 Mb.
бет12/40
Дата03.02.2023
өлшемі1,14 Mb.
#41132
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³ «Û. Àëòûíñàð

Комптон эффекті. Бұған дейін қарастырған шымқай қара дененің сәуле шығаруы мен фотоэлектрлік эффект тәрізді құбылыстардағы жарықтың кванттық қасиеті оның затпен әсерлесуі кезінде, яғни сәуле шығару, не сіңіру сәттерінде байқалады. Ал оның тек мұндай сәттерде ғана емес, сонымен қатар кеңістікте тараған кезінде де жарық корпускалалары фотондар түрінде болатынының айқын бір дәлелі Комптон эффект.
Бұл құбылысты алғаш рет 1922 жылы американ ғалымы Артур Комптон ашқан болатын. Ол өз тәжірибелерінде рентген сәулесі кейбір заттармен (графит, парафин, т.б.) әсерлескен кезде сол заттан шашыраған сәуленің құрамында толқын ұзындықтары түскен сәуленің толқын ұзындықтары түскен сәуленің толқын ұзындықтарымен салыстырғанда біршама үлкен болатын сәулелердің де бар екенін байқады (1.3-суретті қараңыз). Комптон эффекті деп аталған бұл құбылысты одан әрі зерттеу барысында толқын ұзындығы ығысуының шамасы шағылдырушы заттың табиғатына да, түскен толқынның ұзындығына да тәуелді болмай, тек шашырау бұрышымен ғана анықталатыны байқалды.
Бұл заңдылықтарды классикалық теорияның негізінде түсіндіру мүмкін емес еді. Оның толық түсінігін жарықтың кванттық теориясы берді. Бұл теорияның түсіндіруі бойынша, түскен толқын ұзындығының өзгеру себебі жеке фотондардың зат құрамындағы еркін электрондармен серпімді соқтығысудың салдарынан болатын.
М ұндай процесс кезінде олар өз энергиясының біраз бөлігін өзімен соқтығысқан электронға береді де, шашыраған фотондардың энергиясы түскен фотондар энергиясымен салыстырғанда біраз шамаға кемиді немесе, басқа сөзбен айтсақ, шашыраған толқындар ұзындығы түскен толқын ұзындығынан біршама артық болады. Соқтығысу серпімді болғандықтан, бұл үрдісте энергияның және импульстың сақталу заңдары орындалады. Егер түскен фотонның энергиясын – ħw, импульсын – pе деп белгілесек, энергия мен импульстың сақталу заңдары мына түрде жазылады:
hw+ mc2 = hw' +Ee, p= p+ pe
Фотонның шашырау бұрышын θ деп белгілесек, жоғарыдағы сақталу заңдарынан толқын ұзындығының өзгерісі үшін мына төмендегі өрнекті оңай шығарып алуға болады:
Δλ=2λksin2
Мұндағы λk= 2π( h/mc) компандық толқын ұзындық деп аталады. Бұл өрнектің негізінде жүргізілген теориялық есептеулер тәжірибенің нәтижелерімен дәл келді. Бұл Планк болжамынан бастау алған кванттық теорияның дұрыстығының тағы дәлелі.

10 дәрістің тақырыбы: Кванттық механиканың математикалық аппараты. Операторлар.




Оқу нәтижелері
Теориялық физиканың маңызды бөлігінің бірі - кванттық механиканың математикалық аппараты, операторларды біледі және түсінеді; Негізгі операторларға амалдар қолдану, сызықты және эрмитті операторлар, бір өлшемді қозғалыс, кванттық механиканың қарапайым есептерін тәжірибеде қолданады

жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау