Қазіргі мектептегі тəрбие жұмысының жүйесі. Мектептің тəрбие жүйесі мектептегі тұтас əлеуметтік-педагогикалық құрылыс жəне балаларды əлеуметтендіру мен дамытуға мақсатты түрде бағытталған фактор ретінде. Тəрбие жүйесі дамуы мен қалыптасуының əдістемесі мен кезеңдері, оны бағалаудың өлшемдері. Мектеп пен сыныптағы тəрбие жүйесінің өзара байланысы. Педагогикада қалыптасқан тəрбие жүйесі, оларға сипаттама. Қазақстан мектептеріндегі тəрбие жұмысы.
Тəрбие жұмысын ұйымдастырудың əдістері. Тəрбие жұмысын ұйымдастырудың формалары, əдіс-тəсілдері. Тəрбие жұмысын ұжымдық, топтық жəне жекелік формалары. Сендіру əдістемесі. Дискуссия – оқушылардың саналық-адамгершілік сенімдерін дамытудың əдісі ретінде. Педагогикалық ынталандыру əдістері. Педагогикалық талап. Балалар ұжымымен жұмыс жүргізудің ұтымды жүйесі. Мадақтау жəне жазалау – педагогикалық түзету əдісі ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |