Жарлық сөзінің мағынасы –
əмір беру, бұйыру, бұйрық беру сөздерінің
мағынасына өте жақын. Көне замандағы хан, қаған жарлықтары да, қазіргі
үкіметтің, президенттің жарлықтары да бір адамға немесе адамдар тобына ғана
емес, көпшілік халыққа берілетін, жалпыхалықтық сипаттағы
əмір, бұйрық .
Жарлықтың бұйрықтан негізгі айырмашылығының өзі – оның
барлығына жарияланатын, барлығы орындауға, бағынуға, назарға алуға тиіс
құжат екендігінде.
70-тапсырма. Жарлықтың үлгілерімен танысыңыздар. Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті əл-Машани атындағы Жоғары технологиялар жəне тұрақты даму институты Қазақ тілі кафедрасы бойынша
ЖАРЛЫҚ №10 Ү л г і: Ф.ғ.к., доцент С.С. Айтжанованың отбасы жағдайына байланысты
2010 жылдың қараша айындағы 19-20 күндердегі сабақтарын өткізу төмендегі
оқытушыларға жүктелсін.