1.2 Пəнді оқытудың міндеттері. Пəнді оқытудағы негізгі міндет –
студенттерді тектоникалық аудандастыру принциптерімен таныстыру,
оларға Қазақстан аймағына тиесілі жер қыртысының басты-басты
құрылымдық элементтері, оларға стратиграфиясы жəне магмалық кешендері
жайлы мағұлмат беру, басты-басты тектоникалық құрылымдардың
геологиялық даму тарихын жəне олардың ауқымында əр түрлі пайдалы қазба
кенорындарының таралу заңдылықтарын саралауға машықтандыру.
Аймақтың геологиялық құрылысының негізгі сипаттарымен студенттерді
таныстыру соңғы жылдары жарық көрген басылымдар мен картографиялық
материалдарды пайдалану негізінде жүзеге асырылады, бұларды оқу
процесінде қолдану студенттерге əр түрлі мазмұндағы геологиялық
карталарды оқи білуге жəне олардың сұлбаларын құрастыра білуге
дағдыландыратын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |