Сынып сағаты. Сынып сағатын информатикадан беретін сынып жетекші мұғалім өткізеді. Сынып сағатын өткізу тəжірибесі əр қилы. Сынып сағатын оқу жəне тəрбиелеу сұрақтарын (сынып жиналысы, ұжымдық ағымдағы жұмысын талқылау, жұмыс қорытындылары келтіру, ауызша журналдар, баяндамалар, дəрістер) шешуге
қолдануға болатынын тəжірибе көрсетіп отыр. Мұнда оқушылар мұғаліммен кеңінен қарым-қатынасқа түсуіне жағдай жасалынады.
Клубтық əрекет оқушылардың түрлі жастағы топтарының белсенді шығармалық əрекетін еліктіруге, пəндік білімдері мен біліктерін дамытуға, мəдени құндылықтарды үйренуге бағытталған. Клубтың негізгі əрекеті, ереже бойынша оның жетекшісінің түрлі жеке жəне ғылыми қызығушылығына, мамандануына байланысты түрлі жобалармен жұмыс жасауға бағытталған.
Компьютерлік клуб сыныптық не болмаса мектеп қабырға газеттерін шығаруда, интернеттегі мектеп парағын өңдеп тұруда, желілік жобалар, конкурстар, олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік береді.
Конкурс. Бұл ұжымдар жарысы немесе тек қана бір жеңімпаз жарысы, мұнда оқушылардың сол немесе басқа ғылым облысы- на, яғни өнер, спорт жəне т.б. деген қызығушылығын арттыру мақсаты қойылған. Ол оқушының өз бетінше жұмысына немесе мектеп кешінің, үйірме жұмысының, тақырыптық немесе есептік формасы болуы мүмкін. Конкурсқа оқушылардың шығармашылық əрекеттерінен туындаған өнерлері суреттер, анимациялар, програм- малар жатқызылуы мүмкін.
Информатикадан үйірме жұмыстары. Оқушылардың болашақ мамандықтарымен байланысты информатиканың өмірмен бай- ланысын көрсететін үйірме жұмыстарына қатысу, олардың сабақтағы белсенділігін арттырады: оқушылардың информатикаға қызығушылығы артып, кейбірінің ізденушілік əрекетке талпынуы байқалады.
Үйірме – сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырудың бірден бір тəсілі. Үйірме көбіне жақсы оқитын оқушыларға ұйымдастырылады. Алайда, кейде үлгермеуші оқушылардың да үйірмеге қатысуға ниет білдіріп жатады, кейде сол үлгермеушілер үйірме жұмысына қатысып, жақсы нəтижелер көрсетеді. Ондай оқушыларға тек қана жақсылап назар аудару қажет, олардың информатикаға қызығушылығының артқанын қадағалап, үйірме жұмысының тап- сырмаларын игеріп алып кетуін бақылау қажет. Бастысы – информа- тикадан үйірме жұмысын жалпы сипатын сақтау керек, сонда оған барлық қызығушылық танытқандар қатыса алады.
Ұйымдастыру кезінен бастап, оқушыларды үйірмеге тарту керек, оларға үйірмеде сабақта өтілетін тапсырмалар қайталанбайтынын
айтып, жұмыстың сипатын ашу керек (ол үшін информатика сабағының бірінде оқушылармен үйірмені ұйымдастыру жөнінде ақылдасып, талқылау қажет).
Үйірме аптасына бір рет, əр сабаққа бір сағаттан бөлініп өткізіліп отырады. Үйірме жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың өздерін мақсатты түрде еліктіру керек (оқушыларға тақырыптар бойынша хабарламалар дайындату, тарихи сипаттағы анықтамалықтар жасату, сабаққа программалық құралдарды даярлау жəне т.б.).
Мұғалім үйірмеде оқушылар еркін ой алмасып, белсенді пікірта- лас құра алатындай жағдай жасау керек. Үйірме жұмыстарының тақырыптарына информатика тарихын, программалық қамтаманың əртүрлілігін, информатиканың математикалық негіздерін қарастыруға болады.
Сөзжұмбақтар. Оқушылар мен мұғалімнің бірге жұмыс жасауы, өзін-өзі дамытуы, өз білімін жетілдіруі, өзін-өзі бақылауы нəтижелі оқуға алып келетінін практика көрсетіп отыр. Сыныптан тыс жұмыстардың стандартты емес формасының бірі – сөзжұмбақтар құру жəне оны шешу. Кроссвордтарды қолдану, оларды құру жəне шешу, ойлау қабілетін, нақты оқуды, өз ойын логикалық тұрғыда жеткізуді дамытады: көп нəрсені еске түсіріп, анықтамалық, оқулықпен қолдануды, фантазиясын қолдануды дамытады. Жұмысты жеке, жұппен немесе топпен ұйымдастыруға болады.
Сөзжұмбақтар ғылыми терминологияның ашылуына көп көмегін тигізеді. Оқушыларға «керісінше» сөзжұмбақтар ұнайды. Алдын ала толтырылған кроссвордтарға оқушылар сұрақтар ойластыра- ды, өз сұрақтарын қорғау кезінде талдауға, салыстыруға үйренеді. Мұндай əдіс көп ақпарат алуға мүкіндік береді, себебі, мұғалім оны толықтырады, оған бейне фильмдер, көркем өнер туындыларын, га- зет қиындыларын қосуы мүмкін.
Олимпиадалар. Пəндік апталықтар, декадалар, айлықтар. Пəнаралық байланыс орнату мен пəнге қызығушылық арттыру- да үлкен рөл атқарады. Олар бір пəн бойынша немесе бірнеше пəн біріктіріліп өткізіледі, олар сол пəннің тығыз білім аумағымен байланыс орнатады (математика, физика, технология). Оқушылар жаңа материалды тек қана ойын түрінде ғана емес, сонымен қатар, қосымша əдебиеттер мен интернет желісін пайдаланып, зерттеушілік жұмыстар не болмаса, берілген тақырып бойынша жобалық жұмыстар орындайды. Берілген тақырыптар мен кештер
түрлі топтағы оқушыларды қамтып, əрқайсысы өз күштерін қоса алады. Мүмкін тақырыптар: «Информатика жəне техникалық про- цесс», «Информатика жəне менің мамандығым», «Информатика əскери техникада» жəне т.б. таңдалған тақырып бойынша дайындық бірнеше ай бұрын басталады. Декада (апталық, айлық) кезінде вик- ториналар, конкурстар, конференциялар, т.б. шаралар өткізіледі, мұның соңы жоғары оқу орындарының ғалымдарын, программа- лаушыларын шақырумен жəне ерекшеленгендерді марапаттаумен аяқталады.
Байқау. Информатикадан қоғамдық көрмеге барлық оқушылар қатыстырылады; əрбір топ апта сайын əртүрлі көрсеткішпен бағаланады. Нəтижесінде пəн бойынша үлгерім сапасы мен үйірмеге қатысушылар саны артады. Байқау – оқушылардың жаппай жұмысының жарыстық формасы. Олардың міндеті – қорытынды жасап, ең жақсы тəжірибені тарату, олардың мамандандырылған бағытын күшейтіп, үйірмелер ұйымдастыру, оқушыларды шығармашылық ізденіске тəрбиелеу, сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстарға тарту.
Сыныптан тыс жұмыстардың тағы бір түрі – информатикадан шығарма. Бұл оқушылардың информатикадан қызығушылығын арттырудың тамаша құралы, бұл олардың материалды меңгеру дағдыларын қалыптастырып, өткен материалды өз бетінше қайталауға үйретеді. Тапсырма ретінде оқушыларға мектеп инфор- матика курсынан қандай да бір теореманың дəлелдеуін өз бетінше келтіруді ұсынуға болады. Дəлелдеу ойын мұғалімнің өзі өрбітіп бере алады. Сонымен қатар информатикаға аса қатты қызығушылық танытатын оқушылармен жеке тапсырмаларды ұйымдастырып, тап- сырып отыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |