|
Қазақстан республикасы білім жəне ғылым
|
бет | 155/241 | Дата | 12.11.2023 | өлшемі | 5,38 Mb. | | #44224 | түрі | Оқулық |
| Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесіЗертханалық тəжірибе
Тақырып: «Формальдау жəне модельдеу».
Информатика курсында ақпараттық модельдеу тек оқыту нысаны ғана емес, əртүрлі өмірлік жəне оқу есептерін шешуде оқушылардың тəжірибелік жəне танымдық қызметтерінің маңызды тəсілі болып табылады.
1-сабақ
Тақырып: «Ақпараттық модельдеудің негіздерін жəне жүйе элементтерін оқыту əдістемесі».
Дидактикалық мақсаты: ақпараттық модельдеу негіздерін оқытуға əдістемелік тəсілдерді бейнелейтін жалпы кəсіби дайындықтың білімділік компонентін меңгеру.
Оқытуды ұйымдастыру формасы: топтық.
Оқыту технологиялары мен əдістері: жағдаяттық есептерді шешу əдістері.
Оқыту құралдары: оқу-əдістемелік əдебиеттер [1-8].
Студенттердің алдын-ала дайындығы: ақпараттық модельдеу негіздерін оқытудың əдістемелік тəсілдерімен танысу.
Теориялық мəліметтер
Мəселелік оқыту – проблемалық жағдайды жасау жəне пробле- маны шешуде іздеуді басқару есебінен негізі нақты шығармашылық
үдерісті модельдеу болатын оқытудың əдістері мен құралдарының жүйесі.
Мəселелік жағдай деген алдын ала алынған білімдер жеткіліксіз жəне жаңа білімдерге субъективті қажеттілік пайда болған жағдайларда тəжірибелік немесе теориялық тапсырмаларды орын- дау.
Мəселелік жағдайларды жасаудың негізгі тəсілдері:
мəселелік жағдай оқушылардың бұрын алған білімдерін жаңа тəжірибелік тапсырмаларды орындау барысында қолдану қажеттілігі болған кезде пайда болады;
мəселелік жағдай есепті шығаруда мүмкін теориялық тəсілі мен оның тəжірибелік жүзеге асуы арасында қарама-қайшылық болған жағдайда пайда болады;
мəселелік жағдай оқушылардың əрекеттерді орындау барысында негіздеме жасау немесе саналы түрде қабылдауда қиыншылық туу кезінде пайда болады;
мəселелік жағдай оқушылардың берілген есепті шығару барысында шешу тəсілдерін білмеу кезінде пайда болады.
Мəселелік жағдайларды мəселенің деңгейіне байланысты былайша жіктеуге болады:
а) тəсілдерге байланысты емес туындайтын жағдайлар;
ə) мұғалімнен болатын жəне мұғаліммен шешілетін жағдайлар; б) мұғалімнен болатын жəне оқушымен шешілетін жағдайлар; в) мəселені өзіндік қалыптастыру жəне оны шешу;
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып, информатика пəнінен зерттеу сабағын ұйымдастыру жəне жүргізудің мүмкін технологиялық тізбегі келесідей:
ұйымдастыру кезеңі;
мəселелік жағдайды жасау, болжамдарды анықтау, мақсаттарды қою;
болжамдары тексеру (АКТ құралдар көмегімен модельдеу жəне оқушылар бұл жағдайда мұғалімнің жетекшілігімен топта өзіндік жұмыстар орындайды);
зерттеудің қорытындысын шығару, қорытынды, үй тапсырмасы.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|