Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


 Оқушылардың орфографиялық дағдыларын қалыптастыру



жүктеу 1,98 Mb.
Pdf просмотр
бет23/46
Дата18.05.2022
өлшемі1,98 Mb.
#38643
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46
жазуға үйрету

2.6. Оқушылардың орфографиялық дағдыларын қалыптастыру 
жаттығулары 
 
      Жаттығу  жұмыстарының  жүйесіне  қарай    материалды  таңдауға  қойылатын 
талаптар  туады.  Жаттығуларды  жүргізу  үшін  алынатын  материалдар  да  бірте-
бірте  лексикалық,  синтаксистік  жағынан  күрделене  түсуге  тиіс.  Материал 
таңдауда, әсіресе, мына жағдайлар ескеріледі: 
1.Грамматикалық  немесе  орфографиялық  құбылыстарды  түсіндіру  кезінде 
бақылау  үшін  анағұрлым  жеңіл,  анық  материалдар  алыну  керек.  Бұл  кезде 
оқушылардың зейінін оқылып отырған ережеден басқаға алаңдататын нәрселер 
болмағаны  жөн.  Оқушылар  бақылағандарынан  дұрыс  қорытынды  шығара 
алатындай болсын. 
2.Жаттығуға  арнап  материал  таңдағанда  тіл  дамыту  мен  жазу  жан-жақты 
ескерілуге  және  бұрын  өтілгендерді  үздіксіз  қайталау  есте  болуға  тиіс. 
3. Жұмыстың әр түрлі кезеңдерінде бір тектес (сөздік, фразалар немесе мәтін) 
материалдарды  қайталап  отыру  дұрыс  болмайды.  Мысалы,  алғашқыда  «қала» 


92 
 
сөзіне  түбірлес  сөз  тапқанда  «қалалар»  десе,  кейінгіде  «қалалы,  қалашык, 
қалашыл, т.с.с» сөздер айтқызылады. Қазіргі кезде орфографияны меңгеру үшін 
көру мен есту органының (көшіру мен диктанттың) қайсысы маңыздырақ деген 
мәселе  жөнінде  талас  жоқ.  Сауаттылыққа  үйренуде  сезім  анализаторларының 
барлығы  да:  есту  де,  көру  де,  қол  қозғалысы  да  қатысуы  керектігі  зерттеліп 
анықталған. Оның үстіне көшіру немесе диктант сияқты жазу түрлерінің қазіргі 
кезде  әр  түрлі  нұсқалары  шыққанын  жоғарыда  айтылғандардан  байқаймыз. 
Мұғалім  қандай  да  болмасын,  бір  сезім  органына  жаттығудың  қай  түрі  дұрыс 
келеді  деген  мәселеден  гөрі
 
бір  жаттығуды  орындатуда  таным  қызметінің  қай 
операцияларды  жүзеге асырылатынын көбірек ойлауға тиіс: талдау, жинақтау, 
жалпылау,  ұқсастық  пен  айырмашылықты  табу,  жалпылау,  топтау,  жүйелеу, 
т.б.  Сөйтіп,  орфографиялық  немесе  пунктуациялық  сауаттылық  дағдыларын 
қалыптастыруда  оқушылардың  зейінін,  ойы-есін,  қиялын,  т.б.  таным 
қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға көп 
күш  салу  қажет.  Оқушылар  жазу  жұмыстарында  қате  жібермеу  үшін 
өздіктерінен  жұмыс  жасауға  тиіс.  Осы  тұрғыдан  олар  өздері  қате  жіберген 
сөздерін  дәптерлеріне  жазады,  оны  жою  жолында  жұмыс  жасайды.  Оқушы 
мұғалімнің  басшылығымен  сөздерді  жазып  қоюға  ғана  емес,  сонымен  қатар 
өздерінің  қателерін  жою  үшін  өздіктерінен  жұмыс  жасауға  да  үйренуге  тиіс. 
Біршама уақыт өткеннен кейін мұғалім сыныппен жұмыс жасау кезінде немесе 
бір  оқушыдан  сабақ  сұрау  кезінде  керекті  сөзді  жазғызады,  қалай  жазылып 
тұрғанын  талдатады.  Мұндай  жұмыс  балалардың  белсенділігін  арттырады. 
Біраз уақыт өткеннен кейін (тоқсан аяғында, жарты жылдың аяғында, оқу жылы 
аяғында)  мұғалім  оқушылардың  жұмыстарына  толық  талдау  жасайды.  Кейбір 
оқушыларға тән қателерді теріп жазады, осының нәтижесінде әрбір оқушының 
және  бүкіл  сыныптың  үлгерімі  жөнінде  тұтас  карта  жасалады.  Мұғалім 
балалардың қате жіберу себебін анықтайды: 
1)  Оқушы  ережені  білмейді  (кезінде  түсінбеген  немесе  ұмытып  қалған).               
2)  Ережені  біледі,  бірақ  оны  жазуда  дұрыс  қолдана  алмаған,  яғни  ережені 
жазуда қолдану дағдысы қалыптаспаған. 
3) Ережелерді  шатастырады. 
4) Жазып отырғанының мағынасына (не жазып отырғанының өзіне түсінбейді) 
түсінбей, зейін қоймай, механикалық түрде әрекет етеді. 
5) Кейбір дыбыстарды қате естиді немесе өзі қате айтады да, өзін-өзі бақылай 
алмайды. 
Әрбір  материал  мұғалім  тарапынан  жақсы  түсіндіріліп,  оған  қаншама  дұрыс 
дағды  берілгенімен  әр  оқушының  білімі,  дағдысы  мен  шеберлігі  есепке 
алынбаса,  олардың  материалды  қалай  меңгергені,  мұғалім  мен  оқушылар 
еңбегінің  барысы,  нәтижесі  және  оған  қалай  жеткені  белгісіз  болады.  Оның 
үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмағандықтан, келесі жұмысты 
орындауға  ықыласы  азайып,  сабаққа  белсенділігі  төмендейді.  Сондықтан  қай 
сабақ болмасын, балалардың алған білімдері, дағдысы мен шеберліктері есепке 
алынып  отырылуы  тиіс.  Оның  мынадай  жолдарын  көрсетуге  болады:  1)бір 


93 
 
сабақтың  негізінде  бағалау;  2)бірнеше  сабақтың  негізінде  бағалау;  3)бір  ғана 
жұмыстың негізінде бағалау. 
Оқушылардың  білімін,  дағдысын,  шеберлігін  үйге  берілген  тапсырманы 
орындауларына, жазбаша бақылау жұмыстарының нәтижесіне немесе сабақтың 
әр  кезеңінде  (әсіресе  жаңа  сабақты  түсіндіру  я  бекіту  кезінде)  бір  күрделілеу 
сұраққа  дұрыс,  толық  анық  жауап  беруіне  қарай  бағалауға  да  болады. 
Оқушының  белсенділігін  көтеруге,  тапқырлығын  арттыруға  және  өздігінен 
ойлай  білуін  күшейтуге  бұл  әдістің  де  пайдасы  зор.  1.Балаларды  жақсы  жаза 
білу  үйретуді  оқуға  үйретумен  қатар  жүргізіледі,  алғашқы  сабақтардан  бастап 
әріпті  анық  және  дұрыс  жазуға  баулу  керек.  Осы  жұмыста  негізінен  үш 
мәселеге ден қойылады: 
1)  әріптерді  дұрыстап  жазу  және  жеке  әріптерді  өзара  құрастырып  жазуға 
үйрету; 
2) әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау
3)  балаларды  жазу  жұмысына  өте  ұқыпты,  мұқият  қарауға  жаттықтыру. 
       Сауатты  жазуға  үйрену  үшін  үйлестік  (ұқсастық)  арқылы  жаза  білудің 
маңызы зор. Ереже қандай да бір нұсқау үшін беріледі, яғни онда нақты сөзді 
қалай  жазу  емес,  бір  топтағы  сөздердің    жазылуы  көрсетіледі.  Сондықтан 
оқушылар ережені меңгеру үшін дайын мәтіннен өздеріне қажетті сөздерді таба 
білуі тиіс. Міне, сонда ғана оларды  ақыл-ой дағдысы қалыптасты деп есептеуге 
болады.  Тілімізде  естілуі  бойынша  жазылмайтын  сөздер  бар,  күрек,  құлын, 
жұлын,  т.б.  сөздердің  жазылуын  есте  сақтату  үшін  салыстыру  әдісін 
пайдаланған  тиімді.  Сондай-ақ  қатемен  жазылған  сөздерді  түзету  барысында 
оқушылардың  өздеріне  көрсетіп,  түсіндірте  отырып,  бірнеше  ұқсас  сөздерді 
жаздыру  қажет.  Әрине,   сауатты   жазуға   үйренуде   қол   қозғалысы   арқылы 
қабылдау   мен   елестетудің   алатын   орны   ерекше   екені   белгілі.    Ережені 
тамаша   білетін   оқушы   да   қолдың   дағдылануынсыз   жазуда   қатені   көп 
жібереді   және   жазу   мәнері   де   тартымсыз    болады.   Бастауыш   сынып 
балалары   үшін   танымның   есту,   айту,   тыңдау,   көру   және   қолын   қозғау 
арқылы   қалыптасатын   функцияларын   жүйелі   түрде   үйреніп,   алғашқы 
 кездің  өзінде-ақ   жақсы   естіп,   тыңдай   алып,   дыбыстық   құрамға   ойша 
  тәртіппен  талдау    жасай   алып,    іштерінен   қайталау,   т.б.   сияқты 
 тәжірибелер 
жинақтаудың   маңызы   орасан   зор   болатынын   естен 
 шығармауға  тиіспіз: 
1.Жоғарыда  айтылғандарды  қорыта  келгенде,   оқушыларды  сауатты  жазуға 
үйрету   үшін   ескерілетін   жағдайларды   топтап   көрсететін   болсақ,   олар 
төмендегідей:  1.Мұғалім   жазылатын   сөздің   немесе   сөйлемнің   мағынасын, 
мәнін   оқушының    түсінетіндігіне   әбден   көзі   жеткеннен   кейін   барып 
жаздыруға    тиіс   (оқушы   кейде   мағынасына   жете   түсінбегендіктен,    қате 
жібереді). 2.Сөзді  дұрыс  айтуға,  ұқыпты  жазуға,  жазғандарына  ой  жүгіртуге 
бағыт   беріп,   қатемен   жұмысты   ұйымдастырады.  3.Үнемі   талдау   жасау, 
түбірлес  сөздер  табу,  сөз  тіркестері   арқылы  сөйлем  құрастыру,  ұқсастығы 
мен   айырмашылығын   салыстыру  –мұның   барлығы   оқушының   ойлауын 
арттырып,    материалды   меңгеруге   жағдай   жасайды.  4.   Дыбыстық   талдау, 


94 
 
 сөз  құрамына   жаттығу,   сөз   табының   қызметі,   синтаксистік   талдаулар   іске 
асырылып,   сөйлеуге   үйрету    жұмыстарымен   байланыстырыла   жүргізіледі. 
Арнаулы   орфографиялық    жаттығулар  (көшіру),   (диктант)   тіл   дамыту 
жаттығуларымен  (мазмұндама,  шығарма)  кезек  жүргізіледі. 
          Сауатты   жазу   дағдысын   қалыптастырудың   маңызды   шарттарының 
 бірі  –орфографиялық   қате,   сөйлеу   қателерін   болдырмау   үшін   алдын   ала    
талдау  жұмысы.  Белгілі   бір   жағдайға   дағдылану   біраз   уақыт   жаттығуды 
 қажет ететіні  сияқты,  сауатты жазуға  жаттығу  дағдысы да  көп  қайталауды, 
жаттығуды  талап  етеді.   Сондықтан   өтілгеніне   біраз   уақыт   болған 
материалдарды  жүйелі  түрде  еске  түсіріп  отыру  пайдалы. Жазуға  үйренуде 
уақытша   нерв   байланыстарын   шартты   рефлекс   арқылы   емес,   операнттық 
рефлекс   арқылы   қалыптастырудың   мәні   ерекше   болып   табылады.   Мұның 
мәнісі-   балаға   дайын   жұмысты   орындату    арқылы   дағдыландырудан   гөрі, 
өздеріне   тапқызу,   оларды   ізденіп,   қиналуға   мәжбүр   ететіндей 
тапсырмалардың   тиімді   нәтиже   беретінін   көрсету.  Қалыптасқан   уақытша 
нерв   байланыстарын  (дағдыны)   сақтау  (сауатты   жазу   дағдысын)   екенін 
жақсы  түсініп,   білімін    жетілдіріп,   педагогикалық   шеберлігін   ұштап 
 отырған 
мұғалім   ғана   жұмысын   ойдағыдай   ұйымдастыра   алады. 
1.Орфографиялық  ережені   түсіндіруден   бұрын   балалардың   алдына    олар 
 шешуге   тиісті  мәселе  қойылуы   керек   (мысалы:   «Отпен   ойнама»  мен   «От 
 пен   судан   сақтан»  мысалдар   арасында   қандай   айырмашылық   бар?    «пен» 
 қайсысында   бөлек,  қайсысында   бірге   жазылуға   тиіс?   сияқты).   Мұндай 
  жұмыс   балалардың  зейінін   тілдік   ұғымға  аудартып,   бұрын   оқығандарын 
 еске   түсіруге   көмектеседі.  Жазуға  байланысты  жаттығу  жұмыстары  әр  түрлі 
факторларға негізделеді:  көру, қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу, 
есту арқылы қабылдауына сүйенетін мәтінді жазу (мұғалім оқып берген немесе 
оқушы  оқыған  мәтінді  жазу.  Бұған  диктант,  мазмұндама  жұмыстарын  алуға 
болады).   Орфографиялық  тапсырмалары  бар  жаттығулар:  қалдырып  кеткен 
әріптерді  тауып  жазу  немесе  түзетіп  жазу,  т.б.  Жазу  жұмыстарының  бұл 
көрсетілген  түрлері  бір-бірімен  тығыз  байланысты,  яғни  таза   біреуінің 
қолданылуы  мүмкін  емес.  Мысалы,  диктант  есту  қабілетіне  негізделгенімен, 
көру қимылынсыз іске аспайды, т.б. Сондықтан  жоғарыдағы сияқты топтау тек 
шартты  түрде  ғана,қай  жаттығуда  негізгі  мәселе  қайсысы  екенін  мұғалімөзі 
анықтай  алады.  Жазу  дағдысын  нығайта,  жетілдіре  түсетін  жаттығулардың 
негізгі  түрі  мынадай:  1.грамматикалық-орфографиялық  талдау.  Бұл-
оқушыларды  грамматикалық  және  орфографиялық  құбылыстардың  ара 
қатынасын  түсінуге,  орфографиялық   қиыншылықтарды  таба  білуге, 
басқалардың арасынан оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландырады. Бұл 
талдау өз алдына жаттығу ретінде бөлек немесе басқа жаттығулардың элементі 
ретінде де жүргізіледі. 2)  Көшіру. Алғашқы,  I сыныпта,   II  сыныпта сөзбе-сөз, 
механикалық көшіру іске асырылады. Кейін бірте-бірте: деформаланған мәтінді 
(картинадағы рет бойынша) көшіру, сөз теріп көшіру, қалдырылған сөзді қойып 
көшіру, толық көшіру, т.с.с. ұйымдастырылады. Көшіру жұмыстарында керекті 
әріптердің,  сөздердің,  сөз  тіркестерінің  астын  сызу,  сөз  табын  анықтау, 


95 
 
қосымшасын,  жағын,  шағын  анықтау,  жақшаға  көрсету,  т.с.  белгіленеді. 
Балалар көшіру техникасына үйретіледі (әуелі оқып шық, буындап оқы, ойлан, 
мағынасына  түсін,  қалай  жазылатынын  байқа,  есіңде  сақта,  жазып  болған  соң 
тексер).  Жазғандарын  түпнұсқамен  салыстырып,  қатесі  болса,  түзейді. 
Көшіруге  алынатын  материал  қызықты,  түсінікті  болуға  тиіс.  3)  Есте  ұстау 
арқылы көшіру. Мұнда тақтаға жазылған мәтін  оқылады, талданады, сонан соң 
жабылады. Оқушы есінде қалғандарын жазады. Кейде мәтін талданғаннан кейін 
үйге  беріледі.  Жазып  болған  соң  мұғалім  мәтінді  ашып,  жазғандарын 
салыстырып,  тексеруге  мүмкіндік  береді.  Көшіріп  жазудың  бұл   көрсетілген 
түрі  диктант  болғандықтан,  мұны  көру  диктанты  деп  атайды.  Бұл  әсіресе 
«қиын»  сөздердің  жазылу  емлесін  өткенде  пайдалы.  Әдетте  жазылуы  қиын 
сөздердің тізімі оқулықтардың соңында беріледі. Мұндай сөздердің жазылуын 
есте қалдыру үшін мұғалім мынадай әдіс-тәсілдер қолданылады:1)Зейін қойып 
іштеріңнен  және дауыстап оқып шығыңдар;  2)мағынасына көңіл бөліңдер; үй 
жануарларын  білдіретін  сөздерді  бір  топқа  тізіңдер,  бақша  өсімдіктерін 
 білдіретін  сөздерді  бір  топқа  тізіңдер;    3)мұқият   оқыңдар  және  жазыңдар; 
4)әсіресе,  сөздің  қай  бөлімін  есте  сақтағыларың  келеді,   сол  бөлімнің  астын 
сызыңдар;   5)   жазғандарыңды   сөздік  бойынша  тексеріңдер;   6)  сөзді   екі-үш 
рет қайта жазыңдар немесе екі-үш түбірлес сөз ойлап тауып жазыңдар; 7)  «я» 
 әрпі  бар  сөздерді  топтаңдар,   т.б.  Жазылуы   қиын  сөздер  жаттығуларға 
кірістіріледі,  бірнеше  рет  қайталанады.  Жаттығулардың  ішінде  сөздік  жасауға 
байланысты  жүргізілетін  жұмыстар  қиын  сөздердің  орфограммасын  есте 
қалдыруға  жақсы  жәрдемдеседі  (сөздік  дәптері  бірнеше  бөліктерге  бөлініп, 
цифрмен  белгіленеді  (1,  2,  3,  ....).   Мысалы,   оқушылардың  дәптерлерінің  5- 
бетінде  «в»  әрпі  кездесетін  сөздер  тізіледі.  4)Еркін  көшіру.   Балалар  әуелі 
мәтінді  оқып  шығады,  талдайды,  сонан  соң  кітапты  жауып  қойып,  мәтіннен 
есте  қалғандарын,  қалай  ұғынса,  солай  жазады.  5)Грамматикалық 
тапсырмаларға  байланысты  көшіру.  Сөздің  немесе  сөйлемнің  бір  бөлігі 
өзгеріссіз  сол  қалпында,  екінші бір  бөлігі өзгертіліп  көшіріледі:  қалып қойған 
жерін ойлап тауып немесе қосып, өзгертіп жазады:   қалып қойған әріптер мен 
буындарды  тауып  қосу,  сөздерді  тауып  қосу  немесе  сөйлемдерді  аяқтау, 
берілген сөйлемнің немесе сөздің тұлғасын өзгертіп жазу сияқты тапсырмалар 
орындалады.  Мұнда  мәтінді  көріп  қабылдау  жеткіліксіз,  сонымен  қатар  оны 
ойланып,  талдау-жинақтау    жасау  керек.  Көшірмес  бұрын  балалар  алдарында 
тұрған міндетпен танысады, мәтінді іштей және дауыстап оқиды, тапсырманы 
әуелі ауызша шешіп алып, жазуға соңында ғана кіріседі.  Жұмыстың бұл түрін 
кейде бақылап көшіру деп те атайды. Казіргі оқулықтарда жаттығудың бұл түрі 
кең алынып жүр.   Көшіру  жұмыстары тіл  дамытумен  байланысты  сұрақтарға 
жауап   беру   (жазбаша)  түрінде  де  кездеседі.   Бұл   жұмыс  балаларды 
мазмұндама  мен  шығарма   жазуға   дайындау   мақсатында   қолданылады. 
Балалардың   орфограммаға   үйренген   дағдылары   мен   шеберліктерін   байқау 
 мақсатында   диктант   жаздырылады.  Мұнда   мұғалім   мәтінді,   сөйлемдерді 
 немесе  жеке   сөздерді   оқиды,  оқушылар   оны   аяғына   дейін   тыңдап, 
 естерінде  ұстайды, жазады. 


96 
 

жүктеу 1,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау