Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Жазу сабағында қолданылатын көрнекіліктер



жүктеу 1,98 Mb.
Pdf просмотр
бет22/46
Дата18.05.2022
өлшемі1,98 Mb.
#38643
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46
жазуға үйрету

 
Жазу сабағында қолданылатын көрнекіліктер 
 
Мұғалімнің оқыту үрдісіндегі міндеті -балалардың анық естіп, қабылдауы мен 
сөйлеу қабілетін дамыту. Бұл үшін көрнекіліктің алатын орны зор. Көрнекiлiк - 
әрбiр сабақтың тiрегi. Мұғалiм кейбiр түсiнуге қиын, көп күш жұмсауды керек 
ететiн  мәселелердi  жеңiл,  тез,  оңай  меңгерту,  түсiндiру,  таныту  үшiн 
көрнекiлiктi қолданады. Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері 
сөйлейді, жолдастарының сөйлегенін естіп қабылдайды. 
Сауат  ашу  сабағында  мынадай  көрнекiлiктер  пайдаланылады:  1)сөздiк 
көрнекiлiк; 2)заттық көрнекiлiк; 3) сызбалық көрнекiлiк; 4) суреттi-түсiндiрмелi 
көрнекiлiк. 
Бұл көрнекi құралдарға қойылатын талаптар: 
1.Көрнекi  құралдағы  суреттер,  жазулар  сынып  оқушыларына  толық  көрiнетiн 
болуы керек. 
2.Әрбiр  көрнекi  құрал  өтiлетiн  тақырыпқа  арналған,  соның  мазмұнын  ашатын 
болуы тиiс. 
3.Көрнекi құрал тартымды безендiрiлген, бояулары айқын болғаны жөн. 


89 
 
4.Көрнекi  құралға  оқушы  назарын  ерекше  аудартуға  арналған  мәтiн,  сурет 
ерекше бояумен берiлуi керек. 
5.Көрнекi құралда бiр мәселенiң қайталануынан сақ болу керек. 
6.Көрнекi  құралда  жүйелiлiктiң,  хронологиялық  реттiң  сақталуын  қатты 
қадағалау. 
8.Көрнекi  құралда  берiлген  әрбiр  мысал  түсiнiктi,  өтiлiп  отырған  материалды 
дәлелдеуге көмектесетiн болуы керек. 
9.Көрнекi  құралды сыныпта пайдаланғанда  уақыт көп кетпейтiндей  етiп  жасау 
(iлiп қою, алу, қайта пайдалану). 
Көрнекiлiктi  даярлау,  пайдалану  кезiнде  басшылыққа  алатын  негiзгi 
ұстанымдар: 
1.Оқушылардың ынтасын, қызығуын, белсендiлiгiн арттыратын болуы тиiс. 
2.Оқушының  материалды  есiнде,  жадында  дұрыс  сақталуына  мүмкiндiк 
жасайтын болуы керек. 
3.Оқушының  байқау,  бақылау,  көру  сезiмiн  жетiлдiруге  жәрдем  ететiн  болуы 
тиiс. 
4.Оқушылардың ойлау қабiлетiн, танымын дамытатын болуы керек. 
5.Оқушылардың  өткен  әрбiр  материалды  талдай,  саралай  бiлуiне,  тақырып 
iшiндегi қосалқы материалдан негiзгi ойды ажырата алуына көмектесуi керек.  
6.Оқушының  өздiгiнен,  дербес  жұмыс  iстей  бiлу  әрекетiне  қозғау  салатындай 
жасалынуы тиіс. 
7.Көрнекi құрал оқушыны шығармашылықпен ойлауға жетелейтiн болуы керек. 
         Сауат  ашу  кезеңіндегі  ең  негізгі  басты  құрал  —  «Әліппе»  және  «Әліппе 
серігі».  Әліппенің  бас  жағындағы  түрлі  тақырыптарға  салынған  суреттер  де 
оқушылармен  жүргізілетін  дайындық  жұмыстары  үшін  ең  қажетті  көрнекі 
құрал  болып  есептеледі.  Әліппеде  әрбір  жаңа  әріпті  үйрету  барысында 
жекелеген  заттардың  суреттері  және  тақырыптық  суреттер  де  беріледі. 
Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті суреттер, 
әңгімелер,  жұмбақтар,  т.б.  бар.
 
Әліппеге  қосымша  көрнекі  құрал  —  кеспе 
әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, 
оқып  үйренеді.  Әріптерді  естерінде  жақсы  сақтау  үшін  суретті  әліпби 
қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын 
заттың  суреті  салынады.  Әріптерді  сақтауға  арналған  әріп  кассасы  жасалады. 
Әріп  кассасының  көлемі  дәптердің  ашып  қойғандағы  көлеміндей  болады. 
Қызыл,  көк  түсті  төрт  бұрыштар  жасалады.  Қызылы  дауысты  дыбысты,  көгі 
дауыссыз  дыбыстарды  көрсетеді.  Бұл  айтылғандардан  басқа  кестелер  де 
қолданылуы  мүмкін.  Мысалы  дауысты,  дауыссыз  дыбыстарды  өту  барысында 
кесте  қажет-ақ.  Мұнда  дауысты  дыбыстың  таңбасын  қызыл  түспен,  дауыссыз 
дыбысты  қара  түспен  ерекшелеуге  болады.  Сөз  құрастыру  үшін  буындар 
беріледі.  Жазу  жұмыстарында  пайдалану  үшін  арнаулы  «Жазу  үлгісі» 
ұсынылады.  «Жазу  үлгісінде»  әріптердің  элементтері,  жазба  үлгілері  беріледі. 
Сабақта көрнекілікке қойылатын талап: оқушы сөзді немесе оның бөлшектерін 
(әріптерді,  буындарды,  морфемаларды)  анық  көретін  болуға  тиіс,  бірақ 
жазғанда  бір  әріптен  соң  екінші  әріпті  қарап,  ежелеп  жазбай,  естерінде  тұтас 


90 
 
сөз немесе буынды сақтап, сөзді немесе буынды бірден жазып дағдыланулары 
керек.  Бұл  үшін  көру  және  қолды қозғау  көрнекілігі  қажет. Ендеше 
«көрнекілік»  деген  ұғым  сөздерді  анық  айтуды  да,  мәнерлеп  оқуды  да, 
мысалдар  іріктеуді  де,  тақтадағы,  кестелер,  дәптерлердегі  жазуларды  да 
қамтиды.Әдетте, көрнекілік деп графикалық немесе көзге көрінетін құралдарды 
қолдануды түсінеді. Мұнда қажетті әріптер немесе тұлғалар, сөздер, сөйлемдер 
басқа  түспен  жазылады  немесе  асты  сызылады.  Кейде  тақтаға,  оқушылардың 
дәптеріне  жазылғандар  да  бөліп  көрсетіледі  (бірде  түбірі,  екіншіде 
қосымшасы).  Мұндай  тәсілдер  жазылғанды  көру  арқылы  бейнелеуді 
қамтамасыз  етеді,  алайда  көрнекіліктер  оқушылардың  зейінін  аударып,  істің 
мәнін  біршама  түсінуге  (мысалы,  басқаша  жазбай,  неге  осылай  жазамыз) 
көмектесетін  болса  ғана  пайда  келтіреді.  Сондықтан  кесте,  т.б.  жасау  үшін 
материалдар жан–жақты ойластырылып, таңдалып алынады. Оқушылар кестеге 
қарап,  соған  ұқсас  және  ұқсас  емес  құбылыстарды  салыстырып,  олардың  ара 
қатынастарын  анықтай  алатындай  болуға  тиіс,  өздерінің  бақылағанынан 
қорытынды шығарып, белгілі бір ереже жөнінде ұғым алулары қажет.  
Мысалы:-  «й  ,  и»  әріптерінің  жазылуын  түсіндіру  үшін  мұғалім  мына  сияқты 
сөздерді бағана етіп жазады.  
Киін–кейін.Жина – жайна, сиыр – сойыл. Биле – бейне, тиме – түйме. 
Мұнда  «и»,  «й»    әріптерін  қызыл  түспен  жазуға  болады.  Бірақ  негізгі  әдіс  – 
бірінші  бағанадағы  сөздерді  екінші  бағанадағы  сөздермен  салыстыру.  Бұл 
сөздердің жазылуын салыстыра отырып, балалар олардың арасындағы ұқсастық 
пен айырмашылықты табады, «и» әрпінің қандай дыбыстардан кейін жазылып 
тұрғанын  анықтайды.  «и»–  дің  дауыссыздардан  ,  «й»  әрпінің  дауыстылардан 
кейін  жазылатынын  өздері  айтады.  Көрнекіліктің  бірі  оқушылардың  дәптері 
болып  есептелінеді.  Дәптер  арқылы  сыныпта  ұйымдастырылған  жұмыстың 
мазмұнын,  жүйесін,  әдісін,  сондай  –  ақ,  оқушының  білім,  дағды,  шеберлік 
дәрежесін  білуге  болады. Көрнекі  құралдарға  үнтаспа,  грампластинка,  оқу 
фильмдері,  диафильмдер    жатады.  Оқушылар  үнтаспаға  жазылғандарды  зейін 
қоя  тыңдап,  мұғалімнің  басшылығымен  қайталап  айтады,  жазады,  тыныс 
белгілерін  қояды,  талдайды.  Қосымша  құралдар  ретінде  дидактикалық 
материалдар  да  пайдаланылады.  Оның  ішінде,  әсіресе,  түрлі  буындар,  сөздер, 
сөйлемдер,  жазылған  карточкалар,  конверттер  көп  қолданылады.  Мектептегі 
оқу  мен  тәрбие  ісінің  құрылысын  жетілдіріп,  тиімді  әдіс-  тәсілдер  қолдану 
арқылы  оқытудың  сапасын  арттыру,  техникалық  құралдармен  көрнекілік 
құралдарын  орынды  қолдану  нәтижесінде  оқушылардың  біліміндегі 
олқылықтарды  жою,  оқыту  мен  тәрбиелеуді  ұштастыру,  сабақ  үрдісін  нағыз 
ғылыми 
жолмен 
ұйымдастыру-әр 
мұғалімнің 
міндеті. 
Сабақтарда 
көрнекіліктерді пайдалану сонау 16-ғасырдан бері сөз болып келеді.  
Сауат ашу сабақтарында көрнекілікті қолданудың мақсаты: 
1)  оқушылардың  ауызша  және  жазба  тілін  дамыту.  Оқушылар  суреттерді  көре 
отырып,    сөз,  сөйлем,  әңгіме  құрайды.  Құраған  әңгімесін  сөзге,  буынға  және 
дыбысқа  талдайды.  Мұндағы  мақсат-  танысуға  тиісті  дыбысты  сөйлеу  тілінен 
ажырата білу. 


91 
 
2)  Тіл  дыбыстарын  олардың  сөз  ішінде  беретін  ұғымдарымен  ұштастыру 
мақсатымен  де  жекелеген  заттың  суреттері  немесе  сюжетті  суреттер 
пайдаланылады; 
3)  Оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастыру,  тәрбие  беру  мақсатымен  де 
сурет және басқа көрнекіліктер қолданылады. 
        Сауат  ашу  кезеңінде  пайдаланылатын  дидактикалық  материал  да  бар. 
Мұндай  үлестіруге  арналған  дидактикалық  материал  оқушыларға  сөздің 
дыбыстық  құрамын  кестеге  («Әліппе»  оқулығында  көрсетілген)  сүйеніп 
талдауы  үшін  көмекші  құрал  болып  саналады.  Оқушылар  сөзді  іштерінен 
айтады  да,  торкөзді  толтыруға  кіріседі.  (Дәптерге  түсті  бояу  қарындашпен, 
тақтаға  дөңгелекшемен,  сызықшамен,  т.б.  салады).  Сөздегі  дыбыстарды 
тәртібімен талдап, дауысты, дауыссыздарын анықтап, оқушылар әріптерден сөз 
құрауға  кіріседі.  Алдыңғы  дидактикалық  материал  екінші  рет  басқа  тәсілмен 
тағы қолданылады:  
1)  өтілген  дыбыстардан  қиындау  буындар  кездесетін  сөздер  құрастыру  үшін;            
2) балаларға анағұрлым ауырлық келтіретін дыбыстарды қайталап, бекіте түсу 
үшін (жоғарыда керсетілген дыбыстар, жіңішкелік, жуандық белгілері, т.б.);  
3)  сюжетті  суреттермен  жұмыс  жасау  үшін,  логикалық  жаттығулар  орындау 
үшін;  4)  әрбір  оқушының  жеке  ерекшелігіне  сай  жұмыс  ұйымдастыру  үшін. 
Техникалық құралдар - көрнекіліктің техникалық прогресс дәуірі туғызған жаңа 
түрлері.  Техникалық  құралдарды  дұрыс  пайдалану  арқылы  сауат  ашу 
сабақтарының  тиімділігін  арттыруға  болады.  Көрнекіліктерді  пайдаланудың 
дұрыс болуы мұғалімдердің іскерлігіне, ізденімпаздығына, шығармашылықпен 
жұмыс атқара білуіне байланысты.  
Әр  сыныпта  оқушылардың  партаға  түзу,  дұрыс  отыруы  бейнеленген  және 
жазукезінде  қаламды  дұрыс  ұстау,  отыру  үлгілері  бейнеленген  плакаттар 
болуға тиіс. 
 

жүктеу 1,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау