Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 169,43 Kb.
Дата14.11.2017
өлшемі169,43 Kb.
#345

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Педагогикалық факультеті


3 деңгейдегі СМК құжаты

ПОӘК

03.09.2014

№2 басылым


ПОӘК 042-18.30. 1.19.01. -2014


«Ғылыми- педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінен студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы

5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

мамандығына арналған
«Ғылыми- педагогикалық зерттеу әдістемесі»

пәнінен


Оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасы

Семей


2014

ПОӘК 042-18.30.1.19.01-2014

03.09.2014 №2 басылым

10 беттің -сі



Алғы сөз

1. Құрастырған

Құрастырған: ____________________ Серикова Н.У., Оралбекова Б.С.

«Педагогика» кафедрасының доцент м.а., оқытушысы,

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«03 » 09 2014 ж.


2. Талқыланды

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Педагогика» кафедрасы отырысында қарастырылды.

Хаттама №1 «03 » қыркүйек 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі: __________ Джанбубекова М.З.
2.2. Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылды.

Хаттама №1 « 05» қыркүйек 2014 ж.


Төрағайымы: __________ Ахметова Т. Ш.
3. бекітілді

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі отырысында баспаға жіберуге ұсынылды

және мақұлданды.

Хаттама №1 «11» қыркүйек 2014 ж.


ОӘК төрайымы: _______________ Искакова Г.К.
4. Алғашқы рет енгізілді

(«03» _09___________ 2013 __ж. №1__ басылымның орнына)



ПОӘК 042-18.30.1.19.01-2014

03.09.2014 №2 басылым

10 беттің 3-сі


Мазмұны

1 Қолданылу облысы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқу пәнінің мазмұны

5 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары

6 Пәннің оқу-әдістемелік картасы

7 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

8 Әдебиеттер


ПОӘК 042-18.30.1.19.01-2014

03.09.2014 №2 басылым

10 беттің 4-сі



1. Қолданылу облысы

«Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына енетін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 5В010200 -Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттеріне арналған.

2. Нормативтік сілтемелер

Бұл «Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру таңдау курсы болып жүзеге асырылады:

Оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасы оқыту процесін келесі құжаттарда келтірілген талаптар мен ұсыныстарға сәйкес жүргізу үшін құрастырылған және реттейді:

-5В010200 -Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының типтік оқу жоспарына сай

- СТУ 042 – РГКП – СГУ –4-2014 Университет стандарты «Пәннің оқыту әдістемелік комплексін дайындауға жалпы талаптар»;

- ДП-042-1.01.–2014 Құжатталған процедура «Пәннің оқыту әдістемелік комплексінің құрылымы мен мазмұны»



3 . Жалпы жағдайлар

3.1 Пәннің қысқаша мазмұны: Курс реттелген тәсілдердің ұйымдастыру амалдарының және педагогикалық зерттеуді түзетудің, оларды қолданудың тәртібін және белгіленген ғылыми мақсаттарға жеткенде алынған нәтижелердің интерпретациясы ретінде, студенттердің ғылыми ізденіс әдістемесі бойынша теориялық және практикалық даярлығына бағдарланған

3.2 Курстың мақсаты: Студенттерді ғылыми ізденіс әдістемесі бойынша теориялық және практикалық даярлыққа бағдарлау

3.3Курстың міндеті:

-Болашақ мұғалімдердің ізденіс зерттеу іс-әрекетіне бейімділігін дамыту;

-Оқу-тәрбие міндеттерін шығармашылықпен шешу;

-Студенттердің әдіснамалық негіздері және ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесін игеруі.;

-Ғылыми зерттеу ізденісінің барысында түрлі хабарламалық көздермен жұмыс істеу дағдысын;

- бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде тәжірибелік міндеттерді шешу үшін әдістемелік зерттеу біліктері мен дағдыларын қолдануды қалыптастыру.



3.4 Курс нәтижесі:

Курсты оқып-үйренуде студент білу керек:

Зерттеу қызметтерінің тәжірибеде жүзеге асырылуын.

Курс реттелген тәсілдердің ұйымдастыру амалдарының және педагогикалық зерттеуді түзетудің, оларды қолданудың тәртібін және белгіленген ғылыми мақсаттарға жеткенде алынған нәтижелердің интерпретациясы ретінде, студенттердің ғылыми ізденіс әдістемесі бойынша теориялық және практикалық даярлығының болуы.

Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық және әдістемелік проблемалары бойынша әдебиетті аннотациялау және конспектілеу, рефераттау, рецензиялау, педагогикалық

сөздік жүргізу, микрозерттеулер жүргізу, педагогикалық тренинг, курстық жұмыс орындау.





ПОӘК 042-18.30.1.19.01-2014

03.09.2014 №2 басылым

10 беттің 5-сі

3.5 Пәннің пререквизиті:

-педагогикалық мамандыққа кіріспе;

-жалпы педагогиканы;

-философия

-психология және адам дамуы

3.6 Пәннің постреквизиті: :

-педагогика тарихы;

-этнопедагогиканы;

-бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі;

-педагогикалық шеберлік
3.7 Оқу жұмыс жоспарынан ақпарат

1-кесте


Курс

Семестр

Кредит

Дәріс

Тәж

БАО

ӨЖ


БАӨЖ

Барлығы

Бақылау

форма


2

3

3

30

15

22,5

67,5

135

емтихан



4.Оқу пәнінің мазмұны
Кесте 2

Тақырыптардың атауы мен мазмұны

Сағат саны

1

2

Дәріс сабақтар




Тақырып 1. Ғылыми іс - әрекет (ғылыми процесс ретінде).

Ғылым – таным процесінің ерекше формасы.Ғылыми шығармашылық.Ғылыми іс - әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері.Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары – курстық және дипломдық жұмыс.



3

Тақырып 2. Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері.

Ғылыми – педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді қалыптастыру процесі.Педагогика ғылымының әдіснамасы.Педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы.Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары).



3

Тақырып 3. Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау – ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі.Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.Зерттеу тақырыбын негіздеу.

Проблеманы қою және дамыту



3

Тақырып 4. Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау.

Ғылыми әдебиетпен жұмыс.Әдеби көздердің библиографиялық деректері.Ғылыми мәтін.




3

Тақырып 5. Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі.

Зерттеу пәнін анықтау.Теориялық кезең және зерттеу деңгейі.



3

Тақырып 6. Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңі.

Ғылыми педагогикалық зерттеуді жүргізу процесі.

2. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының басқа түрлері.


3

Тақырып 7. Ғылыми педагогиканың зерттеу әдістері

Зерттеу әдістері және олардың жіктелуі.Зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы.Эксперимент әдісі және оны жүргізу принциптері.




3

Тақырып 8. Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеудің әдістері.

Теориялық зерттеу әдістерінің мәні.Теориялық деңгей әдістері. Тарихи педагогикалық зерттеу әдістері.



3

Тақырып 9. Эмпирикалық зерттеу әдістері. Педагогикалық эксперимент.Сұрақ – жауап әдістері.

Мұғалімдердің, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін зерттеу.Педагогикалық құжаттарды зерттеу.



3

Тақырып 10. Озық педагогикадық тәжірибені зерттеу және жинақтау.Озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым.Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар.Инновация.

3

Барлығы:

30 сағат

Тәжірибелік сабақтар




Тақырып 1. Ғылыми іс-әрекет

Жоспары:

1.Ғылыми таным процесінің ерекше формасы

2.Ғылыми шығармашылық




1

Тақырып 2. Педагог тұлғасының қалыптасуы мен дамуындағы зерттеу іс- әрекетінің рөлі

1. Педагог тұлғасы

2.Педагог тұлғасының қалыптасуы мен дамуындағы зерттеу іс- әрекетінің рөлі


1

Тақырып 3. Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық мәдениеті

1.Педагогикалық зерттеулерді әдіснамалық принциптер тұрғысынан қарау

2.Мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті

Тақырып 4. Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау-ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі(1 сағ.)


  1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі

Ғылыми ізденістің нәтижесінің мәселені дұрыс қойылуға тәуелділігі

1

1


Тақырып 5. Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау (3 сағ)

1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс- ғылыми зерттеу іс-әрекетін меңгерудің шарты

2.Хабарламаның көздерін іріктеп алу және зерттеу.Әдеби көздердің түрлері.Библиографиялық ізденіс, кталогтармен жұмыс.


3

Тақырып 6. Ғылыми педагогикалық зерттеудің алғашқы қойылу кезеңі

1.Ғылыми педагогикалық зерттеудің алғашқы қойылу кезеңі, оны құрудың логикасы(мәселе, тақырып, объект, мақсаты, міндеттері, жетекші идеясы, болжам)

2.Зерттеу пәнін анықтау-ізденістің шекарасын белгілеу


2

Тақырып 7. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері (1 сағ.)
1.Таным әдістері ғылыми зерттеудің құрамдас бөлігі

2.Зерттеу әдістерін іріктеп алу ғылыми педагогикалық зерттеудің маңызды кезеңі



1

Тақырып 8. Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеулердің әдістері

(1 сағ.)


1.Теориялық зерттеу әдістерінің мәні. Анализ, синтез, индукция және дедукция.

2.Тарихи педагогикалық зерттулердің педагогиканы дамыту және тәрбиелеу тәжірибесі үшін мәні



1

Тақырып 9. Эмпирикалық зерттеу әдістері (2 сағ.)

1.Зерттеулердің эмпирикалық әдістері, олардың ғылымдағы орны

2.Педагогикалық эксперимент, оның түрлері және жүргізілу кезеңдері


2

Тақырып 10. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау

1.Мұғалімнің озық тәжірибесі және оның педагогика ғылымын дамытудағы рөлі

2.Озық тәжірибе-зерттеу жобаларының негізгі «педагогикалық тәжірибе», «озық тәжірибе», «жаңашылдық педагогикалық тәжірибе» түсініктерінің мәні

3.Педагогикалық тәжірибені жинақтау

4.Озық педагогикалық тәжірибені тарату


2

Барлығы

15


5. Студенттің өздік жұмыстарының тақырыптары
5.1 БАӨЖ №1. Педагог зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті

Өткізілу формасы: конспект жазу


5.2 БАӨЖ №2. .Библиографиялық ізденіс, түрлі каталогтармен жұмыс істеу

Өткізілу формасы: конспект жазу


5.3 БАӨЖ №3. Курстық және дипломдық жұмыстардың ғылыми аппараты 

Өткізілу формасы: Баяндама жаз

.

5.4 БАӨЖ №4. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін топтап бөлу

Өткізілу формасы: Кесте сыз



ПОӘК 042-18.30.1.19.01-2014

03.09.2014 №2 басылым

10 беттің 8-сі

Кесте 3


6. Пәнннің оқу-әдістемелік картасы



Дәріс сабағының

тақырыбы



Тәжірбиелік сабақтар тақырыбы


Көрнекі құралдар, плакаттар, лаборатория-лық стендтер

Өз бетімен дайындалу сұрақтары

Бақылау түрі

1

2

4

5

6

Ғылыми іс - әрекет (ғылыми процесс ретінде).


Ғылыми іс-әрекет



Дәріс тезисі, сызба нұсқа

Сөздіктермен жұмыс

Жазбаша ауызша

Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері.


Педагог тұлғасының қалыптасуы мен дамуындағы зерттеу іс- әрекетінің рөлі


Дәріс тезисі, сызба нұсқа

Үлестірме тапсырмалары-мен жұмыс



Жазбаша, ауызша

Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау – ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі.

Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық мәдениеті


Дәріс тезисі, сызба нұсқа, кесте

Үлестірме тапсырмалары-мен жұмыс



Жазбаша, ауызша

Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау.


Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау-ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі

Дәріс тезисі, кесте

Үлестірме тапсырмалары-мен жұмыс

Жазбаша, ауызша

Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі.

Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау

Дәріс тезисі, сызба нұсқа, үлестірмелі карточка

Үлестірмелі карточкамен жұмыс

Жазбаша, ауызша

Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңі.

Ғылыми педагогикалық зерттеудің алғашқы қойылу кезеңі


Дәріс тезисі, бақылау тапсырмалары

Үлестірме тапсырмалары-мен жұмыс

Жазбаша

Ғылыми педагогиканың зерттеу әдістері

Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері

Дәріс тезисі, сызба нұсқа

Картотека теру

Жазбаша, ауызша

Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеудің әдістері.

Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеулердің әдістері



Дәріс тезисі, кесте, сызба нұсқа

Сөздікпен жұмыс

Жазбаша, ауызша

Эмпирикалық зерттеу әдістері.


Эмпирикалық зерттеу әдістері

Дәріс тезисі, сызба нұсқа, үлестірме каточка

Үлестірме карточкамен жұмыс

Жазбаша, ауызша

Озық педагогикадық тәжірибені зерттеу және жинақтау.

Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау













ПОӘК 042-18.30.1.19.01-2014

03.09.2014 №2 басылым

10 беттің 9-сы


7. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

Кесте 4



Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы

Саны

Студенттердің саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

Асқарова Е.С. Ғылыми зерттеулердің негізі.А..,-2005


4

7

58

Аубакирова Р.Ж. , Нурбекова М.А. Педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқу құралы.-Астана: Фолиант, 2011.-128б


20

7

100

Шкляр М.Ф. Основы научных исследований. М....,2009

4




58


7. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі

1.Асқарова Е.С. Ғылыми зерттеулердің негізі.А..,-2005

2. Аубакирова Р.Ж. , Нурбекова М.А. Педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқу құралы.-Астана: Фолиант, 2011.-128б

3.Брежнова Е.В., Краевский В.В. Основы учебно исследовательской деятельности студентов. М..,2005

4.Новиков А.М. Методология образования М..,2002

5.Загвянский В.И., Атаханова Р. Методология и методы психолого педагогического исследования М..,2003

6. Герасимов И.Г Структура научного исследования М.., 1985

7.Қалиева Э. И. Ғылыми зерттеу әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. 2005-145б

8.Автухов И.Г., Огородников И.Т., Хант И.Т. Организация и методика работы в высшей школе: монография /И.Г Автухов и др. - М.:АПН СССР, 1933. - 175с.

9.Губайдуллина Г.Н. Теория и методика реализации системообразующих функций педагогического процесса: учебно-метод. пособие /Г.Н. Губайдуллина. – Усть-Каменогорск.: Изд-во ВКГУ им. С. Аманжолова, 2009. – 70с.

10. Г.Н. Губайдуллина Педагогиканы оқыту әдістемесі: оқу құралы. -Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012. – 244 бет.

11. Тәжібаев Т.Т. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы ағартушылық пен педагогикалық ойдың дамуы /Т.Т. Тәжибаев. - Алматы.: Мектеп, 1958. – 97 бет

12. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика: оқу құралы /Ж.Б. Қоянбаев. – Алматы.: Раун, 1992. – 240 бет.


ПОӘК 042-18.30.1.19.01-2014

03.09.2014 №2 басылым

10 беттің 10-сы

13.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаева Р.М. Педагогика: университеттер студенттеріне арналған оқу құралы /Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. - Алматы, 2000. – 384 бет.

14. Мұқанов М.М. Ақыл-ой өрісі /М.М. Мұқанов. Алматы.: Рауан, 1980. – 180 бет.

15.Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: учеб. пособие. – М.: Академия, 1999. – 224с.

16. Педагогика: оқу құралы /Ред. бақ. Н.Д. Хмель. – Алматы.: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 2003. – 367 бет.

17. Якиманская И.С. Технологии личностно ориентированного обучения в современной школе: монография /И.С. Якиманская. – М.: Сентябрь, 2000 – 307с.



Шкляр М.Ф. Основы научных исследований. М....,2009
жүктеу 169,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау