46
Түсінік хат
Педагогикалық университет студенттерінің психологиялық білімдері
болашақ мұғалімдердің кəсіби құзыреттілігі мен олардың мектепте жұмыс
істеуіне психологиялық даярлығын қалыптастырады. Психологияны жүйелі
зерттеу – кəсіби-педагогикалық білім алудың ажырамас бөлігі болып
табылады.
Қазіргі уақытта адам жəне білім беру жөніндегі ғылымдардың
маңыздылығы
артуда.
Қоғамдық
өмірідің
түрлі
салаларын
психологияландыру белсенді жүріп жатыр.
Психологиялық құзыреттілікті кеңейту мен тереңдету болашақ
мұғалімнің тұлғалық өсуінің, оның тұлғалық шығармашылық күш-қуаты
ашылуының қажетті алғышарты болып табылады.
Аталмыш оқу пəні педагогикалық мамандықтар студенттеріңің
психикалық құбылыстар, олардың дамуы мен қызмет ету ерекшеліктері
жөнінде тұтас түсініктерін қалыптастырады.
«Психология» курсы студенттердің психологиялық құбылыстарды
жүйелі талдау іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру негізінде олардың
психологиялық ойлауын дамытуды, сонымен қатар, болашақ мұғалімдердің
психологиялық даярлығын күшейтуге мүмкіндік беретін теориялық жəне
практикалық білімдермен қаруландыруды мақсат етіп қояды.
Пəннің міндеттері:
1)
психологиялық
құбылыстардың
заңдылықтары
негізінде
психологияның əр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру;
2)
əртүрлі
психологиялық
фактілер
мен
теорияларды
жүйелі-
психологиялық талдау үрдісінде студенттерде танымдық дағдылар мен
ептіліктерді дамыту.
Курстың пререквизиттері: “Психология” курсын меңгеру алдында
студенттер “Философия”, “Педагогика”, “Физиология” пəндерімен таныс
болуы қажет.
Постреквизиттер: Студенттердің барлық оқу үрдісі “Тəрбие
жұмысының теориясы мен əдістемесі”, ”Əлеуметтік психология”, ”Жас
ерекшелік психологиясы”, ”Педагогикалық психология”, ”Психология
тарихы” жəне көптеген басқаларыда психологияның негізгі принциптері мен
жағдайларына сүйенеді.
Пəнді меңгеру нəтижелеріне қойылатын талаптар:
Пəнді оқытуда қалыптастырылатын құзыреттіліктер
«Психология» пəні болашақ мұғалімдердің кəсіби сана-сезімін олардың
психологиялық мəдениетін дамыту негізінде қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Студенттер психологияның қазіргі күйі жөніндегі білімдерді, адам
психикасын сипаттайтын ұғымдық аппаратты меңгеруі қажет, сонымен
қатар психология бойынша теориялық білімдерді кəсіби педагогикалық іс-
47
əрекетте қолдана алу, педагогикалық жағдаяттарды психологиялық білімдер
тұрғысынан талдай алу, соған байланысты білім беру процесін, өз кəсіби іс-
əрекетін жəне өзін-өзі дамытуын құра алу іскерліктерін меңгеруі қажет.
«Психология» пəнін оқу негізінде студент білуі керек:
•
психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны мен маңыздылығын;
•
психических танымдық процестер мен күйлер дамуының негізгі
заңдылықтарын;
•
тұлға дамуының негізгі теорияларын;
•
іс-əрекет жəне қарым-қатынас дамуының ерекшеліктерні:
•
тұлғаның жекедара-типтік қасиеттері мен ерекшеліктері, іс-əрекетті
реттеу механизмдерін.
іскерліктері болуы керек:
•
кəсіби міндеттерді шешу үшін оқушылар мен сынып ұжымдарының
психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
•
оқу-тəрбие үрдісін жобалауда тұлғаның жекедара-психологиялық
ерекшеліктерін ескеру.
дағдыларды меңгеруі қажет:
•
оқыту мен тəрбиелеуде тұлға дамуының психологиялық заңдылықтары
жөніндегі білімдерді қолдану;
•
тиімді кəсіби педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру.
Курстың көлемі "Психология" пəнін оқыту көлемі - «Білім» тобындағы
барлық мамандықтар үшін типтік оқыту бағдарламаларына сəйкес дəрістік,
семинар сабақтары, студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) жəне студенттің
оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысын қосқанда (СОӨЖ) – 3 кредит,
яғни 135 cағатты құрайды. Курс соңынан тест түрінде емтихан өткізіледі.
Пəннің тақырыптық жоспары
№
Тақырыптардың атауы
1
Психологияның пəні, міндеттері жəне əдістері
2
Психика жəне сана
3
Іс-əрекеттің психологиялық сипаттамасы
4
Психологиядағы тұлға мəселесі
5
Танымдық процестер. Түйсік
6
Қабылдау
7
Зейін жəне ес
8
Ойлау жəне қиял
9
Сөйлеу
10
Эмоциялар жəне сезімдер
11
Ерік
12
Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы
13
Темперамент
48
14
Мінез
15
Қабілеттер
Пəннің мазмұны
Тақырып 1 Психологияның пəні, міндеттері жəне əдістері
Психологияның пəні. Психологияның теориялық жəне қолданбалы
міндеттері. Психология ғылымы дамының негізгі кезеңдері. Психологияның
басқа
ғылымдармен
байланысы.
Психологияның
негізгі
салалары.
Психологияның əдіснамалық принциптері. Психологияның зерттеу əдістері.
Тақырып 2. Психика жəне сана
Психика туралы жалпы ұғым. Ми жəне психика. Психиканың филогенезде
дамуының негізгі сатылары. Сана психика дамуының жоғарғы формасы
ретінде. Сананың құрылымы мен мазмұны. Сананың негізгі қызметтері. Сана
күйлері. Сана жəне бейсаналық. Саналанбайтын психикалық үрдістер. Сана
жəне өзіндік сана.
Тақырып 3. Іс-əрекеттің психологиялық сипаттамасы
Психологиядағы іс-əрекет ұғымы. Іс-əрекеттің негізгі теориялары. Іс-
əрекет пен белсенділіктің физиологиясы. Іс-əрекеттің түрлері мен құрылымы.
Мотивация жəне іс-əрекет. Тұлғаның мотивациялық-қажеттілік аумағы.
Мотивацияның психологиялық теориялары.
Тақырып 4. Психологиядағы тұлға мəселесі
Тұлға жөнінде жалпы ұғым. Адам индивид, тұлға, жекедаралық, іс-əрекет
субъектісі. Тұлға құрылымы. Тұлға теориялары. Тұлғаның қалыптасуы мен
дамуы. Тұлғаның өзіндік санасы.
Тақырып 5 Танымдық процестер. Түйсік
Танымдық процестер жүйесінің жалпы сипаттамасы.
Түйсік – таным негізі. Түйсіктердің адам тіршілік əрекетіндегі рөлі.
Түйсіктердің физиологиялық негіздері. Түйсіктердің заңдылықтары.
Түйсіктердің жіктелуі. Түйсік түрлерінің сипаттамасы. Оқушының
сенсорлық-перцептивтік аумағының дамуы.
Тақырып 6 Қабылдау
Қабылдау жөнінде жалпы ұғым. Қабылдаудың физиологиялық негіздері.
Қабылдаудың негізгі теориялары. Қабылдаудың түрлері. Қабылдаудың
қасиеттері. Қабылдау иллюзиялары.
Тақырып 7. Зейін жəне ес
Зейін туралы жалпы ұғым. Зейіннің қызметтері мен қасиеттері. Зейін
түрлері.
Естің жалпы сипаттамасы мен анықтамасы. Естің психологиялық
теориялары. Ес түрлері. Естің негізгі механизмдері мен процестері. Ес
дамуының жекедара айырмашылықтары. Оқушының зейіні мен есін дамыту
əдістері.
Тақырып 8. Ойлау жəне қиял
Достарыңызбен бөлісу: |