Педагогикалық жағдаят №380
Жас мұғалім мектепте биология үйірмесін ашты.Әр түрлі сыныптардың оқушылары қызығушылық танытып оған келе бастады. Күндердің – күнінде сабақ үстінде күтпеген жерден бір оқушы былай деді: «Өтінемін, біздің сыныпқа биология пәнін жүргізуге келіңізші!»
Мұғалім қалай жауап беру керек?
1. Құрғақ айту керек:«Мариям, мен сен туралы жақсы ойда едім»
2. Айту керек: «Мені жақсы біліп алғаннан соң, мені де осылай сынайтын боларсыздар басқа мұғалімдердің алдында»
3. Қарапайым түсіндіру: «Жүргізе алмаймын, әр қайсымыз өз ісімізді атқарудамыз, менде онсызда үлкен жүктелім»
4. Балаларға түсіндіру: «Үйірме сабақтары сіздердің қалауларыңыз бойынша, сондықтан қызықты болар,ал міндетті сабақтарды кім жүргізсе де, олай болмауы мүмкін»
5. Наразылық білдіру: «Әріптесімнің алдында ыңғайсыз жағдайда қалдырдыңыз.Мен бұны естімеген болып есептеймін»
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқа жауабын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №381
Сабақ барысында оқушы мұғалімнің есіне түсіреді: «Сымбат Мұқанқызы, сіз өткен сабақта бізге қызықты бірдеңе айтып беремін деп уәде еткен едіңіз...»
Мұғалім өзінің уәдесін ұмытып кетіп,оны орындауға дайын емес. Не істеу керек?
1. Сеніммен айту: «Әрине, тек бүгін бізде уақыт жетпейді. Мен сіздерге келесі сабақта айтып берейін»
2. Таңданып айту: «Жоқ, мен сіздерге мұндай сыйлық жасайтындай, бүгін сіздер соншалықты жақсы жұмыс жасаған жоқсыздар сабақта.»
3. Өзімнің уәдем туралы ұмытып кеткенім туралы шын мойындау.
4. Кешірім сұрап, келесі жолы міндетті түрде орындайтыны туралы айту.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқа жауабын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №382
Мұғалім бірнеше сабақ өткізгеннен кейін,оқушы оған былай дейді: «Сіз бізге ұстаз ретінде білім бере алады деп ойламаймын» Мұғалімнің реакциясы қандай болуы керек?
«Сенің ісің мұғалімді үйрету емес, оқу.»
«Әрине, сен сияқтыларды ешнәрсеге үйрете алмаспын»
«Мүмкін, саған басқа сыныпқа ауысу немесе басқа мұғалімде оқу керек шығар»
«Сен әншейін оқығың келмейтін болар »
«Неге сенің осылай ойлайтыныңды маған білу қажет»
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқа жауабын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №383
Оқушы өзінің бағаларына көңілі толмай, материалды меңгеру мен түсінуге және өзінің қабілетіне күмәнданып, мұғаліміне былай деді: «Сіз қалай ойлайсыз, мен сыныптағы басқа балалардан қалмай «өте жақсы» деген бағаға оқи аламын ба екен?»
Мұғалім қандай жауап беру керек?
«Шын айтсам - күмәнданамын»
«Ия, әрине, бұған сен күмәнданбағын»
«Мен саған үлкен үміт артамын, сенің қабілеттіліктерің жақсы,»
«Неге сен өзіңе күмәнмен қарайсың?»
«Кел, әңгімелесіп мәселені шешіп көрелік»
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқа жауабын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №384
Оқушы өз-өзіне сенімділігін көрсете мұғалімге былай деді: «Егер мен қаласам кез-келген нәрсені бағындыра аламын, мен істей алмайтын іс жоқ. Мысалы, мен сіздің пәніңізді қандай да бір күш-жігерсіз меңгере аламын, »
Мұғалім қалай әрекет жасауы керек?
«Сен өзің туралы тым жоғары ойдасың»
«Сенің қабілетіңмен бе? Күмәнданамын!»
«Егер осылай айтсаң,онда сен, мүмкін, өзіңе өте сенімді сезінгендіктен болар»
«Бұған күмәнім жоқ, өйткені мен білемін егер сен қаласаң, онда бәрін де жасай аласың »
«Бұл, сенен аса көп күш-жәгер жұмсауды талап етіледі»
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқа жауабын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №385
Сынып физика пәнінен бақылау жұмысын жазған болатын. Оқушы дәптерін алып, мұғалімнің екі қойғанын көріп ,бәрінің көзінше дәптерін жыртып тастап, былай дейді: «Сіз бұрын маған басқа оқушыларға қарағанда анағұрлым жақсырақ қатынас жасайтынсыз,»
Осы жағдаятта мұғалім қалай әрекет ету керек және неге?
«Неге мен басқаларға қарағанда саған жақсырек қарауым керек?»
«Менде сүйіктілер мен пір тұтынатын оқушылар жоқ»
«Сен сияқты айтатын адамдар маған ұнамайды»
«Басқалардың арасынан мен неге сені бөліп қарауым керек?»
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқа жауабын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 386
Оқушы, пәнді терең меңгеру мүмкіндігіне өзі күмәнданатындығымен (сенімсіздігімен) мұғалімімен бөлісті: « Сізге, мені не мазалап жүргенін айттым. Бұның себебін және әрі қарай қандай әрекет жасайтынымды, енді Сіз айтыңыз?» Мұғалім не деп жауап қайтару керек?
«Меніңше, Сіз артық қысыласыз (комплексуете)»;
«Сізде мазаланауға ешқандай негіз жоқ»;
«Пікірімді негіздемес бұрын,маған мәселенің мәнін біліп алу қажет»;
«Біраз уақыттан кейін сол сұраққа қайтып ораламыз, әзірге жұмысымызды істеп күте тұрайық. Біз оның шешімін табамыз деп ойлаймын»;
«Мен саған қазір нақты жауап беруге дайын емеспін, менің ойлануым керек».
Өз вариантыңызды ұсыныңыз.
Таңдаған жауап вариантын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 387
Сіз 7 «А» сыныбының жетекшісісіз, сіздің оқушылардың соңғы сабақтан сұранбай (қашып сабаққа кедергі жасап) киноға кеткенін білдіңіз. Келесі күні сіз сыныпқа келіп, осы идеяның инициаторы (бастаушысы) кім екенін сұрадыңыз, жауап - үнсіздік. Сіздің әрекетіңіз:
«Ешқайда кетпейсіз, бәрі бір айтуға тура келеді, тек директорға».
«Идеяны кімнің бастағанын (инициаторды) анықтамаяй-ақ қояйын, фильм қызықты болса да, сабақтан кетіп қалуға бола ма?».
«Бұндай жағдайдың болу себебін анықтап айтамын, бірақ барлығының топтық әрекетті қабылдауы біздің сыныптың ауыз біршілігі бар екенін байқатады, мені осы қуантады».
«Әрбір іс-шаралардың салдары бар, олардан күтілетін нәтижелерге негізделген шешімдерді болжап барып жасау керек».
Өз вариантыңызды ұсыныңыз.
Таңдаған жауап вариантын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 388
Сіз сабақ беріп тұрсыз, сынып жұмылып жұмыс жасап отыр. Сабақ ортасында бір оқушы күтпеген жерден орнынан тұрып, есікті қатты жауып, сыныптан шығып кетті.
Мұғалім осы жағдайда не істеуі керек?
Сабақты бөліп сіз оның артынан барасыз ба?
Ешқандай жауапсыз сабақ ты жүргізе бересіз бе?
Басқа оқушыларға жұлқынасыз ба?
Себебін анықтау үшін, сабақтан соң оқушымен әңгімелесесіз бе?
Өз вариантыңызды ұсыныңыз.
Таңдаған жауап вариантын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 389
Сіз 10 сыныпта сабақ беріп тұрсыз, сізге тілазар көрсетіп, сізді тыңдағысы келмей, бір оқушы музыканы қосты.
Мұғалім осы жағдайда не істеуі керек?
Музыканы сөндіруін өтінуі керек.
Ештеңе болмағандай, сабақты жалғастыру.
Оқушыны кластан шығарып жіберу.
Сабақтан кейін қалдырып, әңгіме жүргізу.
Өз вариантыңызды ұсыныңыз.
Таңдаған жауап вариантын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 390
9 - сыныпта денешынықтыру сабағы. Барлығы жаттығу орындауда, бір қыз бала отыр. Оқытушы оны шақырса, ол орнынан тұрмайды. Мұғалім оқушыдан «неге отырсың? деп сұрады». Қыз бала (оқушы) жауабы: «қаламаймын».
Мұғалім осы жағдайда не істеуі керек?
Физикалық күш көрсету.
Естімеген кейпін таныту.
Спортзалдан шығарып жіберу.
Оны сабақтан кейін қалдырып, себебін анықтау.
Өз вариантыңызды ұсыныңыз.
Таңдаған жауап вариантын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 391
Сабаққа кіруге қоңырау соғылды. Физика пәнінің мұғалімі сыныпқа кірісімен келесі жағдайды бақылайды: сыныпта торғай ұшып жүр, оқушылардың бәрі оны ұстауға атсалысып жатыр. Мұғалім осы жағдайда не істеуі керек?
Торғайды ұстағанға дейін мұғалім балаларды үнсіз бақылайды.
Балаларды сабыр сақтауға шақырып, мұғалім дауыс көтеруді.
Торғай ұшып кету үшін терезені ашады.
Торғайды еркіне жіберу үшін мұғалім балаларға көмектеседі.
Өз вариантыңызды ұсыныңыз.
Таңдаған жауап вариантын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 392
Сынып бөлмесінен жүгіріп шыққан 7- сынып оқушысы, сыныпқа кіріп келе жатқан мұғалімді қатты ғағып жібереді. Оқушылар үн - түнсіз. Бала кешірім сұрады.
Мұғалім осы жағдайда не істеуі керек?
Барлық сыныптың алдында баланы сөгу (ұрысу).
Жымиып сыныпқа кіру.
Күнделігіне ескерту жазып, жазалау.
Болған жағдаятты ескермей, сабағын бастау.
Өз вариантыңызды ұсыныңыз.
Таңдаған жауап вариантын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №393
Мұғалім оқушыларға тапсырма береді. Оқушы орындағысы келмей, былай деп хабарлайды: «Мен мұны орындағым келмейді!».
Мұғалімнің әрекеті қандай болады?
1. Сен орындауға міндеттісің!
2. «Сен сонда не үшін оқуға келдің?»
3. «Оқымай - ақ қой, өзіңе жаман болады».
4. «Бұның соңы немен аяқталатынын өзіңе есеп бересің бе?».
5. Неге, себебін түсіндіріп бересің бе, сен?.
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдалған жауап нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №394
Оқушы мұғалімге: «Сіз өткізетін екі сабағыңызға мен бармаймын, өйткені бұл уақытта көрермен ретінде спорттық жарысқа барғым келеді» - дейді
Оған қалай жауап беру керек?
1. «Келесіде мектепке ата - анаңмен келуге тура келеді».
2. «Өз еркіңіз, емтихан( сынақ) тапсыратын Сіз».
3. «Маған, Сіз сабаққа салғырт қарайтын сияқтысыз».
4. «Сіздің ары қарай не істемек ойыңыз бар?».
5. «Сізге мектепке сабаққа келгеннен гөрі, неге жарысқа барған қызығырақ екенін білгім келеді».
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдалған жауап нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №395
Барлығымен бірге оқыған әңгімеден кейін, талқылау жүріп жатыр. Сыныптастарының басым көпшілігінің ойы бір жерден шығуда әдеттегідей тек қана Айдар өз ойымен келіспеді. Ол өзінің ойын дәлелдегеннен кейін, Сіздің ойыңызды сұрады. Сіз Айдардың ойымен келісесіз, бірақ сыныптың күлкіге айналдыратынын білесіз. Сіз қалай әрекет етесіз?
1. «Ойыңызды ешқашан айтпайсыз».
2. «Сіз өтірік айтпайсыз, бірақ дәлірек жауап табуға тырысасыз».
3. «Сіздің пікіріңіз Айдардың пікірімен сәйкес келіп тұрғанына қарамай, өз пікіріңізді нақты айтасыз».
4. «Берілген сұраққа жауап беруден бас тартасыз».
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдалған жауап нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №396
Оқушы мұғалімге: «Мен сіз жүргізетін сабақтың маған көмектеспейтінін сеземін»,-дейді де, «Мен сабақты тастағым келеді», деп шешімін хабарлайды. Бұл жағдайды мұғалім қалай қабылдау керек?
1. «Қайдағыны айтуды тоқтат!».
2. «Мүмкін сізге басқа мұғалім табу керек шығар?».
3. «Саған осындай ұсыныс қайдан келді, менің нақтырақ білгім келіп тұр?».
4. «Сенің мәселеңнің шешіміне бірігіп жұмыс істесек қалай қарайсың?».
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдалған жауап нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №397
Оқушы өзіне сеніммен мұғалімге былай дейді: «Менің қолымнан келмейтін нәрсе жоқ, тек қажетсінсем болды. Соның ішінде сіз беретін сабақты да меңгеру маған ештеңе емес». Бұл іске мұғалімнің көзқарасы қандай болу керек?
1. «Сен өзің туралы өте жақсы ойлайсың?».
2. «Өзіңді осылай көрсетсең, мүмкін өзіңе сенімді боларсың».
3. «Егер сен қаласаң, барлығы болатынын күмән келтірмеймін, себебі сені білемін».
4. «Бұл мүмкін сізден үлкен зер салуды (ынта) талап ететін шығар».
5. Тым өзіңе сенімділік іске зиян келтіреді.
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдалған жауап нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №398
Оқушының оқу үлгеріміне қатысты мұғалімнің айтқан ескертуіне қарай, ол оқу пәнін меңгеру үшін көп жұмыс жасаудың қажет еместігін былай жеткізеді: «Мені жеткілікті қабілетті адам деп санайды» Мұғалім бұл оқушыға қалай жауап беру керек?
1. «Бұған дейін сенің басыңнан өткерген қиындықтарың және сенің білімің, өкінішке орай, мұны байқатпайды».
2. «Көптеген адамдар өздерін жеткілікті қабілеттімін деп есептейді, бірақ кейбіреуі өмірде олай емес».
3. «Мен өзің туралы жоғары ойда екендігіңе қуаныштымын».
4. «Бұл сізден оқуда үлкен күшті талап етеді».
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдалған жауап нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №401
Оқушы «Мен бүгін тағы да дәптерімді алып келуді, үй тапсырмасын орындауды т.б. ұмытып кеттім», - деді мұғалімге. Мұғалім бұл жағдайда қалай жауап беруі мүмкін?
1. «Міне, тағы да!»
2. «Бұл сенің жауапкершілігі жоқ оқушы екеніңді көрсетпей ме?»
3. «Саған барлық іске салмақты оймен қарауды бастау керек сияқты деп ойлаймын».
4. «Тапсырманы неге орындамағаныңды білгім келеді».
5. «Қалай ойлайсың, мен неге әрдайым осы жайлы сенің есіңе түсірем?»
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №402
Оқушы «Сабақта сіздің сөйлегеніңіз және қорғағаныңыз маған ұнамайды», - деді мұғалімге. Мұғалімнің жауабы қандай болуы мүмкін?
1. «Сен, мүмкін, бұл туралы түсінбейтін шығарсың?»
2. «Алдағы уақытта барысында сенің ойыңның өзгеруіне сенімдімін».
3. «Ал сен өзің ұнатасың ба және қорғауға дайынсың ба?»
4. «Жолдасыңның түсінігі мен талғамы жоқ».
5. «Сен қалай ойлайсың, мен неге мұны айтып отырмын және қорғаймын?»
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №403
Оқушы мұғалімге оның сабақ берген пәнінен жақсы меңгеру мүмкіндігіне орай өзінің сенімсіздігін білдіріп: «Мен сізге мені толғандырып жүрген мәселе жайлы айттым. Енді сіз маған мұның себебін және одан әрі не істеуім керектігін айтыңызшы», - деді. Мұғалім бұл сұраққа қалай жауап беруі керек?
1. «Менің ойымша, сізде толық қанағаттанбаушылық бар сияқты».
2. «Мазасыздануға ешқандай негіздеме жоқ».
3. «Тұжырымдалған ойымды айтпас бұрын, бірінші кезекте сізді толғандырған мәселе жайында біліп алуым керек».
4. «Мен сізге қазір нақты жауап беруге дайын емеспін, маған ойлану қажет».
5. «Еш уайымдама, мұндай жағдай менің басымнан да өткен».
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №404
Сіз жақын құрбыңыз жөнінде мектепте танымал екі қыздың әңгімесін естідіңіз. Сізді құрбыңыз жайлы айтылған жағымсыз әңгіме ашуландырады және құрбыңыздың жағына шығатын болсаңыз, олардың Сізге күмәнмен қарайтынын білесіз.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Өз досыңызға жүгіріп барып, болған әңгімені жеткізесіз.
2. Әңгімені естісеңіз де, естімеген кейіп танытасыз.
3. Өз құрбыңызды қорғау үшін әңгімеге араласасыз.
4. Олардың әңгімесінің негізі жоқ екенін дәлелдейсіз
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №405
Үзілісте мектеп дәлізінде келе жатып, 6-сыныптың екі оқушысының төбелесіп жатқанын көрдіңіз. Оларды сіздің келіп қалғаныңыз да, сіздің ескертуіңіз де тоқтата алмады. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз және неге олай істер едіңіз (қандай әрекет жасар едіңіз, не істер едіңіз, не айтар едіңіз)?
1. Кезекші мұғалімді көмекке шақырар едім.
2. Сынып жетекшісіне барып айтар едім.
3. Сыныптастарына балаларды ажырату керектігін айтар едім.
4. Төбелесіп жатқан балаларды өзім ажыратар едім.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №406
Сіз үзілісте оқушылардың бірі мұғалімге жүйелі түрде келіп, өзінің сыныптастары туралы айтатынын байқадыңыз. Ол тапсырманы кім кімнен көшіргенін, кім үй тапсырмасын орындамағанын, кім кімді қалай мазақтайтынын айтады. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз және неге олай істер едіңіз (қандай әрекет жасар едіңіз, не істер едіңіз, не айтар едіңіз)?
1. Бұл әрекеттің дұрыс еместігін түсіндіремін.
2. Сыныптастарыма естігенім жайында айтамын.
3. Осы оқушының мінез-құлқы туралы сынып жетекшісіне айтамын.
4. «Адамның адамгершілік құндылықтары» туралы тәрбие сағатын өткізуге ұсыныс беремін.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №407
Сіз тақтада белгілі бір әрекет орындап жатырсыз (теңдеулер шығару, формула жазу және т.б.). Сіздің жазбаларыңызда қате кеткен. Оқушылардың біреуі байқап қалып, бүкіл сынып көретіндей айтып қалды. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз?
1. Қатесіне келісемін және жөндеймін.
2. Жағымсыз түрде әрекет етемін.
3. Кеткен қатені көрсеткені үшін алғыс білдіремін.
4. Көңіліме аламын және бірден білдіремін.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №408
Сіз сынып жетекші болып отырған 9-сыныптың оқушылары бір оқушыға бойкот жариялады. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз (сіздің әрекетіңіз, не істейсіз, не айтасыз т.б.) және неге?
Жанжалдың не себептен болуын анықтау үшін сыныппен сөйлесемін.
Әр оқушымен жеке әңгіме жүргіземін.
Ата-аналар жиналысын өткіземін.
Мектептің психолог маманымен ақылдасамын.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №409
Сіздің көзіңізше оқушылардың бірі сіздің әріптесіңіздің біріне теріс баға берді. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз (сіздің әрекетіңіз, не істейсіз, не айтасыз т.б.) және неге?
Адамның сыртынан жаман пікір айтудың әдепсіздікке жататынын түсіндіремін.
Қатал түрде оқушыны орнына қоямын.
Оған мұғалімді бағалауға құзыреттілік берілмегенін түсіндіріп көремін.
Мұғалімдер бөлмесіне шақыртамын.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №410
Сіздің тоқсандыққа қойған бағаларыңыз бойынша келіспеушіліктерін білдіріп, 10-сынып оқушыларының ата-аналары сізге келді. Олар Сіздің тоқсандыққа қойған бағаларыңызды әділетті емес деп санайды. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз және неге олай істер едіңіз (қандай әрекет жасар едіңіз, не істер едіңіз, не айтар едіңізжәне т.б. ) ?
Ата-аналарды сабаққа қатысуға шақырамын.
Пән мұғалімдерін ата-аналармен әңгімелесуге шақырамын.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін түсіндіремін.
Педагог қызметін бағалау олардың құзыретіне жатпайтынын түсіндіріп, теріс пікір білдіремін.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №411
Сіздің сыныбыңызда екі беделді бала бар – тәртіпті және тәртіпсіз. Оқушылардың басым көпшілігі тәртіпсіз баланың тобында. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз және неге олай істер едіңіз (қандай әрекет жасар едіңіз, не істер едіңіз, не айтар едіңіз) және т.б. ?
Тәрбие сағатын өткіземін.
Мектеп психологымен ақылдасамын.
Ата-аналар жиналысын өткіземін.
Тәртіпсіз баламен жеке жұмыс жүргіземін.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №412
9-сынып оқушысы мектепке ашық-шашық киімде, қатты боянып, жылтырақтарды тағып келді. Сіздің іс-әрекетіңіз:
Оқушымен жеке әңгіме құрамын.
Ата-анасын мектепке шақырамын.
Киімін ауыстыру үшін үйіне жіберемін.
«Заманауи қыздардың сырт келбеті» атты сынып сағатын жоспарлаймын және өткіземін.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №413
Сіз жаңа тақырып бойынша сабақ өтіп жатырсыз. Кенеттен сіздің айтқан сөздеріңіз оқушылардың қатты күлкісін келтірді. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз және неге олай істер едіңіз (қандай әрекет жасар едіңіз, не істер едіңіз, не айтар едіңіз және т.б.)?
Мән берместен сабақты жалғастырамын.
Сабақты бөліп, күлкінің себебін анықтаймын.
Сол уақытта мән бермеймін, бірақ сабақтың соңында сөйлесемін.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №414
Сізден параллель сыныптағы ауырып қалған әріптесіңіздің орнына сабағын алмастыруыңызды өтінді. Сабақ барысында Сіздің әріптесіңіз өткен сабақты оқушыладың дұрыс меңгермегені анықталды. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз және неге олай істер едіңіз (қандай әрекет жасар едіңіз, не істер едіңіз, не айтар едіңіз және т.б.)?
Өткен тақырыпты қайталау түрінде қысқаша түсіндіріп, содан соң жаңа сабақты өтуге кірісемін.
Бұл сағатты өткен сабақты толық түсіндіруге арнаймын.
Сабаққа түсінбегеніне қарамастан берілген тақырып бойынша сабақты өткіземін.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №415
Сіз сабақ өтіп жатырсыз. Өтіліп жатқан тақырып бойынша сізге бір оқушы сұрақ қояды. Сіз сұрақтың жауабын білмейсіз. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз және неге олай істер едіңіз?
Сұраққа жауап беруге тырысамын.
Сұрақтың нақты жауабын оқушының өзіне тауып кел деп тапсырма беремін.
Бұл сұрақтың нақты жауабын білмейтіндігімді мойындаймын.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №416
Сіз сынып жетекшісі болып қызмет ететін сыныпта материалдық жағдайлары әртүрлі балалар жиналған. Сіздің байқауыңызша, материалдық жағдайы жоғары отбасынан шыққан балалар материалдық жағдайы төмен отбасынан келген балаларды шеттетеді.
Сіздің әрекетіңіз? (Не айтасыз ? Қандай әдіс қолданасыз?)
1. Бұл тақырыпта тәрбие сағатын өткіземін.
2. Мектеп психологынан кеңес аламын.
3. Жағдайы жоғары отбасынан шыққан балалармен әңгіме өткіземін.
4. Ата-аналар жиналысын ұйымдастырамын.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдалған жауап нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №417
Сіз семинар түрінде сабақ жүргізудесіз. Оқушылар бір-біріне қарама-қайшы пікірлер айтуда. Нәтижесінде сынып екіге бөлінді, оның бірі қате пікірді қолдауда.
Сіздің әрекетіңіз? (не істейсіз, не айтасыз және неге ?)
Пікірлердің бір ортақ мәмілеге келуін ойластырамын.
Балалардың өз қателерін өздері табуына бағыт-бағдар беремін.
Бір топтың қате жібергенін бірден айтып саламын.
Балаларды мұқият тыңдаймын да, өз пікірімді айтамын.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдалған жауап нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |