Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Педагогикалық жағдаят №58



жүктеу 1,68 Mb.
бет2/9
Дата17.11.2017
өлшемі1,68 Mb.
#549
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Педагогикалық жағдаят №58

Анасы баласына жаңа аяқ киім (кеды) сатып алып береді. Бірақ біраз күннен кейін бала үйге аяқ киімсіз келді. "Жаңасын алу керек дейді ол анасына "



  • Менің аяқ киіміммен балалар үзілісте футбол ойнап, қайда тастағанын білмеймін, барлығымыз іздедік бірақ таппадық, - дейді.

Анасы баласын осы үшін жазалайды.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.


Педагогикалық жағдаят №59

Бала қиын отбасында тәрбиеленуде: Баланы әжесі жалғыз өсіріп жатыр, әкесі жоқ, ал анасы маскүнем. Бірінші сыныпқа бала оқуға деген зор ынтамен келді, бірақ мұғалім оған дұрыс көзқараспен қарамады. Егер сыныпта бір жағдай болса үнемі сол кінәлі болды. 3 сыныпқа келгенде оған "қиын бала" деген ат берілді.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №60

15 жастағы ұл бала жалғыз анасының тәрбиесінде өсті. Отбасы шағын ауылда тұратын. Соңғы жарты жылдықта ұл баланың сабағы күрт төмендеп кетті, кей кезде сабаққа да бармайтын, тіпті кешкісін үйге қонбайтын болған.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз
Педагогикалық жағдаят №61

Отбасында екі бала тәрбиеленуде. біреуі 14 те болса, екіншісі 8 де. Әкесі жанұясында көп ішеді. Ішіп келіп балаларына дөрекі сөйлеп, аналарын ұрады. Үйдің үлкені қыз бала отбасындағы жағдайды мұғаліміне айтады. Мұғалім оқушысының айтқаның әлеуметтік педагогқа айтып, қыз баланың отбасы жайлы бүкіл мектеп мұғалімдері біледі. Қыз бала сол жағдайдан кейін мектепке баруды қысқартады.

Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз, жағдаяттан қалай шығасыз?. Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №62

10 жастағы бала мектепке әрдайым дене жарақатымен келеді. Педагог сұрағына, анасы :бұл жастағы балалар әр дайым әр нәрсеге ұрынып жүреді сол себептен деп жауап береді. Педагог сұрақты қайта қойғанда анасы бұл менің өз өмірім ешкім араласа алмайды дейді.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №63

Орта буын сыныптарындағы оқушылардың тәртіптерінің нашарлауы (үзілістегі қыз балалардың төбелесуі, сабақ үстінде әңгімелесіп отырулары) олардың үлгерімдеріне қатты әсер ете бастады. Сынып жетекшілері бірнеше сыныптағы балаладың мінез құлқындағы өзгерістерді әлеуметтік педагогқа баяндады.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №64

Педагогтың: «Мен сенің әжетханада темекі шеккеніңді көрдім» деген сұрағына

Оқушы: «Сабақ үстінде емес қой. Негізінде әжетхана мектептің іші емес. Біз ол жерде не істесек те өзіміз білеміз»,- деп жауап қайтарды.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №65

Қатты шыққан дыбыстан айқайдан шаршаған педагог оқушылырға :Сіздер мектепке неге үшін келесіздер? Мектепке сіздер бірдеме білу үшін келмейсіздер ме?-дейді. Оқушылар:-Біз–бірімізбен әңгімелесу үшін келеміз деп жауап берді.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №66

Педагог ұялы телефон қолынан түспейтін оқушыға: Ұялы телефонды дыбыссыз режімге қойыңыз не болмаса өшіріңіз дейді. Оқушы болса – мен олай жасай алмаймын, себебі мен ватсапта отырмын. Мен ешқашан телефонсыз жүре алмаймын, ұйыктасамда телефонмен бірге ұйыктаймын дейді.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №67

Жартыжылдық қорытынды бақылау жұмысы кезінде оқушы әжетханаға сұранады.Мұғалім рұқсат берді - тек телефонды тастап кетуін талап етті. Оқушы жок тастамаймын анам айтқан телефонды тастама деп, себебі қазір әртүрлі жағдайлар болып жатыр деген дейді.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №68

Сіз 9-шы сыныптың жетекшісісіз. Сіз бір апта оқушыларды бақыладыңыз, бұл оқушылармен жұмыс жасау қиын екенін білдіңіз. Олар жеке-жеке топ болып бөлініп алған, сынып жетекшісін елемейді де . Педагог сабақ аяқталғаннан кейін оқушыларды мектеп өмірін қалай қызықты және көңілді өткізуге болатыны жайындағы жиналысқа келулерін сұрайды. Жиналысқа сабақтан кейін тек жуас, сабақта тыныш отыратын оқушылар ғана келді. Бұл педагогты ашуландырды, өте ыңғайсыз жағдайға қалдырды.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №69

Сіз мұғалімсіз. Сабақ кезінде сабақ жақсы оқитын оқушының қызына жолдаған хаты сіздің қолынызға тиеді. Байқаусызда сіз хатты ашып қаласыз және ішіндегі бозбаланың сыныптас қызға жазғанын оқып қаласыз.



Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №70

Мұғалім: "Сенде екілік баға көп және сабақтан көп қалғансын. Тоқсанның аяғыда таяп қалды. Сабаққа қатысып, оқуды қашан қолға аласын?"

Оқушы: "Бас қатырудың қажеті қанша? Бәрібір жылдық бағаға өздеріңіз үшін 3 қойып бересіздер. Мектепке артта қалған оқушылар керек емес қой"

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №71

Сіз қоғамдық көлікте досыңыз Сережаның автобус орындығында отырғанын, ал әжесі қасында тұрғанын байқадыңыз? Сіздің әрекетініз?



  1. Ары қарап, байқамағандай боламын.

  2. Ол өздерінің мәселесі. Өздері шешсін.

  3. Байқатпай әжесіне орын беру керек екенін білдіртем.

  4. Қасына жақындап «Қандай тәрбие көргенсің? Қасында әжең тұр, ал сен отырсын», - деп айтам.

  5. Сіздің осы жағдайға жауабыңыз.

Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №72

Екі ата-ана балалары жайында әңгімелесіп отыр. Біреуі мақтана қызына әкесі екеуі компьютер сыйлағанын айтты. Ал екіншісі оның дұрыс емес екенін айтты: "Бекер алып бердіңдер, енді компьютер алдында сағаттап отыратын болады, көруі нашарлайды, өмірге бейімделмеген, жан жақты болмайды", - деп кесіп айтты.

Сұраққа жауап таңдаңыз:


  1. Қазір компьютерсіз жүру мүмкін емес.

  2. Компьютер ол ақпарат көзі.

  3. Компьютер баланың денсаулығына зиян.

  4. Компьютер бала психологиясына әсер етуі мүмкін.

  5. Компьютер дұрыс пайдаланса өте пайдалы құрал.

  6. Сіздің шешіміңіз

Компютердің пайдасы мен зияны туралы өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №73

Сіздің сыныптасыңыз сынып бөлмесін тазалаудан бас тартты. Ол фортепианада ойнауды үйреніп жүргенін, саусақтарын құртып алуы мүмкін екенін айтты. Осы жағдайдағы сіздің іс-әрекетіңіз:



  1. Қандай амалмен болса да оны қатыстырам.

  2. Қолына швабра беріп еденді жууға күштеп көндірем.

  3. "Сен басқалардан артық емессің. Неге қалғандары сен үшін істеу керек", - деп айтам.

  4. Қолына шүберек беріп, жай ғана жеңіл сүртуін сұраймын.

  5. Сіздің шешіміңіз.

Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №74

Сұлтанды балабақшадан алуға бүгін анасы келді. Ол анасына қуанышпен "Ана, ал біз бүгін құс жасадық!"

Анасы: Неге сенің киімің су деп сұрады?

Султан: Тәрбиеші менің жақсы жсағанымды айтты.

Анасы: "Қанша айтам саған – киіміңді және қолбағыңды жылытқышқа жайып қой деп"

Султан: Үйге барып тағыда осындай құс жасап көремін!

Анасы: Енді осы су киіміңмен барасың.

Султан үндеместен киіне бастады.

Анасының қателігі неде?

Осы жағдайға қалай ықпал етуге болады.

Өз жауабыңызды негіздеңіз
Педагогикалық жағдаят №75

Сіздің сыныптасыңыз біреудің телефонын ұрлап алды. Сіз ұрлықтың куәгері болдыңыз.



  1. Көрмегендей кейіп танытам. Себебі, ол менен мықты, білсе соңы қиын болуы мүмкін.

  2. Ересектерге (мектеп директорына, мұғалімге) хабар берем.

  3. Сыныптасымның ата - анасына айтамын.

  4. Осы жағдайды сынып талқысына салам.

  5. Сыныптасыммен сөйлесіп, оның қылығының дұрыс емес екенін түсіндіріп, кешірім сұрай отыра телефонды иесіне қайтарып беруін сұраймын.

  6. Басқа шешім.

Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №76

Сізге шет елден оқу орнына түсуге үлкен конкурс шеңберінде, жазбаша емтихан тапсыру керек. Сіздің қолыңызға ойламаған жерден емтихан жауаптары түсті.

Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:


  1. Өз біліміімді пайдаланып, алдын ала дайындалам.

  2. Достарыма емтихан жауаптары туралы хабарлаймын.

  3. Емтиханға қатысатын барлық талапкерлерге берем.

  4. Ол жауаптарды мүлдем пайдаланбаймын.

  5. Сіздің шешіміңіз.

Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №77

Кешкі уақытта сіз бұзақылардың әйел адамға шабуыл жасап жатқанын байқадың. Қолыңда кездейсоқ ауыр зат бар ( мысалы балға)

Сіздің осы жағдайғы іс – әрекетіңіз:


  1. Байқатпай өтіп кетем.

  2. Бұзақыларды ақылға шақырамын.

  3. Күш көрсетем.

  4. Балғаны пайдаланам

  5. Сіздің шешіміңіз.

Өз жауабыңызды негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №78

Сіз – сынып жетекшісіз. Ата-аналар сыныпқа соңғы үлгідегі компьютер сыйлап, оқу жылының аяқталғанын атап өтуді ұсынды.

Осы жағдайда сіздің іс әрекетіңіз:


  1. Сыйлықты қабылдап, шақыруға келісем.

  2. Сыйлықтан бас тартып, бірақ шақыруды қабыл алам.

  3. Бәрінен бас тартып, ата – аналармен әңгіме өткізем.

  4. Шақырудан бас тартам, бірақ сыйлықты қабыл алам.

  5. Сіздің шешіміңіз

Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №79

Жасы егделеу кондуктор жолаушының ақшасын алып жатып, сізге жақындау жерге 1000 теңгені түсіріп алды.

Сіздің осы жағдайдағы әрекеңіз:


  1. Ол өзінің ақшасы озі көтерсін.

  2. Кондуктор өзі түсірді, озі алсын.

  3. Әрине , көтерем

  4. Басқа біреу көтергенін күтем.

  5. Сіздің жауабыңыз.

Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №80

Сіз автобуста келе жатырсыз, кенет ол бұзылып қалды. Сіз кешігіп тұрсыз.

Автобустан шығып такси ұстадыңыз. Қасыңызда сіздің құрдасыңыз сіз жүрген бағытқа бара жатыр, бірақ оның ақшасы жоқ.

Не істер едіңіз?



  1. Ол оның өз мәселесі.

  2. Естімегендей өтіп кетем.

  3. Қасымнан бір бағытта баратын адам іздеп көрем, жол ақысын аз төлеу үшін , егер шықса ала кетем.

  4. Басқа жауап.

Өзіңіз таңдаған жауапты негіздеп беріңіз.
Педагогикалық жағдаят №81

Автобус аялдамасының орындығында жатқан адамның жанынан көңіл бөлмей ондаған адамдар өтіп жатыр.

Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз?


  1. Менде бармаймын.

  2. Қасына барып, бұл адамның жағдайын білемін.

  3. Бармаймын, бірақ жедел жәрдем шақырамын.

  4. Полицияға хабарласамын.

  5. Басқа шешімін табамын.

Өз жауабыңызды негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №82

Ата-анаңыз үйде жоқ кезде сіз өзіңіздің сыныптас достарыңызды үйге шақырдыңыз. Кешке үйде ақша жоғалғандығы анықталады. Сіз өзіңіздің ақша алмағаныңызды білесіз. Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:



  1. Ата - анаңызға үйде қонақта сыныптас достарың болғанын және нақты кім екенін айтасың.

  2. Үндемейсіз, бірақ кейін өзіңіз ақшаны кім алғанын анықтайсыз.

  3. Сынып жиналысында сыныптастарыңызды айыптайсыз.

  4. Өз жауабыңыз.

Жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №83

Сіздің сыныбыңызда математика мұғалімі сабақ барысында үнемі дауыс көтереді, балағаттайды, ал кейде артта қалған оқушыларды ұрып та жіберуі мүмкін.

Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:


  1. Басқа сыныптастарыңыз сияқты үндемей көз жұма қарайсың.

  2. Бұл жайлы сынып жетекшісіне, директорға немесе ата – аналарға айтасыз.

  3. Мұғалімнің бұл әрекеттерін ұялы телефонға түсіріп, интернет желісіне саласың.

  4. Мұғалімнің әрекетіне қарсы шығып, ескерту айтасың.

  5. Өз жауабыңыз

Жауабыңызды негідеңіз
Педагогикалық жағдаят №84

Көшеде сізге тоғыз жасар кішкентай қыз келіп, жылап анасы оған 500 теңге беріп нанға жұмсағанын, ал дүкенге барар жолда ақшасын жоғалтып алғанын айтады. Қыз сізден оған ақша беруін өтінеді, себебі, анасы анасы оған қатты ұрсатынын айтады.

Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:


  1. Бас тартамын, бұл жағдай оған сабақ болып, келесі жолы ақшаға немқұрайлы қарамайтын болады.

  2. Баланы аяп, оған ақша беремін.

  3. Балаға оның анасына бірге баруды ұсынамын және бұл жағдайды ақылмен шешуге тырысамын.

  4. Полицияға телефон шалып, мұндай жағдайда өзімді қалай ұстау керектігі жөнінде ақыл сұраймын.

  5. Өз жауабыңыз.

Жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №85

Сіз отырған автобусқа 8-10 жасар бала кіріп дауыстап ән айта бастайды, бітірген соң әр отырған жолаушыларға оған әні үшін ақша беруді сұрайды. Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:



  1. Оған ақша беремін, себебі ол тіленші емес, оны еңбегімен тапты.

  2. Ештеңе бермеймін, мен оған мен үшін концерт ұйымдастыр деген жоқпын.

  3. Баламен сөйлесіп, оның неге мұндай іспен айналысып жүргенін анықтаймын, егер керек болса қолымнан келгенше көмектесемін.

  4. Дереу полицияға хабарласып, мұндай жағдайда не істеу керек екенін сұраймын

  5. Өз жауабыңыз.

Жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №86

Үйге қарай досыңызбен келе жатқан кезде сіз бетімен төмен жерде жатқан кісіні көресіз. Сіздің досыңыз оны бұрын көргенін, мүмкін ол адамның ішкілікке немесе есірткіге құмар екенін айтады.

Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:


  1. Ештеңеге араласпай кетіп қалуға тырысамын.

  2. Жерде жатқан адамды кері аударып не болғанын анықтаймын.

  3. Ештеңеге араласпаймын, бірақ, полицияға хабарласып көргенімді айтамын.

  4. Ештеңеге араласпаймын, бірақ, болған жағдайды видеоға түсіріп You Tube-қа саламын.

  5. Өз жауабыңыз.

Жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №87

Сіздің ата – анаңыз пәтерге жоғарғы дәрежедегі интернет желісін қосып, осы қызмет үшін ай сайын 5мың теңге төлейді. Бірде, сіздің пенсионер көршіңіз сізге интернет желіге қосылу үшін рұқсат сұрайды. Өзінің өтінішін ол балаларының басқа қалада тұратынын, ал интернет олармен сөйлесу үшін қажеттігін айтады. Бірақ олар ай сайын 5 мың төлей алмайтынын айтады.

Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:


  1. Пенсионерлерге менің желіммен ақысыз қолдануына рұқсат беремін.

  2. Пенсионерлерге менің желіммен қолдануына рұқсат беремін, егер олар ай сайын маған 1мың теңге беріп отырса.

  3. Өтініштерін қабылдамаймын.

  4. Өз жауабыңыз.

Жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №88

Үйде мынадай жағдайлар орын алды. Анасы баласына айтады: Сен өз міндеттеріңе жауапкершілікпен қарамайсың, таңғы астан қалған ыдыстарыңды не үшін жумағансың? Баласы жауап берді: сен өзің де әрдайым таңғы астан кейін ыдысыңды жуып жүрмейсің.

Анасы айтады: Мен – бұл мүлде басқа әңгіме. Сенің анаңның онсызда үйде жасайтын жұмыстары көп, сенің ойыңша, сендер сияқты жалқаулардың арттарыңды аз жинаймын ба? Бала қарсы сөз айтты: мен жалқау емеспін.


  1. Анасы баласымен сөйлесу барысында қандай қателіктер жіберді?

  2. Мұндай тәрбиенің арты неге әкеліп соқтыруы мүмкін?

Жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №89

Сағат түнгі 11 болды, ал қызы әлі келмеді. Анасы алаңдап, бүкіл құрдастарына, сыныптастарына хабарласты. Қызы ешқайда жоқ болды. Түннің ортасында Сәуле көңілді әрі бақытты күйде үйге оралды.



  • Қайда жүрсің? Саған осыншалықты кеш келуге кім рұқсат берді?

Егер сен 11 сыныпта болсаң, есейіп кеттім деп ойлайсың ба? Қайда екенің белгісіз құрып кеткенше, одан да сабақ оқысаң қайтеді! – деп анасы көңілдегісін айтты.

  • Ана, неге сонша алаңдайсың, мен Дамирмен оның оқу орнындағы дискотекада болдым,- деп қыз ақталғысы келді.

  • Қандай Дамирмен? Әлгімен бе? – деп Сәуленің күнделігінен бозбаланың сүретін жұлып алды. – Мен саған ҰБТ-ның алдында қыдыру дегенді көрсетемін! – деп қызына айқайлап, ашу үстінде Дамирдің сүретін жыртып тастады.

  • Бұған қалай дәтің барды! – деп жерде жатқан сурет қиындыларын жинап жүріп айқайлады. Оларды жинап алып, бөлмесіне жылап кіріп кетті.

Бұл жағдайды талдаңыз және анасы мен қызының әрекеттеріне баға беріңіз.

Педагогикалық жағдаят №90

Сіз үйге қайтатын автобуста, шу шықты, шудың себебі сен – ауыр сөмкесі бар үлкен кісіге орын бермедің. Сол күні кешке жаңа көршілер қонаққа шақырды, бағанағы көліктегі орын бермеген кісі сіздің көршіңіз болып шықты.

Ал үстел үстінде, бағанағы ауыр сөмкесіндегі заттар болып шықты.

Осы жағдайда сен не істер едің:



  1. Өз қылығыма кешірім сұраймын

  2. Үйге кірмей кетіп қалам

  3. Өз жауабыңыз.

Жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №91

Спонсорлар мектеп мерейтойының құрметіне, ең үздік оқушыларға сыйақы ретінде 3 туристік жолдама бөлді.

Қалай және қандай принциптер бойынша сіз үміткерлерді таңдайсыз.


  1. Білім алушылар арасында конкурс өткізіп, нәтижесінде жолдама бөліп берем

  2. Мектеп жиналысына сынып старосталарын шақырып, өз сыныбындығы оқушылардың оқу үлгеріміне қарай бөліп берем.

  3. Сынып жетекшілеріне үміткерлердің тізімін беруін сұраймын.

  4. Өз ойыңыз.

Өз ойыңызды талдаңыз.

Педагогикалық жағдаят №92

Сіздің досыңыз сенбілікке қатысудан бас тартуда.

Сіздің іс әрекетіңіз:


  1. Ол оның құқығы

  2. Қаламаған ісін оған ешкім мәжбүрлеп жасата алмайды

  3. "Оның маған керек екенін" айтам

  4. Оны райынан қайтаруға тырысам

  5. Сіздің ойыңыз

Өз жауабыңызды негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №93

Сыныптасыңыз,досыңыз, сіздің көзіңізше сыныптас қызды дөрекі сөздермен балағаттады,себебі екеуі есікте соқтығысып қалған.

Осы жағдайда не істер едің:


  1. Оның маған қатысы жоқ.

  2. Ол қыз өзі кінәлі

  3. Досыма олай істегені дұрыс емес екенін түсіндірем

  4. Досыммен кейінірек сөйлесем

  5. Сіздің ойыңыз

Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №94

Жаңа сабақ түсіндіру барысында мұғалім, артқы жақтан бір дыбыс шыққанын байқады. Кім екенін білген ол.....

Оз жауабыңызды таңдаңыз


  1. Кедергі жасаған балаға келіп, ескерту жасаймын.

  2. Тез арада ата - анасын шақыртам

  3. Күнделігіне ескерту жазам

  4. Шыдамдылық танытам

Өз ойыныз. Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №95

Сіз сынып жетекшісіз. Сыныбыңыз химия сабағының өту барысы ұнамайтынын ашық түрде басқа сабақтарда айтып отыр.

Осы жағдайда сіздің іс әрекетіңіз:


  1. Мектеп әкімшілігінен мұғалімді ауыстыруын сұраймын

  2. Осы жағдайдан шығудың шешімін іздеймін

  3. Оқушылардан сабақтың не себепті ұнамайтынын сұраймын

  4. Сіздің ойыңыз

Өз жауабыңызды негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №96

Мектепке жаңа география мұғалімі келді. Сабақ сұрау барысында ол бір оқушыға жауабына төмен баға қояды. Келесі күні сол қыздың сынып жетекшісі келіп: кешегі төмен баға оқу озатына қойылған екен, ата-анасы шағымдану үстінде деп түсіндіреді.



  1. Оқушының ата - анасымен сөйлесіп кешірім сұраймын

  2. Оқушы алдында кешірім сұраймын

  3. Мектеп әкімшілігіне шешімін табуды усынам

  4. Сіздің ойыңыз

Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №97

Лық толы автобусқа кіріп, мынадай жағдайға тап боласыз:

Сіздің сыныптасыңыз өтірік ұйықтап отыр екен, ал қасында үлкен кісі тұр екен.

Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:



  1. Дереу оған ескерту жасаймын

  2. Мән бермеймін

  3. Елдің көзінше оны оятам

  4. Сіздің ойыңыз

Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №98

Кешке үйге қайтар жолда, сіз өз сыныптасыңыздың қақпаға дөрекі сөздерді жазып жатқанын байқадың.

Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:


  1. Ескерту жасаймын

  2. Бірігіп жазам

  3. Байқамағандай болам

  4. Сіздің ойыңыз

Өз жауабыңызды негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №99

Сіз 1-сынып жетекшісісіз. Сынып оқушылары төбелесіп қалды.

Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:

1.Ата – аналар жиналысын жасап осы мәселені талқылаймын

2. Сынып жиналысын ашып, бейбіт жолмен шешемін

3. Психологты, инспекторды, сынып жетекшісін шақыртамын.

4. Сіздің ойыңыз

Өз жауабыңызды негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №100

Мұғалім оқушыларға ұсталған кітап таратуда. Бір оқушы мұғалімге жыртық кітапты үн-түнсіз қайтарып берді.

Сіз бұған қалай жауап бересіз? Осындай жағдайда не істер едіңіз және неге?
Педагогикалық жағдаят №101

Сіз бастауыш сынып мұғалімісіз. Сіз оқушыларды үшінші сабақ біткеннен кейін асханаға апару керексіз. Барлық оқушылар екі – екіден қатарға тұрып, асханаға баруға дайын. Бірақ бір оқушы барудан бас тартуда.

Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз:


  1. Оқушыны басқа сыныпта мұғалімнің қарауында қалдыру.

  2. Күш қолдану арқылы оқушыны сыныптан басқа оқушылармен бірге шығару.

  3. Оқушыны жалғыз сыныпта қамап кету.

  4. Өзініздің жеке пікіріңіз...

Өз жауабыңыздың дәйектемесі.
Педагогикалық жағдаят №102

Сіз жұма күнгі кешті сыныптастарыңызбен бірге өткізуге уәде бердіңіз. Бірақ сізге досыңыз хабарласып, сол жұма күніне театрға спектакль көруге шақырады.

Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз:


  1. Сыныптастарыңызға өзіңізді жайсыз сезініп тұрғаныңызды айтасыз.

  2. Себебін түсіндіріп, театрға барудан бірден бас тартасыз.

  3. Досыңызға өзіңізді жайсыз сезініп тұрғаныңызды айтасыз.

  4. Өзініздің жеке пікіріңіз...

Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.


жүктеу 1,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау