Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі типтік оқу бағдарламасы



жүктеу 93,85 Kb.
Pdf просмотр
Дата24.02.2018
өлшемі93,85 Kb.
#10627
түріБағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТИПТІК  ОҚУ  БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

___________________________________________________________________ 

 

 



 

OBZh – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері 

 

 

 



Барлық мамандықтар үшін 

 

 



 

 

2 кредит 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қарағанды 2014 


 

II 


Алғы сөз 

 

1  Жоғары  және  ЖОО  кейінгі  білім  беру  мамандықтары  бойынша 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жанындағы  оқу-әдістемелік 

бірлестігі ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗГЕН



 

 

2  ПІКІР  ЖАЗҒАНДАР:  Ю.Д.  Обухов,  техн.  ғыл.  канд.,  Қарағанды 

мемлекеттік  техникалық  университетінің  профессоры;  Р.Р.  Ходжаев,  техн. 

ғыл.  докторы,  профессор,  «ГеоМарк»  ғылыми-инженерлік  орталығының» 

директоры. 



 

 

3  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

бұйрығымен  БЕКІТІЛГЕН  ЖӘНЕ  ІСКЕ  ҚОСЫЛҒАН  (ҚР  БҒМ  «03» 

қараша 2014 ж. № 03-3/529 хаты). 

 

 



4  Типтік  оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

23 тамыз  2012  ж.  №  1080  қаулысымен  бекітілген  жоғары  білім  берудің 

мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 

 

 



5  Республикалық  оқу-әдістемелік  кеңестің  «22»  қазан  2014  ж. 

отырысында ҚАРАСТЫРЫЛҒАН, № 1 хаттама. 



 

 


 

III 


Түсіндірме хат 

 

«Тіршілік  әрекетінің  қауіпсіздігі»  пәнінің  мақсаты  студенттерді 

адамның мекендеу ортасымен (өндірістік, тұрмыстық, қалалық) қауіпсіз өзара 

әрекеттесу  негіздерімен  және  қауіпті  және  төтенше  қауіпті  жағдайларда 

жағымсыз факторлардан қорғау негіздерімен таныстыру болып табылады. 

Берілген  пәнді  зерделеудің  алдындағы  пәндер  тізбесі:  математика, 

физика және химия. 

Берілген пәнді зерделеу нәтижесінде студенттің: 

адамның  жұмысқа  қабілеттілігін  және  денсаулығын  сақтауға  кепілдік 

беретін,  оны  экстремальды  жағдайларда  әрекет  етуге  дайындайтын,  тиімді 

кәсіптік  қызметтің  техника  қауіпсіздігіне  және  адамның  қорғалғандығына 

қойылатын талаптармен үздіксіз бірлігі туралы түсінігі болуы тиіс; 

төтенше 

жағдайлар 

саласындағы 

Қазақстан 

Республикасының 

заңнамалық  актілерін;  «адам-мекендеу  ортасы»  жүйесіндегі  тіршілік  әрекеті 

қауіпсіздігінің  теориялық  негіздерін;  адамның  мекендеу  ортасымен  және 

қызметтің  ұтымды  жағдайларымен  өзара  әрекеттесу  негіздерін;  техникалық 

құралдар  мен  технологиялық  процестердің  қауіпсіздігі  мен  тұрақтылығын 

арттыру  құралдарын  және  әдістерін;  төтенше  жағдайларда  өндірістік 

объектілер  мен  техникалық  жүйелердің  жұмыс  істеу  тұрақтылығын  зерттеу 

әдістерін;  қауіпті  және  төтенше  қауіпті  жағдайлар  мониторингінің  әдістерін; 

тіршілік  әрекетінің  қауіпсіздігін  басқарудың  нормативтік-техникалық  және 

ұйымдастыру негіздерін білуі тиіс; 

жағымсыз  әсерлер  параметрлерін  бақылау  және  олардың  деңгейлерін 

бағалау;  тіршілік  әрекетінің  қауіпсіздігін  арттыру  бойынша  шараларды 

жоспарлау және жүзеге асыру ептілігі болуы тиіс

құтқару  жұмыстарын  жоспарлау  және  қатысу;  жеке  қорғаныш 

құралдарын  қолдану,  зардап  шегушілерге  дәрігерге  дейін  көмек  көрсету 

дағдылары болуы тиіс; 

тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мәселелерінде құзыретті болуы тиіс. 

 

 

 



 

IV 


Мазмұны 

 

Кіріспе 



1  Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер 

2  Қазақстан  Республикасындағы  азаматтық  қорғаныстың  (АҚ)  міндеттері, 

құру және жұмыс істеу принциптері 

3  Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу 

4  Радиациялық және химиялық қауіптілік 

5  Техносфераның және техносфералық қауіпсіздіктің қазіргі күйі 

6  Адамды  және  мекендеу  ортасынан  табиғи  және  техногенді  текті  зиянды 

және қауіпті факторлардан қорғау 

7  Әр түрлі сипатты төтенше жағдайларды жіктеу 

8  Төтенше жағдайларда экономика объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығы 

9  Төтенше  жағдайларда  халықты  қорғаудың  негізгі  принциптері  мен 

тәсілдері 

10  Жаппай жою қаруынан қорғау 

11  Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздіктің ұйымдастыру-практикалық шаралары 

12  Стихиялық  апаттарда,  өрттерде,  өндірістік  объектілердегі  апаттарда  және 

жарылыстарда халықты қорғау 

13  Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері 

14  Практикалық сабақ тақырыптарының үлгілі тізімі 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 

Авторлар ұжымы 

 



 

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 



___________________________________________________________________ 

Жоғары білім 

Бакалавриат 

Барлық мамандықтар үшін 

___________________________________________________________________ 

 

 

Кіріспе 

 

Пәннің  тақырыбы  және  міндеттері.  Оның  жаратылыстану  ғылымдары 

жүйесіндегі  орны.  Мемлекеттің  тіршілік  әрекетінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

етудегі ролі. Адамдардың қорғау қызметінің эволюциялық дамуы: қауіпсіздік 

техникасы,  еңбек  қорғау,  қоршаған  ортаны  қорғау,  азаматтық  қорғаныс, 

төтенше жағдайларда қорғау, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі. 



 

1  Тіршілік  әрекетінің  қауіпсіздігі  саласындағы  заңды  және 

құқықтық актілер 

 

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс» Заңы: табиғи және 

техногенді  сипатты  төтенше  жағдайларда  халықты,  қоршаған  ортаны  және 

шаруашылық  жүргізу  объектілерін  қорғаудың  негізгі  принциптері; 

ұйымдардың  табиғи  және  техногенді  сипатты  төтенше  жағдайлар 

саласындағы  міндеттері;  халықтың  табиғи  және  техногенді  сипатты  төтенше 

жағдайлар  саласындағы  құқықтары  мен  міндеттері;  табиғи  және  техногенді 

сипатты  төтенше  жағдайларды  ескерту;  табиғи  және  техногенді  сипатты 

төтенше жағдайларды жою. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Табиғи және 

техногенді  сипатты  төтенше  жағдайларды  жіктеу»  Қаулысы.  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  «Табиғи  және  техногенді  сипатты  төтенше 

жағдайлардың  пайда  болуына  әкелетін  апаттарды,  ауыртпалықтар  мен 

алапаттар себептерін тергеу ережелері» Қаулысы. 

 

2  Қазақстан  Республикасындағы  азаматтық  қорғаныстың  (АҚ) 



міндеттері, құру және жұмыс істеу принциптері 

 

АҚ  міндеттері:  басқару,  хабарлау  және  байланыс  жүйелерінің  тұрақты 



даярлығын ұйымдастыру, дамыту және қолдау; азаматтық қорғаныс күштерін 

құру;  орталық  және  жергілікті  атқару  органдары,  ұйымдар  персоналын 

даярлау  және  халықты  оқыту;  төтенше  жағдайлар  ауданындағы  жағдайды 

қадағалау  және  зертханалық  бақылау;  шаруашылық  жүргізу  салалары  мен 

объектілерінің  жұмыс  істеу  тұрақтылығын  арттыру  бойынша  шаралар 

кешенін  өткізу;  қорғаныш  құрылыстардың,  жеке  қорғаныш  құралдары 

қорларының  және  азаматтық  қорғаныстың  бас  мүлкінің  қажетті  қорын 

жинақтау және әзірлікте ұстау; іздеу-құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды 

жүргізу,  зардап  шеккен  халықтың  тіршілігін  қамтамасыз  етуді  және  оны 



 

қауіпті аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру; азық-түлікті, су көздерін, 



тамақ  шикізатын,  жем-шөпті,  жануарлар  мен  өсімдіктерді  радиоактивті, 

химиялық,  бактериологиялық  (биологиялық)  зақымданудан,  жануарлар 

індетінен және эпифитотиядан қорғау. 

АҚ  ұйымдастыру  принциптері  және  оны  жүзеге  асыру  бойынша  іс-

шаралар.   

 

3  Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу 

 

Қауіпті  өндірістік  және  тұрмыстық  факторлар.  Жіктелуі,  агрегаттық 



күйі,  адам  ағзасына  түсу  жолдары,  зиянды  заттың  таралуы  және  түрленуі, 

зиянды  заттардың  әсері  және  сезгіштігі.  Зиянды  заттардың  аралас  әсері. 

Зиянды заттардың құрамын нормалау: шекті мүмкін, максимум реттік, орташа 

ауысымдық,  орташа  тәуліктік  концентрациялары.  Токсиндер  әсер  еткендегі 

созылмалы улану, кәсіби және тұрмыстық аурулар. 

 

4  Радиациялық және химиялық қауіптілік 

 

Иондаушы сәуле шығару. Сыртқы және ішкі сәулелену. Олардың адам 



ағзасына  әсері.  Экспозициялық,  жұтылған,  баламалы  дозалар.  Сәулеленетін 

тұлғалардың  және  сындарлы    органдар  топтарының  санаттары.  Радиациялық 

қауіпсіздік  нормалары.  Сәуле  ауруы,  басқа  аурулар.  Алыстатылған  салдары. 

Иондаушы сәуле шығарудың мекендеу ортасына әсері. 

Радиациялық 

қауіпсіздіктің 

негізгі 

принциптері 

– 

негіздеу, 



оңтайландыру,  нормалау.  Радиациялық  объектілерді  әлеуетті  қауіптілігі 

бойынша  жіктеу.  Жабық  сәуле  шығару  көздерімен  жұмыс  істеу.  Қорғау 

шаралары. Жайға және жабдыққа қойылатын талаптар. Радиациялық бақылау. 

Жүйелер  және  аспаптар.  Радиациялық  барлау  және  дозиметрлік  бақылау 

аспаптары.  Өлшенетін  параметрлер,  бақылау  деңгейлері.  Санитарлық-

сақтандыру шаралары. 

Химиялық  қауіпті  объектілерді  және  химиялық  төтенше  жағдайларды 

жіктеу.  Химиялық  қауіпті  заттарды  сақтау  және  тасымалдаудың  негізгі 

тәсілдері.  Қорғау  әдістері  мен  құралдары.  Химиялық  апаттар  салдарларын 

бағалау.  Химиялық  қауіпті  заттарды  апаттық  лақтырғанда  токсианттың  

таралуын есептеу әдістері. Химиялық барлау аспаптары. 

 

5  Техносфераның және техносфералық қауіпсіздіктің қазіргі күйі 

 

Жүйенің  даму  кезеңдері.  Техносфера.  Заңдылықтар  және  оның  даму 



көрсеткіштері.  Индустриялық  қоғам  адамының  биосферамен,  техносферамен 

және  әлеуметтік  ортамен  өзара  әрекеттесуінің  құрылымдық  сұлбасы. 

Техносфераның 

дамуына 


демографиялық 

жарылыстың, 

халықтың 

кенттенуінің,  энергетиканың,  көліктің,  өнеркәсіптік  өндірістің  және 

экономиканың  басқа  салаларының  әсер  етуі.  Жағымсыз  факторлардың 

жиынтығы  жоғары  техносфера  аймақтары:  өңірлердің  және  ірі  қалалардың 




 

қоршаған  ортасы,  өндірістік  орта,  төтенше  жағдайлар  аймақтары. 



Техносфераның қауіпсіздік жүйелері. 

 

6  Адамды  және  мекендеу  ортасын  табиғи  және  техногенді  текті 

зиянды және қауіпті факторлардан қорғау 

 

Қауіпті  аймақтар  және  қызмет  аймақтары  туралы  ұғымдар,  олардың 



өзара 

орналасуының 

мүмкін 

нұсқалары. 



Қызмет 

аймақтарындағы 

қауіптіліктерді  төмендету  принциптері:  қауіптілік  көздерін  жетілдіру;  ара 

қашықтықты  қауіптілік  көзіне дейін ұлғайту;  экобиоқорғау  техникасын  және 

қорғау  жүйелерін  қолдану;  жеке  қорғау  құралдарын  және  қорғаныш 

құралдарын  қолдану.  Тіршілік  әрекеті  аймақтарында  қауіпсіздікті  іске  асыру 

әдістері. 

 

7  Әр түрлі сипатты төтенше жағдайларды жіктеу 

 

Төтенше  жағдайлардың  үш  негізгі  жіктеу  белгісі:  пайда  болу  сферасы 



бойынша, ведомстволық тиесілілігі бойынша, төтенше жағдайлар аймағының 

масштабы бойынша. Табиғи сипатты төтенше жағдайлар. Техногенді сипатты 

төтенше жағдайлар. 

 

8  Төтенше  жағдайларда  экономика  объектілерінің  жұмыс  істеу 

тұрақтылығы 

 

Жұмыс  істеу  тұрақтылығы  ұғымы.  Бейбіт  және  әскери  уақыттың 



төтенше жағдайларында  экономика объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығы. 

Экономика объектісінің өндірісті жылдам қалпына келтіруге әзірлігін бағалау. 

Экономика  объектісінің  төтенше  жағдайларда  жұмыс  істеу  тұрақтылығын 

жоғарылату  принциптері  мен  тәсілдері.  Персоналдың  қорғалғандығын 

арттыру  тәсілдері.  Инженерлік-техникалық  кешеннің  және  объектіні  басқару 

жүйесінің  тұрақтылығын  арттыру  бойынша  шаралар.  Азаматтық  қорғаныс 

нормаларының өнеркәсіптік және азаматтық объектілерге қоятын талаптары. 

 

9  Төтенше  жағдайларда  халықты  қорғаудың  негізгі  принциптері 



мен тәсілдері 

 

Халықты  қорғау  принциптері.  Төтенше  жағдайлардан  және  қазіргі 



зақымдау  құралдарынан  қорғау  бойынша  шаралар:  қорғау  шараларын 

жоспарлау  және  өткізу;  қорғаныш  шараларын  өткізу  сипатын  және  көлемін 

анықтау; қорғау тәсілдері мен құралдарын анықтаудың кешенді тәсілі. Бейбіт 

және  әскери  уақыт  жағдайларында  халықты  инженерлік  қорғау.  Халықты 

эвакуациялау  бойынша  шараларды  ұйымдастыру.  Төтенше  жағдайларда 

дәрігерге  дейін  көмек  көрсету.  Әлеуметтік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар. 

Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері. 

 



 



10  Жаппай жою қаруынан қорғау 

 

Жаппай  жою  қауының,  оның  ерекшеліктері  мен  қолдану  салдарының 



жалпы  сипаттамасы.  Ядролық  қаруды  қолдану  кезіндегі  төтенше  жағдайлар. 

Жер  бетіндегі,  жер  астындағы,  әуе  және  ядролық  жарылыстардың  жою 

факторлары.  Қирау  және  радиациялық  зақымдалу  аймақтары.  Радиацияның 

және электрмагниттік импульстің әсері. Қорғау әдістері мен құралдары. 

Химиялық  қаруды  қолдану  кезіндегі  төтенше  жағдайлар.  Химиялық 

қарудың жіктелуі және токсилогиялық сипаттамалары. Зақымдалу аймақтары 

және ошақтары. Қорғау әдістері мен құралдары. 

Бактериологиялық  қаруды  қолдану  кезіндегі  төтенше  жағдайлар. 

Биологиялық  қарудың  жіктелуі  және  медицина-биологиялық  сипаттамалары. 

Қорғау әдістері мен құралдары. 

Жаппай жою қауының жаңа түрлері, қорғау әдістері мен құралдары. 

Халықты  және  аумақтарды  қорғауды  ұйымдастыру.  Қорғау  тәсілдері. 

Қорғану  ғимараттары,  баспаналар.  Төтенше  жағдайларда  персоналдың  және 

халықтың баспанасын ұйымдастыру. 

 

11  Жер 

сілкінісі 

кезіндегі 

қауіпсіздіктің 

ұйымдастыру-

практикалық шаралары 

 

Жер  сілкіністері.  Жер  сілкіністерін  жіктеу,  жер  сілкіністерінің  күшін 



өлшеу  шкалалары.  Жел  сілкіністері  кезінде  ғимараттар  мен  объектілердің 

бұзылуы. Жұмыс істеушілер мен халықтың жер сілкіністері кезіндегі тәртібі. 

 

12  Стихиялық  апаттарда,  өрттерде,  өндірістік  объектілердегі 

апаттарда және жарылыстарда халықты қорғау 

 

Өрттің жіктелуі, олардың қауіпті факторлары. Орман және дала өрттері, 



шымтезекті батпақтардың жануы  кезіндегі адамдардың тәртібі. 

Гидрологиялық төтенше жағдайлар. Гидрологиялық апаттар, су басу, су 

тасқыны,  еру.  Су  басқанда  және  гидрологиялық  апаттарда  ғимараттар  мен 

объектілердің бұзылуы. Су басу кезіндегі адамдардың тәртібі. 

Геологиялық 

қауіпті 


құбылыстар. 

Метереологиялық 

және 

агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар. Қорғау тәсілдері. 



Адамдардың  инфекциялық  науқастығы.  Ауыл  шаруашылығы  жануар-

ларының  инфекциялық  науқастығы.  Ауыл  шаруашылығы  өсімдіктерінің 

аурулармен және зиянкестермен зақымдануы. 

Ішкі  және  сыртқы  өрттің  жалпы  сипаттамасы.  Жанғыш  газдардың, 

сұйықтықтардың, 

қоспалар 

мен 

заттардың 



тұтануы. 

Газдарды, 

сұйықтықтарды, қоспалар мен материалдарды өрт қауіптілігі бойынша жіктеу. 

Жайларды  жарылыс-өрт  қауіптілігі  бойынша  санаттандыру.  Адамдарды 

өрттен қорғаудың алдын алу және тәсілдері. 

Жарылғыш  заттарды,  газ-ауа  және  шаң-ауа  қоспаларын  жіктеу. 

Конденсацияланған  жарылғыш  заттар,  газ-ауа  және  шаң-ауа  қоспалары, 



 

қысым  астында  әсер  етпейтін  газы  бар  ыдыстар  жарылғанда  соққылық 



толқынның  ерекшеліктері.  Жер  беті,  әуе  және  жер  асты  жарылыстарында  

соққылық  толқындардың  таралуы.  Соққылық  толқыннан  қорғау  әдістері  мен 

құралдары. Жоғары қысымды жүйелерді пайдалану қауіпсіздігі. 

 

13  Апаттан  құтқару  жұмыстарын  ұйымдастыру  және  жүргізу 



негіздері 

 

Мақсаты,  құрамы,  тағайындалуы,  жүргізуді  ұйымдастыру,  апаттан 



құтқару  жұмыстарын  және  басқа  шұғыл  жұмыстарды  жүргізу  кезінде 

жұмылдырылатын  күштер,  оларды  жүргізу  тәсілдері.  Құтқару  және  шұғыл 

жұмыстар  тәсілдері  мен  тізбесі.  Апаттан  құтқару  және  басқа  шұғыл 

жұмыстарды  басқару  негіздері.  Бейбіт  және  әскери  уақыттың  әр  түрлі 

зақымдаушы  факторлары  әсер  еткенде  апаттан  құтқару  және  басқа  шұғыл 

жұмыстарды  жүргізу  ерекшеліктері.  Төтенше  жағдай  нәтижесінде  өндірістік 

объектіде  (елді  мекенде)  қалыптасқан  жағдайды  барлау  және  бағалау. 

Инженерлік  жағдайды  бағалау  әдістемесі,  төтенше  жағдайлар  салдарларын 

жою үшін күштер мен құралдар құрамын анықтау. 

 

Практикалық сабақтар тақырыптарының үлгілі тізбесі 

 

1. Зардап  шеккен  тұрғындардың  тіршілік  әрекетін  қамтамасыз  етуді 

ұйымдастыру.  Тіршілік  әрекетін  қамтамасыз  ету  жүйелерінің  сенімдігін 

есептеу. 

2. Төтенше жағдайлар кезінде зардап шегушілерге көрсетілетін алғашқы 

медициналық көмек. 

3. Құрама  эвакуациялық  пунктті  орналастыру  бойынша  іс-шаралар 

жоспарын әзірлеу. 

4. Табиғи  және  техногенді  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  кезінде  тәртіп 

ережелері. 

5. Сел тасқыны параметрлерін бағалау және олардың қирату әрекеті. 

6. Көшкіннің негізгі параметрлерін есептеу. 

7. Жарылыстардың қалалық және басқа нысандарға әсерін есептеу. 

8. Қала  жағдайларында  ғимараттарды  жару  арқылы  бұзу  кезінде  бұзу 

жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіз қашықтықты есептеу. 

9. Жару жұмыстарын жүргізген кезде қауіпті аймақтарды бағалау. 

10. Апаттық қатерді болжау. 

11. Зиянды  және  қауіпті  өндірістік  факторлардың  түріне  байланысты 

жеке қорғаныш құралдарын таңдау. 

12. Табиғи  және  техногенді  сипаттағы  апаттардың,  қасіреттің  және 

катастрофаның себептерін тергеу ережелері. 

13. Адам  организміне  иондаушы  сәуле  шығару  әсері.  Радиациялық 

қауіпсіздік нормалары және сәулелену дозаларын есептеу. 

 

 



 



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 



 

Негізгі 

 

1. О  гражданской  защите.  Закон  Республики  Казахстан  от  11  апреля 

2014  года  №189-V  ЗРК  /  Информационно-правовая  система  нормативных 

правовых актов Республики Казахстан «Әділет». URL: http://adilet.zan.kz. 

2. Безопасность  жизнедеятельности  /  под  ред.  О.Н.  Русака.  –  СПб.  : 

Лань, М. : Омега-Л, 2004. – 448 с. 

3. Безопасность  и  защита  населения  в  чрезвычайных  ситуациях  : 

учебник  для  населения  /  Н.А.  Крючек,  В.Н.  Латчук,  Мирнов  С.К.  ; под  общ. 

ред. Г.Н. Кириллова. – М. : Изд-во НЦ ЭНАС, 2003. – 264 с. 

4. Безопасность 

жизнедеятельности 

Учебник 



для 

вузов 


Л.А. Михайлов, В.П. Соломин, А.Л. Михайлов, А.В. Старостенко и др. – СПб. 

: Питер, 2006. – 302 с. 

5. Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территории при 

ЧС  :  уч.  пособие  /  В.В.  Денисов,  И.А.  Денисова,  В.В.  Гутенев, 

О.И. Монтвилла. – М. : МарТ, Ростов н/Д : МарТ, 2003. – 608 с. 

6. Безопасность  жизнедеятельности.  Безопасность  в  чрезвычайных 

ситуациях  природного  и  техногенного  характера  :  учеб.  пособие  / 

В.А. Акимов,  Ю.Л.  Воробьев,  М.И.  Фадеев  и  др.  –  изд.  2-е,  перераб.  –  М.  : 

Высшая школа, 2007. – 592 с. 

7. Аварии  и  катастрофы.  Предупреждение  и  ликвидация  последствий. 

Учебное  пособие  :  в  6  т.  /  Под  редакцией  В.А.  Котляревского.  –  М.  :  АСВ, 

2003. 

 

Қосымша 

 

1. Безопасность  технических  процессов  и  производств.  Охрана  труда  : 



учебное пособие. – 2-е изд., испр. и доп. – М. : Высшая школа, 2002. – 320 с. 

2. Безопасность  жизнедеятельности  :  учебник  /  А.В.  Забегаев.  -  М.  : 

АСВ, 2001. – 140 с. 

3. Зотов  Б.И.  Безопасность  жизнедеятельности  на  производстве  / 

Б.И. Зотов, В.И. Курдюмов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М. : КолосС, 2006. – 

432 с.: ил. 

4. Безопасность  жизнедеятельности.  Безопасность  технологических 

процессов и производств : учеб. пособие для вузов / П.П. Кукин, В.Л. Лапин, 

Н.Л. Пономарев и др. – 4-е изд., перераб. – М. : Высшая школа, 2007. – 335 с. : 

ил. 


5. Балабас  Л.Х.  Основы  безопасности  жизнедеятельности  :  учебник  / 

Л.Х. Балабас, Ж.К. Аманжолов. – Астана : Фолиант, 2008. – 232 с. 

6. Абдрахманов  С.К.  О  государственной  системе  предупреждения  и 

ликвидации 

чрезвычайных 

ситуаций 

в 

Республике 



Казахстан. 

Информационно-справочное пособие. – Алматы, 2008. – 375 с. 

7. Сборник  нормативных  правовых  актов  о  чрезвычайных  ситуациях 



 

природного и техногенного характера. Книга 1. Законы Республики Казахстан 



/ сост. С.К. Абдрахманов ; Республиканские курсы ЧС и ГО. – Алматы, 2008. – 

169 с. 


8.  

Авторлар ұжымы 

 

1. Шарипов 



Н.Х.,  ҚарМТУ-дың  кафедра  меңгерушісі,  техника 

ғылымдарының кандидаты, профессор. 

2. Аманжолов Ж.К., ҚарМТУ-дың профессоры, техника ғылымдарының 

кандидаты. 

3. Пак Ю.Н., ҚарМТУ ОӘБ жетекшісі, техника ғылымдарының докторы, 

профессор. 

4.  Жұмабеков, ҚарМТУ оқытушысы. 

 

 



 

 

жүктеу 93,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау