ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
___________________________________________________________________
ONIID 5301 – Ғылыми зерттеулерді және инновациялық қызметті
ұйымдастыру
6М070700 – Тау-кен ісі
2 кредит
Қарағанды 2014
II
Алғы сөз
1 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары
бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі оқу-
әдістемелік бірлестігі ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗГЕН.
2 ПІКІР ЖАЗҒАНДАР С.С. Құлнияз, техн. ғыл. док., Қарағанды
мемлекеттік техникалық университетінің профессоры; Д.В. Сон, техн. ғыл.
канд., «АрселорМиттал Темиртау» АҚ КД тобының жетекшісі.
3 Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН (ҚР БҒМ 2014 ж.
«03» қарашадағы № 03-3/529 хаты).
4 Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
23 тамыз 2012 ж. № 1080 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға
міндетті жоғары оқу орнынан кейінгі білім стандартына және Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 16 тамыз 2013 ж. № 343
бұйрығымен бекітілген 6М070700 – Тау-кен ісі мамандығының типтік оқу
жоспарына сәйкес әзірленген.
5 Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің «22» қазан 2014 ж.
отырысында ҚАРАЛҒАН, № 1 хаттама.
III
Түсіндірме хат
«Ғылыми зерттеулерді және инновациялық қызметті ұйымдастыру»
пәнінің міндеті – магистранттарға ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
туралы, өндірістік процестер мен технологияларды модельдеу туралы, тау-кен
өнеркәсібінде инновациялық қызметті басқару туралы білім және түсініктер
беру.
Пәнді оқу нәтижесінде 6M070700 – Тау-кен ісі мамандығы бойынша
магистратура түлегі:
ғылым мен техника жетістіктерін, тау-кен ісі саласында алдыңғы
қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені, ғылыми зерттеулерді жүргізу
әдістерін, өткізілетін зерттеулер мен әзірлемелер тиімділігінің техника-
экономикалық көрсеткіштерін анықтай білуі керек;
жаңа
заманғы
ақпараттық
технологияларды
қатыстырып,
библиографиялық жұмыс жүргізу, ғылыми-зерттеу міндеттерін тұжырымдау,
қажетті зерттеу әдістерін таңдау, алынған нәтижелерді өңдеу, талдау және
ойластыру және жасалған жұмыс қорытындыларын есеп беру, рефераттар,
мақалалар түрінде тапсыру шеберлігі болуы керек;
ғылыми зерттеулер жүргізу, математикалық модельдеу және
экспериментті жоспарлау дағдылары болуы керек;
ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұйымдастыру және
жоспарлау мәселелерінде құзыретті болуы керек.
IV
Мазмұны
Кіріспе
1 Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы жалпы мәліметтер
2 Эксперимент теориясы және практикасы
3 Инновация теориясы туралы жалпы мәліметтер
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Авторлар ұжымы
1
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
___________________________________________________________________
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Магистратура
6М070700 – Тау-кен ісі мамандығы
___________________________________________________________________
Кіріспе
Курс тақырыбы. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның шектес
пәндермен байланысы.
Жаңа заманғы ғылымның ролі. Ғылым мен өндіріс. Білімді қоғамның
өндірістік күшіне айналдыру. Ғылым инновациялық қызметтің негізгі
кезеңдерінің бірі ретінде.
Ғылымды дамытудың жалпы және ішкі заңдары. Ғылымның
сабақтастығы және интернационалдық сипаты.
Ғылымның мамандарды даярлау жүйесімен байланысы.
1 Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы жалпы мәліметтер
Ғылыми зерттеулер туралы негізгі анықтамалар мен түсініктер.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ) түрлі белгілері бойынша жіктеу:
өндіріспен байланыс түрлері, маңыздылық дәрежесі, қаржыландыру көздері,
әзірлеу ұзақтығы, мақсаттық тағайындалуы және т.б.
Ғылыми мекемелер және ғылыми кадрларды даярлау. Жоғарғы оқу
орнындағы ғылыми қызмет. Магистратура және докторантура.
Ғылыми-зерттеу ұйымдарында, ЖОО-да, кафедраларда ғылыми
жұмыстарды жоспарлау. Ғылыми зерттеудің негізгі сатылары. Ғылыми
зерттеу тақырыбын таңдау, оның мақсаты мен міндеттерін анықтау. Зерттеу
нысаны мен тақырыбы. Тақырып таңдауды анықтайтын факторлар.
Ғылыми жұмысты ақпараттық қамтамасыз ету. Интернет ғылыми
ақпарат көзі ретінде. Электрондық каталог және электрондық кітапхана.
Ақпаратты өңдеу және сақтау әдістері. Дәстүрлі және жаңа заманғы ақпарат
тасымалдаушылар. Құжаттарға тиімді жұмыс жасау шарты. Үзінділер,
түсініктемелер, конспектілер мен шолулар. Ақпаратты талдау негізінде
қорытындылар.
2 Эксперимент теориясы мен практикасы
Теориялық зерттеулердің міндеттері және оларды шешудің жалпы
ғылыми әдістері: талдау және синтез, ранжирлеу, абстрактілеу және құрамдау.
ҒЗЖ-да модельдеу. Модельдер түрі. Имитациялық модельдеу. Күрделі
техникалық жүйелердің модельдерін жүзеге асыру үшін ЖЭЕМ қолдану.
2
Математикалық модельдерді құруға арналған математикалық аппарат.
Сызықтық бағдарламалау: есептер құрастыру және шығару әдістері. Көліктік
міндеттер. Сызықтық бағдарламалаудың тұтас санын есептеу. Сызықтық
бағдарламалау әдістерін тау-кен ісінде қолдану. Сызықтық емес
бағдарламалау: сызықтық емес бағдарламалау есептерін экономикалық және
геометриялық түсіндіру және оларды шығару әдістері. Динамикалық
бағдарламалау: есептерге жалпы сипаттама, есептерді сатылап шығару
әдістері, оңтайлылық принципі. Математикалық модельдеуді тау-кен ісі
есептерін шығару үшін қолдану.
Эксперимент әдіснамасы. Эксперименттің жоспар-бағдарламасын
әзірлеу. Өлшеу құралдары. Өлшеулер кезіндегі қателіктер: жүйелі, кездейсоқ
және өрескел қателер. Эксперименттерді жоспарлау теориясының негізгі
ережелері, тәжірибені қайталаудың қажетті және жеткілікті санын негіздеу.
Математикалық статистиканың негізгі ережелері және оны өлшеу
нәтижелерін өңдеу үшін қолдану: кездейсоқ шамаларды теориялық және
статистикалық үлестіру, гистограмма, полигон, сенімді аралық және сенімді
ықтималдық. Эмпириялық тәуелділікті түрлі әдістермен таңдау. Ең кіші
квадраттар әдісі.
3 Инновация теориясы туралы жалпы мәліметтер
Инновация
түсінігі
және
түрлері.
Инновацияларды
жіктеу.
Инновациялық процесс кезеңдері. Техникалық жүйелерді дамытудың жалпы
сұлбасы. Экономиканың циклдік процестерінің техника мен технологияны
дамытумен байланысы. Ұзын толқындар теориясының негізгі ережелері.
Инновациялық қызмет түсінігі, түрлері және нәтижелері. Инновациялық
қызметтің ұйымдастыру түрлері: инновациялық және венчурлық фирмалар,
инновациялық орталықтар және ғылыми парктер және т.б. Инновацияларды
дамыту сатылары және олардың ерекшеліктері. Инновациялық қызметті
реттеудің және қолдаудың мемлекеттік стратегия типтері.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Основы научных исследований : учеб. пособие / А.А. Лудченко,
Я.А. Лудченко, Т.А. Примак ; под ред. А.А. Лудченко. – 2-е изд., стер. – Киев :
Знания : КОО, 2001. – 113 с.
2 Рузавин Г.И. Методология научного познания : Учеб. пособие для
вузов / Г.И. Рузавин. – М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2012. – 287 с.
3 Маренков Н.Л. Инновации : Учебное пособие / Н.Л. Маренков. – М. :
НИБ, 2004. – 576 с.
3
Қосымша
1 Сарыбеков М.Н. Словарь науки. Общенаучные термины и
определения, науковедческие понятия и категории : Учебное пособие /
М.Н. Сарыбеков, М.К. Сыдыкназаров. – Изд. 2-е, доп. и перераб. – Алматы :
Триумф «Т», 2008. – 504 с.
2 Вентцель Е.С. Теория вероятностей / Е.С. Вентцель. – М. :
ACADEMIA, 2003. – 572 c.
3 Хемди А. Таха Введение в исследование операций = Operations
Research: An Introduction / Хемди А. Таха. – М. : Вильямс, 2007. – 912 с.
4 Грачев Ю.П. Математические методы планирования эксперимента /
Ю.П. Грачев, Ю.М. Плаксин. – М. : Высшее образование, 2005. – 296 с.
5 Алексахин С.В. Прикладной статистический анализ : учебное
пособие для вузов / С.В. Алексахин. – М. : ПРИОР, 2001. – 224 с.
6 Инновационная экономика / ред. А.А. Дынкин, Н.И. Иванова ; Ин-т
мировой экономики и межд. отношений РАН. – 2-е изд., исп. и доп. – М. :
Наука, 2004. – 352 с.
Авторлар ұжымы
1. Исабек
Т.К., ҚарМТУ кафедрасының меңгерушісі, техника
ғылымдарының докторы, профессор.
2. Давыдов Ю.Н., техника ғылымдарының кандидаты, ҚарМТУ
доценті.
Достарыңызбен бөлісу: |