Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 4,08 Mb.
Pdf просмотр
бет203/224
Дата29.01.2020
өлшемі4,08 Mb.
#27604
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   224

 

 

 



 

 

 



       

 

 



Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 

Ф 15-38/2-1-051 

 

Элективті пәндер каталогы 



Академиялық мәселелер жӛніндегі департамент 

451 беттің 406 беті 

СМЖ «Оқу-әдістемелік»  

ҮК НҮ 07-2011 

Баспа 2. Дана №1 

Құзыреттілігі:  Білімгерлерге  еңбек  құқықтық-қатынастары    туралы  іргелі  білімдер  беріп,  еңбек 

заңының  мәні  және  оның  әрекет  етуі,    жұмыспен  қамтуды  және  жұмысқа  орналастыруды  қамтамасыз 

ету, жұмыс уақыты және демалыс уақыты, жалақы және еңбекті нормалау, қызметкерлерге кепілдіктер 

беру  мен  ӛтемақы  тӛлеу,  жеке  еңбек шарты  тараптарының  материалдық жауапкершілігі,  еңбек  тәртібі 

мен  еңбекті  қорғау,  еңбек  дауларын  шешу  туралы  негізгі  заңдарды  игеріп  алуға  кӛмек  кӛрсетеді. 

Сонымен  қатар  болашақтағы  қызметінде  еңбек  құқығы  нормаларын  практикалық  істерді  шешуде 

пайдалану дағдысын қалыптастыру. 

Бағдарламаның  қысқаша  мазмұны:  Еңбек  құқығы  конституциялық,  азаматтық  және  әкімшілік 

құқықтармен  қатар  ҚР  құқық  жүйесінің  басты  салаларының  бірі  болып  табылады.Еңбек  құқығының 

құқықтық  реттеу  пәні  –  еңбек  саласындағы,  еңбек  ресурстарын  пайдалану  саласындағы  және  еңбек 

заңдылығын қолданудағы қатынастар.  



Оқыту тілі: қазақ және орыс 

Бағдарлама жетекшісі: Ибрагимов Т., аға  оқытушы 

 

Еңбектік қарым-қатынас. Трудовые правоотношения.  Labour relations. 

Пререквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы,  ҚР конституциялық құқығы, ҚР азаматтық құқығы 

Постреквизиттер: ҚР қылмыстық құқығы, ҚР әкімшілік құқығы. 

Құзыреттілігі:  Еңбек  заңының  нормаларын  тәжірибеде  заңға  сәйкес  дұрыс  қолдануды  үйрету  болып 

табылады, білімгерлерге жеке еңбек және ұжымдық шарттар туралы және оларды тәжірибеде қолдану 

процедураларымен таныстыру.   

Бағдарламаның  қысқаша  мазмұны.  Еңбектің  құқықтық  қатынастары  конституциялық,  азаматтық 

және  әкімшілік  құқықтармен  қатар  ҚР  құқық  жүйесінің  басты  салаларының  бірі  болып  табылады. 

Еңбектің құқықтық қатынастары– еңбек саласындағы, еңбек ресурстарын пайдалану саласындағы және 

еңбек заңдылығын қолданудағы қатынастар.  



Оқыту тілі: қазақ және орыс 

                     Бағдарлама жетекшісі: Ибрагимов Т., аға  оқытушы 



 

Халықаралық  еңбектік  қарым-қатынастар.  Международное  частное  право.  Internatonal  private 

law. 

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Құқық негіздері, ҚР шартты құқығы, Дипломатиялық құқық 

Постреквизиттер:  әлеуметтану,  экономика,  саясаттану  бұлар  қоғам  ӛміріндегі  мемлекетті  басқару, 

құқықтық  тәртіпті сақтау,  елді  қорғау,  мемлекет және  құқық  тарихының дамуын,  қалыптасуын  білуге, 

түсінуге кӛмектеседі.  

Құзыреттілігі:  Білімгерлерге  халықаралық  еңбек  және  ұжымдық  шарттар  туралы  және  оларды 

тәжірибеде қолдану процедураларымен таныстыру.   



Бағдарламаның қысқаша мазмұны. «Халықаралық еңбектік қарым-қатынастар» пәнінің құқық 

негіздері ғылымындағы орыны: Халықаралық еңбек құқығы, құқық жүйесінде маңызды орын алады. 

Пәнде  басқарудың  халықаралық  актілері,  халықаралық  еңбектік  құқық  бұзушылықтар,  халықаралық 

еңбек  келісім  шарттарының  бұзылуы  және  оларға  қолданылатын  шаралар  кӛрсетілген.  Сонымен  қоса 

халықаралық  құқықтағы  ұйымдардың  субъектісі,  басқарудың  формалары,  министрліктер  және 

агенттіктер жан-жақты айқындалған. 

Оқыту тілі: қазақ және орыс 

Бағдарлама жетекшісі: Ибрагимов Т., аға  оқытушы 

 

ҚР Құқыққорғау органдары. Провоохранительные органы РК. Law enforcement agencies of RK. 



Пререквизиттер: ҚР Конститутциясы, ҚР қылмыстық құқығы 

Постреквизиттер: ҚР Азаматтық құқығы, Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау. 

Құзыреттілігі:  Студенттерге  сот  жүйесі,  прокуратура,  адвакатура  және  әділет  басқармасы  қызметтері 

туралы оқытып, алған білімді тәжірибеде қолдана білуге үйрету. 



Бағдарламаның қысқаша мазмұны:  «Құқық қорғау органдары» оқу пәні құқық қорғау қызметі және 

оны  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  органдар  мен  ӛзге  мекемелер  туралы  мәліметтерді  беретін  заң 

ғылымы болып табылады. «ҚР құқық қорғау» оқу пәні ретінде соттар, прокуратура, алдын-ала тергеу, 

әділет  органдары,  адвокатура  туралы  және  азаматтардың,  мемлекеттік  және  қоғамдық  ұйымдардың 




 

 

 



 

 

 



       

 

 



Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 

Ф 15-38/2-1-051 

 

Элективті пәндер каталогы 



Академиялық мәселелер жӛніндегі департамент 

451 беттің 407 беті 

СМЖ «Оқу-әдістемелік»  

ҮК НҮ 07-2011 

Баспа 2. Дана №1 

құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғауға,  құқық  тәртібімен  заңдылықты  нығайтуға  бағытталған 

қызметті жүзеге асырумен байланысты ӛзге де мекемелер туралы негізгі мағлұматтар береді.  

Оқыту тілі: қазақ және орыс 

Бағдарлама жетекшісі: Ибрагимов Т., аға оқытушы 

 

Адвокатура. Адвокатура. Аdvocacy. 



Пререквизиттер:  Қылмыстық  іс  жүргізу  құқығы,  Қылмыстық  құқық,  криминалистика,  сот  дәлелдеу 

теориясы.. 



Постреквизиттері: криминология, сот сараптамасы, экономикалық қылмыстарды тергеу. 

Құзыреттілігі:  Адвокаттың  атқаратын  қызметін  студенттерге  жете  түсіндіріп,  тәжірибеде  қолдануға 

үйрету. 


Бағдарламаның қысқаша мазмұны: ҚР адвокаттық қызмет- бұл курстың ерекшелігін ескере отыра, әр 

бір  нақты  тақырыптың  сұрақтарын  оқып  үйренуді  Қазақстан  Республикасы  қылмыстық  іс  жүргізу 

кодексінің,  қылмыстық  процессуалдық  нормалары  бар  басқа  құқықтық  актілерді  оқып  білумен 

байланыстыру қажет. Студентердің қылмыстық – процессуалдық заңдары, осы курста қарастырылатын 

барлық  мәселелерді  терең  білуі  болашақта  қылмыстырды  тез  арада  толықашып,  дұрыс  шешім 

қабылдауының, заңдылықты нығайтудың бірде бір кепілі болып табылады 



Оқыту тілі: қазақ және орыс  

                   Бағдарлама жетекшісі: Мадибаева Д.Р., аға оқытушы. 

 

Нотариат. Нотариат. Notaries. 

Пререквизиттері: ҚР азаматтық құқығы, ҚР әкімшілік құқығы ҚР азаматтық іс-жүргізу құқығы, сот 

дәлелдеу теориясы. 



Постреквизиттері: Криминология, сот сараптамасы, экономикалық қылмыстарды тергеу. 

Құзыреттілігі: Нотариаттық міндеттерді оқи отырып, студенттердің кәсіби құзырлығын қалыптастыру. 

Бағдарламаның  қысқаша  мазмұны:  ҚР  Нотариаты  дербес  құқық  саласы  ретінде,  заң  ғылымының 

саласы  ретінде  және  дербес  оқу  пәні  ретінде  тек  19  ғасыр  жартысында  қалыптасты.  Ал  Қазақстан 

Республикасында  ҚР  Нотариаттыққа  деген  қызығушылық  тек  қоғамымызға  саяси  және  экономикалық 

ӛзгерістер енгізіле бастағаннан бастап пайда болды. 



Оқыту тілі: қазақ және орыс  

Бағдарлама жетекшісі: Мадибаева Д.Р., аға оқытушы. 

 

ҚЭН бойынша бейінді - бағдар курсы. Профильно – оринетированный курс по ОПЭ.  Profile course 



on OPE. 

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы курсы, мектептегі Адам және қоғам, Қазақстан құқықы, ҚР 

Конституциясы. 



Постреквизиттер: Алған білім құқық негіздері, заң жүйесі, заңдық сараптамалар жасауға, құқық 

негіздері, мемлекет және құқық негіздері теориясы курсын  игеруге кӛмектеседі. 



Құзыреттілігі: Бейінді – бағдар курсының маңыздылығы  және дамуы туралы білімді меңгеру және 

алынған білімді тәжірибеде қолдануды үйрену қажет.  



Бағдарламаның  қысқаша  мазмұны:  ҚЭН  бойынша  кәсіби  бағдар  курсы,    соңғы  жылдары  құқық 

мәселесі қоғамда басты да маңызды орындарға ие болуда. Қоғамдық ӛмір бір бірімен тығыз байланысты 

салалардан  тұрады.  Олардың  ең  ірілері  –  экономиклық,  әлеуметтік,  саяси  және  рухани  және  тағы 

басқалары.  Осы  аталған  жүйелер  қажетті  қоғамдық  ғылымдармен  қарастырылады.    Курстың  

маңыздылығы қоғамдағы оның экономикалық, саяси, рухани ӛмірден мемлекет құқық теориясы, құқық 

негіздері  және  оның  заңдық  сипаттамасы  жүзеге  асуы  оның  жүзеге  асырумен,  құқықтық  саясат,  оны 

бағдарлайтын заңдар жүйесі туралы түсінік берумен ерекшеленеді. Алайда кешенді түрде барлық құқық 

жүйесін адам құқықтарына қатысты салаларын зерттейді.  



Оқыту тілі: қазақ және орыс  

                   Бағдарлама жетекшісі: Мадибаева Д.Р.,  аға  оқытушы 

 

ҚР қылмыстық-атқару құқығы. Уголовно-исправительное право РК. Criminal-correctional law of RK. 

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Мемлекет және құқық, Құқық негіздері 



жүктеу 4,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   224




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау