Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік


Тақырып  5.  Жоғары  оқу  орындарында  педагогикалық  үрдісті



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет26/75
Дата04.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#36257
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75
Жоғары мектеп педагогикасы

Тақырып  5.  Жоғары  оқу  орындарында  педагогикалық  үрдісті 
ұйымдастыру формалары және олардың дидактикада дамуы. 
5.1
 
 Жоғары  мектепте  оқытуды  ұйымдастыру  формалары  туралы 
түсінік. Лекция оқытуды ұйымдастырудың формасы ретінде 
Форма  –  латынның  «Forma»  -  түр,  бейне,  заттың  сыртқы  кӛрінісі, 
пішіні. 
Оқытуды ұйымдастыру формалары – оқытушы мен білім алушылардың 
ӛзара әрекеттесуінің сыртқы кӛрінісі. 
Жоғары  мектептегі  оқыту  формаларына  жатады:  лекция,  семинар 
сабақтары,  арнайы  семинар,  коллоквиум,  зертханалық  сабақ,  практикумдар, 
студенттердің  ӛздік  жұмысы,  студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмысы, 
ӛндірістік  және  дипломдық  практикалар,  студенттердің  оқытушымен  ӛздік 
жұмысы,  курс  және  диплом  жұмыстары,  оқу  экскурсиялары,  консультация, 
емтихан, сынақ. 
 
 
Сурет  3.  Жоғары  мектептегі  оқытуды  ұйымдастыру  формаларының 
жіктелуі 
 
Теориялық формаларына:
 лекция, семинар сабақтары, арнайы семинар, 
студенттердің  ӛздік  жұмысы,  студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмысы, 
студенттердің  оқытушымен  ӛздік  жұмысы,  курс  және  диплом  жұмыстары, 
оқу экскурсиялары, консультация. 
Практикалық  формаларына:
  зертханалық  сабақ,  практикумдар, 
ӛндірістік және дипломдық практикалар. 
Бақылау формаларына:
 коллоквиум, емтихан, сынақ. 
Лекция  –  жоғары  мектептегі  оқытуды  ұйымдастыру  формасы  және 
әдісі.  Дәріс  латынның  «Lectio»  -  оқу  деген  сӛзінен  шыққан.  Ол  ежелгі 
Грекияда қалыптасып, орта ғасырларда ежелгі Римде жалғасын тапқан.  
ХІХ  ғасырдың  ортасында  бүкіл  әлемде  ғылыми-техникалық  білімнің 
дамуына  орай  лекциялық сабақтарды    практикалық  сабақтармен  толықтыру 
қажеттігі  туындады.  Практикалық  сабақтар  студенттердің  ӛздік  жұмыс 
жасауы  мен  сабақтағы  белсенділігін  арттыруға  ықпал  етеді.  Дәрістің  ӛзі 
студенттердің әдебиетпен жұмыс жасауына даярлық үшін беріледі.  
Жоғары  оқу  орындарындағы  лекцияның  мақсаты
  – студенттердің  оқу 
материалын  меңгеру  үшін  оның  бағдарлық  негізін  қалыптастыру  болып 
табылады.  
Лекция  –  қандай  да  бір  ғылыми  мәселені  логикалық  байланыста, 
жүйелі түрде, нақты баяндау әдісі. 
Оқытуды ұйымдастыру формалары 
Теориялық  
Практикалық  
Бақылау   


Жалпы  алғанда,  дәрстүрлі  лекция  оқытушы  үшін  ғана  белсенді  оқыту 
формасы болып табылады. Лекция барысында студенттердің енжарлықтарын 
жеңу, лекцияның алуан түрлілігін тиімді пайдалану арқылы іске асады.   
Жоғары мектептегі лекцияның маңызы мен міндеттері


 
пән  бойынша  студенттердің  ғылыми  білімін  қалыптастырады, 
жүйелейді; 

 
ғылым  немесе  техниканың  тиісті  саласы  дамуының  жағдайы  мен 
болашағын ашып кӛрсетеді; 

 
тақырыптың күрделі және негізгі мәселелеріне назарларын аударады; 

 
ғылыми материалды дәлелді баяндау іскерлігін дамытады; 

 
кәсіби дүниетаным мен жалпы мәдениетін қалыптастырады; 

 
студенттердің  танымдық  әрекетін  белсендіреді  (ғылыми  ізденіске 
ынталандырады), шығармашылығын дамытады. 
Лекцияның атқаратын қызметтері

-  ақпараттық  –  ғылыми  білім  жүйесін  баяндау,  ғылымның  жаңа 
жетістіктерімен 
таныстыру, 
ақпаратта 
бағдарлануға 
кӛмектесу; 
әдебиеттермен, ғылыми мектептермен таныстыру; 
- ынталандыру – тақырыпқа, оқу пәніне деген таным қызығушылығын 
тудырады және кәсіби мотивациясын дамытады; 
-  тәрбиелеуші  –  оқу  материалының  мазмұны  арқылы  моральдық 
сапаларды дамытады және оларды нақты танымдық әрекетке бағыттайды; 
-  ұйымдастырушылық  –  оқу  әрекетінің  барлық  звенолары  үшін 
психологиялық-педагогикалық бағыт береді; 
-  дамытушы  –  белсенді  ойлау  әрекетіне  қосу  арқылы  тұлғаның 
интеллектуалдық  дамуын  қамтамасыз  етеді;  құбылыстарға  баға  беріп, 
ойлауды дамытады. 
Оқулыққа қарағанда дәріс:  
- лектормен тікелей қарым-қатынас мүмкіндігін қамтамасыз етеді; 
- тақырып бойынша түрлі кӛзқарастармен танысуға мүмкіндік береді; 
жағдайдың ерекшелігін ескереді; 
-  студенттердің  меңгеріп  отырған  пәнмен  тірі  байланысты  орнатуға 
кӛмектеседі. 
Е.А.Подольская,  Р.Т.Игенбаеваның  пікірінше  лекцияның  оқыту 
формасы ретіндегі кемшіліктері: 
-  Лекция  ӛзгенің  пікірін  енжар  қабылдауға  үретеді,  ӛзіндік  ойлаудың 
дамуына кедергі жасайды. 
-  Лекция  ӛздігінше  дайындалатын  сабақтарға  деген  қызығушылығын 
азайтады. 
-  Тӛменгі  курстарда  студенттер  дәріс  мазмұнын  қабылдау  және 
конспектілеу  әдістемесі  мен  техникасын  меңгермегендіктен,  оны  дұрыс 
меңгере алмайды. 
-  Оқытудағы  даралау  және  саралау  қағидаларын  жүзеге  асыруға 
мүмкіндік бермейді. 
-  Студенттердің  кейбіреуі  ғана  лекция  мазмұнын  ұғады,  кейбірі 
лектордың сӛзін жазумен шектеледі. 


Ал артықшылықтарына келесіні жатқызады: 
-  Жаңа  қосылған  курс  бойынша  әдебиеттің  тапшылығы  болған 
жағдайда лекция ақпараттың негізгі кӛзіне айналады. 
-  Оқытушы  мен  студенттердің  шығармашылық  ынтымақтастығын 
қамтамасыз етеді. 
- Бірлескен эмоционалдық ӛзара әрекеттесу мүмкіндігін береді.  
- Студенттердің ойлау әрекетін ынталандырады. 
-  Студенттердің  интеллектісін,  моральдық  қасиеттерін,  қарым-қатынас 
мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді. 
-  Студенттерге  ӛз  бетімен  жұмыс  бойынша  бағыт-бағдар  беруге 
мүмкіндік береді. 
-  Студенттерді  кәсіби  даярлау  ерекшелігін,  олардың  қызығушылығын 
ескеруге мүмкіндік береді. 
-  Белгілі  бір  тақырыптар  бойынша  жаңа  оқу  материалы  әлі 
жарияланбаған,  қолдағы  бар  оқу  материалы  ескірген  жағдайда  ғылым  мен 
техниканың соңғы жетістіктерін студенттерге жеткізу құралына айналады. 
- Оқулықтардағы кейбір тақырыптар студенттердің ӛздігінен меңгеруге 
күрделі  болған  жағдайда  лектор  тарапынан  материалды  дұрыс 
интерпретациялау  материалды  дұрыс  және  толық  меңгеруге  мүмкіндік 
береді. 
-  Кейбір  мәселелер  бойынша  қарама-қайшы  тұжырымдардың  болуы, 
олардың лекция барысында талқылануын қажет етеді.  
Лекцияның түрлеріне тӛмендегілер жатады: 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау