24
Қазіргі таңда колледж ішілік және қалалық «World Skills», «Мамандығым
- мақтанышым», «Ӛз ісінің шебері»
- сайыстарында:
- ізденуге
- шығармашылыққа
- белсенділікке
- практикалық сабақтарда алған білімдерін қолдануға;
- ғаламтор желісіндегі аудио, видео тапсырмаларын жедел қолдануға
- практикада жетекші маманның кӛмегінің пайдасын тигізуде.
Солтүстік Қазақстан кәсіптік - педагогикалық колледжде 2016 жылдың
ақпан айында "WorldSkills Kazakhstan-2016" облыстық деңгейде кәсіби
шеберлік
байқау ӛткізілді. Байқау «электрлі монтаждау жұмыстары» бойынша
колледжден дуалды оқыту жүйесі бойынша білім алып жүрген 3 курс
студенттері қатысып, регионалдық кезеңінде жүлделі бірінші, екінші орынды
иеленді. Олар: Галайко Андрей, Иванов Александр (3курс, «Электрмен
қамтамасыздандыру»
мамандығы)
Аталған
студенттер
"WorldSkills
Kazakhstan-2016" кәсіби шеберлік байқаудың финалында
Солтүстік Қазақстан
облысының намысын қорғайды.
Білім берудің оң нәтижесін, ӛнімін кӛру, одан ләззат алу - әрбір
педагогтың қуанышы. Нәтижеге бағдарланған істе студенттер «электрмен
қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша ірі серіктес компаниясы:
«Солтүстік Қазақстан Электрлі реттеуші компания» АҚ- да еңбек етіп
жүргендіктері қатты қуантады, одан сайын құзыретті маман даярлауда аянбай
еңбек етуге жігерлендіреді.
Қазіргі таңда мен ӛзім коллежде кәсіби қазақ тілінен сабақ беремін.
Коллежде қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесі деңгейінде үйретудің ӛз
ерекшелігі бар. Колледждің қазақ тілі оқытушылары ӛз сабақтарында
компьютерлік техника мен электрондық оқулықтарды пайдаланады.
Колледжде орыс тілді аудиторияға қазақ тілі кәсіби бағытта оқытылады.
Осыған орай типтік бағдарламаға негізделген жұмыс бағдарламалары
жасалып, болашақ технология мұғалімдері, дене шынықтыру мұғалімдері,
техник-механиктер, техник-электриктер, техник-құтқарушылар тағы басқа
мамандарға қазақ тілін ӛз мамандықтарына байланысты үйренуде. Лексикалық
тақырыптардың мазмұны әр салаға, оның ішінде тіл үйренуші қалаған
мамандықпен тікелей байланыстырылады. Лексикалық тақырыптардың
оқушылардың болашақ мамандығына қатыстырылып алынуы - тіл
үйренушінің ынтасын арттырудың тиімді жолы. Ӛз тәжірибемде деңгейлеп
оқыту технологиясын сабақта жиі қолданамын. Бұл әдіс кӛбінесе
оқушылардың
сӛйлеу
және
пәнге
деген
қызығушылығын
арттырады. Колледжге әртүрлі мектептен, білімдері әртүрлі деңгейдегі
оқушылар келеді, сондықтан олар ӛз білім дәрежесіне сәйкес тапсырмалар
орындайды. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетіне қарай, ӛз
бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады. Бұл әдістің негізі - қарапайымнан
күрделіге жету. Деңгейлеп оқытудың маңыздылығы - оқушының
25
шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны ӛздігінен
үйретуге баулиды, ӛйткені грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі
игеруге дағдыландырады. Бұл әдістің тағы бір ұтымды жағы - оқушы ӛзінің
нені білетінін кӛзі жетіп, содан ӛзі ізденіп оқып келеді, ізденіп оқығанда ол
нәрсе кімнің де болса есінде қалады. [4]
Кәсіби қазақ тілін оқытудағы негізгі құралдарының бірі - мәтін.
Грамматикалық
тақырыптар
да
берілген
мәтінге
лайықталып
таңдалады. Техникалық мәтіндерді түсіну үшін оқушы мәтінде берілген басқа
лексикамен қатар кәсіби сӛздерді, терминдерді түсініп қолдана білуі керек.
Оқушы ӛз мамандығына байланысты мәтінді қызыға оқиды, ол арқылы
болашақ маманға кәсібі бойынша ӛте қажетті, пайдалы мағлұмат беріледі,
мәтін оқушының білімін, танымын, толықтырады. Кәсіби қазақ тілі
сабақтарында мәтінді тіл дамытудың басты құралының бірі деп қарап,
мәтінмен деңгейлік тапсырмалар арқылы әртүрлі тіл дамыту жұмыстарын
жүргіземін. «Технология», «Дене шынықтыру және спорт», «Тӛтенше
жағдайларда қорғаныс» мамандықтары бойынша мәтіндер жинағын құрып
кәсіптік қазақ тілін сабағында қолданамын. Тіл дамытуға арналған деңгейлік
тапсырмалар: оқулық деңгей, алгоритмдік деңгей, эвристикалық деңгей,
шығармашылық деңгей. Кәсіптік қазақ тілінде:
- мәтінді түсініп оқу;
- мәтіннен мамандыққа қатысты терминдерді теріп жазып алып, орыс
тіліне аудару;
- сӛздік құрастыру;
- сұрақтарға жауап беру;
- сұрақ құру, жауаптарын жазу;
- термин сӛздермен сӛз тіркес,сӛйлем құрастыру.
- мәтін бойынша жоспар құру;
- кесте бойынша мазмұндау;
- кесте жасау;
- диалог құру;
- жоспар бойынша мәтінді мазмұндау;
- тірек сӛздермен әңгіме құрастыру. - әртүрлі жағдаяттарды пайдалану;
- ӛз пікірлерін айта білу;
- мәтін немесе әңгіме мазмұнын жалғастыру.
- шығарма жазу;
- эссе жазу;
- реферат дайындау;
- сахналық қойылым; тест жасау;
- кроссворд, ребус жасауды қолданамын.
Сӛздік жұмысқа кәсіптік қазақ тілін меңгертуде үлкен орын
беріледі.Сондықтан да әр мамандық бойынша сӛздіктер құрып, сабақ үстінде
қолданамын. Сӛздік жұмыс оқушылардың лексикалық қорын кӛбейтеді, тілін
дамытады, жатық сӛйлеуге, қазақ тілінде түсүнуге, сӛйлесуге үйретеді. Жаңа
26
кәсіби сӛздер мен терминдерді меңгеру арқылы тіл үйренуші сӛз тіркесі мен
сӛйлем құрып, ӛз ойын жеткізуге дағдыланады.
Қорыта айтқанда, кәсіби даярлықта әрбір кәсіптік оқу пәнінің мұғалімі
білім мазмұны мен әдістемелік жүйесі негізінде жеке тұлғаға қойылатын
кәсіби деңгейін, нәтижеге бағытталған сауаттылық шешімін табу керек.
Ӛйткені кәсіби даярлықта педагогке қажетті кәсіби құзыреттіліктерді
толыққанды меңгерген оқытушы, студентті оқытуда, білім алу нәтижесіндегі
құзыреттіліктерді сапалы меңгерте алатыны сӛзсіз.
Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын
жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз
- белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не
істеуіміз керек?
Заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа
технологиясын шебер меңгерген ұстаз ғана білігі мен білімі жоғары жетекші
тұлға ретінде саналады.
Сол ұлы істерге мына біздер, кәсіби білім беру саласындағы ұстаздар,
аянбай атсалыса отырып, мұратқа жетеріміз анық!
Әдебиеттер:
1.Назарбаев Н. «Қазақстан - 2050» Барлық қазақстандықтарды ӛсіп-
ӛркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы, Президенттің Қазақстан
халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1997ж.
2.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы
3.Дуалды білім беруді енгізу шарттары туралы. Альжанов М.К.,
Кузембаев Б.,Шаяхметов Б.К., Атамбаев Ж.Н., Алматы, 2013ж.
4.Кӛшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын кӛтеруде
пайдалану мүмкіндіктері. - А.: Білім, 2008.
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Р. Т. Булебаева, Р. Ж. Колганатова,
Ақтӛбе гуманитарлық колледжі оқытушылары,
магистр,Rai_16.75@mail.ru
Бүгінгі таңда білікті маман даярлаушы кәсіби білім беретін оқу
орындарында бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін, алдымен маманның
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру керек деген әр түрлі пікірлер жиі айтылуда.
Қарастырып отырған құзыреттілік мәселесін Б.Т. Кенжебеков, Г.Ж.
Меңлибекова, А. Дорофеев, А.Б. Ежова, А.В. Райцев, Б.Б. Кенджаева, М.Ж.
Жадрина, Г. Қасымова, Р. Даулетова және т.б. еңбектерінде қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |