111
Картодиаграмма тәсілі
Карта бетіндегі территориялық бөліктің белгілі бір статистикалық
көрсеткішінің жалпы мөлшерін диаграмма көмегімен көрсететін карта.
Бұлар карта бетінде құрылып шығатын диаграммалық сызбалар.
Құбылыстардың жер танабында (аудан, облыс, ел бойынша)
орналасу жағдайлары және олардың абсолюттік шамалары диаграммалық
шартты белгілердің (бағаналар, шаршылар, дөңгелектер) пішіндерімен
кескінделеді. Мысалы, пайдаланылатын жерлердің картодиаграмма-
ларының шаршылармен топталуы. Сырттай картодиаграммалар
таңбалауларға ұқсайды. Бірақ таңбалаулар құбылыстардың пункте
(«нүктеге») орай, ал диаграммалық пішіндер картадағы жер танабына
қатысты орнықтырылады.
11-сурет. Картодиаграмма тәсілі
Картограмма тәсілі
Карта белгілі бір экономикалық, әлеуметтік құбылыстардың
қарқындылығы. К-ға түсірілген территориялық бөліктің жене
аудандары бойынша көрсететін карта. Белгілі бір аумаққа қатысты
статистикалық деректердің диаграммалар не суреттер арқылы
графикалық бейнеленеді.
Картограммалар картада әдетте статистикалық көрсеткіштерді
бейнелегенде қолданылады. Яғни халықтық санын, ауыл шаруашылығында,
орман шаруашылығын аудандастырғанда қолданылады. Картограммалар
сапалық фонға өте ұқсаса болып келеді. Бірақ олардан ерекшелігі –
сапалық фон белгілі бір ауданды аудандастырғанда қолданылса,
картограммалар басқару аудандарында қолданылады.
112
12-сурет. Картограмма тәсілі
Бақылау сұрақтары:
Тақырыптық карта белгілерінің қандай тәсілдері бар? Оларды
қолданудың маңыздылығы?
Топонимикалық карталарда қандай тәсіл жиі қолданылады?
24. Географиялық атлас
Географиялық атлас – географиялық карталарының немесе
планета бөлімдерінің (әдетте жер планетасы) жиынтығы. Бірақ күн
жүйесіндегі басқа планеталар мен олардың серіктеріне арналған
атластар да бар. Әдеттегі атластар кітап түрінде, ал қазіргі таңдағы
атластар электронды түрде беріледі. Жер туралы тереңірек мағлұмат
алу үшін атласқа жер бедерін көрсететін физикалық карталар, саяси,
климаттық, діни (діндердің әр таралу аймақтары), әлеуметтік
(халықтың орналасу тығыздығы, орташа табыс мөлшері, өлім-жітім),
экономикалық (өнеркәсіп салаларының дамуы) карталарды енгізеді.
Географиялық атластар – біртұтас шығармалар ретінде жалпы
бағдарлама бойынша жасалған географиялық карталардың жүйелі
жинақтары. Географиялық атластар әр түрлі және олар аумақтық
қамтуы (дүние жүзі, жеке континенттер, елдер, өңірлер атластары,
тағы да басқалары), мазмұны (жалпы географиялық және тақырыптық
атластар (мысалы, геологиялық, климаттық, ауыл шаруашылықтық,
өнеркосіптік, кешенді атластар), тақырыбы (ғылыми-анықтамалық,
өлкетанулық, туристік, оқулық, тағы да басқалары) бойынша бөлінеді.
"Атлас" деген атауды Фламанд картографы Меркатор енгізген (1595
ж.). Ол өзінің карталар жинағын Ливияның мифтік королі Атластың
құрметіне атаған.
Атластар – жалпы атауы бір, бірақ бірнеше карталардан
қүрастырылатын картографиялық шығарма Мифология айтады:
Ливияның королі Атлас алғашқы болып Аспандық глобусты жа-
сапты. Оның қүрметіне арнап аса көрнекті голландық картограф
Герард Меркатор (1512-1594) Атлас атауын ұсыныпты. Атластар
карталар тэрізді жіктеліседі де, қосымша нышандық белгі – атластағы
113
карталардың қосынды ауданы бойынша үстелдік (15 м ), орта (6-ь
14 м2) жэне қалта (< 5 м2) форматты (пішінді) болып бө-ліктенеді.
Атлас – карталар, кестелер, диаграммалардың және т.б. жинақ
тары, атластардың негізгі үлгілері :
анатомиялық
атлас,
мысалы
Синельникованың
адам
анатомиясы атласы
георгафиялық атлас - георгафиялық карталардың жиынтығы.
қандай болмасын планетаның физикалық атласы .
аспан денелерінің атласы
халықтардың атласы (этнографиялық атлас).
тілдердің атласы (тілдік атлас).
Атластар географиялық карталар сияқты территориясына,
мазмұнына және мақсатына байланысты бөлінеді. Карталардан
айырмашылығы, атластар тағы пішініне байланысты бөлінеді –
үстелдік, кітаптық және қалталық.
1. Территориясы бойынша дүниежүзі, материктер, мұхиттар, үлкен
географиялық аймақтар, жеке мемлекеттер мен олардың бөліктері
атластары деп бөлінеді.
2. Мақсатына байланысты атластарда маман-оқырмандарды
(туристтер, автомобилистер, оқушылар және т.б.) қызықтыратын
мәліметтер беріледі немесе жалпы мағлұматтар беретін мәліметтер
атласы ролін атқарады.
3. Мазмұнына байланысты атластар жалпыгеографиялық, тақырыптық
және комплекстік деп бөлінеді.
Жалпыгеографиялық
атластар
шектелген
картографиялық
проекциялар, бірдей немесе еселік масштабтары берілетін біртекті
математикалық негізде жасалынады. Картаның мазмұны белгілі бір
территориалдық бірлікке жатуы мүмкін, мысалы, мемлекеттер,
аудандар және т.б.
Тақырыптық атластар белгілі бір тақырыпты ашады. Мысалы,
2003 жылы ПКО «Картография» дұниежүзі Атласын басып шығарды,
оның негізгі мазмұны саяси және саяси-әкімшілік карталарға
арналған. Қосымша ретінде атласқа мәліметтер мен 24 парақты
физикалық карталарды енгізген.
Комплекстік атластар бөлімдердегі мазмұнына байланысты
әртүрлі болады. Алайда, ереже бойынша, онда екі негізгі бөлім
болады: табиғат картасы және экономикалық карта.
Атлас – бұл карталардың бір бағдарламамен бүтін шығарма
ретінде кітап немесе парақтар жиынтығы ретінде шығарылған жүйелі
топтама. Бұл жай карталардың жай жиынтығы емес, бұл жердегі
Достарыңызбен бөлісу: |