Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/60
Дата06.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#11795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60

 
12 
бұрыштарды, объектілердің ауданын, жеке нүктелердің координаталарын, 
еңістікті  т.б.  өлшеуге  қажет  графиктер;  картаның  жасалған  кезін, 
пайдаланған  материалдарын  т.б.  көрсететін  деректер;  кейде  көрсетілген 
объектілерді түсіндіріп, толықтыратын диаграммалар, таблицалар мен 
мәліметтер де болады. 
Бақылау сұрақтары: 
Географиялық  карта  дегеніміз  не?  Олардың  басты  түрлерін 
атаңыз. 
Картаның құндылықтарына не жатады? 
Географиялық  картаға  тән  қасиеттерді  айтып  беріңіз.  Оның 
оқытудағы маңызын сипаттаңыз. 
 
2. Географиялық карта мазмұнының элементтері 
Карталардың мазмұнын 4 негізгі элемент (тұрық) құрады:  

 
математикалық негіз 

 
картографиялық бейнелеу 

 
көмекші бейімдеулер  

 
толықтырма деректер.  
Математикалық  негізге  геодезиялық  негіз,  масштаб  және 
картографиялық  бейнелеуді  математикалық  айқындықпен  кейіптеуге 
мүмкіндік беретін салынды енгізілген. 
Геодезиялық  негізі  Жер  бетіндегі  мекен-жайы  жазықтықтағы  Х, 
Y координаталары және тіке бағытта абсолюттік биіктіктер жүйесінде 
айқындалған  геодезиялық  пункттердің  шоғыры.  Бұл  пункттердің 
қажеттілігі  –  топографиялық  беттен  жер  эллипсоидінің  теориялық 
бетіне ауысуда математикалық «өткел» болу. 
Масштаб.  Оның  атқаратын  басты  міндеті  –  Жер  эллипсоидін 
қолдануға қолайлы көз жетерлік мөлшерде кішірейту.  
Салынды.  Жер  шарын  (глобусты)  жазықтық  қалпына  келтіруге 
және  сызбалық  бейнелеуді  жасауға  яғни  карталанатын  құбылыстардың 
кейіпті кескінделуіне, мүмкіндік туғызады.  
Картографиялық  бейнелеу.  Бұл  бейнелеу  тәсілдерінде 
пайдаланылатын белгілеулермен діттелген (бедерленген, өрнектелген) 
жер  келбеттері.  Бұлардың  құрамы  алуан  түрлі  ландшафтар, 
құбылыстар мен процестер (тәсірлер), обьектілер. 
Ландшафт  (нем.  Lапd  –  ел  +  sсһаft  –  өзара  байланыстылық) – 
бұл  дербес  ерекшеліктермен  сипатталған  жер  бедерінің,  жер 
келбетінің,  ауа  райының,  жер  қыртысының,  өсімдіктер  мен  жануарлар 
дүниесінің, өзен-су айдындарының табиғи байланыстылығы. 
Гидрографиялық  объектілер,  яғни  құрлықтағы  өзен-сулар, 
мұхиттар мен теңіздер, көлдер. Олардың жағалаулық сызықтары. Бұл 


 
13 
объектілер  карта  бетінде  көгілдір  түспен  реңделіп  нақтылы 
тұлғаларымен  шектеледі.  200  метрлік  изобат  (тереқцік)  құрлықтық 
қайранның шекарасы болып есептеледі. Өзендер шартты белгілермен 
бейнеленеді,  олардың  салалық  тармақгануы  айқын  да  анық  болу 
керек. Есте болар жай: Қара теңіздің ең үлкен тереңдігі 2210 м, Балтық 
теңізіндегі  «Ботанический»  шығанағының  тереңдігі  124  м,  Тынық 
мұхиттағы  «Курило-Камчатский»  науасының  (желоб)  ең  үлкен 
тереңдігі 9717 м. екен. 
Карта мазмұны элементтерінің бейнелеуде ең күрделісі – ол жер 
бедері.  Әсіресе  оның  көлемді  елестетілуі  мен  өлшемді  болуы,  яғни 
беткей  еңістігін,  нүктелердің  бір-бірінен  көрінулігін,  өзара  биіктікті 
жэне  басым  қыраттылыкгы  анықгаудың,  қүрылымдық  профиль  (тіке 
тілік)  салудың  мүмкіндіктерінің  болуы.  Жер  бедерінің  деңгейлік 
беттен орналасу биіктігі 200 м дейін болса ойпат, 1000 м дейін жетсе, 
таулы үстірт (плоскогорье), қырат немесе тау деп атайды. 
Топырақтар  мен  өсімдіктер  жамылғысы  жалпыгеографиялық 
картада жинақы, ал тақырыптық картада бөлектеніп кескінделеді. 
Елді  мекендер  жинақталу  мен  сұрыптаудан  өткен  соң,  пунсон 
дөңгелектерімен көрсетіледі (фр. роіпсоп немесе лат. рипсtio – шаншу, 
түйреу – металл бетінде таңба басу үшін құрал ретінде пайда болған). 
Жол  қатынастары:  олар  құрлықтағы  жолдар  (далалық,  орман-
тоғайлық, сүрлеу) сондай-ақ теңіздік, өзендік, ауалық және құбырлық 
қатынас  жолдары  болып  келеді.  Жалпыгеографиялық  шолулық 
карталарда  ең  маңызды  деген  темір  жолдар  мен  автотрассалар 
бейнеленеді.  Сирек  қоныстанған  аудандарда  бұрынғы  керуен 
жолдарымен қоса соқпақтар да көрсетіледі. 
Теңіз бетіндегі жол қатынастары порттармен байланыстырылып, 
кеменің жүзу сызықтарының бойында «км»-лер саны жазылады. 
Көмекші бейімдеулер арқылы легенда – аңыз (шартты белгілер) 
зерделеуде  пайдаланылған  материалдар,  анықтамалық  деректер, 
карта және морфометриялық сызбалар түгенделеді. 
Толықтырма  деректерде  кірме  карталар,  цифрлы  деректер, 
кестелер, тіліктер, профильдер, суреттер, фототүсірімдер, диаграммалар, 
мәтіндік жазбалар беріледі. 
Тақырыптық  және  арнайы  карталар  үшін  жоғарыда  қаралған 
жалпыгеографиялық  картаға  тән  мазмұндамаларға  қоса  тақырыптық 
немесе  арнайы  мазмұнның  элементтері  орын  алады.  Мысалы,  жер 
танабының геологиялық құрылымы немесе навигациялық жағдай. 
Бақылау сұрақтары: 
Карта мазмұнының негізгі элементтеріне не жатады? 
Ландшафт дегеніміз не? Ол қандай элементке жатады? 
Картографиялық бейнелеудің мақсатын анықтаңыз. 


 
14 
3. Басқадай картографиялық шығармалар 
Глобустар  –  көбінесе  1:30000000-1:80000000  масштабта 
кішірейтілген  Жер  шарының  көлемдік  сүлбісі  (моделі).  Оның 
бетіндегі  меридиандар  мен  параллельдердің  қиылысуларынан  пайда 
болатын  сферовдалық  трапециялар  градустық  (географиялық)  тор 
деп  аталады.  Картографиялық  салындыда  болатын  бұрмаланулар 
мұнда  атымен  жоқ,  яғни  масштабтың  тұрақтылығы,  тұлғалар  мен 
бағыттардың ұқсастығы сақталып қалады. 
Олар объект бойынша: 

 
Жер әлемдік 

 
Планеталық 

 
Аспандық 
Тақырыбы бойынша:  

 
Жалпыгеографиялық 

 
Геологиялық 

 
саясаттық т.б.,  
Атқаратын міндеті бойынша: 

 
оқулық 

 
навигациялық т.б., 
Өлшемдері бойынша  

 
кабинеттік 

 
үстелдік 

 
кіші  

 
кішкентай болып бөлінеді.  
Алғашқы глобустар ХV-ХVІ ғғ. Европада жасалып шыға бастады. 
Атластар  –  жалпы  атауы  бір,  бірақ  бірнеше  карталардан 
қүрастырылатын  картографиялық  шығарма  Мифология  айтады: 
Ливияның  королі  Атлас  алғашқы  болып  Аспандық  глобусты 
жасапты.  Оның  құрметіне  арнап  аса  көрнекті  голландық  картограф 
Герард  Меркатор  (1512-1594)  Атлас  атауын  ұсыныпты.  Атластар 
карталар  тәрізді  жіктелсе  де,  қосымша  нышандық  белгі  –  атластағы 
карталардың қосынды ауданы бойынша үстелдік (15 м), орта (6-14 м
2

және қалта (< 5 м
2
) форматты (пішінді) болып бөліктенеді. 
Бет-бейнелік  карталар  –  жер  телімінің  үшөлшемді  көлемдік 
сүлбісі.  Олардың  көрнекі  жэне  айқынды  болуы  үшін  вертикаль 
масштаб  горизонталь  масштабпен  салыстыруда  2-5  есе  (таулы 
аймақтарда)  жэне  5-10  есе  (жазықтарда)  іріленіп  қабылданады.  Бүл 
карталар  оқыту  процестерінде,  кейбір  іс-тәжірибелік  есептерді 
шығаруда  (мысалы,  жолдар  мен  су  қоймаларын  жобалауда)  жиі 
қолданылады. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау