Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет12/60
Дата06.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#11795
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60

 
34 
1942  жылғы  координаттар  жүйесі  бойынша  солтүстік  жарты 
шарда  барлық  X  абсцисстері  оң  шама,  ал  У  ординатасы  –  оң  және 
теріс шама, орбір аймақтағы У ордината шамасы остік меридианымен 
500  км/км  тең  деп  кабылданды.  Әрбір  аймақта  вертикаль  және 
горизонталь сызықтарға өзара перпендикуляр тор салынады, олардың 
алғашқысы X осіне, екіншісі У осіне параллель. Бұл тор тікбұрышты 
координаттық  тор  деп  аталады.  Картада  ол  шаршылар  жүйесін 
көрсетеді. Оны сондай-ақ километрлік деп атайды, өйткені, сызықтар 
километрдің  тұтастай  саны  арқылы  жүргізіледі.  Километрлік  тор 
салынған  алты  градустық  аймақ  бөлімдерге  бөлінеді.  Олар  картаның 
жеке  парақтарын  көрсетеді.  Картаның  әрбір  парағы  барлық,  аймақ 
үшін  бірдей,  координаттық  торлар  бөлімдерімен  жабылған.  Жақтау 
сыртындағы  шетке  километрлік  тор  сызықтарында  абсцисс  және 
ордината шамалары жазылады. Жақтау бұрыштарына таяу координат 
сызықтары толығымен, ал қалғандары қысқартылып (сонғы екі саны) 
жазылады. Километрлік тор карта бойынша нүктелердін координатын 
анықтауға  және  белгілі  координаттар  бойынша  картаға  объектілерді 
салуға,  дирекциялық  бұрыштарды  өлшеуге,  сондай-ақ  объектілерді 
көрсету  немесе  табу  үшін  колданылады.  Сонымен  бірге,  тор  көз 
мөлшерімен кашықты және ауданды бағалауға көмектеседі.
 
 
Жазық тікбұрышты координаталар жазықтықтағы координаталар 
осіне  қатысты  нүктенің  орнын  анықтайтын  сызықтық  шаманы 
білдіреді. 
Топографияда  жазық  тікбұрышты  координаталар  жүйесі 
төмендегідей  түрде  салынады.  Жер  шарының  беті  алты  градустық 
аймақтар  бойынша  жазықтыққа  жазылады.  Олардың  есебі  Гринвич 
меридианынан шығысқа қарай бірден алпысқа дейін жүргізіледі.  
 
3-сурет.  Координаталық  аймақтар  мен  олардың  нөмірленуінің 
сызбасы
а-Жер  пішіні  бойынша;  ә-координаталық  осьтердегі  жазылған 
түрінде. 
 


 
35 
Абцисса осі х (тік ось) ретінде әрбір аймақта осьтік меридианның 
бейнесі,  ал  ордината  осьі  у  (горизонтальді  ось)  –  ретінде  экватор 
бейнесі  қабылданады.  Олардың  қиылысуы  –  0,  координата  басы  деп 
аталады. 
ТМД елдері үшін х абциссалары оң шамада, ал у ординатасы – оң 
да,  теріс  те  шамада  болады.  Ординатаның  теріс  шамасын  жою  үшін 
әрбір  аймақтың  меридиандағы  осьтік  у  ордината  шамасын  500км-ге 
тең  деп  қабылданған  яғни  х  осі  батысқы  500км-ге  ауысады. 
Сондықтан да у координатасы осьтік меридианнан шығысқа қарай, ал 
шамасы 500 км-ден кішісі батысқа қарай орналасқан. 
Әрбір аймақта тік және көлденең сызықтарға өзара перпендикуляр 
тор салынады, олардың алғашқысы х осіне, екіншісі у осіне параллель. 
Бұл  тор  тік  бұрышты  координаталық  тор  деп  аталады,  картада  ол 
квадраттар жүйесімен көрсетіледі. Оны сондай-ақ километрлік деп те 
атайды, өйткені сызықтар тұтастай километр саны арқылы жүргізіледі. 
Километрлік тор салынған алты градустық аймақ картаның жеке 
парақтары түріндегі бөлімдерге бөлінеді. Картаның әрбір парағы барлық 
аймақ үшін бірдей координаталық торлар бөлімдерімен жабылған. 
Жақтау  сыртына  шыға  берісте  шақырымды  тор  сызықтарында 
абцисса және ордтнаталарының шамасы жазылады. Жақтау бұрыштарына 
таяу координата сызықтары толығымен, ал қалғандары қысқартылып 
(соңғы екі саны) жазылады. 
Километрлік  тор  карта  бойынша  нүктелердің  координатасын 
анықтауға және белгілі координаталар бойынша картаға обьектілерді 
салуға,  дирекциондық  бұрыштарды  өлшеуге,  сондай-ақ  обьектілерді 
көрсету  немесе  табу  үшін  қолданылады.  Сонымен  бірге,  тор  «көз 
мөлшерімен» қашықтықты және ауданды бағалауға көмектеседі. 
 
4-сурет. Картада пункттің орналасу орнын жуықтап көрсету. 
 


 
36 
Километрлік  тордың  мәнін  жазу  үлгісі.  Картаға  тікбұрышты 
координаталардың  толық  және  қысқартылған  нүктелерін  түсірудің 
мысалы. 
Квадраттың оңтүстік-батыс (сол жақ төменгі) бұрышының пункт 
орналасқан  қысқартылған  координаталарын  атау  керек,  алдымен 
х координатасы,  ал  сонан  соң  у  координатасы  аталады.  Мысалы, 
А белгісінің  орналасу  орнын  көрсету  керек  болса,  «Квадрат  жетпіс 
төрт он бес, нысана» деп айтылуы тиіс. 
Карта  бойынша  координата  нүктесін  анықтау.  Масштаб 
көмегімен  берілген  нүктеде  ол  орналасқан  квадраттың  көлденең 
жағының  сол  жақтағы  (батыстағы)  тік  және  төменгі  (оңтүстіктегі  ) 
нүктесіне  дейінгі  қашықтық  метрмен  (перпендикуляр  бойынша) 
өлшенеді. х мәні экватордан квадраттың оңтүстік жағына дейінгі тұтас 
километрлік  мән  мен  сол  жақтан  нүктеге  дейінгі  өлшенген 
қашықтықтың қосындысынан тұрады, ал у мәні тік сызықтың сандық 
мәні  мен  сол  сызықтың  нүктеге  дейінгі  метр  санынан  тұрады. 
Мысалы, А нысанасының координаталар нүктесі х=74 560; у=15 410. 
 
5-сурет. Карта бойынша координата нүктесін анықтау 
 
 
 
Картаға  нүктені  түсіру.  Нүкте  орналасуы  тиіс  координаталар 
бойынша квадрат анықталады. Табылған квадраттың оңтүстік сызығының 
бүйір  жақтарынан  карта  масштабында  кесінді  салынады.  Ол 
квадраттың  төменгі  жағы  мен  х  нүктесінің  айырымына  сәйкес  келу 
керек.  Алынған  таңбалар  жіңішке  сызықтармен  біріктіріледі.  Осы 
сызыққы  квадраттың  батыс  жағынан  масштабта  кесінді  салады.  Ол 
квадраттың сол жағы мен у нүктесінің айырымы сәйкес келуі тиіс. Бұл 
ізделіп отырған нүкте болып табылады. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау