Тістердің пішініне қарай үшкір және қайырылған тісті фрезалар болып белінеді. Фрезаның осіне қарағанда кесу қырларының орналасуына қарай, тістер түзу тісті және спиральді (винтті) болып екіге бөлінеді.
Түзу тіс жұмысқа бірден, ал спиральді тіс біртіндеп косылады. Сондықтан да спираль тістер түзу тістерге қарағанда баяу және бір қалыпты жұмыс істейді.
Бекіту тәсіліне қарай, фрезалар қондырылған, өкшелік, маңдайлық болып үшке бөлінеді.
Қондырылған фрезалардың 1, 3, 4, 7 тесіктері және сыналық паздары болады да шпиндельдің оправкасына бекітіледі.
Өкшелік фрезалар 6 және 9 цилиндрлік немесе конустық өкшелік-пен тұтас жасалады. Қонустық өкшелікті фрезалар станоктың шпинде-ліне тікелей немесе конустық ауыспалы втулкалар арқылы бекітіледі. Цилиндрлі өкшелік фрезалар цангалы патрондарға бекітілген.
Маңдайлық фрезалар 15 шпиндельдің маңдайына төрт болтпен бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |