Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет41/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   122

жүйені  бұзбай  сөйлесек  әрбір  сөздің  сазына,  ритмикалық-әдістемелік 
ерекшелігіне  де  ешбір  сызат  түспейді.  Мысалы:  құлын  –  құлұн,  бұрын  – 
бұрұн, көңіл – көңүл, орын – орұн, досжаран – дошшаран, он қабат- онғабат, 
мен  келдім  –  меңгелдім  т.б.  (соңғы  сыңары  сөздің  орфоэпиялық 
нормасы).Сонымен  сөзді  сазына  келтіріп,  нақыш  өрнегін  сақтап  айту, 
сөйлейтін  сөзіне,  тыңдаушысына  селқос  қарамау,  әдеби  тіл  нормаларын 
сақтап сөйлеуді мақсат ету –сөз әсерлігінің ең негізгі шарттары. 
 
Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі: 
1. 
Уәли Н., Қыдырбаев Ө. Қазақ тілі: Сөз мәдениеті: Жалпы білім беретін 
мектептің қоғамдық-гуманит. бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. – 
Өңд., толықт. 2-бас. – Алматы: Мектеп, 2015. – 256 б. 
2. 
Қапасова Б.Қ., Әбдіжүсіпова Б.Х., Жұмаділова Ш.Т. Қазақ тілі: Жоғары 
сынып  оқушыларына  арналған  қазақ  тілін  жедел  оқыту  құралы.  –  Астана: 
«Арман – ПВ» баспасы, 2007. – 288 б. 
3. 
Шалабай  Б.  Қазақ  тілінің  стилистикасы.  Оқу  құралы.  –  Алматы: 
Республикалық оқулық баспа орталығы, 2006. – 304 б. 
4. 
Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық. – Алматы: 
«Зият Пресс», 2006 ж. – 140 б. 
5. 
Балақаев  М.,  Жанпейісов  Е.,  Томанов  Е.,  Манасбаев  Б.  Қазақ  тілінің 
стилистикасы. - Алматы, 2005. 
6. 
Шалабай Б.  Көркем әдебиет стилистикасы. - Алматы, 2000. 
7. 
Сыздықова Р. Сөз құдіреті. – Алматы, 1997. 
8. 
Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., Мектеп. – 1984.  
9. 
Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А., 
1986. 
 
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ САЛТ-ДӘСТҮРДІ ҰШТАСТЫРУ 
 
Нұрпейісова Күнтай Құдайбергенқызы 
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог 
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Мұғалімнің кәсіби 
дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» кафедрасының аға 
оқытушысы   
 
«Ел болам десең, бесігіңді түзе», - деген ұлы қаламгер М.Әуезов. Қазақ 
халқында жаңа өмірдің, жарық дүниенің есігін ашқан нәрестенің өзіне сый – 
құрмет  көрсетіліп,  дәріптейтін  лайықты  салт  –  дәстүрлері  бар.  Әлемдік 
жаһандану  үрдісіне  қадам  басқан  жаңа  ғасырда  әр  халық,  ұлт  дінін,  тілін, 
мәдениетін, тарихын мейлінше сақтап қалуға әрекет етуде. Олай болса салт-
дәстүр  –  өсіп  келе  жатқан  баланың  ой-санасын  қалыптастыруға,  өзінің  ұлт 
өкілі ретінде өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерін тигізеді. 
      
Отбасындағы  тәрбие,  үлкендердің  әрбір  сөзі,  ісі,  мерекелік  рәсімдер, 
салт-дәстүрге байланысты ұйымдастырылған шаралар – баланың қоғамдағы 
өз  алдына  жеке  тұлға  болып  қалыптасуына  әсер  ететін  алғы  шарттар  деуге 
90 
 


болады. Салт-дәстүрдің үлгісін отбасында өнеге ретінде көрсете білген ата-
ана баланың отбасына, ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға 
алғашқы қадам жасайды. «Адам еш уақытта өзімен өзі адам болмайды, адам 
болуды шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап үйренеді. Ал адамды адам 
ететін  –  жұмыр  жерді  мекен  еткен  сан  толқын  ұрпақтардың  ақыл-ойы  мен 
тірнектеп  жинаған  тәрбиесі.  Ғасырдан  ғасырға,  ұрпақтан  ұрпаққа,  әкеден 
балаға  ауысатын  тарихи-әлеуметтік,  қоғамдық-практикалық  дәстүр 
сабақтастығы  болмаса,  адамзатта  прогресс  те  болмақ  емес.  Сол  тарихи-
мәдени  тәрбиені  танып  білу  арқылы  адам  баласы  өзінің  парасат-болмысын 
шыңдайды.» 
        
Қазақ  халқы  қандай  да  болсын  қуанышын  жеке  отбасы  болып  ғана 
емес,  көрші-қолаңын,  туған-туысын,  ел-жұртын  жинап  атап  өтетін  дархан 
халық.  Той  –  думанның,  қуанышты  хабардың  жаршысы  ретінде  «Сүйінші» 
айтылады.  Сүйіншіні  жеткізуші  адамның  көңіл-күйі  көтеріңкі,  ерекше 
қуанышты жағдайда болады. «Сүйінші – қуанышты хабар жеткізушінің сөзі. 
Мысалы, «Сүйінші, сүйінші! Келініңіз ат ұстар (ұл) тапты» деп хабар әкелген 
адамға  «Қалағаныңды  ал»  деп,  аяғын  қуанышты  қонақасыға  айналдырып 
жібереді.»  Сүйіншіні  жеткізетін  адам  бір  отбасын  қуантып,  жақсы  хабар 
әкелетін  дәнекер.  Оның  қалағанын,  сұрағанын  беруге  той  иесі  міндетті. 
Сүйінші  дәстүрін  «Шілдехана»  жалғастырады.  «Шілдехана  –  жаңа  туған 
нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайылып, жастар ән салып, 
домбыра  тартып,  ұлттық  ойындар  ойналады.»  Жаңа  туған  нәрестеге  азан 
шақырылып  ат  қойылып  жөн-жоралғысы  жасалады.  Бір  ескертетін  жайт, 
салт-дәстүрлерді  үлгі-өнеге  етудің  басы-қасында  балалар  да  болу  керек. 
Бала-отбасы  тірегі,  елінің  ертеңі,  шаңырақ  иесі.  «Бесікке  салу»  рәсімінде 
әжелердің  бесік  жыры  тыңдалады.  «Бесікке  салу  –  халқымызда  бесік  – 
қасиетті,  киелі,  құтты  мүлік,  сәбидің  алтын  ұясы  болып  есептеледі.  Мұны 
«Туған жер – алтын бесік» деген сөз дәлелдей түседі. Бесікті отпен аластап, 
баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы, 
жасы  үлкен  немесе  елдің  құрметті,  өнегелі  адамына  жүктеледі.  Бесіктің 
үстіне жеті бағалы заттар жабылады. Ол заттардың әрқайсының, мысалы, ел 
дастархан жасалып, бесікке салған адамға кәде беріледі.» 
        
Ретімен, сәнімен келетін салт-дәстүрлердің өзіндік ерекшелігін, рухани 
құндылығын көріп, тыңдап отырған балаға қайталанбастай әсер қалдырады. 
Өсіп келе жатқан ұрпақ салт-сананы көру арқылы ата – бабасының қалдырып 
кеткен бай мұрасын бойына сіңіреді, қоғамның жеке тұлғасы, отбасының бір 
мүшесі ретінде жауапкершілігін сезінеді. 
     
«Тұсау кесу – сәби қаз тұра бастағанда тез жүріп кетсін деп ала жіп есіп 
(бұл – біреудің ала жібін аттамасын дегені), екі аяғын тұсап, сүрінбей ширақ 
жүретін  адамға  тұсауын  кестіріп,  баланы  қолынан  ұстап  тез-тез  жүгіртеді. 
Оған  қуанысып  шашу  шашылып,  дастарқан  жасалып,  «тұсаукесер»  кәдесі 
беріледі.» 
      
Өмір жолына аттанған сәбидің алғашқы қадамына үлкендер ақ батасын 
беріп, ақ жол тілейді: 
                                            
Қаз-қаз балам, қаз балам 
91 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау