сөздерді теру, тіпті жеке сөзді септеп немесе жіктеу сияқты жұмыс түрлері де
сөздік жұмысына жатқызылып жүр. Бұл пікірлерде сөздік жұмыстары сөз
етіле отырып, грамматикалық- орфографиялық мақсаттар мен оқушылардың
сөздік қорын байыту мәселесі аралас қарастырылған. Сондай-ақ лексикалық
оқытуға байланысты тілдегі синоним, омоним, антоним, термин, архаизм,
неологизм және идиома мен фразеологиялық құбылыстармен таныстыру да
оқушылардың сөздік қорын байыту мәселесін түпкілікті шеше алмайды.
Өйткені лексикалық құрамды теориялық жағынан оқыту белгілі бір мерзімде
ғана асырылады, ал сөздік қорды байыту мұғалімнің күнделікті оқыту
тәсілдерінің орнын алатын қазақ тілі курсы ғана емес, мектептегі басқа
пәндерді, оқытуда да жүзеге асырылатын прогресс болып табылады. Қазіргі
орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасына жүгінсек, оқушылардың сөздік
қорын байыту жұмысы мектепе қазақ тілін оқытудың барлық кезеңінде -
бірінші сабақтан бастап ең ақырғы, соңғы сабаққа дейін әрбір сабақ
барысында әр түрлі жұмыс жүргізледі. Ал, сөздік жұмысы, сөздік қорын
байыту жұмысына қазақ тілінің курсы бойынша уақытысында, бағдарламаға
байланысты арнаулы сабақ та ұйымдастыралады. Сөздік қорды байыту
мақсатын шешуде, біріншіден, оқушылардың меңгерген сөзі, сөз байлығы
қаншалықты дәрежеде екендігін, екінщіден оқушыда сөз байлығының
қорының аз болу себебін, өзіндік ерекшеліктерін үшіншіден, сөздік қорды
байыту мен дамытуда тиімді әдіс-тәсілдерді алдын ала анықтап, белгілеу
керек.
Сөздік жұмысын жүргізуде біз осы мәселелерді қарастырып көрейік.
Оқушылардың сөз байлығын қаншалықты дәрежеде анықтау, оқушының
сөйлеу мен жазу сапалылығын анықтаудан басталады. Әрбір сабақта,
сөздерді белгілі бір мәселеге таныстыру арқылы, белгілі мақсатта сөйлем
құрау, түсіндірмелі оқу, ауызша мазмұндау, жазба жұмыстар т.б. арқылы
анықтауға болады.
Мектептің әрбір сыныбында сөз және ұғымдар үйретудің мөлшерін
белгілеу мұғалімнің бірінші ойланар ісі болмақ. Мектепте алғаш келген
балалармен танысып әрқайсысымен жеке- жеке сөйлесу барысында мұғалім
олардаң ой-өрісі мен сөйлеу қабілетін аңғарады. Соның негізінде жыл бой
өзінің олармен жүргізілетін жұмыс көлемін анықтайды. Мұғалім шамалаған
меже оқу процесінің барысында өзгеруі, неғұрлым нақтылана түсуі мүмкін.
Оқушылар сөздігі әрбір пән оқулықтары мен оқу кітаптарында,
сыныптан тыс оқуға ұсынылатын көркем шығармалары және оқушыларға
арналған көрнекі құралдарда толықтырылады, кітап оларды мәдениетті
сөйлей білуге баулиды. Міне, сондықтан да мұғалім кітаптардағы сөздік
қорларды есепке алып, ол сөздердің мән-мазмұнын оқушылардың еркін
меңгеруіне көңіл аударуы тиіс. Оқушылар үйрететін белсенді сөздер
мөлшерін белгілеудегі басты бір меже олар пайдаланылатын кітап сөздері
болмақ. Жаңа сөздермен оқушылар тек кітап бойынша ғана танысып
қоймайды, алдыңғы білімі есепке алынады. Балалар сөздігін молайту
мақсатында мұғалім бұл мүмкіндіктерді де пайдаланады.
229
Жалпы топшылағанда, балалар сөздігін мына сияқты жолдармен
байытуға болады: қоршаған ортамен таныстыру, табиғат құбылыстарын
аңғарту, адамдардың қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру,
экскурсиялар ұйымдастыру сынып және сыныптан тыс оқу әңгіме мазмұнын
талқылау және талдау, ересектермен қарым-қатынас әңгіме өткізу, кездесу
ұйымдстыру; грамматика мен емлені үйрету жаттығу арқылы дағды
қалыптастыру арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу шығарма мазмұнын
талдату, айтқызу т.б.
Бұл жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының сөздігін
байытудағы әдістемелік тәсілдер мынаған келіп сияды: заттың атын атау,
табиғат құбылыстары туралы түсініктері мен ұғымдарын кеңіте түсу жолмен
байыту, балалар қолданған сөздің мәнін айқындау, оқушылар сөздігін
ауыспалы мағаналы сөздермен толықтыру, жаңа сөздерді өз ойларын
жүйелеуде жиі қолданып, жаңа сөздіктеріне қосу, сөздердің дұрыс айталуы
мен дұрыс жазылуын игеру.
Сөздік жұмыстары басты-басты мынадай бағыттарда жүзеге
асырылады: Сөздің мағынасы бойынша жұмысқа лексикалық жаттығулар
орындату. Ең алдымен оқушылар сөздің тура мағынасы болғандығымен
таныстырылады. Содан байланысты жүргізілетін жаттығу жұмыстарында бір
сөз қайталанып келетін екі сөйлем беріледі де, сол сөздің әр сөйлемде беріп
тұрған мағынасына назар аударылады, мағыналық талдау жасалады.
Мәселен, тас түскен жеріне ауыр мәтел және екі құлағы тас бітеліп қалғандай
деген екі сөйлем беріледі дейік. Алғашқы сөйлемде тас сөзі тура
мағынасында қолданылып тұр да, екінші сөйлемдегі тас сөзі ауыспалы
мағынада жұмсалып тұр.
Тіл дамыту жаттығуларында да, сондай-ақ көркем бағдарлама оқытуға
байланысты да тілдегі бейнелеуіш сөздерге түсініктемелер жасалады, оларға
арнайы жаттығулар ұйымдастырылады. Мұғалім, әрине, бұл бейнелеуіш
сөздерді оқушылардың міндетті түрде меңгеруін көздемейді, оқушылардың
сөздерді үйлесімді де сәтті қолдануын мақсат етеді.
Оқушылардың сөздік жұмыстарынан алатын білімі, дәлірек айтқанда,
лексикалық білімі шамамен мына көлемде болмақ: Сөз белгілі бір зат атауын
білдіреді. Әрбір сөздің өзіндік мағынасы бар, ал контексте ол мағынаның
басқа мағынаға ауысуы мүмкін. Демек, сөз мәні контексте ғана аңғарылады.
Зат есім, сын есім, сан есім, етістік сияқты сөздер ғана емес, шылау және
одағай деп аталатын көмекші сөздердің де белгілі дәрежеде өзіндік мағынасы
болады. Сөздің беріп тұрған мағынасы контексте анықталатын
болғандықтан, жеке сөз мағынасы және оны дұрыс қолдану жөніндегі түсінік
сөзді жеке алып қарастыру жолымен емес, сөйлемде немесе байланысты
текстегі ұғымы бойынша саралануы тиімді. Сөйлемдегі кез-келген сөзді
басқа сөзбен ауыстыруға болады. Сөйлем әрлі де әсерлі ұғым беруі үшін
мағынасы бір-біріне жақын немесе ұқсас сөздерді синонимдерді тиімді
қолдануының стилистикалық мәні бар.
Сөздіктер актив және пассив болып бөлінеді. Оқушылар түсінетін бірақ
өз сөзіне аз қолданылатын немесе мүлде қолданыла алмайтын сөз пассив, ал,
230
Достарыңызбен бөлісу: |