Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122

Топ/жұп  құрамында  орындау.  Берілген  тапсырманы  топ  немесе  жұп 
құрамында орындау қажет. Оқушылардың бұл жұмысты таңдап алған рөлдер 
ауқымында  жүзеге  асырғандығы  дұрыс.  Мұнда  топтағы  өзара  позитивті 
тәуелділікті  тудыру  үшін  әр  топтың  спикерін  көрші  топтың  таңдағаны 
орынды.  Бұл  спикерді  топтың  өзі  тағайындаудан  әлдеқайда  тиімді  болады, 
өйткені  топ  мүшелері  топ  намысын  бермеу  үшін  барлық  оқушылардың 
талқылауға  белсенді  қатысып,  спикер  болатындай  дәрежеге  шығуға 
тырысады.  
Жариялау. Оқушылар өз жұмыстарын сыныпқа таныстыру, қорғау үшін 
қанша уақыт берілгенін айту керек. 1, 2, 3 минут.Жариялау барысындағы ең 
маңызды  сұрақ:  «Бір  топ  қорғағанда  қалған  оқушылар  не  істеп  отырады?» 
Қалған оқушылар бекер отырмау үшін олар бір-біріне кері байланыс беруге 
дайындалып отырады. Ол үшін жариялаумен таныса отырып (тыңдап, қарап 
отырып), бір топ (немесе бір оқушы) сұрақтар қоюға дайындалса, екінші топ 
(немесе  оқушы)  «жұлдызшалар»  беруге  (таныстырылымның  ұтымды 
жақтарына тоқталу), ал үшінші топ (немесе оқушы) таныстырылымды қалай 
жақсартуға  болатындығы  туралы  ұсыныс  жасауға  дайындалады.  Егер 
төртінші топ болса (немесе төртінші оқушы), онда оларға таныстырылымды 
қорытындылау тапсырмасы беріледі, яғни оқушылар мұның оларға жасаған 
әсері, көмегі, маңызы туралы өз ойларымен бөліседі.Осылайша оқушылар тек 
мұғалімге  жауап  бермей,  өз  таныстырылымдарын  бүкіл  сыныпқа 
бағыттайды.  Қалған  оқушылар  да  өздерінің  жұмыстарымен  әлек  болмай, 
назарларын жарияланып жатқан жұмысқа (немесе айтылып жатқан жауапқа) 
аударады.  
Кері  байланыс.  Жариялау  немесе  таныстырылым  аяқталған  соң 
оқушылар  оның  сапасы  туралы  өз  ойларын  ортаға  салып,  жағымды 
жақтарына  тоқталады  және  оны  жақсарту  туралы  ұсыныстар  жасайды. 
Әрине,  мұнда  кері  байланыстың  «сыншыл  дос»  ұғымы  ауқымынан 
шықпағаны дұрыс. Сонымен бірге кері байланыс жауап берген оқушыларға 
пайдалы  болып,  оларды  ынталандыруы  және  қанаттандыруы  керек.  Мұнда 
бұл  оқушылардан  кері  байланысты  қалай  қабылдағандығы  туралы  сұраған 
орынды: кері байланысқа қайта кері байланыс жасату.  
Қорытындылау. Тапсырма бойынша белсенді әрекеттер аяқталды. Енді 
оқушылар  ой-толғанысқа  ден  қойып,  аз  уақытта  (1-2  минут)  топ  ішінде 
немесе бүкіл сыныппен тапсырманың нәтижелерін талқылайды.  
Олар  бұл  талдауда  «Тапсырманы  қалай  орындадық?  Жақсы  жақтары 
мен  кемшін  тұстары  қандай?  Неліктен  олай  болды?  Бұл  тапсырма  бізге  не 
берді?  Оның  нәтижелері  қандай?»  деген  секілді  сұрақтарға  жауап  беруге 
тырысуы  керек.  Кейде    жалпылама  «Тапсырма  орындау  барысында  не 
үйрендік?»  сұрағының  орнына  «Тапсырма  орындау  барысында  үйренген  2 
нәрсені  көрсетіңіз»  деген  дұрыс  болатын  шығар.  Жауапты  2-4  сөйлем 
арқылы  тұжырымдаса  қалай  болады?!Мұндай  тапсырманы  ерте  берген 
орынды,  сонда  бала  сабақ  соңында  не  үйренгенін  2-4  сөйлем  төңірегінде 
қортындылап береді. Сонымен қатар адамдармен қарым катынас тәсілдерін, 
түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.  

 


Мәтінмен  жұмыс  жасауға  арналған  стратегиялар,  атап  айтқанда 
«джигсо, джигсо -2, Инсерт, ойланып оқу» тағы басқа стратегиялар арқылы 
оқушы  тек  жаңа  ақпарат  алып  қана  қоймайды,  мәселенің  негізгі  түйінін 
тауып,  тақырып  бойынша  ой  қозғап,  өз  бетімен  білім  алуға  белсенділігі 
артады,  өз  пікірін  ортаға  салады.  Оқушылар  топпен  жұмыс  жүргізуге 
дағдыланады.  
Ал  жазылым  стратегиялары,  «еркін  жазу,  5  минуттық  эссе,  жол 
қалдырып жазу, бес – бес – бір» сияқты стратегиялар аркылы оқушы берілген 
тақырып  бойынша  өзінің  пікірін,  ойын,  дәлелдерін  жазады.  Керек  кезінде 
тақырып бойынша ұсыныстар жасап, болжау жасауға мүмкіндік алады. Басқа 
пікірлерді  сынайды.  Оқушы  осы  стратегиялар  арқылы  өздерінің  танымдық 
құзыреттілігін дамытады.  
Пікірталасқа  арналған  «кубизм,  болжау  таблицасы,  семантикалық 
карта,  жұппен  ой  бөлісу»  т.  б.  стратегиялар  арқылы  оқушылар  өзара 
пікірталас, диспут, дебат жүргізу арқылы өз ойларын айтып, оны дәлелдеуді 
үйренеді, басқалардың пікірін тындай біледі.Топпен, жұппен, жеке жұмыстар 
жүргізу  барысында  өзара  қарым  –  қатынаста  болады.  Оқушылардың 
шығармашылық құзіреттілігі, қабілеті артады.  
Тапсырма  орындау  барысында  сұрақтардың  алатын  орны  ерекше. 
Сұрақты  сауатты  қою  да  өнер.  Жоғары  денгейлі  сұрақтар  арқылы  алған 
білімді тексеріп, баланы сыни ойлауға жетелеуге болады. Соңғы уақыттары 
сұрақ түрлерін Блум тамксономиясы негізінде былай жіктеп жүр.  
Қарапайым сұрақтар – нақты фактілерді білуді талап етеді. Кім? Не? 
Қашан? Қайда? деген сұрақтарға жауап беруді сұрайды.  
Анықтағыш сұрақтар - оқушыларға алған ақпаратты дәл мәтіндегідей 
емес,  оқығанын  түсініп,  обьектілерді  салыстыру,  негізгі  идеяны  анықтау 
мақсатында  қойылады.  «Менің  түсінгенімше,»,  «Сізді  дұрыс  түсіндім  бе?» 
деген сияқты сұрақтар. 
Талдау  сұрақтары  /интерпретация/  Оқушыларға  алған  ақпаратты 
түйсініп,  осыған  ұқсас  жағдайларда  қолдану,  мәселелерді  шешу  жолдарын 
табу  ұсынылады.  Мәтінге  интерпретация  жасату  арқылы  біз  оқушылардың 
түрлі пікірлер мен әрекет себептерін түсіну дағдысын қалыптастырамыз.  

Неге бала Тұрар ылғи шаршап жүреді?  

Шығармада еркіндік, бостандық, тәуелсіздік идеясы қалай көрінеді? 

Мен үшін ұлттық құндылықтарды білу не үшін керек?  
Шығармашылық сұрақтар - Оқушылар ақпаратты шағын бөліктерге 
бөліп,  оның  құрылысын  анықтау  тапсырылады.  Оқушылар  түрлі 
көзқарастарды  талқылап,  «неге?»  деген  сұраққа  жауап  іздеп, 
қызығушылықтың себептерін анықтап, алған фактілері бойынша қорытынды 
жасайды.  Оқушылар  мектепте  оқып  жатқан  материал  мен  шынайы  өмір 
арасындағы  байланысты  көреді,  бұл  дегеніңіз  оқыту  үрдісіне  олардың 
көзқарасын  өзгертуі  мүмкін.  Оқушыларға  ойлану  мен  талдау  жаңа 
ұғымдарды  түсінуге  көмектеседі:  «Сіз  қалай  ойлайсыз,  не  болады?»,  «Неге 
осындай болжам жасадыңыз?», «Бұл шешімге қалай келдіңіз?», «Неге бұлай 

 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау