1.5.3. Балық пресервтері Балық пресервтері татымды, кейде маринадталған немесе арнайы
тұздалған әртүрлі тұздықтар қосылып немесе қосылмай герметикалы
тығындалған өнімдер, консервілерден ерекшелігі бұлар стерилденбейді.
Пресерв тұрақтылығын арттыру үшін антисептик ретінде бензой қышқылды
натрий қосылады.
Пресервтердің келесі түрлерін ажыратады:
-
татымды тұздалған бөлшектелмеген балықтан жасалған пресервтер;
-
татымды майонез және маринад құйылған, қыша, жеміс
-
жидек және басқа
тұздықтар қосылған бөлшектелген балықтан жасалған пресервтер;
66
-
арнайы тұздалған балықтан жасалған пресервтер.
Балық пресервтерін сортқа бөлмейді. Пресервтерді өндірген соң олар
жетілу қажет, әйтпесе дәмсіз, шикі және қатты болады. Пресервтер құрамында
6-
10 % тұз болады.