Кей авторлар биологиялық адамды және әлеуметтік адамды айырып
көрсетеді. Егер біріншісі өзінің тамаққа, киімге, баспанаға, ұрпағының
жалғасуы сияқты қажеттіліктерді қанағаттандыруды ойласа, екіншісі не тиімді,
не тиімсіз екенін таңдайды. Онда іштей шектелу жоқ, оның ар-ұяттан жұрдай
болуы заңды. Адамның үшінші түрі – бұл рухани адам – қысқаша айтсақ, бұл –
ұяты бар адам. Сондықтан, қайырымдылық пен зұлымдықты ажырата білу
керек. Жалпыадамзаттық құндылықтарға сонымен бірге өмірдің мәні, бақыт,
қайырымдылық, парыз, жауапкершілік, ар, абырой, сенім, бостандық, теңдік
сияқты құндылықтарды да жатқызуға болады.
Г.А. Омарованың пікірінше, жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл
трансцендентті, тарихи шектен шықпайтын табиғаты бар бітпейтін этикалық
құндылықтар, біртұтас рухани шынайылықтың түрлі қырлары және сол себепті
әлеуметтік, саяси, ұлттық, ғылыми, тұлғалық және басқа құндылықтардың
өзгермелі жүйесінің инварианты болады. Мысалы, бұған шынайы махаббат,
парызын риясыз орындау, қалтқысыздық, шыншылдық, күш жұмсамау, ішкі
әлем және тыныштық, мейірімділік, жақсылық, обал-сауапты ескеру және т.б.
жатады [5].
Қоғамдық қарым-қатынастың екі нұсқасы туралы түсінік жалпыадамзаттық
құндылықтарды түсінумен тікелей байланыста: «Қоғамның екі түсінігі бар:
қоғам не табиғат сияқты түсіндіріледі, немесе рух сияқты түсіндіріледі. Егер
қоғам табиғат болса, онда күштінің әлсізге зорлық жүргізуі, күштілер мен
бейімделушілерді іріктеу, құдіреттілік еркі, адамның адамға үстемдік жүргізуі,
құлдық пен теңсіздік, адам адамға қасқыр деген пікір ақталады. Егер қоғам рух
болса, адамның жоғары құндылығы, адам құқығы, бостандығы, теңдігі және
туыстығы бекиді (Н.Бердяев) [6].
Барлық уақытта да өмірдің өзі және оны табиғи және мәдени түрлерде
сақтау мен дамыту проблемасы негізгі құндылық болған. Сондықтан орталық
жалпыадамзаттық құндылықтардың біріне басқа құндылықтардың негізі
ретінде көрінетін жеке адамның өмірін жатқызуға болады.
Алайда, ұлы Абай жазғандай, «Махаббатсыз дүние бос». Махаббат −
әлемдік мәдениет пен өнердегі іргелі тақырыптардың және ортақ
тақырыптардың бірі. В.С. Соловьев махаббатты рухтанған бір тірі жанның
басқаға онымен және бір-бірімен өзара өмірді толықтыру үшін ұмтылысы
ретінде анықтайды және оның үш түрін көрсетеді [7]:
1.
Аларынан берері көп махаббат, немесе кемімелі махаббат – бұл түріне
ата-ана махаббатын, көп жағдайда ананың балаларына махаббатын жатқызады.
адамдағы бұл махаббат, немесе үлкендердің кішілерге қамқорлығы,
күштілердің әлсіздерді қорғауы біртіндеп ұлттық-мемлекеттік тұрмыс жолына
қойылады.
2.
Берерінен алары көп махаббат, немесе үдемелі махаббат – бұл түріне
балалардың ата-анаға махаббатын, сол сияқты жан-жануарлардың өз
асыраушысын жақсы көруі, әсіресе үй жануарының адамға адалдығын
жатқызады. Оның ойынша, адамда бұл махаббат дүниеден озған ата-
бабаларына, сонан соң болмыстың анағұрлым ортақ және болар-болмас
7
себептеріне де таралуы мүмкін және адамзаттың барлық діни дамуының түбірі
болады.
3. Тең дәрежеде беретін де алатын да махаббат, немесе жыныстық
махаббат – бұл түріне ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген махаббаты жатады.
Адамда мұндай махаббат өмірдегі өзара толық түріне жетуі мүмкін және осы
арқылы жалқылық бастау мен қоғамдық жалпылық арасындағы тамаша қарым-
қатынастың жоғары символы болады.
Бостандық қоғам үшін, сондай-ақ тұлға үшін ауыспайтын маңызға ие
болады. Бостандық – тұлғаның жақсылық пен жамандықтың ажырату негізінде
таңдау жасау қабілеті. Бостандықтың мұнан басқа да көптеген анықтамалары
бар. Этикада бостандық адам жігерінің еркіндігімен байланысты
қарастырылады. Жігер бостандығы адамға жауапкершілік артады және оның
сөзі мен қылығын еңбегі ретінде жүктейді. Құқықта бостандық – конституцияда
немесе басқа заңнамалық актіде бекітілген адамның белгілі бір мінез-құлқының
мүмкіндігі (мысалы, сөз бостандығы, діни наным бостандығы және т.б.).
Басқа жалпыадамзаттық құндылық – бақыт – адамның өзінің тұрмыстық
жағдайына іштей қанағаттануын, өмірдің толықтығы мен мағыналығын, өзінің
адамдық парызын жүзеге асыруына барынша сәйкес келетін жағдайы.
Бақытқа екі жолмен баруға болады. Біріншісі – сыртқы жол. Жақсы үй,
жақсы киім, ұнайтын дос таба отыра, адам қандай да бір деңгейде бақыт пен
қанағаттанушылық алады. Екінші жол – бұл рухани даму жолы, және ол ішкі
бақытқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда бұл екі тәсіл тең емес. Сыртқы
бақыт ішкі бақытсыз ұзаққа созыла алмайды. Егер өмір қара түсте көрінсе,
жүрегіңіз бірдеңені қаламаса, қандай сән-салтанат қоршаған күнде де сіз
бақытты бола алмайсыз. Егер сіз іштей жан тыныштығына қол жеткізсеңіз, кез
келген қиын жағдайда да бақытты бола аласыз (Далай-лама XIV) [8].
Адамдар үнемі ақиқатты іздеу қажеттілігін сезінеді. Ғылымға дейінгі
дәуірде адамдардың ақиқатты түсінуі көпмағыналы болды: оған тәжірибелік
білімдер, әңгіме, сенім, белгі, үміт, наным және т.б. жатады. Оны
тасымалдаушылар: қарттар, бақсылар, көріпкелдер, сәуегейлер, абыздар,
философтар, ғалымдар ерекше құрметке ие болды. Көреген билеушілер ғылым
мен білімнің дамуына қамқорлық жасады. Ақиқат – адамның ең жоғары
интеллектуалды құндылығы.
Адамзаттың бастапқы құндылықтарына наным – қандай да бір нәрсені
ақиқатында, көп жағдайда – өзінің негізделуі үшін дәлелді қажет етпейтін,
кейде іздестіретін, тексермей-ақ тек іштей көз жеткізу арқылы мойындау
жатады.
Діни көзқарас тұрғысынан наным күтуді жүзеге асыруды және көзге
көрінбеске сенуді білдіреді. Бір қоғамдастықтағы сенетін кісілердің әлем
туралы түсініктері шамамен бірдей болады, өйткені олар қоғамдастарының
өткені (дәстүр) мен қазіргі тәжірибесіне сенуге бейім. Сондықтан нанымды
әлем туралы ұжымдық түсінік ретінде қарастыруға болады.
«Наным» сөзі сонымен бірге «дін», «діни ілім» мағынасында қолданылады
–
мысалы, мұсылман ілімі және т.б.
8
Достарыңызбен бөлісу: |