Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 471,11 Kb.
Pdf просмотр
бет3/21
Дата28.01.2020
өлшемі471,11 Kb.
#27547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

алынып тасталынды. Сол сияқты Англиядағы курсивті үзіліссіз жазуды да айтуға болады. 

Мұндай оқу, жазу әдістемесіне әсерін тигізген, оның ӛзгеруіне мынадай себептер болды. 

 

1. Ӛзінің зерттеулер немесе басқа мұғалімдердің тәжірибиесі негізінде жасалынған 



қорытындылар  немесе  әдістемелік  нұсқаулар.  Бұл  жазуды  байытуға  әсерін  тигізеді. 

Мәселен,  ХХ  ғасырдың  басында  Е.Евсеев  оқу,  жазудың  әдістемесін  жасаса, 

Е.В.Гурьянова, Е.Н.Соколова методикалық нұсқаулар жазды.  

 

2. Оқу, жазудың тәжірибесінің басқа елдермен ауысуы. 



 

3. Жасалған іс – тәжірибиелер арқылы әдістердің ӛзгеруі. 

 

Осындай іс – тәжірибиелер негізінде жазуға оқытудың алғашқы әдістерін Гурьянов 



енгізді.  Жеке  мектепте  және  сыныпта  жүргізілген  эксперимент  негізінде  графикалық 

дағдыларын үйретудің әдістемесін жасады. 

 

Кӛркем жазу саласында кӛптеген сұрақтар пікірталас тудырып, ауқымды мәселеге 



айналды.Олар: 

 

а) 5 – 6 жасар баланы қалай жазуға оқытамыз? 



ә ) үзіліссіз және үзіліспен жазуды қалай қолданамыз? 

б) тік және кӛлбеу жазуды қалай қолданамыз? 

в) қай қолмен жазған  дұрыс? 

г) әріптің кӛлемі қандай болу керек? 

 

Осындай мәселелерді шешу барысында басқа елдермен тәжірибе алмасып отырды.



 

Англия,  Америка,  Германия,  Швеция  т.б.  елдерде  жазуға  үйретудің  алғашқы 

кезінде курсивті жазу  емес,  құрамында кӛптеген элементтері  бар шрифтпен жазды. Бұл 

жазуды  монускрипт  деп  атады.Бірақ  бұл  проблемены  шеше  алмады.  Жазудың 

жылдамдығы мен сапасы жақсармады.  Чехословския  елінде  оқушыға  жазу  оңай  болу 

үшін  ең  алдымен  әріпті  үлкен,  кейін  кіші  етіп  жазуды  үйретті.  АҚШ  елінің  кей 

мектептерінде жазудың алғашқы кезінде машинамен басып үйренді. Болгарияда 

жазу 


дағдысы  оқытуға  үйретуден  дамып  отырды.  Бірінші  оқытып  үйренуден  осы  кезде 

элементті,  қолдың  қозғалысын  жазуға  даярлайды.  Сонымен  қатар,  дәптердегі 

сызықтардың  орналасу  үлкен  мәселе  тудырған.  Дәптердегі  сызықтардың  орналасуымен 

М.Ричардсон айналасты.[1./12- 16 б./,2/7 – 9 б./] 

Дәріс  1.4.Оқу  пәнінің  білімділік,  дамытушылық  және  тәрбиелік  міндеттері, 

басқа пәндермен байланысы 

Кӛркем  жазу  пәні  педагогика,  гигиена,  физиология,психология  т.б.  пәндермен 

байланысты. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында кӛркем жазу пәні бойынша 

түрлі әдістемелер жарық кӛрді . Соның ішінде И.Е.Евсеевтің еңбегінің маңызы зор.Оның « 

Кӛркем жазуды оқытудың әдістемесі» атты еңбегінде: кӛркем жазудың тарихы, әр әдістің 

қолдану реті т.б. жазылған.Сонымен қатар В.Гербача және Ф.В.Грекованың әдістемелері 

де үлкен қызығушылығын тудырды. 

 

Кӛркем  жазуды  тек  әдіскерлер  ғана  емес,  гигиенистер  –  А.С.Вирениус, 



В.И.Бывалкевич  те  зерттеді.  Ӛткен  жүз  жылдық  аяғында  профессор  Ф.Эрисман  мектеп 

партасын жасады. 

 

Кӛркем  жазуға  үйретуде:  тік  жазу  керек  пе,  әлде  кӛлбеу  жазу  керек  пе?  Деген 



сұрақтар пікірталас тудырды.Бір кездері кӛптеген елдерде соның қатарында Ресей елінде 

де  тіке  жазу  енгізілді.  Алайда    бұлай  жазу  ұзаққа  созылған  жоқ.  Себебі  тіке  жазу 

оқушының  денсаулығына  (  қабырғаның  қисық  болуы  т.б.  )әсер  ететіндігі 

дәлелденді.Кӛлбеу жазу тез әрі қолайлы болғандықтан енгізілді. [ 2. / 3 – 8 б./ ] 

 

1969  жылдан  бастап  республика  мектептері  оңайлатылған  жаңа  жазу  шрифтісіне 



кӛшірілді. 

 

Оңайлатылған  алфавиттегі  әріптердің  басым  кӛпшілігі  ӛзінің  сызылуы  жағынан 



байланыстырып жазуға ыңғайластырылған. 

 

Байланыстырып жазуды қалыптастыру үшін мұғалім мына тӛмендегілерді ескеруге 



тиіс: 


 

а)  қолжазба  әріптерінің  биіктігі  мен  ені  2:1  қатысына  сай  болу  керек  (  үш  негізгі 

элементтентұратын ж, м, т,ф, ш, щ, ы, ю әріптерінен басқасы). 

 

ә)  жазу  оң  жаққа  қарай  65°  кӛлбеу  болуға  тиіс,  әріптер  мен  әріп  элементтерінің 



кӛлбеулігі бірдей болу керек. 

 

б) дӛңгелек немесе жартылай дӛңгелек элементтері бар әріптерді сӛз ішінде басқа 



әріптермен байланыстырудың негізгі екі әдісі бар: үстіңгі және астыңғы. [3. / 105 – 106 / ] 

Дәріс 1.5. Жазудың анықтамасы.

 

       



Кӛне  Түркі  жазулары  5-8  ғасырлар  аралығында  Сібір,  Монғолия,  Шыңжаң, 

Қазақстан,  Қырғызстан  және  Оңтүстік  Ресей  жерінде  кеңінен  қолданылғаны  туралы 

қорытынды  шығаруға  болады.  Бұл  кӛрсетіліп  отырған  тарихи  мезгіл  (5-8  ғасырлар)  мен 

оның  таралған  үлкен  аймағы  Ұлы  Түркі  қағандығы,  одан  бӛлінген  Батыс  және  Шығыс 

Түркі,  Түргеш,  Хазар  қағандықтары  мен  Кӛк  Түркілер  (Екінші  Түркі  қағандығы) 

мемлекеттерінің  аумаы  мен  ӛмір  сүрген  дәуіріне  сәйкес  келеді.  Кӛне  Түркі  жазуының 

құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін 

орыс  түркітанушылары  аударып,  кӛп  зерттеді.  Оған  20  ғасырда  Түркі  елдерінің 

ғалымдары – Татар, Ӛзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна 

(руникалық)  жазулары"  деп  аталады.  Оның  себебі  жазудың  құпиясы  ашылмай  тұрғанда, 

бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. 

Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет "Түрк" 

және "Теңрі" сӛздерінен бастап оқыған екен.  

      Жазбаларда  ең  алдымен  Ү-ҮІІІ  ғасыр  аралығындағы  Ұлы  даладағы  тарихи  оқиғалар 

кӛркем  тілмен  баяндалған,  айналып  келетін  оралымдары  мен  ішкі  ұйқастары, 

композициялық  тұтастығы  бар.  Сондықтан  оның  ең  алдымен      жанрын    айқындасақ  – 

жылнама не шежіреден гӛрі, бұлар – тарихи дастандар. Жазудың сипаты түркі тілдерінің 

дыбыстық  ерекшеліктерін,  соның  ішінде  үндестік  заңдарын  жақсы  береді.  Жазудың 

ерекшелігі  оңнан  солға  қарай  оқылады  және  негізінен  дауыссыз  дыбыстар  таңбаланады. 

Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бӛлек таңбаланады.   

Кӛне  Түркі  жазуларының  сыртқы  түрі  бізге  тасқа  қашалған  түрде,  «баспа  әріптері» 

түрінде жетті. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Себебі маталарға, 

ӛңделген  терілерге  жазылуы  мүмкін  жазба  әріптер  бұл  материалдардың  тӛзімсіздігіне 

байланысты  бізге  жетпеді.  Алғаш  кӛрген  адам  адам  бұл  жазуларды  бір  қарағанда  қазақ 

руларының  таңбаларына  ұқсатады.  Яғни  жазулар  «жебе  таңбалар»,  «ай  таңбалар»  және 

«тұмар  таңбалар»  мен  «кӛз  таңбалар»,  «аша  таңбалар»,  «балық  таңбалар»  сосын  «тарақ 

таңбалар» мен «сырға таңбалардан» құралады.  

       Тұңғыш  алфавит  жасағандар  –  Финикия  елінің    тұрғындары.    Финикиялықтар  оңнан 

солға қарай жазатын болған, олардың алфавитінде  дауысты дыбыстар жоқ, тек дауыссыз 

дыбыстар әріппен таңбаланатын болған. Осы алфавиттің негізінде арамей (арабтардың бір 

тайпасы)  және  грек  алфавиттері  жасалды.    Арамей  алфавитін  Шығыс  елдері  қолданды, 

бұларда  әріп  тек  дауыссыздарды  ғана  бейнелейді,  дауысты  дыбыстар  үшін  арнайы 

белгілер    қолданылды    және    солдан    оңға  қарай  жазды.  Батыста  грек  алфавиті  пайда 

болды. Гректер дауысты дыбыстар үшін әріп ойлап тапты. Грек алфавиті негізінде латын 

алфавиті    пайда  болды.  Бүгінде  пайдаланып  жүрген  кириллицаға  келетін  болсақ,    бұл 

алфавитті    бұдан  мың  жылдан  аса  бұрын  болгар  священнигі,  оқымысты,    ағартушы 

Кирилл ӛзінің шәкірті Мефодеймен бірге славяндар үшін ойлап тапты. 

         Ал    жазуға    не  пайдаланылды  дейтін    болсақ,    сурет,  рәміз  ,  әріпті  таңбалайтын  

материал  сан рет ӛзгеріс тапты. Ілкі жазулар жартасқа, қыш пен мәрмәр тасқа, папирус не 

қамысқа, пергамент немесе теріге, қайың қабығы орамдарына, қағаз беттеріне түсірілген. 

Кӛне Вавилонда хат түсіруге   саз балшық пайдаланылған. Балшықтан арнайы  текшелер 

жасап,  қатпаған  жұмсақ  күйінде    үшкір  таяқшамен  жазу  түсіретін  болған.Саз  балшық 

иректеп  жазуды  кӛтермейді,  сол    себепті  вавилондық  иероглифтер   сынаға  ұқсас  келеді. 

Мұндай  жазуды  сынажазу  (клинопись)  деп  атап  кеткен.  Тиісті  жазу-сызу  түсірілген    саз 

текшені  отқа  салып  не  күн  кӛзіне  қойып  күйдіреді  екен.  Адамзат  ӛркениетінің  бесігі  – 



жүктеу 471,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау