PIRLS -
МƏТІНДІ ОҚУ ЖƏНЕ ТҮСІНУ САПАСЫН БАҒАЛАЙТЫН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Книга д чтения
Мәтіндер
6
Мазмұны
Майра мен қызыл
тауық
7
Теңіз тасбақасының
өмірлік саяхаты
29
Жұлдызқұрттың
көбелекке айналуы
54
Батыл Шарлотта
69
7
Майра мен қызыл тауық
Авторы Прю Андерсон
Майра тордың есігінің ілмегін ашты. Есікті
ашқысы келіп тартқанда, аулаға лап
қойған тауықтарды көріп күлді. Олар
қауырсындары
дірілдеп,
қытқыттап
Майра шашқан жемді жей бастады.
Қызыл тауық әдеттегідей, басшылықты
өзіне алып, ең жақсы кесектерді тартып
алды да, жолында бөгет болған тауықты
шоқып, қанаттарымен сермеп үркіте
бастады.
8
«Неге басқа тауықтар қызыл тауыққа өздерін басқаруға жол
береді?» - деп сұрады Майра анасынан.
«Тауықтарда басқару жүйесі бар», - деп түсіндірді анасы. «Ең батыл
және қайратты тауық басшылық етеді. Ол басқа тауықтардың барлығын
шоқиды, бірақ оны ешкім шоқымайды. Басқару жүйесіндегі келесі тұрған
тауық, басты тауықтан басқа қалған тауықтардың барлығын шоқи алады,
сөйтіп ең төменгі сатыға дейін жалғасады, сондықтан сен ең төмендегі
тауықты аяйсың. Тауықтар өктемшіл басшыны жақсы көреді».
Бірақ Майраның пікірі басқаша болды. Ол тауықтарды түлкі мен
үкілер алып кетпес үшін, күнде кешке торларына қамады. Бұл оның
міндеті еді. Оның үлкен жанұясында әркімнің өз міндеті болды. Қараңғы
түскенде тауықтар өз торларына қайта оралғанына қуанғандай болды.
Қызыл тауықтан басқасының барлығы.
Ол тордың есігіне бара жатқандай болып, соңғы мезетте кейін қарай
секіріп, Майраның оның ізіне түсуін күтті.
9
Тағы бір айласы, ол ауланың ортасында тұрды. Майра жақындап,
оны ұстағысы келгенде, қанаттарын қатты қағып, ұстай алмайтындай
қайта қашады. Қызыл тауық Майра артынан көп жүгіргеннен кейін, ол
ақырындап торға кірді. Майра оның артынан тордың есігін сарт еткізіп
жапқанда, кішкентай қызыл көздерінде жеңістің оты жарқ еткендей болды.
10
Майра қызыл тауықты торға кіргізу үшін, оны алдап жақсы көретін
тамағын түнде тордың ішіне қалдырды, бірақ тауық оған көнген жоқ.
Майра құмыраның қақпағын соғып, қызыл тауықты қорқытқысы келді,
бірақ басқа тауықтарды үркітіп, олар екі күн бойы жұмыртқаларын сала
алмады.
Майра әкесін іздеуге кетті.
«Мен мына қызыл тауықтың сыбағасын
беруім керек», - деді ол. «Мен оны бір
түнге далада қалдырамын, сосын ол
түлкімен, үкімен күресіп көрсін.
Осыдан кейін мені көргенде торға
кіру керек екендігін білетін болады».
«Майра», - деді әкесі оған
бұрылып. «Тауық түлкімен де, үкімен де
күресе алмайды, бізге тауықтарымыз
керек.
Олардың
барлығының
жұмыртқалары керек».
Ол күлімсіреді. «Сенің мәселең
бұлай шешілмейді, өйткені басқару
жүйесіндегі
келесі
тауық
қызыл
тауықтың
орнын
басады».
Ол
жұмысына қайта оралды.
11
«
Майра жүгіріп ас үйге кетті.
«Анашым, маған өз жұмысым
ұнамайды.
Маған басқа жұмыс керек».
«Бұл оңай», - деді анасы.
«Сен түскі ас дайындайсың».
Майра үстелде үйілген тамаққа
қарады, жанұяның барлығын
тамақтандыру үшін оларды
жинап, турап, пісіру керек еді.
«Сен ыдыс жуасың».
Майра
ыдыс
жуатын
шұңғылшада кешегі түннен бері үйіліп тұрған қазан мен табаларға
қарады.
«Сен балаға қарайсың».
Майра бананды бетіне, шашына, киіміне мәз болып жағып жатқан
өзінің кішкентай сіңілісіне қарады.
Майра ас үйдің есігінен шығып кетті. «Мен сенің жұмысыңды
атқарар едім», - деді артынан анасы.
|