Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



жүктеу 1,19 Mb.
бет3/7
Дата17.11.2017
өлшемі1,19 Mb.
#804
1   2   3   4   5   6   7




Жалпы кәсіптік модульдер

БҚ6. Нобайлар,сұлбалар мен сызбалар орындау, техникалық құжаттаманы оқу

ЖКМ 01. Сызу


Аталмыш модуль сұлбалар мен сызулар орындау және технологиялық құжаттаманы оқу үшін қажетті білім,икемдермен дағдыларды сипаттайды.

Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар келесілерді меңгеруі қажет:жобаламдық сызузаңдары, әдістерімен амалдары; жұмыс сызбаларын, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы ресімдеу және оқу ережелері; сызбаларды, техникалық суреттерді, нобайлар мен сұлбаларды орындау ережелері,техникалық бөлшектердің геометриялық салулары мен сызу ережелері; құрамалық сызбалар туралы жалпы мәліметтер; технологиялық жабдықтың графиктік көрсетілімі және технологиялық сұлбалардыорындау әдістері,Құрастыру құжаттамасының бірыңғай жүйесі және Технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесі мемлекеттік стандарттарының сызбалар мен сұлбаларды ресімдеугежәне құрастыруға қоятын талаптары;

Білім алушылардың келесілерге жетуіне мүмкіндік беретін жұмыстарды орындағаны маңызды:

технологиялық жабдықтар мен технологиялық сұлбалардың графикалық кескінін орындау;

геометриялық денелер мен олардың бетіндегі нүктелерпроекциясының кешенді сызбаларын орындау;

бөлшектердің, олардың элементтерінің, түйіндерінің нобайларын, техникалық суреттері мен және сызбаларын орындау;

қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттамаға сәйкес технологиялық және құрылымдық құжаттаманы ресімдеу; сызбаларын оқу;

мамандық бейіні бойынша сызбаларды, технологиялық сұлбаларды, сипаттамаларды және технологиялық құжаттаманы оқу;

компьютерлік графика жасай білу;

құрылымдық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу үшін қолданбалы бағдарламалардың пакеттерін пайдалану.



Оқыту нәтижесі: 1) Сызудыграфикалық ресімдеуді орындау.

Бағалау өлшемдері:

  1. Сызбалардың негізгі және қосымша форматтарын; сызба сызықтарын; сызба қаріптерін анықтайды.

  2. Құрылымдық, технологиялық және басқа да нормативтік құжаттамалардың негізгі ережелерін біледі.

  3. Геометриялық салуларды орындайды.

  4. Құрастыру құжаттамасының бірыңғай жүйесі сай өлшемдер сала алады, масштабта бөлшектердің пішіндерін сыза біледі, негізгі жазбаларды түсіре алады.

  5. Техникалық бөлшектердің пішіндерін сызу ережелерін қолдана отырып, геометриялық салуларды орындайды.

  6. Геометриялық денелер мен олардың аксионометриясын жобалауды орындайды.

  7. Бөлшектер проекциясын, қажетті қималарды орындайды.

  8. Оймаларкескіні мен белгісін орындайды.

  9. Бөлшектердің нобайлары мен сызуын орындайды.

  10. Ажырайтын және ажырамайтын қосылыстардың сызбаларын орындайды.

  11. Берілістердің сызбаларын орындайды.

  12. Техникалық бөлшектердегі еңіс пен конустылықты анықтайды.

Оқыту нәтижесі: 2) Нобайлар бойынша жалпы көрініс сызбалары мен құрамалық сызбаларды орындау.

Бағалау өлшемдері:

1. Жалпы көрініс сызбалары мен құрамалық сызбаларды ресімдеу және оқу ережелерін біледі.

2. Сызбаларда қолданылатын шарттылықтар мен жеңілдіктер туралы білімін көрсетеді.

3. Машина жасау сызбаларын сызу дағдыларын қолданады.

4. Нобайлар бойынша құрамалық сызбаларды ресімдейді.

5. Құрамалық сызбаларды оқиды.


Оқыту нәтижесі: 3) Жобалау сызбаларын орындау.

Бағалау өлшемдері:

1. Түзужәне қисық пішіндері проекцияларының нүктелері мен түзулерінің кешенді сызбаларын құрай біледі.

2. Тегіс пішіндер мен көлемді денелердіаксонометрикалық проекцияларда бейнелей алады.

3. Жазықтықтың геометриялық денелерді қиюын орындайды.

4. Проекциялық сызу дағдыларына ие.

Владеет навыками проекционного черчения.

5. Техникалық сурет салу элементтеріне ие.



Оқыту нәтижесі: 4) Қолданбалы бағдарламалар пакетінің көмегімен мамандық бойынша сызбаларды әзірлеу және ресімдеу..

Бағалау өлшемдері:

1.Техникалық құралдар туралы негізгі ұғымдарды біледі.

2.Компьютерлік графикадағы білімін көрсетеді.

3.Құрылымдық құжаттаманы әзірлеу үшін қолданбалы бағдарламалар пакетін қолданады.

4. Техникалық сызу құралдарын қолдана отырып, мамандық бойынша сұлбалар жасайды



Оқыту нәтижесі: 5) Инженерлік графика жасай білу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Сызбалар жасаудың жалпы ережелерін сақтайды.

  2. Оймалар сала алады және белгілей алады.

3. Бекітпе бөлшектерін стандартқа сай шынайы өлшемдер бойынша сыза алады.

4.Бөлшектердің нобайлары мен жұмыс сызбаларын жасай алады.


5. Құрамалық сызбалар мен құрылымдық құжаттаманы оқи алады.


6. Құрамалық сызбаларды бөлшектеу негіздерін біледі.

7. Электротехникалық сызбалар мен сұлбаларды оқи алады.



Оқыту нәтижесі: 6) Компьютерлік графика жасай білу.

Бағалау өлшемдері:

1. Автокад (Компас) бағдарламасының жұмысын біледі.

2. Автокад (Компас) бағдарламасында сызбалар жасай алады.



БҚ 7. Механикалық қозғалыстың жалпы заңдары және оларды электр жабдықтарын пайдалану кезінде қолдану туралы ақпаратқа ие болу

ЖКМ 02. Техникалық механика негіздері

Аталмыш модуль машиналар мен тетіктер бөлшектерін есептеуге және іріктеуге, бөлшектер мен түйіндердің тозу және деформация түрлерін, беріліс түрлерін, олардың құрылысын, қолданылу мақсаты мен сызбалардағышартты белгілерін, машина механизмдерінің, бөлшектерінің қосылысын, механикалық берілістері кинематикасын анықтауға қажетті білім, икемдер мен дағдыларды сипаттайды.

Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар келесілерді меңгеруі қажет:статика, кинематика және динамиканың негізгі ұғымдары; беріктік, қаттылық, төзімділік, деформация, серпімділік, морттық,созылу, қысылу, айналу және иілу туралы негізгі ережелер; жүктелудің барлық түрлері кезінде қаттылық пен төзімділікке есептеудіңнегізгі әдістерімен принциптері; материалдар кедергісінің негізгі ережелері; машина бөлшектерінің негізгі ережелері; бөлшектер мен түйіндердің тозуының және деформациясының түрлері; майлау материалдарының түрлері, бөлшектер мен түйіндерді майлау үшін пайдаланылатын майлардың қасиеттеріне қойылатын талаптар, майлау материалдарын сақтау ережелері; тісті, бұрамдықты, белдікті, тізбекті берілістер туралы негізгі түсініктер; берілістердің бөлшектері мен құрастырма бірліктері; тетіктердің түрлері, олардың кинематикалық және динамикалық сипаттамалары.

Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар келесі икемдер мен дағдыларға ие болуы тиіс:

-сырықты жүйенің және арқалық жүйесініңреакцияларын анықтау;

жұмысты,қуаттылықты және пайдалы әсер көэффиценті анықтау;

қатты дене тіреуінің реакцияларын анықтау;

күрделі жазық фигураның ауырлық ортасын анықтау;

деформация әртүрлі түрлерініңберіктік есептеулерін жүргізу;

ажырайтынжәне ажырамайтын қосылыстардың, берілістердің, мойынтіректер мен біліктердің беріктігіне есептеулер жүргізу;

берілістер мен біліктердің есептеулерін жүргізу;

стандартты және қалыптанған жалғастырғыштарды таңдауды жүзеге асыру;

созылу, қысылу және бұрау кезіндегі беріктік пен қаттылыққа есептеулер жүргізу;



материалдарды беріктік, қаттылық және төзімділік жағдайларына негізделе отырып таңдау.

Оқыту нәтижесі: 1) Қатты дене тіреулерінің реакцияларын анықтау.

Бағалау өлшемдері:

  1. Статиканың негізгі ұғымдары мен аксиомаларын атайды.

  2. Қатты дене тіреулерінің реакцияларын анықтай алады.

  3. Нүктеге қатысты күш моментін есептей алады.

  4. Жазық фигура мен қатты дененің ауырлық ортасын анықтай алады.

  5. Кинематиканың негізгі түсініктерін біледі.

  6. Қатты дененің қарапайым қозғалыстарын анықтайды.

  7. Динамиканыңнегізгі заңдары мен түсініктерін біледі

  8. Материалдық нүктенің қозғалыс теңдеуін құра алады.

  9. Материалдық нүктенің жылдамдығы мен үдеуін есептей алады.

Оқыту нәтижесі: 2) Жұмысты, қуаттылықты және ПӘК-н анықтау.

Бағалау өлшемдері:

  1. Кинематика мен динамиканың негізгі ұғымдарын біледі.

  2. Механикалық қозғалыстың негізгі параметрлерін анықтайды.

  3. Кинеостатика әдісін және динамиканыңнегізгі теорияларын қолдана отырып, инерция күшін анықтайды.

Оқыту нәтижесі: 3) Созылу, қысылу және бұрау кезіндегі беріктік пен қаттылыққа негізгі есептеулер жүргізеді.

Бағалау өлшемдері:

  1. Беріктік, қаттылық, төзімділік, деформация, серпімділік, морттық, біркелкілік түсініктерін анықтайды.

  2. Орталықтан созылу және қысылу, жылжу, бұралу және иілу кезінде пайда болатын жүктелулердің, негізгі түсініктерді, мәнін біледі

  3. Созылу және қысылу кезіндегі беріктік пен қаттылыққа негізгі есептеулер жүргізе алады

  4. Айналу және иілу кезінің, көлденең күштің эпюрасын құрастыра алады.

Оқыту нәтижесі: Г)Машинажасаудың типтік бұйымдарын жобалау және құрастырудың жалпы қағидаттарында жөн табу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Механикалық берілістерді жіктейді.




  1. Машина бөлшектерін, тораптарын жәнететіктерін жобалау негіздерін біледі.

  2. Тісті, бұрамдықты, тізбекті, белдікті берілістер туралы жалпы мәліметтерді біледі.

  3. Біліктер мен өзектердің беріктігі мен қаттылығына негізгі есептеулер жүргізе алады.

БҚ8. Күштік тізбектер мен электр жабдықтарын дұрыс монтаждау, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу мақсатында электр және магниттік тізбектер заңдарын түсіну

ЖКМ 03.

Электротехниканың теориялық негіздері



Аталмыш модуль электр және магниттік тізбектердің және олардың түрлі күштік тізбектер мен электр жабдықтарында көрінуінің негізгі заңдарынкәсіптік қызметте пайдалану үшін қажетті дағдылар мен білімді, жұмыстың нәтижелілігін сипаттайды.

Аталмыш модульді игеру нәтижесінде білім алушылар келесілерді білуі қажет:электр және магниттік тізбектердің маңызды қасиеттері мен сипаттамалары; электромагниттік өрістің негізгі түсініктері мен заңдары, электр және магниттік тізбектердің заңдары; стационарлық және өтпелі режимдердегітікелей және айнымалы тоқты тізбектерді талдау әдістері; желілік және желілік емес электр тізбектеріндегі өтпелі және орныққан үдерістерді есептеу әдістері.

Модульді игеру нәтижесінде білім алушылардың келесі икемдер мен дағдыларға ие болуы қажет:

электр тізбектерін аналитикалық және графикалық әдістермен есептей білу;

электр тізбектің негізгі сипаттамаларын анықтау және алынған нәтижелерге физикалық негіздеме беру;

типтік электр құрылғылары мен жабдықтарыныңпараметрлері мен сипаттамаларын эксперименттік әдісіпен анықтау;

негізгі электрлік шамаларды және кейбір бейэлектрлік шамаларды өлшеу


Оқыту нәтижесі: 1) Электр энергиясын өндіру,жеткізу және тарату қағидаттарын түсіну.

Бағалау өлшемдері:

  1. Электр тізбегінің негізгі құрамдас бөліктерін атайды.

  2. Электр энергиясыкөздерінің жұмсалу мақсатын және тұтынушыларын анықтайды..

  3. Электр энергиясын өндіру қағидатын түсіндіреді.

  4. Электр энергиясын жеткізу және тарату қағидаттарын білетінін көрсетеді.

Оқыту нәтижесі: 2) Электр тізбектірінің негізгі заңдары мен сипатттамаларын білетінін көрсету.

Бағалау өлшемдері:

  1. Электр және магнит өрістерінің сипаттамаларын бағалау.

  2. Электр тізбектерінің негізгі заңдары мен қасиеттеріне анықтама береді.

  3. Магнит тізбектерінің негізгі заңдары мен қасиеттеріне анықтама береді.

  4. Тұрақты және айнымалы тоқ тізбектерінің ерекшеліктерін айыра алады.

  5. Желілікжәне желілік емес тізбектердің ерекшеліктерін айыра алады.

Оқыту нәтижесі: 3) Электр тізбектерін аналитикалық және графикалық әдістермен есептеу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Тұрақты тоқтың желілікжәне желілік емес тізбектерін есептей алады.

  2. Айнымалы тоқтың бір фазалық тізбектерін есептей алады..

  3. Айнымалы тоқтың үшфазалық симметриялы және симметриялы емес тізбектерін есептей алады.

  4. Магнит тізбектерін есептей алады.

  5. Желілік электр тізбектерінде өтпелі үдерістерді есептеудің түрлі әдістерін қолданады.

  6. Бейсинусоидал тізбектерді, таратупараметрлері бар желілерді, төрт полюсті құрылымдарды және электр фильтрлерін есептеу әдістерінің ерекшеліктерін түсінеді.

БҚ 9. Электр және электр механикалық жабдықтарды пайдалану кезінде қолданылатын электрондық қондырғылардың типтік тораптары мен сызбаларын құру қағидаттарын түсіну.

ЖКМ 04. Электрондық техника негіздері

Аталмыш модуль жартылай өткізгіш құрылғыларының, аналогті және сандық электрондық құрылғылардың, электрондық сұлбалардың және олардың электр жабдықтарымен байланысының құрылымы мен физикалық негіздерін түсіну үшін қажетті дағдылар мен білімді, жұмыс нәтижелілігін сипаттайды.

Аталмыш модульді оқу нәтижесінде білім алушылар келесілерді игерулері қажет: түрліжартылай өткізгішті құрылғылардың құрылымы,әрекет ету қағидаты, негізгі техникалық параметрлері, таңбалануы, шартты белгілері мен қолданылу аясы; төмен жиілікті кұшейтілген каскадтардың, қуат күшейткіштерінің, көпкаскадты күшейткіштердің, тұрақты тоқ күшейткіштерінің, операциялық күшейткіштердің сұлбаларының құрылу қағидаттары, генераторлар мен импульстік құрылғылардың, қуат көздерінің, түрлендіргіш құрылғылардың типтік сұлбалары; негізгі сандық құрылғылардың жұмыс істеу қағидаты; электрондық техниканың даму болашағы.

Модульді оқу нәтижесінде білім алушылар келесі икемдер мен дағдыларға ие болуы қажет:

типтік электрондық аппаратураныңқарапайым сұлбаларын түсіну және оқу;

электрондық құрылғылар типтерін олардың қолданылу ерекшеліктеріне байланысты таңдау;

электрондық құрылғыларды пайдалану.



Оқыту нәтижесі: 1) Типтік электрондық аппаратураның қарапайым сұлбаларын түсіну және оқу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Түрлі жартылай өткізгіш құрылғылардың құрылысын, әрекет ету қағидатын, негізгі техникалық параметрлерін, таңбалануын, шартты белгілері мен қолданылу аясын атайды.

  2. Төменгі жиілікті күшейткіш каскадтарын, қуат күшейткіштерін, көпкаскадты күшейткіштерді, тұрақты тоқ күшейткіштерін, операциялық күшейткіштерді, генераторлар мен испульстік құрылғыларды сипаттайды және олардың әрекет ету қағидатын атайды, төменгі жиілікті күшейткіштердің параметрлерін анықтайды.

  3. Түрлендіргіш құрылғылар мен қуат көздерінің типтік сұлбаларының құрылу ерекшеліктері мен жұмыс істеу қағидатын айыра біледі, түзейткіштері есептейді.

  4. Аралас және реттік түрдегі сандық қондырғылардың негізгі типтерін атайды, қисындық элементтер үшін ақиқаттық кестесін құрастырады.

  5. Типтік электрондық аппаратураның қарапайым сұлбаларын оқиды.

Оқыту нәтижесі: 2) Электрондық құрылғылардың типтерін таңдау және оларды қолданылу ерекшеліктеріне қарай пайдалану.

Бағалау өлшемдері:

  1. Электржабдықтарын басқару үшін электр құрылғыларын таңдауды жүзеге асырады.

  2. Электрондық қондырғылардың қолдану мақсатын сипаттайды..

  3. Электрондық қондырғыларды пайдалана алады.

БҚ 10. Электротехникалық және құрылмалық материалдардың негізгі қасиеттері, олардың күштік тізбектер мен электр жабдығындағы қолданылу аясы туралы түсінікке ие болу

ЖКМ 05.

Электроматериалтану



Аталмыш модуль электр материалдарының табиғатыкүрделі табиғаты,олардың құрылымы мен қасиеттері, оларды таңдау, кәсіптік қызметте пайдалану туралы кешенді түсінік қалыптастыру үшін қажет дағдылар мен білім алуға мүмкіндік береді.

Модульді оқу нәтижесінде білім алушылар келесілерді игеруі қажет:электротехникалықматериалдардың жіктелуі, олардың қолданылу мақсаты; материалдардың құрамы, құрылымы мен қасиеттері арасындағы негізгі байланыстар; қасиеттерініңжылу, химиялық немесе механикалық әсер ету ықпалымен өзгеру заңдылықтары; өткізгіш және жартылай өткізгіш материалдар мен бұйымдар; магниттік және диэлектрлік материалдар; электрондық техника бұйымдарына арналған материалдар; электротехника материалдарын пайдалану шарттары; терминология.

Білім алушылардың электротехника материалдарын электр жабдықтары өндірісі кезінде, оларды монтаждау, пайдалану және жөндеу және электр энергиясын жеткізу кезіндепайдалану қабілеттеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыстарды орындағаны маңызды:

өндірістік қызметте қолдану үшін қажетті электр жабдықты

таңдау;

материалдардың қажетті пайдалану қасиеттерін алу үшін өңдеу түрін анықтау;



электрмонтаждау үшін дайындама мен дайынбұйымдарды алу үшін қажетті материалдар мен жабдықты таңдау;

қажетті электр материалдарын таңдауда баламаларды ескеру;



электрматериалтану бойынша нормативтік құжаттаманы және анықтамалық әдебиетті қолдану.

Оқыту нәтижесі: 1) Өндірісте қолданылатын материалдардыңқасиеттерін анықтау және олардыжіктеу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Негізгі электротехникалық және құрылыс материалдарының түрлерін, қасиеттерін, сипаттамаларын,олардың қолданылу аясын анықтайды.

  2. Материалтанудың физикалық және химиялық негіздерін білетінін көрсетеді.

  3. Электрматериалдарын өңдеу тәсілдерін сипаттайды.

  4. Электрматериалдарды алу тәсілдерін сипаттайды.

Оқыту нәтижесі: 2) Электроқшаулағышжәне қорғаныш материалдарының қасиеттерін анықтау.

Бағалау өлшемдері:

  1. Диэлектриктердің электрөткізгіштігі негіздерінбілетінін көрсетеді.

  2. Электроқшаулағыш материалдарының созылуына және қысылуына механикалық сынауларжүргізе алады.

  3. Электроқшаулағыш материалдардың әртүрлі түрлерін жіктейді.

  4. Электроқшаулағыш материалдардың электрлік беріктігін анықтайды.

Оқыту нәтижесі: 3) Өткізгішжәне магниттік материалдар мен бұйымдардың қасиеттерін анықтау.

Бағалау өлшемдері:

  1. Металдан жасалған өткізгіш және магниттік материалдардың құрылысын сипаттайды.

  2. Металдардың электр және магнит өрістеріндегімінез-құлқын сипаттайды.

  3. Металдардың электрлік қасиеттерін атайды.

  4. Өткізгіш және магниттік материалдарды жіктейді.

  5. Өткізгіш материалдардың кедергілерін есептей алады.

  6. Өткізгіш және магниттік материалдарды қолданылу мақсатына қарай үшін қолдана алады.

  7. Қорытпағақұрамына байланысты сипаттама береді..

  8. Магниттік материалдардың типін анықтайды..

Оқыту нәтижесі: 4) Жартылай өткізгіш материалардың қасиетін анықтау.

Бағалау өлшемдері:

  1. Жартылай өткізгіш материалдардың электрондық және тесік өткізгіштігінің негіздерін сипаттайды.

  2. Жартылай өткішгіштердегір-n өтудіңвольт-амперлі ерекшеліктерін сипаттайды.

  3. Жартылай өткізгіш химиялық қосылыстардыңнегізгі сипаттамаларын, қолданылу аясын атайды, олардың құрылымын сипаттайды.

  4. Жартылай өткізгіш материалдарды қолданылу мақсатына қарай пайдалана біледі

Оқыту нәтижесі: 5) Монтаждау және қағидалық сұлба элементтерінің таңбалануын тексеру.

Бағалау өлшемдері:

  1. Монтаждау жұмыстары кезінде пайдаланылатын негізгі құрылымдық және электротехникалық материалдарды айыра біледі.

  2. Кабельдік және өткізгіш өнімнің маркасының мағынасын аша алады.

  3. Флюстер мен дәнекерлерді таңдай алады.

  4. Монтаждау және қағидалық сұлба элементтерінің таңбалануын тексере алады.

БҚ 11. Өлшеуіш аспаптардың әрекет ету қағидаты мен қолданылу мақсатын түсіну, электрлік және электрлік емес шамаларды өлшеудің тәжірибелікикемдері мен дағдыларына ие болу.

ЖКМ 06. Электр өлшемдері

Аталмыш модуль электр тізбектері параметрлерінің дұрыс өлшеу, сондай-ақ электр жабдықтарын сынау кезінде өлшеулер жүргізу үшін қажет дағдылар мен білімді, жұмыс нәтижелілігін сипаттайды.

Модульді оқу нәтижесінде білім алушылар келесілерді игеруі қажет:өлшеу құрылғыларыныңмақсаты; электр өлшемдерін жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары; электр өлшеуіш құрылғылардың дәлдік кластары; электр өлшеуіш құрылғыларының сипаттамалары; тіркеу құрылғылары мен түрлендіргіштердің әрекет ету қағидаты; өлшеу трансформаторларының типтері мен конструкциялары; бір фазалы және үш фазалы тізбектердегі белсенді қуатты өлшеу әдістері; үш фазалы тізбектердегі белсенді және реактивті энергияны өлшеу әдістері; аналогтік шамаларды сандық нысанға түрлендіру әдістері.

Модульді оқу нәтижесінде білім алушылардың келесі икемдер мен дағдыларға ие болуы қажет:

тұрақты және айнымалы тоқтытізбектердегі тоқ пен кернеуді өлшеу;

кедергіні омметр, мегоомметрдің көмегімен, амперметр, вольтметр әдісімен, дара және қосбелдікпен өлшеу;

индуктивтілік шарғысы мен конденсаторлардыңпараметрлерін өлшеу;

түрлі физикалық шамаларды өлшеу үшін бастапқы өлшегіш түрлендіргішін таңдау;

қосалқы құрылғыларды жұмысқа қосу;



жоғары және төмен кернеулі электр сұлбаларын оқу;


Оқыту нәтижесі: 1) Электр және магниттік шамаларды өлшеу.

жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау