Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы « »
№ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 83 бұйрығымен бекітілген
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі 139-бабының 7-тармағына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатын (растау) беру үшін аттестаттау – кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті қызметкердің кәсіби құзыреттілігінің бағасын белгілейтін бірізді әрекеттердің тәртібі;
2) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар – «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымды атқаратын тұлғалар;
3) аттестаттау комиссиясы – аттестаттау рәсімін өткізуге уәкілетті алқалы орган;
4) біліктілік санаты – осы ережемен анықталатын педагогогикалық қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби құзыреттілігінің деңгейі;
5) ұлттық біліктілік тестілеу – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті органы әзірлеген тестілер бойынша педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау;
Педагогикалық қызметкерлерді ұлттық біліктілік тестілеуді білім саласындағы уәкілетті орган анықтаған орталық ұйымдастырады және өткізеді.
6) орталық – білім саласындағы уәкілетті органмен анықталатын, ұлттық біліктілік тестілеуді және «шебер педагог» біліктілік санатына үміткер педагогогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың қызметінің нәтижесін кешенді талдамалық жалпылауды ұйымдастыратын және өткізетін ұйым;
7) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жалпылау – педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби қызметін келесі көрсеткіштер: білім, біліктілік және дағды, оқушылардың (тәрбиеленушілердің) жетістіктері, сабақ беру (тәрбие беру және оқыту) сапасы және аттестаттау мерзіміндегі кәсіби жетістіктер негізінде кәсіби құзыреттілігін жүйелі, бірізді және объективті зерттеу;
8) педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілігін арттыру – білім беру мен оқытудың сапасын арттыру үшін бұрын алған кәсіби білімін, біліктілігін, дағдыларын және құзыреттілігін жаңарту, сондай-ақ қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби оқытудың нысаны;
9) сараптамалық кеңес – педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың қызметінің қорытындысына кешенді талдамалық жалпылауды жүзеге асыратын біліктілікті арттыру жүйесі, ғылыми-педагогикалық кеңес, мектептің әдістемелік бірлестіктері және кабинеттері /орталықтары, өкілдерінен құрылған жұмыс органы.
3. Аттестаттау педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санатының біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларын аттестаттаудан өткізгенде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, сондай-ақ сабақ беру (тәрбиелеу және оқыту) сапасын арттыру мақсатында өткізіледі.
4. Аттестаттаудың міндеттері:
1) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кадрлық құрамының жоғары сапасын қамтамасыз ету;
2) ресми қызметіне қатысты мемлекеттік білім беру саясатымен анықталған міндеттерді жүзеге асыру үшін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың жеке-кәсіби дайындығын арттыру;
3) қызметтік іс-әрекет шеңберінде педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың үздіксіз білім алуына қолдау көрсету.
5. Педагогикалық қызметкерлерді және оларға теңестірілген адамдарды аттестаттаудың негізгі принциптері - алқалылық, ашықтық, жүйелілік, ашықтық, объективтілік.
2-тарау. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
1-Параграф. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
6. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау (бұдан әрі – педагог қызметкер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау) кезекті және мерзімінен бұрын болып бөлінеді.
7. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатын беру (растау) үшін кезекті аттестаттау Заңның 51-бабына сәйкес кемінде бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.
8. Педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатын беру (растау) үшін аттестаттау екі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең – ұлттық біліктілік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу);
2) екінші кезең – қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық
жинақтау.
9. Педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар үшін «педагог», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «шебер педагог» біліктілік санаттары беріледі.
10. Педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік деңгейіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес екінші, бірінші, жоғары біліктілік санаттары бар педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар осы ережеде көрсетілген біліктілік санаттарының біріне үміткер болуына құқығы бар.
Санатсыз педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар «педагог» біліктілік санатына теңестіріледі.
11. Педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың қолданыстағы біліктілік санаттары келесі аттестаттау мерзіміне дейін сақталады.
12. «Педагог», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «шебер педагог» біліктілік санаттарына қойылатын талаптар.
«Педагог» - жұмыс өтіліне қойылатын талаптарды көрсетпей, тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тұлға.
«Педагогтің» кәсіби біліктіліктері:
оқу пәнінің (пән, модуль), оқыту-тәрбие процесінің мазмұнын, сабақ
беру (тәрбие беру және оқыту) және бағалау әдістемесін біледі;
оқушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып,
оқыту (тәрбие беру) құралдары және әдістері, тиімді формаларын қолданып, оқу (тәрбие-оқыту) процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;
білім алушының (тәрбиеленушінің) жалпы мәдениетінің
қалыптасуына және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді;
білім беру ұйымдарының деңгейінде іс-шараларға қатысады;
кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас негіздерін біледі;
АҚТ-құзыреттілігінің жалпықолданыстағы деңгейіне ие;
өзінің кәсіби біліктілігін арттырады.
«Педагог-модератор» - «педагог» біліктілік санатына ие және мұғалім мамандығында 2 жылдан кем емес еңбек өтілі бар тұлға.
«Педагог-модератордың» кәсіби біліктіліктері:
«педагог» біліктілік санатына қойылатын талаптарға жауап береді, сондай-ақ:
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) қажеттіліктерін ескере
отырып, оқыту мен тәрбие беруде жеке тәсілді жүзеге асырады;
кәсіби-педагогикалық диалогтің дағдыларына ие;
оқушылардың (тәрбиеленушілердің) жетістіктері деңгейінде білім
беру (тәрбие беру) нәтижесіне жеке қосқан үлесін көрсету және талдау жүргізеді;
білім беру ұйымы деңгейінде өз іс-тәжірибесін таратады немесе
білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар.
«Педагог-сарапшы» - «педагог-модератор» біліктілік санаты бар және
мұғалім мамандығында 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар тұлға.
«Педагог-сарапшының» кәсіби біліктіліктері:
«педагог-модератор» біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға
жауап береді, сондай-ақ:
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін талдау дағдысына ие;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) қабілеттерін ескере отырып,
оқытуда (тәрбиелеуде) дифференциалды тәсіл қолданады;
тәлімгерлікті жүзеге асырады және жеке және әріптестерінің кәсіби
даму басымдықтарын сындарлы түрде анықтайды;
цифрлық білім беру ресурстарын талдау дағдыларына ие;
өз іс-тәжірибесін аудандық/қалалық деңгейде таратады
немесе аудандық/қалалық деңгейде олимпиадаларға, байқауларға, жарыстарға қатысушылары бар.
«Педагог-зерттеуші» - «педагог-сарапшы» біліктілік санаты бар және
мұғалім мамандығында 4 жылдан кем емес еңбек өтілі бар тұлға.
«Педагог-зерттеушінің» кәсіби біліктіліктері:
«Педагог-сарапшы» біліктілік санатына қойылатын талаптарға жауап
береді, сондай-ақ:
оқыту (тәрбие беру) әдістерін және бағалау құралдарын (индикаторы)
әзірлеу дағдысына ие;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) зерттеу дағдыларын
дамытуды қамтамасыз етеді;
тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықтағы
даму стратегияларын сындарлы түрде анықтайды;
білім беру ресурстарын әзірлеу дағдысына ие;
өз тәжірибесін облыстық/Астана, Алматы қалаларының деңгейінде
таратады немесе облыстық/Астана,Алматы қалаларының деңгейіндегі сайыстарға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар.
«Шебер педагог» - «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бар және
мұғалім мамандығында 5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар тұлға.
«Педагог-зерттеуші» біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға
жауап береді, сондай-ақ:
авторлық бағдарламасы бар немесе республикалық деңгейде қолдау
алған және таратылған шығарылымдағы оқулықтар, оқыту-әдістемелік құралдар, монографиялар, жобалық жұмыстардың авторы (бірлескен автор) болып табылады;
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді;
тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби қауымдастық желісін
дамыту стратегиясын болжайды.
13. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды
аттестаттаудан өткізу кезінде мыналар айқындалады:
1) білім беру деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды орындау;
2) ұсынылған біліктілік санаттарына сәйкес педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік деңгейлеріне қойылатын біліктілік талаптарын сақтау;
3) өзінің кәсіби қызметінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау.
14. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттарын көтеру үшін Заңның 51-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес біліктілік талаптарына сай өтініш негізінде мерзімінен бұрын аттестаттау өткізіледі.
15. Педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар өтініш негізінде келесі біліктілік талаптарының біріне сәйкес біліктілік санатын алу үшін мерзімінен бұрын аттестаттауға жіберіледі:
«педагог-модератор біліктілік санатына»:
білім беру ұйымдары деңгейінде педагогикалық олимпиадалар, кәсіби байқаулардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
білім беру ұйымдары деңгейінде уәкілетті органмен бекітілген тізімге сәйкес пән олимпиадалары, шығармашылық, кәсіби байқаулардың, ғылыми, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған тұлғалар;
білім беру ұйымдары деңгейінде өзіндік педагогикалық іс-тәжірибесін таратқан тұлғалар;
жоғары оқу орнын «үздік» бітірген тұлғалар;
«Болашақ» бағдарламасының түлектері болып табылатын тұлғалар;
жоғары оқу орнын ағылшын тілінде немесе пәнді ағылшын тілінде беру құқығы бар мамандығы бойынша бітірген тұлғалар;
магистр академиялық дәрежесі бар тұлғалар;
кәсіптік орта (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын «үздік» бітірген және кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
өндірістен білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар;
бейіндік пән (пән, модуль) бойынша спорт шеберіне үміткер болып табылатын тұлғалар.
«педагог-сарапшы» біліктілік санатына:
қалалық деңгейде кәсіби байқаулардың, педагогикалық олимпиадалардың жеңімпазы болып табылатын тұлғалар;
аудандық/қалалық деңгейде уәкілетті органмен бекітілген тізімге сәйкес пән олимпиадалары, шығармашылық, кәсіби байқаулардың, ғылыми, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған тұлғалар;
облыстық деңгейде өзіндік педагогикалық іс-тәжірибесін таратқан тұлғалар;
доктор/ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар тұлғалар;
В2 (CEFR шкаласы бойынша) деңгейінде ағылшын тілін меңгерген тұлғалар;
жоғарғы оқу орнынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, магистр академиялық дәрежесі бар және кемінде екі жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
өндірістен білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде төрт жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар;
бейінді пән (пән, модуль) бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылатын тұлғалар.
«педагог-зерттеуші» біліктілік санатына:
облыстық деңгейде уәкілетті органмен бекітілген тізімге сәйкес пән олимпиадалары, шығармашылық, кәсіби байқаулардың, ғылыми, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылар дайындаған тұлғалар;
республикалық деңгейде өзіндік педагогикалық іс-тәжірибесін жинақтаған тұлғалар;
доктор/ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
жоғарғы оқу орнынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, магистр академиялық дәрежесі бар және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
өндірістен білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде бес жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар.
«шебер-педагог» біліктілік санатына:
республикалық деңгейде уәкілетті органмен бекітілген тізімге сәйкес пән олимпиадалары, шығармашылық, кәсіби байқаулардың, ғылыми, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылар дайындаған тұлғалар;
республикалық деңгейде уәкілетті органмен бекітілген тізімге сәйкес кәсіби байқаулардың, педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздарын немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылар дайындаған тұлғалар;
халықаралық деңгейде өзіндік педагогикалық тәжірибе жинақтаған, педагогикалық тәжірибеде ғылыми негізделген әдістер, оқу және тәрбиенің авторлық технологияларын жүйелі қолданатын тұлғалар;
доктор/ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар және кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
2016 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 95 бұйрығымен бекітілген Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу ережесінің 26-тармағында көрсетілген 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ұзақ мерзімді курстардың тыңдарманы сертификатын алғандарға мерзімінен бұрын келесі біліктілік санатын алу мүмкіндігі беріледі.
16. Білім беру ұйымдарында қызмет ететін педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар:
1) төмендегі модульдер бойынша тестілеудің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша сертификат береді, мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады:
«Мектепке дейінгі педагогика және психология»;
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту әдістемесі»;
2) төмендегі модульдер бойынша тестілеудің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша сертификат береді, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады:
«Оқу пәнінің мазмұны»;
«Оқыту әдістемесі»;
төмендегі модульдер бойынша тестілеудің бірінші кезеңінің
қорытындысы бойынша сертификат береді, кәсіптік, кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады:
«Оқу пәнінің (модульдің) / өндірістік оқудың мазмұны»;
«Оқыту әдістемесі»;
төмендегі модульдер бойынша тестілеудің бірінші кезеңінің
қорытындысы бойынша сертификат береді, қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады:
«Сабақ беру және оқыту әдістемесі».
17. «Педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «шебер педагог» біліктілік санаттары үшін тестілеу 100 тесттік тапсырмадан тұрады.
Тестілеудің жалпы уақыты педагогикалық шеберлік деңгейі бойынша педагогикалық қызметкерлер үшін – 2 cағат 20 минут (140 минут), жаратылыстану-математикалық бағытының пәндері бойынша тапсыратын педагогтар үшін – 2 сағат 50 минутты (170 минут) құрайды
18.Тестілеу қағаз форматында өткізіледі.
19.Тестілеу педагог қызметкерлерінің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі.
20. Тестілеу мына:
1) Авторлық ұжым жасаған тест тапсырмаларының негізінде сараптамадан өткен пән бойынша тест тапсырмалары біртұтас базадан алынады;
2) арнайы құжаты болып табылатын жасырын түрде жасалған сұрақ кітапшалары;
3) педагог қызметкерлердің мәліметтері және жауаптарын көрсету үшін қолданылатын кіріс және шығыс құжаты болып табылатын жауап парағы негізінде өткізіледі.
21. Бірінші тестілеу мерзімі күнтізбелік жылдың – 10 мен 17 мамырында, екінші тестілеу мерзімі -10 мен 17 қарашасында.
22. Орталық бағдарламалық жасақтама әзірлейді (бұдан әрі – БЖ)
- тест тапсырмаларының базасын алып жүру үшін;
- педагог қызметкерлердің (өтініштерді қабылдау) деректер базасын қалыптастыру үшін педагог қызметкерлердің мәліметтері ЖСН, аты-жөні, біліктілік санаты мен пәні, оқыту тілін енгізу үшін;
- аудиториялық қорды қалыптастыру үшін;
- тестілеуді ұйымдастыру және нәтижесін беру үшін;
- тестілеудің нәтижесін жария ету үшін.
23. Педагог қызметкерлердің деректер базасын қалыптастыру үшін өңделген БЖ аудандық (қалалық) білім бөлімдері, Астана мен Алматы қаласының білім басқармаларына жіберіледі.
24. Орталық өтініштерді қабылдау кезінде бағдарламалық жасақтаманың жұмысын алып жүреді.
25. Тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау сәйкес аттестаттау комиссиясы жүргізеді. Бірінші тестілеу кезеңіне өтініштер қабылдау күнтізбелік жылдың 10 наурызынан 6 сәуіріне дейін, екінші кезеңге 10 тамыздан 6 қыркүйегіне дейін өткізіледі.
26. Облыстың білім басқармалары, аудандық және қалалық білім бөлімдері тестілеуді өөткізу күнін анықтайды.
Өтініш тапсыру барысында педагог қызметкерлердің құжаттарды ұсынады:
1) осы аталған Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес берілген нысанда тестілеуге қатысу үшін өтініш;
2) 3 x 4 көлеміндегі екі фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) тестілеуге қатысуы үшін ақы төлегені туралы түбіртек.
27. Тестілеуге қатысу үшін өтініш берген педагог қызметкерлерге осы аталған Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес берілген нысанда рұқсат қағазы беріледі.
28. Тестілеу өтетін аудиториялар және кабинеттер, ғимаратқа кіретін есіктер бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
29.Педагог қызметкерлер аудиторияға бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте жеке басын растайтын құжат және рұқсаттама түбіртегі негізінде педагог қызметкерлерді жеке басы сәйкестендіріліп тексеріледі.
30. Педагог қызметкерлер отырғызылғаннан кейін материалдармен жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі. Үш педагог қызметкердің қатысуымен аудиториядағы материалдар салынған қорапты ашуды ұйымдастырылады. Шақырылған педагог қызметкерлер қораптағы мөрдің бүтіндігін тексереді. Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша материалдарды ашу туралы акті жасалып, қорап ашылады және қораптағы материалдар саналады.
31.Педагог қызметкерлерге тестілеуді өткізу барысында аудиториядан дәліз кезекшісінің міндетін атқаратын адамның рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға, сөйлесуге, орын ауыстыруға, материалдармен алмасуға, материалдарын аудиториядан шығаруға, шпаргалкалар, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары) кез келген түрлерін аудиторияға кіргізуге және қолдануға, материалдар (жауап парағы мен кітапшалар) бүлдіру, түзету сұйықтығын қолдану, беттерді жырту, бояуға қарастырылмаған секторларды бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлдіруге рұқсат етілмейді.
32.Педагог қызметкер осы Қағидаларды бұзған жағдайда аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі және аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзған педагог қызметкерді аудиториядан шығару туралы Қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес акт жасайды.
33.Тестілеудің аяқталуына қарай немесе тестілеу уақыты аяқталғанда педагог қызметкер өзінің орнынан жауап парағы мен кітапшаны жауапты тұлғаға тапсырады.
34. Жауап парағы мен кітапшаны қабылдау барысында жауап парағындағы барлық қызметтік секторлардың және кітапша мұқабасының толтырылуы тексеріледі, содан соң педагог қызметкер аудиториядан шығады.
35.Тест тапсырмаларын орындағанын педагог қызметкерлерді бағалау төмендегідей жүзеге асырылады:
1) жауап нұсқаларынан бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі;
2) бірнеше дұрыс жауап таңдалған тапсырмада.
- барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл;
- жіберілген бір қате үшін - 1 балл;
- екі және одан көп қате жауап үшін - 0 балл беріледі.
36.Тестілеу нәтижелерін тестілеу өткізу күні аттестаттау комиссиясымен хабарланады және ақпараттық стендте ілінеді.
37.Тестілеу аяқталғаннан кейін қолданылған кітапшалар жойылады, осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кітапшаларды жою туралы акт жасалады.
38.Тестілеу нәтижелері бойынша әрбір педагог қызметкерге мемлекеттік комиссиямен тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік үш күн ішінде ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты беріледі.
39.Сертификатқа мемлекеттік комиссия төрағасының, Министрлік өкілінің қолдары қойылады және жергілікті органының, білім басқармасының мөрі басылады.
Тестілеудің нәтижесі әр модульден кемінде:
«педагог-модератор» - 60 %;
«педагог-сарапшы» - 70 %;
«педагог-зерттеуші» - 80 %;
«шебер педагог» - 90 % алған жағдайда оң болып саналады.
Тестілеуден теріс нәтиже көрсеткен педагог қызметкерлер осы Ережемен анықталған тестілеу уақытында бір реттен артық емес қайта тапсырады.
Тестілеудің өткізілу мерзімі тестілеу рәсімін өткізуге кемінде 2 апта қалғанда педагог қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға хабарланады.
Қайта тестілеуден төмен нәтиже көрсеткен педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.
40. Тестілеу сертификаттарын алған педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың өтініш берген біліктілік санатына қызметінің сәйкестігін белгілеу үшін оң тестілеуден өткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде тиісті деңгейдегі сараптама кеңесінің қарауына төмендегідей портфолио ұсынылады:
1) аттестаттаудан өту кезеңінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) шеберлігі мен дағдыларына, білім сапасына мониторинг;
2) білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмесі немесе тәжірибені жалпылауды растайтын құжаттардың көшірмелері;
3) оқу қызметін ұйымдастыруда сабақты/пәндерді бақылау парақтары (5-тен кем емес);
4) педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген қызметкерлердің жетістіктерін (болған жағдайда) растайтын құжаттардың көшірмесі.
41. Сараптама кеңесі тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген қызметкерлер қызметінің нәтижесін кешенді сараптамалық жалпылау бойынша ұсыныстар жолдайды.
42. Аттестаттаудан өту (кезекті және мерзімінен бұрын) үшін педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына ағымдағы жылдың 10 қаңтарына немесе 10 қыркүйегіне дейін осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
43. Педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың тізімдік құрамы тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясымен бекітіледі.
44. Аттестатталған педагог қызметкерлердің және олармен теңестірілген тұлғалардың қызмет нәтижелерінің кешенді сараптамалық жалпылау қорытындысының өтініштегі біліктілік санатына сәйкестігін жыл сайын ағымдағы жылғы 31 шілдеге немесе 15 желтоқсанға дейін сараптамалық кеңес өткізеді:
«педагог-модератор» біліктілік санатына – білім беру ұйымының деңгейінде ұйымдастырылған сараптама кеңесі, оның құрамына: әдістемелік бірлестік, кафедра, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері, жұмыс берушілер, әдіскерлер және білім беру ұйымдарының тәжірибелі педагогикалық қызметкерлері кіреді;
«педагог-сарапшы» біліктілік санатына – аудан (қала) деңгейінде ұйымдастырылатын сараптама кеңесі, оның құрамына: әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, әдістемелік бірлестіктердің басшылары, ауданның (қаланың) тәжірибелі педагог қызметкерлері, біліктілікті арттыру жүйесінің өкілдері, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, ата-аналар қауымдастығының, жұмыс берушілердің өкілдері кіреді;
облыстық маңызы бар білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің және оларға теңестірілген тұлғалардың «педагог-сарапшы» біліктілік санатына және «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына облыстық деңгейде ұйымдастырылатын сараптама кеңесі, оның құрамына: «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, әдістемелік кабинеттердің, біліктілікті арттыру жүйесінің, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері, жұмыс берушілер, облыстың тәжірибелі педагог қызметкерлері кіреді;
«шебер педагог» біліктілік санатына – облыстық білім басқармалары, «НЗМ» ДББҰ, қоғамдық ұйымдар, «Атамекен» ҰКП.
45. Педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың аттестаттаудан өтуі үшін тиісті деңгейлердің аттестаттау комиссиялары: білім беру ұйымдарында; аудандық (қалалық) бөлімдерде; облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларында; білім саласындағы уәкілетті органдарда (республикалық бағынысты ұйымдар үшін); тиісті саланың уәкілетті органдарында құрылады.
46. Аттестаттау комиссияның құрамына аттестаттау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары және аттестаттау комиссиясының мүшелері кіреді. Хатшы аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.
Аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылатын аттестатталушы педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар өзінің кандидатурасын қарау кезінде дауыс беруге қатыспайды.
47. Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының құрамы 1 күнтізбелік жыл мерзімге білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен анықталады және бекітіледі.
Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының құрамына білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл педагогикалық өтілі бар педагог қызметкерлер, ғылыми-педагогикалық кеңестердің, оқу-әдістемелік бірлестіктердің, біліктілікті арттыру жүйелерінің, кәсіподақтардың, өндірістік ұйымдардың (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім нысандары үшін) өкілдері кіреді.
48. Білім беруді басқару органының (қалалар және аудандар, облыстар, Астана, Алматы қалалары) аттестаттау комиссиясының құрамы білім беруді басқару органы басшысының бұйрығымен күнтізбелік бір жылға бекітіледі.
49. Білім беруді басқару органының аттестаттау комиссиясының құрамына білім беруді басқару органының мамандары, кадрлық қызметтердің өкілдері, ғылыми-педагогикалық кеңестердің, оқу-әдістемелік бірлестіктердің, біліктілікті арттыру жүйелерінің, кәсіподақтардың, өндірістік ұйымдардың (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім нысандары үшін), «Атамекен» Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін) кіреді.
50. Тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиялары аттестаттау процесінде тиісті деңгейдегі сараптамалық кеңестің қорытындысын басшылыққа алады:
1) аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар қызметінің қорытындысын қарастырады және талдайды;
2) аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілігін бағалайды.
51. Педагог қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беруді (растауды) тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиялары жүзе асырады:
1) білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы сәйкесінше деңгейдегі сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде аттестатталатын педагог қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға «педагог модератор» біліктілік санатын бекітеді;
2) аудандық (қалалық) білім бөлімінің аттестаттау комиссиясы тиісті деңгейдегі сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдары педагог қызметкерлері және оларға теңестірілген тұлғаларға «педагог-сарапшы» біліктілік санатын бекітеді;
3) облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының аттестаттау комиссиясы сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша, арнайы білім беру ұйымдары педагогтеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға «педагог-зерттеуші» біліктілік санатын береді (растайды).
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының аттестаттау комиссиясы сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, сондай-ақ облыстық бағыныстағы білім беру ұйымдары педагогтеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға «педагог-сарапшы» және «педагог зерттеуші» біліктілік санатын береді (растайды).
Республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға «педагог-сарапшы» және «педагог зерттеуші» біліктілік санатын білім беру ұйымының басқару органы береді (растайды).
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының аттестаттау комиссиясы бағалаудың тәуелсіз орталығы ұсынымдары негізінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша, арнайы білім беру ұйымдары педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға «педагог-мастер» біліктілік санатын береді (растайды).
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының аттестаттау комиссиясы бағалаудың тәуелсіз орталығы ұсынымдары негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, сондай-ақ облыстық бағыныстағы білім беру ұйымдары педагогтеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға «педагог-мастер» біліктілік санатын береді (растайды).
Салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттауды білім беру ұйымдарының және тиісті мемлекеттік органдардың аттестаттау комиссиясы жүзеге асырады.
52. Педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау білім туралы дипломда көрсетілген мамандыққа (біліктілікке) немесе атқарып отырған негізгі лауазым бойынша сәйкесінше біліктілікті қайта даярлаудан өткені туралы құжатқа сәйкес жүзеге асырылады.
Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәннен сабақ берген жағдайда педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес пәндерді көрсетумен жүргізіледі.
53. Педагог жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пән бойынша сабақ берген жағдайда, оның бұрын алған санаты сақталады, ал аттестаттау біліктілігін арттыру туралы тиісті сертификат болған кезде жалпы негіз бойынша өткізіледі.
54. Арнайыбілім беру ұйымдарында және арнайы сыныпта (топта) жұмыс істейтін педагог қызметкерлержәне оларға теңестірілген тұлғалар білім туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша аттестаттаудан өтеді.
Арнайы білім беру ұйымдарында немесе арнайы сыныпта (топта) білім туралы дипломда көрсетілмеген мамандық бойынша қызмет жүргізген жағдайда біліктілікті арттыру және білім беру ұйымдарында қайта даярлау курстарынан өту нәтижесінде алған сертификатының негізінде атқарып отырған лауазымы бойынша аттестаттаудан өткізіледі.
55. Әдістемелік жұмыстан оқытушылық қызметке және оқытушылық қызметтен әдістемелік жұмысқа ауысқан кезде біліктілік санаты оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
56. «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ берген кезде педагог қызметкердің біліктілік санаты бұрынғы сабақ беріп жүрген пәні бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және оның мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Білім беру ұйымының әрбір педагог қызметкері бойынша сараптама кеңесі қорытынды (аттестаттау үшін ұсыну/ұсынбау) жасайды, ол білім беру ұйымының тиісті аттестаттау комиссиясына жыл сайын ағымдағы жылдың 1 тамызынан немесе 1 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынылады. Сараптама кеңесінің қорытындысы осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.
57. Барлық деңгейдегі аттестаттау комиссияларының қарауына мына құжаттардың көшірмелері ұсынылады:
1) аттестаттауға өтініш;
2) көшірмелер:
жеке басын куәландыратын құжат;
білімі туралы диплом немесе лауазымы бойынша сәйкесінше берілген
біліктілікті қайта даярлау туралы құжат;
біліктілік санаты туралы куәлік;
біліктілікті арттыру курстарының сертификаты;
3) тестілеу сертификаты (бірінші кезеңнен соң).
58. Білім беру ұйымының әр педагог қызметкерлері және оларға теңестірілген тұлғалар бойынша тиісті аттестаттау комиссиясы келесі шешімдердің бірін шығарады:
1) біліктілік санаттың талаптарына сәйкес;
2) біліктілік санаттың талаптарына сәйкес емес.
59. Аттестаттау комиссиясының отырысы осы Қағидалардың 8 және 9 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша хаттамамен рәсімделеді.
Хаттамаларда аттестаттау комиссиясының шешімдері және оның мүшелерінің дауыс беру нәтижелері тіркеледі. Аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасына аттестаттау комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары, хатшысы және отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.
Аттестаттау комиссиясының шешімі отырысқа оның мүшелерінің кемінде 2/3-сі қатысқан жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру нәтижелері қорытынды отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар саны тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
60.Аттестаттау комиссиясы «біліктілік санатының талаптарына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған жағдайда санат бір деңгейге төмендейді, мерзімінен бұрын аттестаттаудан өткен жағдайда қазіргі біліктілік санаты оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
61.Педагог қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) туралы бұйрықты барлық деңгейдегі басшылар 20 тамыздан немесе 20 желтоқсаннан кешіктірмей шығарады және педагог қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатының берілуіне (расталуына) сәйкес еңбекақы төлеу ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен немесе келесі жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей белгіленеді.
62.Біліктілік санатын беру (растау) үшін педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау туралы куәліктерді беру білім беру ұйымдарымен жоғары деңгейдегі басшының бұйрығының негізінде осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 31 тамыздан немесе 31 желтоқсаннан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
63. Аттестатталған педагог қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатын беру (растау) туралы куәліктерді беру осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналында тіркеледі.
64. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттары Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында бес жыл бойы сақталады.
Педагогикалық салада Қазақстан Республикасының шегінде жаңа жұмысқа ауысқан кезде педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың қазіргі кездегі біліктілік санаты оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Дербес білім беру ұйымдары жүйесінде жаңа жұмысқа ауысқан кезде педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санатының берілуі (расталуы) дербес білім беру ұйымдарының ішкі нормативтік актілерімен анықталады..
65.Зейнеткерлік жасқа дейін 3 жылдан аспайтын уақыт қалған педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санатының қолдану мерзімі аяқталған жағдайда, кезекті аттестаттаудан босату туралы өтінішіне (еркін нысанда) сәйкес оның біліктілік санаты зейнеткерлік жасқа жеткенше сақталады.
66. Аттестаттауға келесі қызметкерлер жатпайды:
1) жүкті әйелдер;
2) жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;
3) тағылымдамада болуы немесе өндірістен алыста оқу оқуы;
4) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен екі айдан
асатын уақытша жұмысқа жарамсыздық белгіленген ауырулар тізбесі бойынша
уақытша жұмысқа жарамсыз жағдайда болуы.
Қызметкерлер жазбаша өтініш беру негізінде аттестаттауға қатыса алады.
67.Біліктілік санаттары педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың өтініштері негізінде екі жылдан аспайтын уақытқа келесі жағдайларда ұзартылады:
1) педагог қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы;
2) жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;
3) қызметтік іссапарда, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде оқуда (тағылымдамада) болуы;
4) тоқтатқан себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдағы қызметіне қайта келуі;
5) Қазақстан Республикасы шегінде жұмыс орнының ауысуы;
6) білімін, еңбек өтілі мен біліктілік санатын растайтын құжаттары бар болған жағдайда алыс және жақын шет елдерден Қазақстан Республикасына келген тұлғалардың педагог қызметін жүзеге асыруы;
7) шұғыл әскери қызметтен өтуі.
68. Осы Қағидалардың 67-тармағында көрсетілген және жұмысқа
шыққан педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттарының қолданыс мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының қарауына мынадай құжаттар ұсынылады:
біліктілік санатының қолданыс мерзімін ұзарту туралы өтініш (ерікті нысанда);
жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
білімі туралы диплом немесе лауазымы бойынша сәйкесінше біліктілігі берілген қайта даярлау туралы құжатының көшірмесі;
біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі;
қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі;
біліктілік санатын беру (растау) үшін педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың аттестаттау туралы куәлігінің көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаттары жоқ педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардан басқа) (осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша)
Аттестаттау комиссиясының отырысы өтініш түскен күннен бастап
бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Аттестаттау комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді. Шешім нәтижесі бойынша осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен куәліктер берілетін сәйкесінше деңгейдегі басшымен бұйрық әзірленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |