Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 3,28 Mb.
Pdf просмотр
бет85/97
Дата06.02.2020
өлшемі3,28 Mb.
#28463
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97

179 
 
азаматтық  қоғам  қалыптастырудың  басты  проблемаларын  шешу  кезек  күттірмейтін 
мәселелердің бірі. Осы даму жағдайлардың барлығында да ең алдымен, Қазақстан халқының 
біртұтастығының  сақталуы,  әр  ұлттың  ӛзінің  жеке  мүдделерімен  қатар  жалпыұлттық, 
мемлекеттік мүдделерді де естен шығармауы қажет. 
Елдегі  ұлтаралық  келісім  мен  жарастық  мәселелеріне  үлкен  ықпалын  тигізіп  келе 
жатқан ұйымдарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Он бес жылдан 
бері  қызмет  атқарып  келе  жатқан  осы  қоғамдық  институт  халықтар  мен  ұлттардың 
біртұтастығын  сақтауды  қамтамасыз  етудегі  басты  міндеттерді  тиімді  түрде  шешіп  келеді. 
Бұл  ұйымның  алдына  қойған  мақсат-міндеттерінің  бірі  –  нәсіліне,  ұлтына,  тіліне,  дінге 
қатысына,  қандай  әлеуметтік  топқа  жататындығына  қарамастан  республика  азаматтарының 
құқықтары  мен  бостандықтарының  теңдігін,  халықтар  достығы  мен  ұлтаралық  келісімді 
нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып келеді. 
Қазіргі  Қазақстан  –  бұл  бұрынғыдан  ӛзге,  жаңа  саяси-басқару  және  әлеуметтік-
экономикалық  құрылымы  қалыптасқан,  дүниежүзі  мойындаған  тәуелсіз  мемлекет.  Мұнда 
жалпыадамзаттық  құндылықтардың ішінде бостандықты, еркіндікті,  ӛзара келісімді қоятын 
кӛптеген ұлт ӛкілдері бейбіт және тату-тәтті ӛмір сүруде. Аса жоғарғы руханият пен ой-ӛріс 
жоғарылығы  үйлесім  тапқан  қазақстандықтардың  күш-қайраты  қоғам  ӛмірін  батыл  да 
түбегейлі қайта құруда шешулі фактор болып табылады. 
Тәуелсіздік  жолын  таңдаған  Қазақстан  үшін  сол  тәуелсіздік  пен  егемендіктің, 
бостандық  пен  еріктіліктің  негіздерін  қалай  отырып,  оны  одан  әрі  сақтап  қалу  –  ӛмірлік 
маңызды мәселе болып саналады. Әрине, қазір басқа да елдердегідей, бізідің қоғамымыз да 
ӛзінің тарихи дамуындағы ауыртпалықты кезеңнің бірін басынан ӛткеріп отыр.  Бұл жағдай 
дүниежүзілік  қаржылық-экономикалық  дағларыстың  салдарымен  байланысты  екендігін 
әрбір  саналы  ел  азаматы  түсінеді.  Бүкіл  қағамды  шарпыған  әлеуметтік-экономикалық 
дағдарыс еліміздегі жұмыссыздық мәселесін одан әрі шиеленістіріп, жұмыспен қайту ӛзекті 
мәселеге айналып барады. Сондықтан, жұмыссыздыққа тап болған адамдар нәсіліне, ұлтына, 
діни  наным-сеніміне  қарамастан  мемлекеттің  тарапынан  әлеуметтік  тұрғыдан  қорғалуға 
құқығы бар[18]. 
Яғни, ұлтына, шығу тегіне қарамастан адамдарды әлеуметтік қорғау ұлт саясатындағы 
ӛзекті  проблеманың  бірі  болып  табылады.  Себебі,  қоғамдағы  ұлттық  қаныстарға  теріс 
ықпалын  тигізетін  фокторлардың  бірі  –  осы  жұмыссыздық.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  елімізде 
біліктілікті  арттыру,  қажеттілікке  сай  кадрларды  қайта  даярлау  сияқты  бірқатар  шаралар 
жасалынып жатқаны анық. Қазақстанды мекендейтін әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар 
ұлттық-мемлекеттік  құрылысқа  қатысуына  қарай  және  ӛздерінің  мәдени  даму  қарқынын 
айқындайтын  ерекше  жағдайларға  қарай  бір-бірінен  ӛзгешеленеді.  Соған  сәйкес 
мемлекетіміздің  негізігі  міндеті  –  барлық  ұлттар  мен  этникалық  топтардың  құқықтары  мен 
бостандықтарын  тең дәрежеде қорғау үшін тиімді  жолдары қолдану. Бұл тұрғыдан  алғанда 
Қазақстан  қоғамының  тұтастығы  мен  тұрақтылығын  сақтаудың  бірден-бір  жолы  –  бұл 
барлық  қазақстандықтардың  саяси  санасын  жалпы  азаматтық  құндылықтар  негізінде 
қалыптастыру мен жетілдіру болып табылады. 
Дағдарысты  қоғамның  қиыншылықтарына  қарамастан  Қазақстандағы  ұлтаралық 
қаныстар  мен  саясаты  тұрақты  қарқынмен  дамуда.  Әрбір  ұлт,  әрбір  этнос  қоғам  мен 
мемлекет алдындағы жауапкершілігін осындай сәттерден таныта білу керек. Әлемдегі қазіргі 
кездегі демократиялық кӛпұлтты мемлекеттердің жамуына зер салып қарасақ, онда олапрдың 
барлығының қоғамдағы ұлты әр түрлі адамдардың бірлесіп ӛмір дің әр түрлі салаларындағы 
демократиялық  тетіктерді  нығайту  мен  полиэтникалылықтың  сақталуының  және  ұдайы 
ӛндірілуінің арасындағы қарама –қайшылықтарды үнемі шешіп отырудың шешіп отырудың 
қиын жолдарынан ӛткендігін байқаймыз. 
Дүниежүзінің  тарихи  тәжірибесінің  кӛрсетіп  отырғандай,  ұлт  саясатының  қандай 
кезеңде, қандай жағдайда болмасын мемлекет пен қоғам алдындағы маңызды проблеманың 
және  болып  қала  бермек.  Сондықтан  елімізде  іске  асырылып  отырған  ұлт  саясаты  ұлттық 
ӛмірде  бейіт  жолмен  реттеудің  және  дамытудың  маңызды  фокторы  болып  табылады.  Бұл 


180 
 
бағыттағы  Қазақстанның  тәжірибесі,  атқарып  жатқан  іс-шаралары  әлемнің  кӛптеген 
елдерінде  болып  ӛткен  конференцияларда  халықаралық  сарапшыла  тарапынан  жоғары 
бағалауға ие болып отыр[19]. 
Жалпы  алғанда,  біздің  елеміздегі  ұлт  саясаты  тӛмендегідей  принциптерге  сүйенеді: 
адам  құқықтары  мен  ұлт  құқықтарының  мен  ұлт  құқықтарының  парасаты  түрде  үйлесім 
табуы; ұлттар, ұлыстар мен халықтар арасындағы ізгілік, ұлтаралық келісім мен ынтымастық 
қатынастары,  ӛзара  кӛмек  пен  бірін-бірі  қолдау;  қоғамның  тұрақтылығы  мен  тұтастығы; 
ұлттық  құндылықтар  мен  жалпыадамзаттық  құндылықтардың  үйлестірілуі;  конструтивті 
ұлттық-ерекшелікті  мүдделердің  жүзеге  асырылуы;  елдегі  барлық  ұлттар  мен  ұлыстардың 
әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуының теңдігі мен теңестіріуі. 
Барлық  ұлттар  мен  халықтарды  бір  жерде  тоғыстырған  ортақ  тарихи  тағдыр  олардың 
ортақ  мұраттар  мен  құндылықтарлдың  қалыптасуына  да  себепші  болады.  Біздің  еліміздің 
жүргізіп  отырға  ұлт  саясаты  ӛзінің  бағыт-бағдары  бойынша  демократиялық  және 
келісімшілідік, прогрессивті және жасампаздық сипатымен ерекшеленіп келеді. Сондықтан, 
еліміздегі  ұлтаралық  келісім  мен  бірлік  қазіргі  кезеңде  орын  отырған  қоғам  ӛміріндегі 
әлеуметтік-экономикалық  дағдарысты  еңсеруде  де  маңызды  роль  атқарған  факторлардың 
бірі  бола  алады  деп  ойлаймыз.  Ӛркениетті  экономика,  ӛркенді  саяси-рухани  құрылым  дәне 
дамыған инфрақұрылым қалыптастыру үшін қазір ең керегі – ұлттық ынтымастық пен бірлік 
[20]. 
Дүниежүзілік  озық  технология  мен  интеллектіге  сүйенген  саяси-экономикалық  және 
әлеуметтік құрылыс қазақ халӛымен бірге барлық  қазақстандық халықты ӛркениетті ӛмірге 
әкелетіндігі  сӛзсіз.  Халықтар  Ассамблеясы  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  (ҚХА)  — 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанындағы  кеңесші  орган.  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  «Қазақстан  халықтары  Ассамблеясын  құру  туралы»  Жарлығымен  елдегі 
қоғамдық  тұрақтылық  пен  ұлтаралық  келісімді  нығайту  мақсатында  1995  ж.  наурыздың  1 
құрылған. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Ашурков В.Н., Кацюба Д., Матюшкин Г.Н. Историческое креведение. М., 2009 
2. Ахметова С.Ш. Историческое  краеведение в Казахстане. А., 2000. 
3. Юньев И.С. Краеведение и туризм. М.,2004. 
4. Внекласная работа по истории краеведения. М., 2005. 
5. Матюшкин Г.Н. Археология в школе. М., 2004. 
6. Кацюба Д.Б. Краеведение в воспитании учащихся. М., 2005. 
7. Матюшкин Г.Н. У колыбели истории. М., 2012. 
8. Семенов С.А. Развитие техники в каменном веке. Л., 2008. 
9. Черных Е.Н. Металл-человек-время. М., 2002. 
10. Алексеев В.П. География человеческих рас. М., 2004. 
11. Громов Г. Методика этнографических экспедиций. М., 2000
 
 
Аннотация 
Бұл  мақалада  қазақ  және  орыс  ғалымдарының  Қазақстан  табиғатының  зерттеу  тарихы 
қарастырылған:
 Н. М. Пржевальский, Н. А. Северцов, А.И.Левшин, В. Л. Комаров, В. Н. Липски және 
т.б. 
  
Аннотация 
В статье    рассматривается история исследования природы Казахстана русскими и казахскими 
учеными: 
Н.М. Пржевальским, Н. А. Северцовым, А.И.Левшиным, В. Л. Комаровым, В. Н. Липским. 
 
Аnnotation 
The  article  discusses  the  history  of  research  into  the  nature  of  Kazakhstan  Russian  and  Kazakh 
scientists: N.M.Przhevalsky, N.A Severtsov, A.I.Levshinym, V.L. Komarov, V. Lipsky.. 
 
 
 


жүктеу 3,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау