96
балалардың білім – біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда
ойын элементтерін қолданудың маңызы зор.
Ойын әрқашан шешім қабылдауды ұсынады – қалай істеу, не айту, қалай ұту қажет?
Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың ойлау әрекетін арттырады. Ойын олар үшін ең
бастысы – еліктіргіш сабақ. Ойын кезінде барлығы тең. Ол тіпті тіл даярлығын ашар баланың
да қолынан келеді. Тіпті тіл даярлығынан нашар бала ойында бастаушы болуы да мүмкін:
кей кезде бұл жердегі тапқыштық пен түсінгіштік пәнді білуден де маңызды болады.
Теңдік сезімі, қуаныш атмосферасы, тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну – сӛзінде
басқа тіл сӛздерін еркін қолдануға бӛгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге
мүмкіндік береді және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді. Тіл материалы байқаусыз
меңгеріледі – «мен басқаларымен бірдей сӛйлесе алады екенмін» деген ой оқушы жадына
келеді.
Мектеп оқушыларына қарағанда мектепке дейінгі жастағы балалардың еліктегіш
қасиеті жақсы дамыған, сондықтан олар ағылшын тілін үйренгенде азырақ қиналады.
Сонымен қатар, олар ағылшын дыбыстарын, сӛздерін, сӛйлемдерін қайталағанды ұнатады.
Бастауыш мектеп балалары да еліктеу арқылы үйренеді, бірақ бұл балаларға дыбыстарды
дұрыс айтқызу үшін сӛйлеу мүшелерінің жұмыстарын түсіндіруге болады.
5-6 жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойнау іс-әрекеті болып табылады, сондықтан
ағылшын тілін үйрету үшін мұғалім осы факторды ескере отырып, әртүрлі ойындарды
пайдалану керек. Ойындар арқылы мұғалім балаларға жаңа сӛздерді,сӛз тіркестерін үйрете
алады. 7-9 жастағы балалар да ойнағанды ұнатады, бірақ оларды ағылшын тіліне оқыту үшін
тек ойындарды ғана емес, әртүрлі тапсырмалар, жаттығуларды да орындатқызу керек. Ойын
арқылы балалар шетел тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде
оқушылар шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып шет тілін тез үйренеді. Егер
мұғалім ойынды тек балаларды кӛңілдендіруге, дем алдыру үшін ойнатса, одан ешқандай
пайда жоқ. Ойын белгілі бір білім
беруді мақсат етіп, ойналған кезде ғана нәтижелі болады.
Ойындегеніміз:
- іс-әрекет (тілдік);
- зорлықтың, қыстаушылықтың жоқтығы;
- жеке адамға ған атәніс-әрекет;
- коллектив арқылытәрбиелеу және білім беру;
- баланың психикасын, ой-ӛрісін дамыту;
- қызықтыра отырып үйрету.
Шет тілінде лото, карта, домино, жұмбақтар, кроссвордтар, байқаулар түрінде де,
лингвистикалық ойындар, қолғап ойыншықтар, жануарлар, кӛкӛністер т.б. түрінде де
ойналады. Шетел тілін үйрету ойынының мынадай түрлері бар:
- грамматикалық ойындар
- фонетикалық ойындар
- лексикалық ойындар
- орфографиялық ойындар
- рольдік ойындар.
Шет тілі сабағының әркезеңінде ойын элементтерін пайдалануға болады. Мысалы:
сабақтың басында ұйымдастыру бӛлімі кезінде алынатын фонетикалық рифмовка алған
кезде, ал «Кәне, кім мына ӛлеңді бірінші жаттап алып, маған айтып берер екен!» деп жарыс
ойынын ұйымдастырса және эстафета таяқшасын дайындап алып барып, оны алда отырған
оқушыға берсе, ал оқушы ӛлеңді айтып болып, келесі оқушыға берсе, балалар жарыса
отырып, ӛлеңді қалай жаттап алғандарын байқамай да қалады.
Сабақ процесінде ойын пайдаланылған кезде баланың миында «Не істеймін?» «Қалай
айтам?» «Қалай жеңем?» деген сұрақтар тұрады. Шет тілін нашар білетін бала ойын
басқалармен бірдей үйретіліп жатқан тілде сӛйлеп, мен де басқалармен бірдей екенмін ғой,
мен де біледі екем деген ойда болады. Психологтардың айтуы бойынша бастауыш
сыныптардың балалары ойын іс-әрекетінен оқу іс-әрекетіне кӛшеді. Дегенмен, ойынның