алмай, ең маңызды нәрселердің бірі бала тәрбиесіне маңызды көңіл бөлейік.»
ІҮ. Сергіту сәті «Қызықты сұрақтар» ойыны.
Бұл ойын ата-аналарға сергіту сәті кезінде жүргізіледі. Ойынға қатысушылар шеңбер болып тұрады.Ойынды жүргізуші
допты лақтыру арқылы ата-аналарға кезекпен сұрақтарды қояды. Допты алған ата-ана сұраққа жауап беріп, допты кері
қайтарады. Ойын қызықты өтеді.
1.Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
5. Кеше сабақтан қандай баға алды?
6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9. Балаңыз 1 сыныпқа қай жылы барды?
10.Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі? т.с.с
Ү. «Сіз қандай ата-анасыз?» атты тест жұмысын орындату және нәтижесімен таныстыру.
Шарты: зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді сұраймыз.
Жауаптар:
А) қолымнан келеді және әр кезде солай жасаймын.
Ә) қолымнан келеді, бірақ әрқашанда олай жасамаймын.
Б) қолымнан келмейді.
1. Кез -келген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап, балаңызбен айналысу қолыңыздан
келе ме?
2. Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай, ақылдасу қолыңыздан келе ме?
3. Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?
4. Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?
5. Егер баланың қылығы сіздің ашуыңызды келтірсе, өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?
6. Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?
7. Бір уақытқа өзіңізді ертедегі қайырымды ханша немесе би ретінде елестете алу
қолыңыздан келе ме?
8.Бала кезіңізде болған оқиғаның тәрбиелік мәнімен айтып беру қолыңыздан келе ме?
9. Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әрқашан айтпау қолыңыздан келе ме?
10. Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?
11. Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?
12. Егер де сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа,
eлеп- ескермеу сіздің қолыңыздан келе ме?
13. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұранып тұрса, сіз осыған ұстамдылық
ете білу қолыңыздан келе ме?
Кілті: А- 3ұпай, Б-2 ұпай, В-1 ұпай.
16 ұпайға дейін– бала тәрбиесі Сіз үшін үлкен қиыншылық туғызады. Сізге не білім жетіспейді, не болмаса балаңызды
жеке тұлға ретінде жасауға ниетіңіз, ұмтылысыңыз жетіспейді. Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару қажет. Сол
себептен педагогтан және психологтан кеңес алуды ұсынамыз.
16-30- Сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе ол балаға деген қамқорлық.Сізде тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ іс
жүзінде Сіз оны әрқашан қолдана алмайсыз. Кейде тым қаталсыз, кей жағдайда тым жұмсақсыз. Сізге баланы тәрбиелеуге
мән берген өте қажет деп ойлаймыз.
30-39- өміріңіздегі ең қыматты адам- балаңыз деп санайсыз. Сіз балаңызды түсініп қана қоймай, оны тереңірек білгіңіз
келеді және оған үлкен құрметпен қарайсыз. Сіз ең таңдаулы озық тәрбиелік әдістерді және тұрақты тәртіп жолдарын
ұстанасыз. Сіз өте дұрыс бағыттасыз және болашақта жақсы нәтижеге ие боласыз.
ҮІ. «Жүрек жылуы»
Ата-аналарға жүрекшелер таратылады.Сол жүрекшеге балаларына деген жақсы лебіздерін жазу, ұсыну.
ҮІІ. Қорытынды
* * * * *
Маңғыстау облысы. Түпқараған ауданы. Ақшұқыр ауылы
Ақшұқыр мектеп-лицейінің педагог-психологы
Дуйсенбаева Акерке Кайргалиевна
Тақырыбы: «Сенім – менің серігім» психологиялық тренинг сабақ
Мақсаты: оқушылардың бойына сенімділікті орнату, стрессті жеңудің жолын көрсету, жағымды көңіл-күй
қалыптастыру.
Әдістері: түсіндіру,талдау, жеке жұмыс, ойын жаттығулары.
Қажетті құралдар: интерактивті тақта, маркер, ақ парақ, әуен, қызыл кілемше т.б.
Қатысушылар: ҰБТ тапсырушы 11-сынып оқушылары, көрермен мұғалімдер.
Сабақтың жүрісі: Кіріспе сөз.
Жүргізуші: Құрметті мұғалімдер және оқушылар қазір өткелі отырған «Сенім-менің серігім» атты тренинг сабаққа қош
келдіңіздер! Сабаққа көтеріңкі көңіл-күймен қатысып, қызықты өткізейік.
Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі адамның өмірге деген құштарлығын оятып, қызығушылығын арттырады. Егер
де біз сенімді өмірлік серік қылсақ өз құндылығымызды түсінуге, ойлаған мақсаттарымызға жетуге көмектеседі. Әрине,
30
өмір болған соң әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерін бастан өткіземіз. Бойымыздағы сенімділікті
төмендететін адамда кейбір кедергі ойлар туындайтын кездер де болады. Қазіргі таңда сендерді мазалайтын ой ҰБТ-ден
жоғары ұпай жинау,өздерің қалаған оқу орындарына түсу.Қазір біз өзімізді мазалайтын кедергі ойлардан арылу үшін «Маған
не кедергі?» жаттығуын орындаймыз.
«Маған не кедергі? » жаттығуы
Оқушыларға қалам, парақ және 5 минут уақыт беріледі. «Маған не кедергі» тақырыбына тізім жасайды және әр оқушы
өздерінің жазған кедергілерін оқиды.
Топта талқылау. Бізге не кедергі екенін білген кезде, бізге жағдайды өзгерту жеңіл болады. Егер адам нақты кедергіні
сезінсе, оның қайдан шыққанын оңай түсінеді және одан шығар жол таба алады.
«Менің мақсатым...» жаттығуы
Әрбір оқушы өзінің мақсатымен таныстырып өтеді. Оқушылар екі топқа бөлініп кезекке тұрады. Музыкалық әуен
жіберіледі. Жүргізуші әр оқушының мақсаты болып белгіленеді. Содан кейін оқушылардың кезекпен көздері байланады,
олар жүргізушіні тауып жетулері керек.
Талдау: Мақсатыңа жету оңай болды ма? Қандай сезімде болдың? Оқушыларға мақсатқа жету жолында әр түрлі
кедергілердің болатынын және әр кім әр түрлі жолмен жететінін түсіндіру,қандай жағдайда да сенімдерін жоғалтпауды
ұғындыру.
«Өзіммен өзім» жаттығуы
Оқушылар жайланып отырады, әдемі әуен жіберіледі. Оқушыларға мына мәтін оқылады: Көз алдарыңызға үлкен жасыл
ағаштың астында, самал жел мен көлеңкеде, тыныштықта жатырмын деп елестетіңіздер. Әрқайсымыз өзіміздің 5 жылдан
кейінгі өмірімізді көз алдымызға елестетеміз. Немен шұғылданып жүрсіз? Неге жауаптысыз? Қасыңызда кімдер бар? Қай
жерде тұрасыз? Қандай маман иесі болдыңдар? Осылардың барлығын көз алдымызға елестетіп, ойымызды жинақтап, қазіргі
әлемімізге оралайық.
«Қабылдау комиссиясы» рөлдік ойыны
Бұл ойынға оқушылар оқуын бітірген, белгілі бір маман иесі ретінде қатысады. Қатысушы мұғалімдер арасынан
мамандарды жұмысқа қабылдайтын қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясы алдында әр оқушы өзінің
көрсететін қызметі, қабілеттері, бейімділігі, жетістіктері туралы айтып, өзін-өзі жарнамалайды.
Талдау: Қабылданушының комиссиямен әңгімесі мен мінез-құлқы, сонымен бірге «қабылдау комиссиясы» мүшелерінің
әрекеті талқыланады.
«Мен жұлдызбын» жаттығуы
Әрбір оқушыға қазіргі таңдап отырған мамандықтарының жұлдызы болатынын сезінуге мүмкіндік беру.
Оқушылар жерге жайылған қызыл кілемшенің екі жағына бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Әуен жіберіледі. 20
жылдан кейінгі елбасымыздың қабылдауына жиналып тұрған мамандар. Жүргізуші оқушылардың аты-жөнін атап шақырған
кезде (мысалы: медицина ғылымдарының докторы, «Ең білікті маман-2030» байқауының жеңімпазы Құралбаева Айдана
Нығыметниязқызы) қызыл кілемшенің үстімен көрермендерге қарап, екі қолын жоғары көтеріп, күлімдеп жүріп өтеді.
Қорытынды
Сеніміңнен сен биікте тұрасың,
Сонда саған басын иер құзар-шың.
Сенім-патша,сенім-қыран,сенім-жыр,
Арманыңның асқарына шығарсың.
* * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы,Сайрам ауданы №28 «Ақбай» жалпы орта
мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Куралова Ділдара
Қысқа мерзімді жоспар
Күні: 13.03.2015
Пәні:Қазақ тілі
Сынып: 8 «А»
Сабақтың тақырыбы:
Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері
Сабақтың мақсаты:
Құрмалас сөйлемнің арасына қойылатын тыныс белгілері туралы үйрету,
құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білуге сөйлем мүшелеріне талдай алуға
дағдыландыру.
Оқыту нәтижелері:
Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері туралы түсінік қалыптасады,тыныс
белгілерді қоюды меңгереді. Салалас пен сабақтасты ажырата алады.
Негізгі дерек көздер:
Оқулық, таратпа материалдар, стикерлер, проектор,слайдтар ,ноутбук
Сабақтың барысы:
Сабақтың
кезеңдері
Мұғалімнің
іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Ресурстар,
көрнекілікте
р
Ұйымдасты
ру кезеңі
(3 минут)
А 4 парағына қима қағаздарды жапыстыру және
стикерді түсін таңдап алу арқылы топқа бөліп
отырғызамын.
Оқушылар қима қағаздар
арқылы екі топқа бөлініп
отырады.
Қима
қағаздары,сти
керлер
Үй
тапсырмасын
сұрау
(5 минут)
Берілген мәтін бойынша сатылай комплексті
талдау жұмысын тексеріп сұрақ-жауап
ұйымдастырамын
Оқушылар қима
қағаздарына жазылған
сұрақтарға жауап береді
Қима
қағаздары,сти
керлер
31
Достарыңызбен бөлісу: |