Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



жүктеу 2,51 Mb.
Pdf просмотр
бет10/72
Дата07.01.2020
өлшемі2,51 Mb.
#26013
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
Ақшұқыр мектеп-лицейі,  қазақ тілі пәні мұғалімі: 
Амалова Ақжүніс Оспанқызы
Сыныбы: 5 «а»
Сабақтың тақырыбы: М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасы ( 2 - сабақ )
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: М. Шахановтың өмірі мен еңбектеріне сипаттама бере отырып, поэманың негізгі мәнін ұғындыру, батыр 
бабамыз Махамбеттің бейнесін ашу;
ә) дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ойын, тілін дамыту, сөздік қорларын толықтыру, қойылған 
сұрақтарға жауап іздеуге, қосымша ақпарат түрлерімен жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
б) тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, батырлар есімін  қастерлеуге, ақын шығармашылығына құрметпен қарауға 
тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка.
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, СТО стратегиялары, 
шығармашылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Ақындар суреті, слайдтар.
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа қатысын тексеру. Жаңа сабаққа әзірлеу.
ІІ. Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасын сұрамастан бұрын оқушыларға  аудиокітаптан  М.Шахановтың  «Нарынқұм 
зауалы»  шығармасының І бөлімі «Махамбеттің соңғы сөзін» тыңдату. 
Қызығушылықты ояту. (Ой шақыру) 
1.
М.Шаханов кім?
2.
М.Шахановтың қандай шығармаларын білесіңдер?
3.
М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы»  туындысындағы  «зауал» сөзінің мағынасы қандай?
4.
«Нарынқұм зауалы» кімге арналған шығарма?
5.
Осы шығармадағы түс көру, түс жору ұғымдарын қалай түсінесіңдер?
6.
Махамбет Өтемісұлы қандай түс көрді?
7.
«Менің бассыз қалғандығым,
Сенің бассыз қалғандығың болмағай» дегенді қалай түсінесің?
Оқушылар  «Соңғы сөз», «Үкім» болып 2 топқа бөлінеді. «Соңғы сөз» тобына Махамбеттің суреті, «Үкім» тобына 
садақтың суреті ұсынылады. 
ІІІ. Жаңа сабақ. 
ІІ бөлім. Әке үкімі Аудиокітаптан оқушыларға «Нарынқұм зауалының» «Әке үкімі» бөлімі тыңдатылады. 
Мағынаны тану кезеңі
Шомбал –  ірі, шымыр, етжеңді.
Әдіптелген – киімнің етек-жеңіне салынған көмкерме, ою.
Қапысызда – аңдаусызда, абайсызда.
Тақым – тізенің астыңғы, ішкі жағы.
Шиыр – шым-шытырық, шытырман шатақ іс.
Мазда – жайнау, жарқырау.
1846 жылы Баймағамбет сұлтанның тыңшылары Ы.Төлеев, М.Нұралин, Ж.Боздақов және Ж.Өтеулин – бәрі бірігіп, 
Қараойға барып, батырдың басын алады.
Тұтас қазақ әдебиетінде Махамбет тұлғасына қалам тартқан қазақ қаламгерлері аз болған жоқ. Барлық жанрда, үлкенді-
кішілі туындыларда Махамбет тағдыры шығарма өзегіне айналды. Алдымен қазақ поэзиясындағы Ы.Шөрековтің «Исатай-
Махамбет» дастаны, Ж.Молдағалиевтің «Кек», Ж.Нәжімеденовтің «Жаңғырық», Ә.Кекілбаевтың «Махамбет», 
М.Шахановтың «Нарынқұм трагедиясы», Ф.Оңғарсынованың «Алмас қылыш немесе Махамбетпен қалай кездестім», 
М.Неталиевтің «Арыстан еді-ау Исатай» поэмалары, Қ.Бекхожиннің «Махамбет қабірінің басындағы тебіреніс» атты 
толғауы, ақындар Х.Ерғалиев, О.Сүлейменов, М.Мақатаев, Қ.Мырза-Әлі, Ж.Әбдіраш, Т.Медетбек, Р.Ниязбеков, И.Оразбаев, 
Ұ.Есдәулет, т.б. әр жылдары жарық көрген туындылары Махамбет тұлғасын әр қырынан сомдауға арналды.
Бұл туралы Т.Әлімқұловтың «Қараой» деген әңгімесі бар. Т.Әлімқұловтың шығармасында күтпеген жерден қызғыш 
құстың көрінуі, көң қарғаның ұшып жүруі, ботаның боздауы, сол кеште, апақ-сапақта Айдың тұтылуы, барлығы ақын 
өлімін, оның ауыр қазасын шарықтау шегіне жеткізе суреттеуге жол ашады.
Кітаппен жұмыс.
Оқушыларға шығармадан диалогты тауып, оқыту. 
«Кейіпкерге хат» әдісі
Оқушыларға ІІ бөлім бойынша негізгі кейіпкерлер – әкесі мен баласына хат жаздыру.
«Инсерт» стратегиясы.
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Болжау стратегиясы.
Сіз бұдан әрі не болады деп ойлайсыз?
Сізде қандай дәлел бар?
20


Ой толғаныс стратегиясы. «Екі жақты түсіндірме күнделігі»
Шығармада маған ұнаған кейіпкер
Өз ой-пікірім
ІV. Үй тапсырмасы.  «Әке үкімі» үзінді жаттау. «Әке балаға сыншы» тақырыбында ойтолғау жазу. 
V.
Қорытынды. Балалар, бүгінгі сабақты қорытып, өзіміздің алған білімімізді бағалап, тақтадағы «Білім ағашына»  
өз есімдерімізді орналастырайық.
VI.
Оқушылар білімі бағаланады.
* * * * *
Ақтөбе қаласы №32 «Қуаныш» МДҰ –ның 
ортаңғы   топ тәрбиешісі: Уразбаева Гулмира  Жусуповна
Тақырыбы: «Ойнайық  та, ойлайық».
Сабақтың мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды  санап шығу, танып, атай білуге, 
қанша?, қандай?,  деген сұрақтарға  дұрыс жауап беруге талап ету. Уақытты бағдарлау жөніндегі   білімдерін(таңертең, 
күндіз, кеш, түн) тереңдете түсу. Апта күндерін атап білу. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Зейінін ақыл-ой 
белсенділігін арттыру, тез ойлаға, жылдам есептеуге қызығушылығын ояту. Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, дидактикалық, логикалық ойындар. 
Көрнекілігі: Жеті ханшасының шақыру билеті, жеті түрлі сыйлық, жұлдызшалар, қиылған геометриялық 
пішімдер, слайд суреттері.   
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Балалар шеңбер жасап тұрады. 
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң қонақтар!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Тәрбиеші: Балалар бізді математика әлеміндегі «Жеті санының ханшасы» мынадай шақыру билетін жіберіпті. Ол шақыру 
билеттің ішінде жеті тапсырма берілген. Сол тапсырмаларды біз дұрыс орындасақ көптеген жұлдызшалар сыйлыққа береді. 
Ол сыйлықтарды алу үшін біздер берілген тапсырмаларға нақты, жылдам, тез ойлауға ақыл-ойымызды салып орындауымыз 
керек. 
Балалар сендер жетіге дейін тура және кері санай аласыңдар ма? (балалар санап береді.) Бұл тапсырмаларды орындау 
үшін біз екі топқа бөлінеміз. Олай болса екі топқа «Алғырлар» мен «Тапқырлар» болып бөлінейік. 
Қане әр топ төздерінің ұрандарын айтсын.
12.
«Алғырлар » тобы:
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Сабақты да жақсы оқып,
Мектепке де барамыз. 
13.
«Тапқырлар» тобы:
Біз әдепті баламыз,
Оттай болып жанамыз,
Сұрақ қойса ойланып,
Дұрыс жауап табамыз

Біз осы тапсырмаларды тез әрі дұрыс орындасақ,
жеті ханшасының жұлдызшаларына ие боламыз. 
1.Тапсырма: «Кім шапшаң?» (Слайдтан сурет
көрсетіледі.)
А) Біз қай қалада тұрамыз? (Ақтөбе)
Б)Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)
В) Жыл мезгілдерін ата? (Күз, қыс, көктем, жаз)
Г) Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)
Д) Кемпірқосақта неше түс бар? ( Жеті )
Ж) Бағдаршамда неше көз бар? (Үш)
Қай топ сұраққа көп жауап берсе, сол топқа жұлдызша беріледі.
2.Тапсырма. Ойын: «Аңдарды құрастыр». Геометриялық пішімдермен аңдар құрастыру. 
3.Тапсырма. Түстеріне және доптардың санына қарай апта күндерін атау.
4.Тапсырма. Жаңылтпаштар айту.Әр топ кезекпен айтады. 
а) Үш қарындаш, үш түрлі, үш қарындаш үш қырлы, үш қарындаш ұшқырлы.
б) Есет атам ет асатар, ес асатса, бес асатар.
5. Тапсырма. Логикалық есептер шығару. 
а) Қолғаптар сыңарын тап.
б)Қонжық екеу табан нешеу. ( Сегіз)
6. Тапсырма. Дидактикалық ойын қай сан жоқ. 
Жоқ сандарды тауып орнына қою
21


жүктеу 2,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау