Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені



жүктеу 5,72 Mb.
бет17/22
Дата28.11.2017
өлшемі5,72 Mb.
#2286
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Бекіту сұрақтары:

1.Ұлы жүз қазақтары Ресейге қай жылы қосылды?

2. Перовскийдің жорығы немен аяқталды?

3. Арал бойы қазақтарына жүргізілген Қоқан хандығының жорықтары немен аяқталды?

4.Арал бойы қазақтарының Хиуалықтар мен Ресей басқыншыларына қарсы күресі қай жылы басталды?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.

Лекция №20-21 XVIIІ-XIX ғ. І жартысындағы Қазақстанның мәдениеті.
Негізгі ұғымдар: Ағаш үй, құрық, желі,көнек, қауға , шынырау құдық, күбі,келі, қол диірмен, қымыранжент, уыз, т.б. қобыз,шақ қобыз, суырып салма ақын, жырдастан.

Жоспар:


  1. Қазақтың музыкалық мәдениеті және оның өкілдері

  2. XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы қазақтың ақын-жыраулары

  3. Қазак халкы және оның мәдениет тарихының зерттелуі



Мақсаты: Қазақтың ұлттық мәдениетімен танысу. Қазақы дәстүр сананың ұрпақтар сабақтастығын көрсету. Мәдени ұлттық мұраларды сақтаудың тарихи маңызын дәлелдермен баяндау.
1.Қазақтың музыкалық мәдениеті және оның өкілдері. XVIII ғасырдағы жоңғарлар мен қазақтардың арасындағы қырғын соғыс, толассыз шайқас, ұрыстар, екі халықтың бір-біріне деген өшпенділігі, еліспей беріспеуге бел буған бекемдігі, халықтың сан сала рухани мұрасында шыншылдықпен орын алғанын қазақтың музыкалық өнер туындыларынан да көреміз.

Қазақтың музыканы сүйетіні, аса сазгер халық екені ертеден музыка өнерінің тарихын зерттеген, бұл өнер туралы өте бағалы, шын жүректік сөздерін айта білген көптеген шығармаларда кездеседі. Музыка жөніндегі еңбектерді сөз еткенде 1992 жылы жарық көрген Ақселеу Сейдімбековтың «Күй шежіресі» аталатын еңбегін алдымен ауызға аламыз. Ол жөнінде осы кітаптын алғашқы тарауларында да айтқан болатынбыз. Әрбір қазақ үшін, қазақтың өнер сүйер қауымы үшін қажетті де құнды еңбек екенін көрсетумен бір бұл еңбекте ол көшпелілердің рухани мәдениетінде күйдің мың жылдан астам мезгіл аясында орныққан тарихи дәстүрінің бар екенін білгір және сирек кездесетін зерттеуші ретінде тұжырымдайды. Сейдімбековтың «Егер XX ғасыр табалдырығын аттағанға дейін қазақ халқына ең мол рухани жұбаныш болған өнер түрлері қайсы? — деген сұрақ қойылар болса, онда алдымен сөз өнері, музыка өнері және қол өнері тілге оралар еді» деуіне қарағанда музыка өнерінің халық үшін қаншалықты зор маңызы бол-ғанын байқау қиын емес. Мұның өзі өзіміз де жақсы білетін, солай түсінетін шындық емес пе?

Мәдениетіміздің аса бағалы арналарының бірі ретінде рухани айналымға түсіп отырған көптеген халық сазгерлерінің өмірбаяны мен күй аңыздарының арасында біз қарастырып отырған еңбекте XVIII ғасырға қатысты материалдар аз емес. Яғни ол еңбекте сол тұстағы халық тағдырына байланысы бар күйлер, оларды шығарушылар туралы да сөз болады. Бұл арада айта кететін бір жай Акселеу Тарақты бұл мәселені тек осы кітапта ғана емес, одан бұрын шыққан еңбектерінде де жазған болатын. 1989 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Сонар» атты зерттеу еңбегінде қазақтың ұлттық мәдениеті туралы ой толғаған, оның маңызды салаларының ірі қазақ музыкасының пайда болуы, дамуы, өсіп-өркендеуі жайында терең пікірлер айтады, нақты мысалдар келтіреді.

XVIII ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы кезінде өмірге келген қазақ күйшілерінің шығармаларының арасында аса ілтипатпен аталатындары «Қаратаудың шертпесі», «Қалмақ биі», «Беласар», «Абылайдың қара жорғасы», «Кеңес» т.б. күйлер.



Бұл күйлердің шығарушысы кімдер болды?

Солардың бірі — Байжігіт куйші, Керейдің Абақ тайпасынан шыққан, теңдесі жоқ өнер иесі болған адам. Ол жоңғарлардың 1723 жылғы қазақтарға тұтқиыл шабуылы басталған кезде 18 жастағы жігіт еді. Сол кездің өзінде жасынан домбыра тартып, кемелденіп қалған ол «Ақтабан» атты күй шығарады. Халық қасіретін кез алдына әкеліп, жан-жүйеңді босататын осы күйден кейінгі оның кең тараған шығармасы «Қайың сауған». Ол да ақтабан шұбырынды оқиғасымен өзектес, мұң, зармен басталып, барлық үмітсіздікті, түңілуді емес, қайта жеңіскедеген жігер мен қажымас күреске шақырған, сенімге толы сазды үнмен келетін күй.

Бұл күйді Құрманғазы айдаудан қайтып келе жатып, арқанын атақты күйшісі Тәттімбетке кездескенде шығарған екен деседі. Қазақ елінің бүкіл Шығысы мен Батысына, Оңтүстігіне аты кеңінен тараған Тәттімбет Қазанқапұлы (1815-1860) Кұрекең арнайы іздеп келгенде аурудың азабын шегіп, тесек тартып жатқан екен. Бірін бірі көруді арман етіп аңсап жүрген қазақтың екі қасиетті өнерпазы бір-бірінің өнерін тамашалап, бірнеше күнді бірге өткізеді. Осы кездесуде орындалған «Сарыарқа» күйі бүкіл қазақ даласына кеңінен тарап кетеді. Осы күйді тыңдап, толғаныс үстінде жатқан Тәттімбет «Көкейкесті» деген атпен күй шығарады. Көптен көкейімде, көңілімде жүрген, жанымды толқытқан күй еді деп, оны Кұрманғазыға бағыштайды. Қазақ өнеріне өзіндік қолтаңбасымен із қалдырған, жанға жағымды, жаймақоңыр күйлердің дәстүрін қалыптастырған Тәттімбет заманының белгілі, беделді, лауазымды адамы бол ды. Ол елуден астам халыққа кеңінен тараған күйлерін қалдырды. Бұлардың арасында «Азына», «Бес төре», «Балқан тау», «Былкылдақ», «Қос басар», «Балбырауын», «Бозторғай»,т.б. камералық, симпониялық, аспаптық,опералық туындыларға арқау болған. Қазір Қарағанды қаласында белгілі дирижер Ш. Қажығалиев ұйымдастырған Тәттімбет атындағы халық аспаптар оркестрі сол күйлерді нақышына келтіріп орындайды. Оркестр көптеген Шығыс өлдерінде өнер көрсетіп, үздік өнерімен кеңінен танымал болды.

XIX ғасырда қазақтың музыкалық мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосып, халықтың музыкалық қазынасын тамаша күй туындыларымен байытқан Тарақ ұлы Абыл (1820-1881), Назарұлы Қожеке (1823-1881), Шоңманұлы Тоқа (1830-1914), Сарымалай (1835-1885), Қазанғап (1854-1917), Ерназар ұлы Дайрабай, Нұрпейісова Дина (1865—1955), Дүкен ұлы Ықылас (1843-1916), Ерғали ұлы Мәмен (1859-1931), Қалмамбет ұлы Өскенбай (1860-1925), Тауданбекұлы Дәуірбай (1873-1937) сияқты аты шыққан дарынды композитор-күйшілер болған.



Осы айтылған күйшілердің арасында Ықылас пен Динаның орны айрықша бөлек.Ықылас Кіші жүздің Тама руынан шыққан. Арғы аталарынан бері қобыз ойнау өнерін әбден меңгерген тамаша музыкант. Оның қобызында орындалатын «Айрауық», «Аққу», «Асан қайғы», «Бозторғай», «Жалғыз аяқ», «Жез киік», «Ерден», «Қазан», «Қаншайым» т.б. күйлерін халық қобызшысы — күйшілердің орындауында қызыға да кұмар-татыңдайды.

Заманымыздың тамаша орындаушысы Дина Нұрпейіс келінінің домбыра тартқанын көру бақытына ие болған адам оны ешқашан ұмыткан да, естен шығарған да емес. Өйткені, ол теңдесі жоқ домбырашы болатын. Сонымен бірге Дина шығарған, Қаршыға Ахмедияров орындаған «Әсемқоңыр», «Байжұма», «Бұлбұл», «Науысқы» сияқты күйлер өнердің қайталанбайтын тамаша туындысы ретінде тыңдаушысының арқасын қоздырып, көңілін қуаныш пен бақыт сезіміне бөлейтін шығармалар болды.

Сонымен XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының музыка мәдениеті мен оның өкілдерін сөз еткенде бұл кезеңде қазақ жеріндегі музыка өнерінің дамылсыздамығанын, оның өсіп, өркендеуінің алтың діңгегі қазақ халқынын рухани өрісі болғанын байқаймыз.

Казақ халқының XVIII-XIX ғасырлардағы рухани шарықтауының өнімді өзегі — музыка саласындағы туындылар мен оны жасаушы дарынды сазгерлердің игі дәстүрлері XX ғасырда онан әрі дамып, өзінің лайықты жалғасын тапқанын айтуымыз керек.


  1. XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы қазақтың ақын-жыраулары

XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бастапқы жартысындағы мәдениетіміздің алымды арнасы халық поэзиясы, сол тұстағы саяси-қоғамдық өмірдегі оқиғалар мен өзгерістерді соған байланысты орын алған қазақ жұртшылығының көңіл-күйі мен ой-арманын білдірді. Ал бұл тұста қазақ жерінде орыстың отарлау саясаты кеңінен жүргізіле бастаған болатын. Бұрын Қоқан, Қытай елдерінің ықпалында болып келген аймақтарды өзіне қаратып, бекіністер салып, алым-салықты көбейтіп, қазақтардың шұрайлы, шалғынды жерлерін қазына қарауына алып, әлеуметтік-саяси кұқықтарын шектеуге кіріскен патша өкіметінің озбырлығы барған сайын күшейе түсті. 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы Жарғы» қабылданып, оның негізінде әуелі Орта жүзге. сосын Кіші жүзге ел басқарудың жаңа жүйесі енгізілді. Қазақ жерінде бекіністер салуды тоқтатып, бұрыннан барын құртып, әскерін әкетуді талап еткен Қасымның (Кеңесарының әкесі) талабы ескерілмегені былай тұрсын, қайта патша өкіметі қазақ жерінде қазақ-орыстармен әскери бөлімдерді бұрынғыдан да көбейтіп, Ақтау бекінісін салдыруға кірісті. Мұнан кейін Қасым сұлтан Орта жүзден қырық мың үй мен Қоқан хандығының шекарасына көшіп сол жерден Орта Азия халықтарымен бірігіп, азаттық күресін бастау ниетін іске асыруға кіріспекші болды. Бірақ онын ол ойы іске аспады. 1936 жылы Ташкент билеушісі — Әулие-Атада Қасымның екі ұлы Саржан мен Есенгелдіні, Түркістанда Қасымның өзін ұстап, өлтіріп жіберді. Әкесін іздеп шыққан Кенесары да қамауға алынып, өлім тырнағынан әзер құтылды.

Орта жүздегі Кенесары, Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысы, Жанқожа бастаған Сыр бойы шаруаларының бас көтеруі бір мезгілде бір тұтас қимыл болып бірден бұрқ етет үскен жоқ. Олар — бірі ерте, бірі кеш, ұйымдасулары нашар, жақсы қаруланбаған көтерілістер болды. Сондықтан басынан бақайшағына дейін қаруланған зенбірегі, соғыс жүргізу тәжірибесі бар шоғырларды мол ұстап отырған патша өкіметі оларды тез арада, аяусыз басып тастап отырды, мұның өзі тыныш жатқан елді тонап, жай жүрген қазақтарды жазықсыз, кінәсыз жазалаумен жалғасты. Сөйтіп, соры ашылмаған, табан еті тесіліп, маңдай тері төгіліп жинаған олардын мал-дәулеті жазалаушы шоғырлардағы солдаттардың қолында кетті. Қыз-келіншек зорлыққа ұшырады. Патша әскерлерін жергілікті халықтан шыққан патша өкіметінің отаршылдық саясатын қолдайтын төре, сұлтандардың жасақтары қолдады. Мәселен, 1856 жылғы Сыр бойындағы шаруалар көтерілісін басуға сұлтан Елекей Қасымовтың жасақтары елеулі көмек көрсетті.

Қазақ даласына қаулап еніп келе жатқан отаршылдық саясат пен оның зиянды зардаптарын, зәразап болған халықтың мұңын, көңіл күйін, наразылығын, қарсылығын жыр еткен халық поэзиясының өкілдері аз болған жоқ. Солардың бірі «Кенесары — Наурызбай» дастанын жазған Нысанбай жырау. Оның атақты дастаны көп уақыт Кенесары Наурызбайға беріліп кел-ген теріс баға, кеселді кесімге байланысты жұрт назарынан тыс қалып, айтылмай, қаға берісте, қалтарыстақалып келді. Өзінің көркемдік қасиеті, шеберлігі, шешендігі, ұтқырлығымен ерекшеленетін бұл туындыда Кенесары Наурызбайдың халықтың қамын жеген нағыз халық кесемі болғаны, оның серіктері Бұғыбай, Байзақ, Кұрман, Бұхарбай, Ағыбай, Меңдібай, Толыбай, Қабан сияқты батырлардың ерліктері есте қаларлық сөздермен кестелі де келісті суреттеледі. «Өлең жырға Нысанбай мәшһүр шешен нар еді, кезімен көріп, сөз қылған соғыста өзі бар еді» деп келетін Нысанбай жыраудың өзінің де ұлт-азаттық қозғалысының туы астында жүрген қалың қазақтың қатарында болғанын байқаймыз.

XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы халық поэзиясының көрнекті өкілдерінің қатарына Жәңгір ханның теңірегінде болған Жанзақ, Байтоқ, сондай-ақ Сыр бойының жырауы Жанкісі, Семей облысының Абыралы ауданынан шыққан Жанақ (1770— 1848), Аягөз, Балқаш алқабын жайлаған найманның атақты ақыны Дулат Бабатай ұлын жатқызуға болады. Олардан қалған мұралардың мазмұны әр түрлі, айтатыны әр қилы жайлар болғанымен, негізгі өзегі адамгершілік, рухани игілік, озық ой, сана, халық мәдениетін байыту болды. Адалдықты, әділдікті орнатуға ат салысқан олар билеуші ұлттардың хан, терелердің әділетсіздігін, қаралығын, құлқын құмарлығын айыптады.

Солардың бірі — Дулат ақын Барақ сұлтанды: «Құрық бердің ұрыға, момынды алдың қырыңа, малсыздарды таптадың, малдыларды жақтадың, тентекті жасқап қақпадың, арамдарды ақтадың өсекшіні мақтадың, арамдық болды баққаның, қашан сеніңашылар, момындарға құрылған, қанды қара қақпаның. Қарағысыз ел мен жұрт, терелік түскен дағыңа, ие болмай, айрылдың, Атаңның алтын тағына, кара толқын жау толды, Шығыс, Батыс жағыңа, тұлпардан туған тұқым ең, ере алмадың жабыға», — деп өлтіре мінейді.



Теңдік пен бостандықгың, әділдіктің, дұрыстықтың туын ұстаушысы болып өз заманындағы шындықтың шынайы шежіресін жасаған халқының бойына қажымас қайрат, қайтпас ерлік, батырлық пен батылдық, ақыл, амалдың өшпес ұрығын егуге, қазақтың қайсарлығын шыңдауға үлкен үлес қосқан Махамбет (1803—1846 жж.). Оның өткір тілмен, орамды сөз ұйқастарымен сомдалған қазақтың қайсар жігіттерінің, оның ішінде Исатай сияқты бөлек туған қаһарман тұлғалы ерлерінің бейнесі Махамбет жырларын оқыған адамға ұмытылмастай әсер қалдырады. Оның жырларына арқасы қозбайтын адам жоқ. «Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңқу-еңқу жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай, тебінгі терге шірімей, терлігі майдай ерімей...» тынбағар ерлердің ісін айтқанда ол қиындықтың қандайынан да тайсалып, тайынбайтын ерлердің ел қорғанышы бола алатынын жыр кылады. Махамбет жырлары қазақ халқының бостандығы мен теңдігі жолындағы жорықтарда жұртқа рух берген, қайрат-жігерін үстеген туындылар.

3. Қазак халкы және оның мәдениет тарихының зерттелуі. Қазақ өлкесінің, қазақ халқының ғасырлар бойы дамып келе атқан тарихи, мәдени мұраларының зерттелуі, оның Ресей жерінің ажырамас аймағы, бүтіндігін толықтыратын бөлігі ретінде қарастырыла бастауы қазақ жеріне тарихшы, этнограф, орыс халқының азаттық күресінде тұтасып, айыпқа тартылып, айдалып кеткендер қазақ даласын, табиғатын, елін, дәстүрін, әдет-ғұрпын зерттеуге, жергілікті халықты орыс ұлтымен табыстыруға, таныстыруға үлкен күш салды. Оларды шұғыл, мақсаттарына қарай үш топқа бөлуге болатын еді. Алғашқы тобы қазақ халқының тарихын білімділік, ұғыну, тусіну тұрғысынан зерттеп, оны жұртшылық игілігіне айналдыру, зердесіне ұялату болса, екінші топ — бұл зерттеу, қорытындыларын, негіздерін орыс мемлекетінің пайдасына жарату, қазба байлықтарын тауып, қасиетті жерлерінің жемісін орыс қоғамының пайдасы үшін іске асыруды ойласа, оны үшінші бір тобы қазақ жеріндегі халықты орыстандыру мақсатын көздеді. Сөйтіп қазақ жерін зерттеу Қазақстандағы отарлық саясатты жүргізудегі келелі мәселелердің бірі болды.

Қазақ жерін зерттеушілердің бірі П. К.Криллов (1689-1737 жж.) болды. Жағрапия ғылымының маманы, әрі ірі мемлекет қайраткері болған ол қазақ даласының табиғаты, тауы мен даласы, суы, жер бедері және қазақ жұртының жер ыңғайына, шөбіне, шабындығына орай орналасуы туралы мол мағлұмат жинап, «қырғыз, қайсақ және қарақалпақ ордалары» туралы еңбек жазып, оны бүкіл Ресейлік империя атласын жасау үшін кеңінен пайдаланды. Орыстың белгілі оқымыстысы Рычков болды. Николай Федорович Рычков ғылыми экспедиция құрамында қазақтын жерін аралап, көптеген зерттеу жұмысын жүргізді. 1771 жылы Рычковтың «Қырғыз-қайсақ жеріне сапары кезіндегі күнделігі» деген еңбегі жарык керді. Оның қазақ жеріне деген ықыласты еңбегін жалғастырған П. М. Рычков (1712-1777 жж.) орыс әкімшілігінде қызмет істеп, қазақ елінің экономикасы,, мәдениеті, орыс-казақ халықтарының байланысы жөніндегі құнды деректер жинап, соның негізінде, «Орынбор қаласының сипаттамасы», «Татарлар туралы қысқаша мәлімет», «Орынбор тарихы» атты ғылыми жаңалығы мол шығармалар жазды. Петербург Ғылым Академиясының мүшесі П. С. Паллас 1768-1774 жылдарда Еділ бойын, Каспий ойпатын, Башқұрстан мен Орал тауларын, Байқал көлінін сыртқы аймақтарын зерттеген академиялық экспедицияны басқарып, «Россия мемлекетінің әр түрлі провинцияларына саяхат» деген көлемді еңбегін өмірге келтірді. Онын түркі тілдес халықтардың өмірі мен тұрмысына, емшілік, бақсы-балгерлік, тәуіптік өнеріне талдау жасауы халық ғылым-білімінің қайнары тереңде жатқанын көрсетті.

Қазақ халқының мәдени өмірін зерттеуде мол мұра қалдырған итальян саяхатшысы Марко Поло (1254 -1327 жж.) оның еңбектері ертерек, біз қарастырып отырған кезден көп бұрын шыққанмен, ол казақ халқының әлеуметтік өмірін, мәдени-рухани тұрмысын, дәстүрін терең біліп, олардың болашағы мен келешегі, тозбайтын, азбайтын арнасы туралы айта да, жаза да білді.

Венгер ғылымы А. Вамберидің — «Орта Азияға саяхат» (1865), «Орта Азия очерктері» (1868 ж.) деген еңбектері қазақ тақырыбына байланысты, оның мәдени тіршілігі туралы көптеген деректер береді. Э. С. Бульфсон, Г. Ю. Клапатро, К. Рихсарт, И. Шильтбергер өз жазбаларыңен қазақ мәдениетінің тарихын талдауды жұртшылық назарына ұсынып, насихаттауға аз үлес қосқан жоқ.

«Қырғыз-қайсақ немесе қырғыз-қазақ далаларының сипаттамасы» атты көлемді еңбегінен мәлім болған А. П. Левшин (1799-1879) қазақ атауының қайдан шыққанына тыңғылықты талдау жасай келіп, қазақ халқының сөз өнері, сәулет мұрасы, халықтың ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері мен белгілері туралы, қазақтың ақындық әлемі, импровизациялық шеберлігі жөнінде көкейге конымды өмір тәжірибесімен өзектес ойларды айтты. Қазақ тарихын терең зерттеген Левшинді Шоқан Уәлиханов аса жоғары бағалады.

Қазақ мәдениетінің тарихын зерттеудегі В. В Радловтың (1837-1918) ролі ерекше. Алтай, Сібір, Қазақстан халықтарынын тарихи тағлымы мен танымын, өсу, өрлеу, өркендеу жолдарын тереңдете зерттеп, «Солтүстік түркі тілдерінің салыстыр-малы грамматикасы, түркітілдері сөздігін жасау тәжірибесі», «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» сияқты шығармала-рымен бірге «Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері» атты көп томдық еңбек жазды. Оның қазақ елінің қалыптасуына арналған үшінші томында қазақ халқының түп-тегі, әлеуметтік өмірі, салт-дәстүрі, сөз өрнектері көңінен қарастырылды.

Оның 1870 жылы шыққан «Түркі халықтарының халық әдебиеті үлгілері» атты жинағы — көлемі мен ғылыми мәнділігі жағынан қазақ фольклорына арналған толыққанды еңбек болды. Мұнда қазақ ауыз әдебиетінің барлық жанрлары барынша мол қамтылып, халықтың ауызша сөйлеу тілінін ерекшілігіне ерекшекөңіл белінген.

Терістік Алтайдан Жайық өзеніне, Омбыдан Зеравшан өлкесінің Батыс аймағына дейінгі даланы өздерін «қазақ» деп, орыстар мен Батыс елдері «қырғыз» немесе «қиргыз-қайсақ» деп атайтын халық мекендейтіндігін айта келіп, В. В. Радлов бірінші рет қазақ халқын өз атымен атайды. Оның Қазақстанға алғашқы сапары 1862 жылдан басталады. 1869 жылы Шу даласымен Ыстықкөл жағасындағы елдерді аралап, ауыз әдебиетінің озық үлгілерін көнекөз қариялардан жазып алады.


Бекіту сұрақтары:

1.Қазақтардың тұрмыстық салт-дәстүрлеріне орыс мәдениетінің әсері болды ма?

2.Ауыз әдебиетінде халық бұқарасының азаттық күресі қалай бейнеленді?

3.XIX ғ. І жартысындағы қазақ әуез және әншілік өнерінің белгілі өкілдерін атаңыз?



4.Қазак халкы және оның мәдениет тарихының зерттегендерден кімдерді атай аласыздар?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №22--23 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан.
Негізгі ұғымдар: «Уақытша ереже», «Сібір қырғыздары облысы», шаруаларды отарлау, қоныс аудару.

Жоспар:

1. 1867-1868жж. Қазақстандағы патша үкіметінің реформалары.

2. Әкімшілік және басқару жүйесінің қайта құру.

3.Сот құрылысы.

4. Жетісуға ұйғырлар мен дүгендердің қоныс аударуы.
Мақсаты: Ресейдің қазақ жерлерін мемлекет меншігі етіп, заң жариялау мақсатындағы реформалар мәнін ашу. Қазақ даласына орыс шаруаларын қоныстандыру орқылы қазақ даласын отарлауды іске асыру әрекетін ашу.

Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХғғ. Тоғысындағы Қазақстан.
1. 1867-1868жж. Қазақстандағы патша үкіметінің реформалары.Қазақ даласы әкімшілік басқарудағы кезекті 1867-1868 жылдардағы реформаларын жүргізуден бұрын патша өкіметі уақытша ережені дайындау жұмыстарын жүргізді. Бұл жөнінде мұрағат қорларындағы деректерде: «қырғыз даласы (мұнан былай қазақ Ө.И.) Орынбор және Сібір ведмоствасы екі жүйемен басқарылды, бір бірінен айырмашылығы бар. Бір халықты екі түрлі жүйемен басқару. Жартылай жабайы тұрғындарда азаматтықты және үкіметтің түріне сәйкестендіру түбі бір қолайлы жағдайларға апару мүмкін емес».

Жергілікті орындарда әрі текті басқару жүйесін зерттеу үшін, қырғыздардың (қазақтар Ө.И..) келешек басқару құрылымының жалпы жүйесін бастау мүмкіндігін анықтау үшін 5июньде 1865ж жоғары әмір иесінің бұйрығы бойынша қазақ даласына ерекше коммисия іс сапарға жіберілген.

“... 1868ж (Түркістан уалаятындағы қазақтар үшін ) және 1891 жылғы қазақ елін басқаруға арналған заңдар қазақ жерін орыс меншігі жариялап, оған ішкі Ресейден келіп қоныстанушыларға кең жол ашып берді”.

Қортындылай отырып, 1822,1824 және 1867-1868жж реформалар қазақ даласының дәстүрлі әкімшілік басқару жүйесін түпкілікті бұзды. Әскери сипаттағы әкімшілік басқару жүйесін Ресей патша үкіметі қазақ даласына орнатты. Жаңа реформалар облыс басындағы әскери генерал-губернаторлардың билік басына келуімен қатар әскери округнда билік жүргізді. Жаңа реформа нәтижесінде қазақ даласында әскери және азаматтық биліктің бөлінбеуіне де өзіндік себебі бар. Отарлық саясатты жүзеге асыру үшін тек қана күш қолдану арқылы бір сөзбен айтқанда зорлық аппаратынсыз жүзеге асыруы мүмкін емес еді .Сондықтан әскери билік басындағы генерал-губернаторлардың қолына облыстың билік тұтқаларын беруінде өзіндік себептері бар еді.

Қазақ даласында жаңа реформаға байланысты салық түрі де өзгерді жасақ, түйме, алым- салық. Бұрынғы зекет, соғым салықтарының бәрінің орнын ақшалай алынатын салық ауыстырды. Отарлық саяси саясаттың түпкі көздегені экономикалық мүдде болатын. Экономикалық мүдделерін жүзеге асыру алғы шарттары саясиланған мақсат. Қазақ даласын жоңғар шапқыншыларынан қорғау мақсатын да көрші елге созған “көмек қолы” ретінде бекіністер мен қалалар салды.Салынған қалалар кейіннен қазақ даласын басқаратын патша үкіметінің әкімшілік орталығына айналды. Кейін ол қалалар Ресей үкіметінің экономиколық пайда әкелетін шет аймақтарындағы орталықтары ролін атқарды.ХІХғ Қазақ даласына темір жол салу арқылы қазақ даласының Ресей патша үкіметінің қазынасын еселей түсетін өндіріс салуда аймағына айналдырса өз кезегінде қазақ даласына капиталистік қатынастардың алғышарттықэлементтерін әкеліп өндіріс орындары ашылды. Ресей патша әкімшілігінің бақылауына қараған қазақ даласының экономикасы да өз тәуелсіздігін жойды. Көшпелі экономикалық мәдениет өзгерісіне ұшырай бастады.

Қазақстанның жаңа тарихы дәуірі екі кезеңнен қарастырылады. Бірінші кезең Қазақстан Ресей құрамында XVIIIғ.- XIXғ. 60 жылдары 1867- 1868 жж. реформаға патша үкіметі мұқият әзірленді, қен байтақ қазақ даласы патша үкіметіне онай игерілетін олжа емес екендігін бір жарым ғасыр бойы қазақ даласын отарлаудағы әкімшілік іс- тәжірибелерінен көз жеткізген болатын. Дайындықтардын бірі Ресей жеріндегі шаруалардың басы байлылық(крепостниктік) құқығын жою. Патша үкіметі Ресейдегі бұқара халықтын езгіге қарсы бас көтеруінен қорккаңдығын оған дәлел Степан Разин, Емельян Пугачев т.б. бастаған бұліктерден қорықты. Оның үстіне Ресейдегі бұқара халықтын езгіге қарсы көтерілісін болдырмау жолдарының қауіпсіздігін қарастырып мәселені жоғарыдан шешуге мүдделі болды. Патша үкіметіне жоғарыдан шаруалардың басыбайлылық құқығын шешуге шешім қабылдауға біздің пікірімізше мынадай себептер болды. 1.Ресейде шаруалардың крепостниктік құқығын жою арқылы әбден езілген қаналған орыс шаруалар бұқарасын тынышталдыру. 2.Реседе тыныштық орнату арқылы өзінің шет аймақтарындағы шаруалар мен Ресей шаруаларының патша үкіметінің езгісіне қарсы одақтасып бас көтеру соғыс қауіпінің алдын алу, бұндай қауіп болмай коймайтынын Емельян Пугачев көтерілісі қарсанында бас көтерген қазақ шаруаларының орыс шаруаларымен біріккені дәлелдеп берді.Емельян Пугачев көтерілісі жеңіліс тауып басылғанмен қазақ даласындағы патша үкіметінің отарлық езгісіне қарсы ұлт-азаттық көтерілістер жалғасын тауып жатты.

3.Ресей жеріндегі шаруаларды крепостниктік құқықтан босату арқылы оларды отар аймақтарындағы “ Жаңа жерлерге ” коныстандырылу арқылы өздерінің бұратана халықтардың жерін басып алып игеретін саяси құралына айналдыру еді. 4.1857-1858 жж. Ресейдегі дворяндық енгізу себебі қазақ даласы есебінен шешу арқылы Ресейдегі тұйықка тірелген жер мәселесін шешудің шешімін табу арқылы екі жақты шиеленіскен саяси мәселенің шешімін тапты. Екінші кезең Қазақстанның Ресей отарына айналуы 1867 ж реформадан 1917жылғы революциясына дейін.

2. Әкімшілік және басқару жүйесінің қайта құру. Патша үкіметінің қазақ даласындағы салық саясаты ХIХғ. II жартысы мен ХХ ғасырдың басында Патша үкіметінің қазақ даласындағы салық саясаты түбегейлі өзгерді.

Сібір қырғыздары журналы жарғы бойынша, Сібір генерал-губернаторлығы жасақ салығын Жарғы бойынша Ресейге қазақтар (100 бас малдан бір бас) жыл сайын тапсыруға міндеттелді. Салық жинау болыстық сұлтандарға тапсырылды, орындамаса әкімшілік жазаға тартылатындығы айтылғанмен, Жарғыда әкімшілік жаза түрі айтылмаған. Малдай жиналған салық патша қазынасын еселеуге тиімсіз болған. Сондықтан 1867-1868жж. «Уақытша ереже» бойынша Қазақ даласының барлық облыстарына бірдей шаңырақ салығы салынды. Ал Ішкі Ордасында зекет пен соғым салығы мал басына салынатын салықпен ауыстырылды. Әрбір шаңырақ – киіз үйі, үй, сакля, жертөле үйлерге салық салынып, тіркеуге алынып есепке қойылды. Қайта құрылған Орал, Торғай, Ақмола, Семипалатинск облыстарында Далалық өлкеден мемлекеттік салықты 1869 жылдық (қаңтардан бастап) әр үйден 3 рубльден жылына бір рет жинауға шешім қабылданды, салық жинау ауыл ағаманына жүктелді, ояз кассасына өткізіліп, қаржыны өткізгендігі жөнінде түбір тек берілді.

Салықтан түскен қаржының көп бөлігін әскери-демократтық аппарат армиясының шығынына берілді. Алдағы уақытта жиналатын салық мөлшерінің есебімен оны жұмсау жөніндегі есеп Ресей империясының Мемлекеттік кеңесінің талқыланып бекітуіне берілді.

Салық жинау мәселесі қатаң есепке алынды. «Далалық облыстарды басқару туралы Уақытша Ереже бойынша», 1868 жылдың 21 қазанынан бастап қазақ тұрғындарының кейбір бөліктеріне жеңілдіктер енгізілді. Шаңырақ салығынан босатылғандар:

Хан Айшуақ пен сұлтан Баймұхаммед Айшуақов, Ахмет және Арсалан Жантөриндер әулеттерінің отбасы.

1844ж. Кенесары Қасымұлына қарсы әскери күш көрсетуге қатысуда өлгендер мен жаралғандар мен бұрынғы хан Уәли мен Бөкейдің тікелей туыстары кезінде жасақ салығынан босатылғандар салық төлеуден босатылды.

ХIХғ. II жартысы – ХХғ. басында басталған мемлекеттік салықтан басқа земстволық салық енгізілді. Уақытша Ереже бойынша 1868 жылы билет салығының орнына паспорт салығы салынды. Бұл салық Ресейде бар болатын көшпенді қазақ мойнына көшпенді жергілікті басқару органдарын ұстау қаржысын жүктеді.

1.Салық қазақтардың әлеуметтік тұрмысының нашарлануына әкеп соқты. Көшпелі қазақ кедейленіп жатаққа, одан отырықшылыққа, одан батырақтыққа айналды. Осылайша жалданатын кедейлер тобы пайда болды

2.Отаршылдық саясаттың алым-салық алу арқылы қанау әдісі заңдастырылып қаржы көзінің жүйелі патша қазынасын еселейтін қазақтан жиналатын табыс көзіне айналды. Отаршылдық жүйенің қазақ мойнына ауыр алым-салық қамытын кигізді.

Қазақ даласына қоныстанғандарды 3 түрге бөледі:

1.Қазақ даласында әскери қызметіінің мерзімін бітіріп, үлеске жер алғандар.

2. Келімсектер, еркін өмір іздеп бірталай жерді шарлағандар Қазақ даласына келіп тұрақ тапқандар

3. Кейіннен Ресейден тікелей келген қоныстанушылар бір жерден екінші жерге қоныс аударып, көпке дейін тұрақтамағандар.



Сот құрылысы. Қазақ далаларының Ресейге қосылуына байланысты Үкіметті жаңа жердегі соттық бөлімдерінің құрылысының мәселесі толғандырды. Себебі ол халықтың өміріне араласуымен қатар, тек олардың жағдайына ықпал жасау ғана емес, сонымен қатар екі халықты қосуға тырысты.

Билік ету мақсатына жету үшін заңды мәселелерді терең зерттеу қажет. Себебі ол қырғыз далаларының соттарының құрылысына қажет.

Далаларда ұщқырлы тас өндіру әдісі 1734 жылы Статтық Кеңесші Кирилловқа оның Кіші Ордаға шекаралық істерді бақылау үшін жіберілгенде берілді.

Бұл заңдылықтың маңыздылығына қарай келесі қажет:

«Сотқа және әділ сотқа қатысты халықтың әдет-ғұрпын қадағалау, халық қалай және неге қуанышқа бөленеді, ал кінәлілерге айып салады, осылайша сотта бекітудің себебі қандай дін және нәсіл болмасын әділ сотқа ие болады.»

Осылайша, Патшайым Анна Иоанновнаның заңдылығының негізінде халықтың дәстүрі бойынша соттық істерді қарастыру қырғыздарға тапсырылды.

1784 жылы Барон Игельстремнің бұрынғы басшысының шекаралық экспедицияға қарамастан Оренбургқа шекаралық сотта істерді талқылау бойынша халық соты далада 50 жыл бойы қызмет істеді. Бұл сот Империяның заңдары негізінде шешімдер қабылдады.

Бұл заңның мақсаты- Орда халықтарының орыстармен жақындасуы және істерді тез және дұрыс шешу.

Тәуелсіз шекаралық сот, кейін II инстанция сотының атағын алған, оның аппеляциясы бойынша орданың өзінде ерекше жазалау мақсатқа қойылды. Бұны алғашқы уақытқа қырғыздардың өзінен құрып, оларға рухани магометандық заңға хаттанушыны берді.

Кәдімгі құқықтан сотқа тез арада айналу нәтижесінде барлығына бірдей заңдар негізінде қырғыз халқына үлкен әсер етті: қырғыздар орыс сотынан бас тартты: шекаралық сотта қырғыздарға қатысты істер қозғалған жоқ. Басышылар мен әкімшілік тұлғалар сот билігін өз қолдарына алды. Себебі, сот қызметінің маңызы әлсіреді. Халық басшылардың ықпалынан қысымға душар болды.

Осылайша, сот Империяның жалпы заңдарының негізінде екі халықтың бірігуіне емес, керісінше олардың ыдырауына әкеліп соқтырды. Белгіленген соттың елдерде жүзеге асуы тәжрибе жүзінде мемлекеттік қате болып саналды.

Бұл жағдай Бахметева жерінің бұрынғы басшысын істің бұндай жағдайы туралы мәлімдеуге мәжбүр болды. Оның 1799 жылғы 25 мамырдағы рапорты бойынша Шекаралық экспедиция және Шекаралық сот Шекаралық Комиссия деген атпен бір жерде құрылуына ең алдымен мыналар себеп болды: Шекаралық сот мақсатына жетпейді және қазыналық ақшаның артық жұмсалуы.

Генерал Бахметевтің жалпыға бірдей заң негізінде соттың далада қолдануы қолайсыз жайлы арызына қарамастан ол өзі екі халықтың бір жерге бірігуіне байланысты пікірдің қателігін түсінді.

Шекаралық Комиссияның құрылуынан қырғыз халқа ешқандай пайдалы өзгерістер көрмеді, себебі барлық заңды істер бұрынғы жерде жүзеге асты.

Осы жағдай негізінде Орынбор қырғыздарының даладағы қызметінің азаматтық соты келесі екі қызметті жүзеге асырады:

А) Халықтық сот- әдет-ғұрып бойынша бұл сотқа мынадай істер жатады, олардың ақысы 50 сомнан кем емес, ол жергілікті қырғыз бастықтарының бақылауымен немесе облыс басқармасының сөздік әлемдік соты және облыс билігі өндіріледі.

Б) Формальдық-жалпы мемлекеттік заңдар.

Сотқа бұл істердің бәрі кіреді. Олардың ақысы 50 сом. Қылмыстық соттың сол салада 4 түрі бар:

А) Халықтық сот

Бұл сотқа қырғыздардың маңызды емес қылмыстары жатқан, сонымен қатар ұрлықтың 30 сомына дейін кірген

Ол облыс белгісімен шығарылады, жоғарыда айтылып өткендей, азаматтық істерге қатысы болғаны

Б) Жалпы қылмыстық заңдармен

Бұл сотқа қырғыздар ұрлық үшін 30 сомнан астам төлеген

В) Әскери-қылмыстық заңдармен

Сотқа қырғыздар маңызды қылмыс үшін: кісі өлтіру, сатқындық, орыстарды кепілдікке алу, мемлекетке қарсы қылмыс жасау.

Сот әскери сот комиссиялары қатысуымен өтеді.

Г) Далалық-қылмыстық заңдармен

Сотқа мынадай: почтаға немесе әскери көліктерге және көпестер каравандарына шабуыл жасағанда іс қозғалады.

Сот әскери со комиссияларымен бірге өтеді. Осыған байланысты 768 бап IIтом II бөлім жарлықтары облыс Басқару істері бойынша азаматтық және қылмыстық істері Азаматтық және Қылмыстық сот Палаталарына билік жүргізеді. Және оған бағынышты төменгі сот орындары белгіленбеген. Билік жүргізу мен бір сатылы сот қырғыздардың істерін жүргізді.

Жоғары жазылғанның ішіндегі 1844 жылы ұсынылған жарғы бойынша халықтық сотқа тән болды. Оның ішінде маңызды еместері де болды., бірақ бүкіл жарлық бойынша азаматтық істер 50 сом және тонау 30 сом қыржысында қаралды. Бірақ бүкіл билердің сөздері облыс Басқармасымен шектеледі. 23 жыл бойы өмір сүріп, 1844 жылы жарлық шекаралық комиссия далада сот билігі пайда болды.

Азаматтық істердің көп бөлігін және қырғыздар арасындағы тонау істері Облыс Басқармасы би сотына берілген; халыққа билерді таңдау құқығы берілмейді; жергілікті билік көзі билерді шақырып іс жүргізеді, олар өздері қақтығысқа ұшырайды, жергілікті билік, сотқа араласып, өздері соттың үкімін өздері өзгертеді.

Сонымен Сібір даласының заң шығарушы органдары халыққа өз дәстүрі бойынша сот жүргізу құқығын берді. Ең алғаш қарағанда халық өмірімен байланысқан билер соты елде әділ соттың болуына кепіл болды. Бірақ та Граф Сперанскийді далалардағы сот ісін жүргізу туралы жарлығы кері әсер әкелді. Сібір даласындағы билер соты құлады. Сол кезде халық бұрынғы ерекше сыймен және құрметпен иеленген билерді өкінішпен еске алды. Бұл жағдайдың себебі Граф Сперанскийдің халықтың құқықтарын регламенттеу болды. Халықтың өмірімен және ойлау қабілеттерімен байланысқанда ғана сот жақсы нәтиже беретінін заң шығарушы түсінді. Бірақ та сот ісіне би сотын Округтік Бұйрыққа аппеляцияға беру мүмкіндігі көп болды. Округтік Бұйрыққа бір дәрежелі сот пен полиция кірді. Сонымен халық сотының өз еркімен жұмыс істеуі дұрыс нәтижеге жеткен жоқ. Өйткені билердің барлық үкімдері қайтадан шағымға беріле алынды. Халық сотының екпіні 1854 жылы шыққан заң болды. Ол заңдар би атағын кемінде 6 жыл жұмыс істеген сұлтандар мен ауыл ақсақалдары ғана алатын еді және де бұл тұлғалар қағаздармен марапатталған немесе адамдарды үкіметтік органдарға жіберген халықпен сайланып және Округтік Бұйрықтармен бекітілген болу керек. Сонымен қазіргі уақытта қырғыз халқының құрмеиімен иеленген халық соттарының құқықтық мәселерді шешу құқығы беделді ортадан шыққан адамдармен және Округтік Бұйрық чиновниктеріне берілді. Өйткені, мысалы комиссияның мынандай шешіміне әкелді қырғыз даласындағы сот құрылымының негізіне қырғыз халқына жергілікті дәстүр бойынша соттасу берілу керек еді. Халық сотының үлкеюіне әкелуі мүмкін еді бірақ та толық құқықты қырғыздарға бергенмен де үкімет алдағы уақытта халық сотын мемлекеттік бірлік түріндегі ортақ сотқа қосудан бас тартпады; қырғыз халқындағы халық соты, қырғыздардың азаматтық құқығын Ресейдің басқа жерлеріндегі деңгейдегі дәрежеге жеткенше қалу керек. Бұл ойды комиссия өзі жобалаған қырғыз халқындағы халық соты туралы қаулысына енгізгісі келді.

Қазіргі уақытта қырғыздарды орыс ұлтына бұрынғы тәртіп негізінде бағындыру екі далада мүмкін емес еді комиссия дауларды аралаған кезде сот құрылымының дұрыс еместігінің салдарынан болған қателіктерді көрді. Сол кезден далалардағы орыс сотынан қырғыздар ғана емес орыстардың өздері алыс болды. Олар қырғыз өміріне шағымданып қырғыз билігінен жерінде болды. Төрешілдік істерді жүргізу қиыншылығы негізінде сол өлкенің өмірімен қарама-қайшы болды. Осының бәрі қылмыстық және азаматтық соттар осы өлкедегі біздің беделіміздің құлауымыздың көзі болды. Қырғыздар бұл соттық істі кінәлілерді жазалау емес оларды жасыратынына сенімді болды.

Өкінішке орай соттың екі мағыналы жағы, сол уақытта ол территорияларда 2 сот: казак соты және жалпы заң қызметі болды. Онда 1 орталыққа бағынған Аймақтық бұйрық және Облыстық басқару. Олар бір істі ғана қарайды. Бұл соттың екіжақтылығы біздің халықаралық әдет-ғұрпымызға қайшы келеді. Сібір казак әскерінің қайта құрылды. 1861 жылы бұл жерде өздерінің жеке соты болмады және казакткр жалпы сотқа бағында. Екі жақты соттың жойылуы өте қажет болды. Орынборлық казак әскері 1865 жылы 5 мамырда Орынборлық губерния құрылды. Ол жалпы сотқа және әкімшілікке ешқандай қиындықсыз бағынды. Жергілікті тұр,ындар жалпы сотқа бағында және оларды қайта құру қажет болды. Оларды өз жерлеріне және мінезіне қарап қоныстандырды, Өйткені басқа жерден келген халыққа біздің тұрмысымыз әсер етпеді. Ол орыс сотына жүгінсе де, орыс соты қырғыз арасындағы істерді қырғыз билеріне беру керек болды. Қырғыздарға берілген құқық бойынша олар орыс сотына ешқандай кедергісіз жүгінуіне рұқсат берілді және орыс сотына үйрене бастады. Сол себептен сот барлық халықтарды біріктірді.

Сонымен соттың қайта құрылуында комиссия мынадай негізгі бастауларды қарады:

1.Жарғылармен жобаланған халықаралық соттың қайта құрылуы

2.Халықаралық жағдайымен және мінезімен келісілген халықаралық соттың қайта

құрылуы


3.Қырғыздардан басқа дала тұрғындарының жалпы сотқа бағынуы

4.Қырғыздар өздерінің істерінің қарауын орыс сотында шешу құқығы.



Қырғыз даласында сот ісін жүргізуді анықтап, Комиссия орыс және халық сотын білуді өздерінің парызы деп есептеді

4.Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныстануы. Жетісуда егіншіліктің дамуына XIX ғасырдың 70—90-жылдарында Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендер бірден бір ықпал етті. Қоныстандыру екі кезеңде болды. Бірінші кезеңде 1877 жылы Тоқмақ ауданына (Солтүстік Қырғызстан) шэньси дүнгендерінің бір тобы келді, 1881—8Зжылдары, Санкт-Петербург шартына сәйкес, Іле өлкесінен ұйғырлар мен дүнгендердің негізгі көпшілігі қоныс аударды.

1884 жылдың басына карай Жетісуда 9572 ұйғыр отбасы (45373 адам) және 1147 дүнген отбасы (4682 адам) болды. Олар былайша қоныс тепті: 4477 ұйғыр отбасы (19209 адам) Жаркент учаскесі шеңберінде, Өсек және Шарын өзендерінін бойына, калған көпшілік бөлегі — 5275 отбасы (26164 адам) Верный уезіне Шелек және Талғар өзендерінің аралығына орналасты, сондай-ақ Верный қаласына орын тепті. Дүнгендер мен ұйғырлардың қоныстануына байланысты Жетісудың отырықшы халқы екі есе көбейді. Қоныстанушылардан жаңадан 5 болыс: Жаркент және Кетпен (қазіргі Панфилов ауданының аумағында), Ақсу-Шарын (Ұйғыр ауданында), Малыбай (Шелек ауданында), Қарасу (Еңбекші қазақ ауданында) болыстары құрылды. Дүнгендер мен ұйғырлар тұтас деревня болып көшіп, жаңа орындарында кауымдар кұрды, ол қауымдар не тек қана ауылдастардан кұрылды, немесе «егер олар аз болса, көршілес бірнеше кыстақтың тұрғындарынан кұрылды, бірақ соңғы жағдайда бүрынғы байланыс сақталып калды: жаңа орында бір кауымға кірген әр түрлі қыстақ тұрғындары әдетте жеке елуліктер мен ондықтар құрып отырды».

1897 жылғы санақ бойынша қоныстанғандар санында дүнгендер - 14130, ұйғырлар - 55 999 адам болды.

(Жетісуда ең жақсы жерлер қазақтардың пайдасына тартып алынып қойғ-андықтан, ұйғырлар мен дүнгендер колдан суландырылмайынша егіншілікке онша жарамды болмаған учаскелер алды. Қоныстанудың алғашқы жылында арықтар мен негізгі каналдар казу өте киын болды, оның үстіне қоныстану-шыларға үлесті жерлер барлық дүнгендер мен ұйғырларлар көшіп келгенге дейін, уакытша берілетін еді.

Облыстың село халқын жерге орналастыру жөнінде 1882 жылы Жетісу облыстық басқармасы белгілеген ережелер негізінде дүнгендер мен ұйғырлар әрбір еркек адамға 10 десятинадан жер алуға тиісті еді. Алайда 1885 жылы қоныстанушыларға үлесті жер бөліп беру қолға алынған кезде, әрбір еркек адамға 4-5десятинадан ғана жер бөлініп беріліп, 1892 жылдың 1 каңтарынан бастап оброктык алым-салық салынатын болды. Қоныстанушыларға берілген жердің егін егуге екінің бірінде онша жарамды болмағанын немесе мүлдем жарамсыз болғанын айтпағанда, олар жер учаскелерін іс жүзінде одан да кемітілген нормалармен алды. Жетісудың 10 мыңдүнгенхалқына небәрі 27 мың десятина, яғни жан басына шакканда 3 десятинаға жетпейтін жер берілді. Дүнген және ұйғыр шаруаларының еңбекші бөлігі жермен нашар қамтамасыз етілген болып шықты.

Селодағы және қаладағы ұйғыр мен дүнген халықтары өздерінің өкімшілігі, мешіті және оны баскаратын дінбасы адамы бар кауымдарға бөлінді. Жер жеке шаруашылықтар бойынша бөлінген болса да, формальды түрде ол қауымдық жер деп есептелді. Қауым ішінде жердің іс жүзінде бөлінуі туралы мәселеде патша өкіметі орындарының жұмысы бола қойған жоқ. Дүнген және ұйғыр қауымдары жаппай кепілдік принципі бойынша халықтан салық жинау үшін отаршылдық өкімет орындарының колындағы колайлы кұрал болды.

Үйге (түтінге) үлесті жер бөліп берумен катар жерді әрбір еркек адамның санына қарай бөліп беру де кең қолданылды. Бай кожайындардың нақтылы бар еркектерді ғана емес, тумаған балаларды еркек адам деп жазып жіберуі де аз болған жоқ. Сөйтіп, жер бөлісі кезінде-ақ оны пайдаланудағы теңсіздік қалыптасты; дүнгендер мен ұйғырлардың бай үй иелері үлесті

жердің едәуір бөлігін басып алды. Олар өзендер мен жаңадан қазылған каналдардың жағаларындағы жақсы жер учаскелерін өздері алып, кедейлерге сапасы нашар құнарсыз, өзендерден, жылғалар мен каналдардан шалғай жатқан жерлерді калдырды. Кедейлер озбырлыққа қарсылық білдіріп, жергілікті патша әкімшілігіне шағым беруге тырысқанымен, оның бәрінің де пайдасы болмады.

Қоныстанушылардың кедейленген бөлігі алғашқы кездерде өздеріне берілген үлесті жердін шағын учаскелерін ғана игере алды. Соның нәтижесінде қауымдар ішінде өзінше бір арендалық қатынастар қалыптасып, қауымның кедей мүшелері өздерінің үлесті жерлерін немесе олардың едәуір бөлігін қауымның әлді мүшелеріне беріп отырды, ал өздері «арендаторларға» күндікші жұмысшылар (мердігерлер) ретінде өнімнің бір бөлігін алатын болып жалданды. Бұл үлесті жерлер формальды жағы-нан өлі де бұрынғы иелерінің атында болып қалғанымен, іс жүзінде олар жаңа қожайындардың толық иелігіне көшетін.

Сөйтіп, кауымдардың жоғары бай топтары, дінбасылар және дүнген, ұйғыр қауымдарының селолық әкімшілігінің өкілдері кауымның көптеген мүшелерінің үлесті жерлерін өз қолдарына шоғырландырып, ірі жер иелеріне айналды. Мысалы, Жаркенттің кала халқы бөліс бойынша 734 үлесті жер алған еді, кеп ұзамай олардың 622-сі немесе 80%-ы ірі өсімқор бай Юлдашевтің қолы-на көшті. Ол қоныстанушылардың едәуір бөлігін өзіне бағындырып, орасан зор жер иелігін өз қолына шоғырландырып алды. Су белуді иелену оған жер иелену «құқығын» қамтамасыз етті, өйткені село қауымдарының көпшілігінде арық казатын каржылары болмады. Буржуазияға айналған бұл феодал өз әрекетгерінің көпшілігін мынадай принциппен жасады: үлесті жерлерге салы-натын алым-салықтың бәрін төлеуді ез мойнына алды, барлық арықтарға су жеткізіп беруге, ал кейбір жағдайларда арыктарды қазуға да міндетгенді. Ұйғырлар мен дүнгендердін, ең кедей бөлігі бұл қызметі үшін оған сепкен тұкымы өздерінікі болған жағдайда суармалы жерден жиналған өнімнің үштен бірін, ал Юлдашев тұқым берген жағдайда жартысын беругетиісті болды. Осындай шар-тгармен ол Аккете және Жаркент болыстарында овдаған арықказдырды, мұнын езі оған осы аудандағы кыстақгардың көпшілігінің бағынуын камтамасыз етгі. Уезде қамбалар салынып, Юлдашевке тәуедді қауым мүшелері өз өнімдерінін жартысын соларға апарып құйды. Қожайынның мүдделерін оның «көк басы» деп аталатын малайлары қалтжібермей корғады.

Егін жақсы шыккан жылдары Юлдашевтің қамбаларына 200 мың пұтка дейін астық қүйылып отырды, мұның дені тауарлы астық болатын-ды. Осы аудандағы астыққа осылайша монополия орнатуы оның астық бағасын үнемі, екінің бірінде бірден 20—25%-ға қымбаттатып отыруына мүмкіндік берді. Юлдашевпен арендалық қатынастармен байланысты болған қауым-дарда су бөлумен қауым мүшелерінен сайланып қойылатын мұраптар ай-налыспай, Юлдашевтің көк басылары айналысатын болды. Су бөлуді ез қолына қаратып алған Юлдашев наразы болғандардың қарсылықтарын тұншықтырып тастаудың іс жүзінде тағы бір күшті құралына ие болды.

Арық қаздырып, қауымдық жерлер үшін алым-салық телеп, қауым мүшелеріне қарасты учаскелер есебінен аренда келісімдерін жасап, өзін жарылқаушы етіп көрсетті. Ал іс жүзінде осы езіндік ерекшелігі бар арендалық катынастар тіпті алым-салықтарды төлеуге және суландыруға кіріс келтіріп отырды.

Шарын қыстағында Байсеміз деп аталып кеткен Хасанзе деген тағы бір дүнген байы болды. Оның өзі егін еккен жоқ, тек күріштік жерлерді өндеп, онан соң оларды жері жоқ жергілікті шаруаларға берді. Олар оған алынған сенімнің бестен бір бөлігін, ал тұқымды бай берсе, жартысын беруге тиісті болды. Юлдашев сияқты, олда үлесті жерлерді суландырып беру шартымен белгілі бір мерзімге арендаға алды. Бір топ ұйғыр 29 үлесті жерін оған 1898 жылдан бастап 10 жылға, жылына жалпы алғанда 200 сомнан ақы төлейтін етіп берді.

Ауқатты дүнгендер мен ұйғырлар қазақтардан, қоныстанған шаруалардан, сондай-ақ қазақ және кырғыз қоғамдарынан ақыны ақшалай немесе заттай төлейтін болып арендаға жер алып отырды. Қазақтар мен қырғыздардан егістік жерлерді көбінесе бүкіл дүнген немесе ұйғыр қауымы ұжымды түрде арендаға алатын еді. Жаркент уезіндегі ұйғыр кыстақтарында I қауым болып пайдаланылған егістік жер олардың үлесті жерлерініңмөлшерінен 1300 десятина асып түсті деуге болады. Асы-Қорам болысында егістік жердің 23%-ы қырғыздардан арендаға алынды, Малыбай болысындағы арендаға алынған жер 36,4% болды. Аренданың неғұрлым кең тараған формасы жарма-жарылық болды, ақшаға аренда алу аз еді.

Қауымдык жерлердің село байларының қолына шоғырлануына дүнгендер мен ұйғырлардың шет көсіпке кетуі де себепші болды. Алған үлесті жерлері құнарсыз болып, жұмыс көлігі мен ауыл шаруашылық құралда-ры болмаған кедейлер алым-салықтар (оброк, жер салығы және баскд-лар) төлеу жөніндегі жеңілдік берілген мерзім біткеннен кейін мүлдем күйзелді, ездерінің үлесті жерлерін жаппай тастап, қалаларға жалдама жұмысшы және ауыл шаруашылық батырактары болып табыс іздеп кетті. Бір Пішпек уезінің өзінде ғана ауыл шаруашылық жұмыстарында істейтін жалдама жұмысшылардың жалпы санының 27,3%-ы дүнген қауымдары-нан шыққан болды. Жаркент уезінің қоныстанған ұйғырларының 3527 шаруашылығының 1910 жылға карай 28,4%-ы табыс іздеп кетті.

Ауқатты дүнгендер мен ұйғырлар өз шаруашылықтарын рынок талаптарына бейімдеп, негізінен алғанда техникалық дақылдар екті. Жалдама еңбек қолданылды, шаруаларды қанаудың патриархаттық-феодалдықжәне капиталистік формалары ұштасып жатты. Ауыл шаруашылық дақылдарының алуан түрі егілуі себепті тіпті бір шаруашылықтың өз ішінде де ауыл шаруашылық жұмыстарының түріне қарай шаруаларды қанаудың әртүрлі формалары қолданылды.



Қанаудың жұмыспен өтеу түріндегі феодалдық әдістері сақталып қалды, мұндайда мысалы, жерсіз шаруалар өздері өңдеген мырзалар учаскесінен түскен өнімнің үштен бірін алатын болды. Ұйғырлар мен дүнгендер шаруашылығына тауар-ақша қатынастарының енуі қауымның мешеу, томаға-тұйық сипатын күйрете бастады. Шаруашылық жүргізудің мәні жағынан әр алуан формаларының араласып жатуы салдарынан үлесті жері бар батырақтар мен жарма-жарылық негізінде жер алған жерсіз және жері аз шаруалардың арасындағы айырманы анықтау екінің бірінде қиын болды.

Қоныстанушылардың кәсіптері. Дүнгендер мен ұйғырлар өздерімен бірге Жетісуға жасанды жолмен суландырылатын егіншіліктің әлдеқашан қалыптаскан дәстүрлерін әкелді. Мал шаруашылығымен басқа да көсіптердін екінші дәрежелі маңызы болды. Ұйғырлар кірістің 49,1%-ын егіншіліктен, 26,1%-ын басқа кәсіптерден, 15,5%-ын мал шаруашылығы-нан, 9,3%-ын кездейсок түсімдерден келтірді; дүнгендерде бұл 80,8; 5,9; 9,8; 3,5% болып бөлінді.

Дәнді дақылдар ішінде бидай басым болып, жердің жартысынан астамына бидай егілді. Бидайдан кейінгі орында арпа, тары, сұлы, күріш, майлы дақылдар (қыша, кекнәр, зығыр) болды. Дүнгендер 1888 жылдан бастап, Шу өзенінің оң жағасындағы арендаға алынған жерлер игеріліп, суландырылғаннан кейін күріш өсірумен біршама кең түрде айналыса бастады. Ұйғырларда күріш өсіру, дүнгендердегі сияқты, негізгі дақылға айналған жоқ. Олар негізінен бау өсіріп, огород және бақша салумен айналысты (халықтың шамамен алғанда үштен екісі). Дүнген шаруашылықтарының үштен екісінен астамында бау да болды. Олар шабдалы, алманын Жетісу үшін жаңа сорттарын, алмұрт пен қара ерік, жүзім өсірді.

Дүнгендер мен ұйғырлар баклажан, шалкан, қызыл бұрыш, фасоль, қияр, капуста, басты пияз, сәбіз, картоп, сарымсак, сондай-ақ қауын-қарбыз өсірді. Қоныстанған дүнгендердің шаруашылық тұрмысын зерттеген Г.Гинстін суреттеуіне қарағанда, олардың огородтары тікелей үйлерінің жанында болған, әрбір жүйек мұкият тазартылып, кішкене жүйемен суарылып отырған. «Кішкене бір шаршыға - пияз, екіншісіне -бұрыш, үшіншісіне — баклажан, төртіншісіне - картоп егілген, бесінші мен алтыншысына көң сіңіріліп, тыңаюға калдырылған, одан әрі маис жүйектері болады, содан соң жартылай суда өсетін күріштің үлкен төрт бұрышты атыздары жатады... Дүнгендердің бұл огородтары агрономдар-дың қоныстанушылар үшін жасайтын үлгілі егістігінен кем түспейді». Өнімдерді жақын мандағы калалар мен жәрмеңкелерде дүнген және ұйғыр шаруаларының өздері, сондай-ақ оларға келген алыпсатарлар еткізіп отырды.

Ұйғырлар сондай-ак, мақта өсірумен және ішінара жібек кұртын өсірумен де айналысты. Дүнгендер мен ұйғырлар май дайындау үшін зығыр мен күнжіт, қыша екті. Сонымен қатар дүнгендер негізінен ем құралы ретінде қолданылғ-ан апиын дайындау үшін көкнәр өсірумен де айналысты. Кейіннен темекі өсіріп, оны жергілікті рынокта тиімді етіп өткізе бастады.

Сөйтіп, ұйғыр-дүнген қоныстанушыларының шаруашылығына алуан түрлі дақылдар егу тән болды.

Дүнгендер мен ұйғырлар үшін мал шаруашылығының дербес көсіби маңызы болған жок, тек шаруашылықты жұмыс көлігімен камтамасыз ету мақсатымен ғана мал үсталды. Негізінен алғанда жылкы, сиыр және ішінара қой мен ешкі өсірілді. Дүнгендер мүйізді ірі кдраны жегін малы ретінде, ал ұйғырлар сауын малы ретінде үстады.

Дүнген және ұйғыр шаруаларының егіншілік техникасы мейлінше төмен деңгейде болды. Негізгі егіншілік құралы кайырмасыз ағаш соқа (сабан) еді, жер жырту тереңдігі сынық сүйемнен аспайтын. Егін кар суы жібітіп, айдалмаған жерге немесе егіс алдында арнайы суарып, жұмсартылған жерге егілетін, өйткені құрғақ жерге сабан жүрмейтін. Дүнген және ұйғыр егіншілерінің жерді қолмен өндеуі де жиі кездесетін, өйткені тамыры мықты арамшөптерді тек кетпенмен ғана құртуға бола-тын еді. Олар жерді ерте, әдетте наурызда, ең кеш дегенде сөуірдің аяғына қарай айдайтын.



Жер сүйретпемен тырмаланды, мұның өзі шыбықтардан тоқылған ағаш жақтау болатын, тырмалағанда салмақты болуы үшін оған адам мінгізіліп, не тас салынатын.

Егін ұйғырлардың ұзын сапты ерекше орағымен орылып, сирек те болса шалғымен шабылатын. Астық сол егістіктің өзінде бастырылатын: жіппен байланыстырылған бауларды бастыру үшін тас мала қолданылып, дөн күрекпен суырылатын.

Дүнгендер мен ұйғырлардың негізгі егіншілік жүйесі тыңайған жерлер болып кала берді, бұл жүйеде жердің бір бөлігі өңделетін де, екінші бөлегі тыңайтуға қалдырылатын. Әрбір жер учаскесін аз уақыт (2-3 жыл) пайдалану, тіпті тыңайтқыштар болмаған күннің өзінде де топырақты тез тоз-дыра коймайтын. Сондықтан тіпті әлсіз шаруашылықтар да бір жерге қатарынан екі жыл егін салмайтын; олар әр жылы үлесті жердің жаңа беліктеріне егін салып, үлесті жердің бәріне егін егіліп біткеннен кейін барып бұрын пайдаланылған учаскеге кайта келіп отырды. Мұның өзі біршама жоғары өнім алуға мүмкіндік берді. Жерді арендаға алып, егістің көптеген түрлерін егетін шаруашылықтар егіс айналымын дұрысқолдану жолымен топырактың кұнарлылығын сактау қамын ойламады. Олардың әркайсысы нақ сол кезде өзіне не тиімді болса, соны егіп, арендаға алынған учаскелерді тез тоздырып отырды. Болмашы жер учаскелері болып, оның бір бөлігіне ғана егін сала алатын ұйғыр-дүнген қоныстанушылары топырақтың құнарлылығын екінің бірінде тыңайткыштар қолданып, қолдан арттыруға тырысты. Алайда егістікті тыңайтуға әлді шаруашылықтардын ғана шамасы келетін еді.

Ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылықтұрмысында қолдан суары-латын егістің төлімі егістен орасан басым болғаны көрсете алады: ұйғыр-ларда суармалы жер 30 694 десятина (97,2%), тәлімі жер 882 десятина (2,8%) болды; дүнгендердетиісінше 11 025 десятина (71,5%) және 4386 десятина (28,5%) болды. Қауым мүшелері арасында суды бөлінген жер бойынша мұраптар бөліп отырды. Жетісуда қоныс аудару қоныстанушыларға да әсер етпей қойған жоқ. Егер бұрын ұйғырлар мен дүнгендер шаруашылығында ағаш сабандар мен басқа да добал құрал-саймандар қолданылып келсе, енді олар темір соқаларды, тырмаларды, сеялкаларды, т.б. пайдаланатын болды, жаңа ауыл шаруашылық дақылдарын: сұлы, темекі, картоп, помидор және басқаларын егуді игерді. Байырғы халықтар - қазақтар мен қырғыздардың әсерімен Дүнгендер мал шаруашлығымен айналыса бастады.

Ұйғырлар мен дүнгендердің тарихи тағдырлары Ресейдің бір бөлігі ретіндегі Қазақ өлкесі халықтарының тағдырымен тығыз астасып кетті
Бекіту сұрақтары:
1. 1867-1868 жж. Қазақстандағы патша үкіметінің реформаларының нәтижесі бойынша қазақ жері кімнің меншігіне айналды?

2. Әкімшілік және басқару жүйесінің қайта құруна байланысты билер сотының құзіретттілігі қандай болды?

3. Қоныс аудару және жер мәселесі «Уақытша ереже»?

4. Жетісуға ұйғырлар мен дүгендердің қайдан ауып келді?

5. Ұйғырлар мен дүгендер кәсіпщіліктің қандай түрімен айналысты?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.

Лекция №24-25 Реформа кезіндегі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Негізгі ұғымдар: Сауда-өсімқорлық капиталы, жәрмеңке, қайшылықтардың шиеленісуі, көпес капиталы, шойын жол, жалпы Ресейлік рынок, шикізат рынок көзі.

Жоспар:
1. Қазақстан тұрғындарының этнодемографиялық сипаты.

2. Қазақ ауылдары өміріндегі өзгеріс. Сауда, Жәрменкелер.

3. Қазақстанның жалпы ресейлік экономикаға тартылуы.

4. Қазақстанда темір жол құрылысының басталуы.


Мақсаты: Қазақстан жерінің Ресей рыногінің шикізат көзіне айналдырудағы Ресей экономикалық-саяси отарлау саясатының мәнін ашу.

Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХғғ. Тоғысындағы Қазақстан.

Лекция


1. Қазақстан тұрғындарының этнодемографиялық сипаты. Қазақ ауылдары өміріндегі өзгеріс. XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында Россия империализм дәуіріне аяқ басты. Қазақстан орыс өнеркәсібі үшін бұрынғыша өнім өткізетін аймақ, арзан шикізат көзі болып қала берді. Пайдалы кен орыңдарының байлығы, жұмыс күшінің арзандығы орыс және шетел капиталын өзіне тартты. Таукен кәсіпорындары (Оңтүстік және Шығыс Қазақ-станның көмірі, мысы, полиметалдары, Ембінің мүнайы) солардың қолында болды. Жер байлығын игеру жыртқыштықпен жүргізілді. 1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент және басқа темір жолдардың салынуы (олардың жалпы үзыңдығы 1917 жылы 3 мың шақырым болды) ауыл шаруашылық өнімдерін тасымалдауды арттыруға септігін тигізді. Байлар шаруашылығы рынок қажетіне қарай бейімделе түсті, оған мал жеткізетін басты қорлардың біріне айналды. Онда жалдамалы еңбекті қолдану әдісі кең тарады. Шаруалардың ел ішіндегі наразылығын сейілтіп, помещиктердің жер иелену-шілік қүқын сақтауға байланысты Россияның орталық губернияларында аграрлық мәселенің шиеленісуін бәсеңцетуді кездеген патша үкіметі Қазақстанға, Сібірге, Қиыр Шығысқа орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру ісіне кірісті. Қазақстанға қоныс аударушылар толқыны, әсіресе 1906 жылы Столыпиннің аграрлық реформаларын енгізгеннен кейін кобейді. Ақмола, Торғай, Орал және Семей облыстарына тек 1908-1913 жылдары 400 мыңнан астам еркек адам қоныстанды. 1917 жылға дейін қоныс аударушылардың есебіне бүрынғы қазақ түрғындары игерген тандаулы деген 45 млн десятина егістік және шабындық жер берідді. Жердің едәуір бөлігін кулактар алды. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты ауыддарда аграрлық мәселеге әсер етті. Байлар патша әкімшілігінің қолдауымен қауымдық жерлерді ездері иемденді.

Қазақстанның далалық облыстарында (Жетісуды қоспағанда) 1880-1905 жылдар аралығында қой мен ешкі саны 24,9 процентке, 1905-1914 жылдар аралығыңда жылқы саны 4,1 процентке кеміген.

Осы деректердің езін-ақ патшалық отарлау саясатының прогрестік сипаты болды деген қағиданы жоққа шығарады. Экономикалық және тарихи әдебиеттерде кең тараған "орыс шаруаларын қоныстандырудың нәтижесінде қазақтар егін салуды, шоп шабуды уйренді, отырықшылық пайда болды, өлкедегі өндіргіш куштердің дамуы жеделдеді "деген бір жақты тұжырым шындыққа мүлде жанаспайды. Керісінше, патша үкіметінің отаршылдық саясаты қоғамдық прогресті тежеді; өндіргіш күштердің дамуына түсау садды; қазақ халқы тара-пынан қарсылық туғызып, олардың аман қалу жолындағы күресін күшейтті. Белгілі зерттеуші Т.Седельниковтың дерегі бойынша, қазақтардың қоныстанушылармен қақтығыстары жиіленген. Соның салдарынан 1907 жылы қаңтар айында Ақмола, Семей, Жетісу облыстарына әскери жағдай енгізілген. Қалған далалық облыстардың көпшілік аудандарында күшейтілген күзет жұмыс істейді.

XIX ғасырдың соңыңда Қазақстандағы фабрика-зауыт өнеркәсібін кішігірім қол еңбегіне негізделген кәсіпорындар құрады.



Қазақстан отарлаушы Ресей империясьшың экономикалық жағынан артта қалуынан зардап шекті. Қазақстан өлкесі халықаралық капиталдың қанау объектісіне айналды. Ресейге шетел капиталының енуіне байланысты орыс және шетел капиталы арасында шикізат көздерін иелену жолында бәсеке басталады. Бұл күресте Ресей кәсіпкерлері жеңіліс тауып, Қазақстандағы ездерінің кәсіпорындарын шетелдіктерге сатады. Қазақстанда мыс, қорғасын-мырыш, көмір және мүнай ондіретін шетелдік жене аралас акционерлік қоғамдар осылайша пайда болады.

Қазақстандағы онеркәсіп өндірісінің жалпы келемін ірі енеркәсіп өнімінің мелшеріне қарап пайымдауға болады. 1913 жылы ірі өнеркәсіп 67 миллион сомның жалпы өнімін шығарды. Осының ішіндегі өндіріс қүрал-жабдықтарының үлесі — 18,2 миллион сом, ал тұтыну заттарының үлесі — 48,8 миллион сом болады.



1913 жылы Қазақстандағы ірі өнеркәсіптің жалпы өнімінің құрылымы процентке шаққанда мынадай болады: өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру - 27,2; тұтыну заттарын өндіру - 72,8. Мұның ішінде көмір өнеркәсібінің үлес салмағы — 1,4; мұнай ендіруші көсіпорындардікі -3,7; түсті металлургаянікі — 12,1; тоқыма өнеркәсібінікі — 6,5; ұн-жарма өнеркәсібінікі — 2,4; ет өнеркәсібінікі —2,1, процент.

Мал шаруашылығы мен егіншілік енімдері ұсақ қөленер кәсіпорындарында өндедді. Бұл деректер экономиканың отаршылдық сипаты Қазақстанда өнеркәсіп ең алғаш дами бастаған сәттен-ақ қалыптасқанын аңғартады.

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы өнеркәсіптің дауы жұмысшы кадрларын қалыптастырумен тығыз байланысты. Кейбір авторлар қазірдің өзінде "төңкеріске дейінгі Қазақстанның өнеркәсібінде маман қазақ жұмысшылары болған жоқ. Қазақтар тек шикізат, отын, дайын әнімдерді тасу сияқты қосалқы жұмыстар гана атқарды" дегенді айтады. Бұл мүлде жаңсақ пікір. XIX ғасырдың ортасында-ақ кәсіпорындардағы барлық жұмысшылардың көп белігін қазақтар құрады.



Бірінші дүние жүзілк соғыс жылдарында онеркәсіп кәсіп-орындарында, негізінен, жергілікті ұлт өкілдері жұмыс істеді. Мәселен, Спасскідегі мыс қорыту зауытында еңбек ететіндердің 71,4 проценті. Успен кенішіндегі жұмысшылардың 76 проценті, Қарағанды шахталарындағы кеншілердің 81,8 проценті қазақтар болды. Кензауыт енеркәсібінің пайда болуына орай жұмысшы қазақтардың саны молая түсті. Олар ендірістің әр саласында еңбек етіп, материалдық игіліктерді көптеп өндірудің нәтижесінде Ресей мен батыс Еуропа кәсіп-керлерінің кеңірдектеп тоюына кәмек жасап отырды. Отар-шыддық жүйе осылайша жергілікті түрғындардың арзан жү-мыс күшін пайдаланып, Қазақстанның табиғи байлықтарын талан-таражға салды.

Ірі кәсіпорындардағы қосалқы жұмыстардың едәуір болігін, негізінен қазақтардың атқарғаны рас. Алайда, жергілікті үлт окілдері аса үлкен шеберлікті қажет ететін мамандық иелері арасында да аз болған жоқ. 1902-1903 жылдары Орталық Қазақстандағы тау-кен өнеркәсібіне қарайтын Лондон кен өндіру компаниясының басқарушысы болып істеген Э.Нельсон Фельдің дерегіне қарағанда "5 мыңнан астам қазақ еңбек етті. Олар балқытушы, күйдіруші, кенші мамандықтарын игерді. Еңбектің құдіретін түсінген қазақтар өздерінің техшкалық білімдерін мақтан етті, жұмысты бар жан-тәндерімен беріліп істеді..."'.



Қазақ жұмысшыларын қанау өте жоғары дәрежеде жүрді. Мәселен, 1912 жылы қазақ жұмысшылары Ресейдің өзге аймақтарындағы жұмысшыларға қарағанда еңбек ақыны 2,5-3 есе кем алды.

Қазақстандағы төңкеріске дейінгі өнеркәсіптің даму сипатына жасалған талдау - Ресей мен Батыс Еуропа елдерінің қазақ халқының үлттық байлығын аяусыз талан-таражға салғанын корсетеді. Табиғи ресурстарды пайдалану тағылық әдіспен жүргізілді. Жұмсалатын шығыңды азайту мақсатымен қүрамындағы металл қоспалары жоғары кен орындары ғана игерілді.

Жергілікті жұмысшыларды аяусыз қанаудың, жұмыс уақытын шектен тыс үзартудьщ, ең томенгі жалақы төлеудің нәтижесінде кәсіпорын иелері шаш етектен пайдаға кенедді. Өнеркәсіп ілгері дамымағанымен жергілікті үлт окілдерінен инженер-техник қызметкерлері мен білікті мамандар даярлауға онша коңіл болінбеді.

Патша окіметі экономиканың бұл саласына қазақ байлары мен көпестерін, кокірегі ояу азаматтарын жоғарлатпады. 1856 жылы белгілі халық композиторы Тәттімбет Қазанғапов Батыс Сібір елкесінің генерал-губернаторы Гасфордқа хат жолдап Қаркаралы округіндегі алтын кеніне барлау жүргізуге рүқсат сүрайды. Сондай-ақ, Баянауыл округінің аға сұлтаны, полковник Мұса Шорманов та жоғарғы өкіметке өз округіңде кен орындарын ашып, алтын өндірумен шүғылдансам деген ниетін біддіреді. Бірақ Алтай кен зауыттарының басшылары қаржы министрлігінің нүсқауымен бұл өтініштерді қанағаттандырмады. Өйткені ол жылдары Қазақстандағы кен орындарына барлау жүргізіп, онім өндіруге тек Ресейдің кәсіпкерлері ғана қүқылы болатын.

Тау-кен кәсіпорыны Қазақстан экономикасының ішкі сұранымына байланыссыз жұмыс істеді. Бұл жүйеге сырттан келген адамдар басшылық жасады, жұмысты ұйымдастырудың техникалық дөрежесі төмен болды, өндірілген пайданың бәрі Қазақстаннан тыс жерлерге жөнелтіліп жатты.

Тәңкеріске дейінгі Қазақстан енеркәсібі отаршылдық сипатта болды, жергілікті шикізаттарды өндеуден өткізіп, игілікке пайдаланатын кәсіпорындар жүйесі дамьшады.

2. Сауда, Жәрменкелер. Қазақстан территориясында орта ғасырдың езінде сауда кең көлемде жүргізілген. Оңтүстік аймақты басып әйгілі Жібек Жолы өткен. Жетісу өлкесіндегі және Қазақстанның Оңтүстігін мекендеген халық жоңғарлармен, қытайлармен, Орта Азия хандықтарымен тығыз сауда байланысын жасаған. Ақсақ Темір империясының Алтын Ордамен сауда байланысы Қазақстан территориясы арқылы жүзеге асырылған. Қазақтар Ресеймен де сауда жүргізген. XVI ғасырдың өзіңде Ресейдің сауда керуендері Ертісті бойлап жоғары қарай, ал Бүқар саудагерлерінің керуені Қазақстан арқылы Ресейдің Еуропалық болігіне қарай үздіксіз сапар шеккен. Ресей кәсіпкерлері Қазақстанның қойнауына тереңдеп енген сайын сауда қатынастары да дами түскен.

Ол кезенде сауданың үш түрі: айырбас, жәрмеңке және тұрақты сауда кең қанат жайды.



Айырбас саудасымен негізінен орыс көпестері шүғылданды. Түркі тауарлардың мол қорын алып қазақ сахарасынан шыққан олар қайтарда отар-отар қой, табын-табын сиыр, үйір-үйір жылқы айдап қайтқан. Сондай-ақ жәрмеңкеге шығаратын жібек, жүн, азық-түлік түрлерін әкелді. Орыс көпестері үшін сауданың бұл түрі оте тиімді болды. Ойткені қазақ даласында олармен бәсекелесетін ешкім болмады. Сондықтан олар ездері апарған тауарларға шектен тыс жоғары баға қойды да, жергілікті түрғындардан алатын тауарларға бағаның ең төменгі шегін белгіледі. Айырбас кезінде көп жағдайда қой малы олшем бірлігі ретінде алынды. XIX ғасырдың соңына таман айырбас саудасының жылдық айналымы миллион сомға жуықталды.

Сауданың екінші түрі жәрмеңке болды. Маусым сайын өткізілетін жәрмеңкелерде фабрика мен зауыт бүйымдары шикізатқа және мал шаруашылығының онімдеріне айырбасталды. 1900 жылы 106 жөрмеңке откізіліп, 32,7 миллион сом айналымға түскен. Жиырмасыншы ғасырдың басында түрақты сауда жүйесінің дамуына байланысты жәрмеңкелердің саны азайды, қазақ даласына шығатын керуендер саны да сиреді. Оның есесіне қалаларда түрақты сауданың тарамдалған жүйесі пайда бодды, қаймалар, дүкендер, алып-сату операцияларын жүзеге асыратын пункттер қатары көбейді.



3.Қазақстанның жалпы ресейлік экономикаға тартылуы. Қазақстан онеркәсіп капиталымен бірге Еуропа елдерінің сауда капиталы да терендеп ене бастады. Омбы қаласында Морозовтардың, Ряушенскийлердің үлкен сауда қоймалары болды. Петропавлдағы американ, ағылшын, неміс фирмалары жергілікті өнеркәсіп қожаларымен, көпестермен сауда операцияларын жүргізді. Қалалардағы сауда жүйесінің тарамдалған сипатын мына деректерден анық байқауға болады. 1915 жылы Петропавлда 445 сауда орны - 8 миллион 390 мың сомның, Көкшетаудағы 53 сауда орны - 876 мың сомның, Атбасардағы 71 сауда орны - 1 миллион 106 мың сомның тауар айналымын жасаған.

Бұрынғысынша жәрмеңкелер де елеулі рөл атқарған. Төңкеріс қарсаңындағы Қазақстанда (Сырдария, Жетісу облыстарын қоспағанда) жылдық сауда айналымы 150 миллион сомға тең болатын 128 жәрмеңке жұмыс істеген.



Қазақтардың арасыңдағы ауқатты адамдар мал шаруашылығы енімдерімен қатар егіншілік онімдерімен де кең көлемде сауда жасады. Олардың шаруашылықтарында ауыл шаруашылығы машиналары болды, жаддамалы жұмысшылар еңбек етті. Мәселен, 1914 жылы Ақмола облысынан Ресей губерния-ларына 94439 ірі қара, 95735 қой, 3993 жылқы жөнелтілген. Сөйтіп, бір жыл ішінде 56 миллион 992 мың сомның сауда айналымы жүзеге асырылған.

Қазақстандағы жан-жақты дамыған сауда өсім алушылықпен ұштастырылды, айырбас баламалы сипатта жүргізілмеді. Сауданың мүндай түрі отаршылық қанауды бүрынғыдан да күшейтуге жол ашып, қазақтардың көп болігін қайыр-шылықққа үшыратты. Бұл процесс пысық адамдардың одан әрі баюына мүмкіндік жасады.

Ауқатты қазақтардың арасында қарамақтарыңда май ерітетін, тері өндейтін шағын зауыттары бар онеркәсіп иелері де аз болған жоқ. Олардың кепшілігі шетел фирмаларымен тығыз байланыс жасап тұрды.



Дамып келе жатқан тауар-ақша қатынасында банк қызметі елеулі орын алды. XIX ғасырдың соңында Қазақстандағы облыс орталықтары мен ірі қалаларында мемлекеттік банк бөлімшелерінің жүйелері жұмыс істеді.

Ресей мен Еуропа еддеріндегі рыноктармен тығыз байла-ныстағы жергілікті жүйесінің қалыптасу процесі байқалды. Бірақ ол біртұтас ұлттық рынок дәрежесіне жете алмады. Бұл процеске рыноктардың шашыраңқы орналасуы және территориясының бірнеше губернияларға бөлектенгеңцігіде бөгет жасады.

Қазақстанның облыстарын жалғастыратын темір жолдың болмауы олардың өзара экономикалық байланысының нашарлығын сипаттайтын бірден-бір себеп еді. Қазақстандағы темір жолдардың бәрі Солтүстік бағытқа қарай, яғни, отар елдің бар байлығын Ресей империясына тасуға негізделіп салынған болатын.

4. Қазақстанда темір жол құрылысының басталуы.Темір жолдың болуына байланысты Қазақстанды отарлық қанау бұрынғыдан да күшейді. Темір жолдың болмауы Ресей капиталының Қазақстанға кең колемде енуіне кедергі келтіріп, оны отарлық империяның шикізат және азық-түлік қоймасына айналдыру процесін кешеуілдетіп келген еді. Темір жол жүйесі өлкенің байлығын жеделдете игеру үшін және орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру үшін аса қажет болды. Темір жолдың дамуымен бірге қазақ халқын отарлық қанау да күшейе түсті.


Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстан тұрғындарының этнодемографиялық сипаты қандай болды?

2. Қазақ ауылдарының өмірінде қандай өзгерістер блолды?

3. Сауда орындары мен Жәрменкелер қазақ даласында қай жерлерде ұйымдастырылды және қалай аталды?

4. Қазақстанның жалпы ресейлік экономикаға тартылуы неден көрінді?

5. Қазақстанда бірінші темір жол құрылысы қашан салынды?


Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №26--27 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан мәдениеті.
Негізгі ұғымдар: Медресе, гимназия, зар-заман, шариғат, баспа ісі.
Жоспар:
1. Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебі.

2. Халық ағарту ісінің жағдайы.

3. Қазақ өлкесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектері

4. Баспа ісі.


Мақсаты: Қзақ қоғамындағы әдебиеттік ролін анықтау, халық ағарту ісіндегі өзгерістерді талдау, орыс географиялық қоғамының бөлімдерінің қызметін саралау. Баспа ісінің тарихымен таныстыру.

Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХғғ. тоғысындағы Қазақстан.

Лекция


1.Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебі. XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. бірінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінің дамуында жаңа дәуір басталды. Бұл кезде қазақ әдебиетіндегі бұрынғы әншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалык шығармашылык басты. Ақындар өздерінің өлеңдері мен жырларында өмірдің нақты шындығына үніліп тануға, жеке көзқарастарын еркін білдіруге тырысты, осымен байланысты ақындардың шығармашылығы дамып, жеке толғаныстарында көркемдік шеберлікке жетудің жолдарын іздестірді. Осының нәтижесінде қазақ әдебиеті ұлттык дарынды тұлғалардың көптігімен, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен ерекшеленді. Олардың ішінен поэтикалық дарыны зор небір суырып салма, импровизаторлар дараланып шықты. Солардың арасынан жауынгер акын Махамбет Өтемісовтың (1803-1846) творчествосын ерекше бөліп айтқан жөн. Оның көптеген шығармалары 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманов бастаған халық-азаттық көтерілісіне арналды. Махамбет - көтерілістің жалынды жыршысы ғана емес, сонымен қатар Исатайдың адал серігі, даңқты батыр ретінде көтерілісті ұйымдастыруға белсене қатысты. Ол өзінің ұран іспеттес жауынгерлік жырларымен көтерілісшілерді рухтандырып, жігер беріп отырды. Сондықтан Махамбеттің өлеңдері халық-азаттық көтерілісінің қуатты дауысы және ұраны болып табылды.

Қазақстан мәдениеті (XIX ғасырдьщ екінші жартысынан XX ғасырдың басына дейін) XIX ғасырда дәстүрлі ақындар поэзиясы халық арасында айрықша кең тыныс тапты. Жанақ, Орынбай, Арыстанбай сияқты суырып салма ақындар бүкіл қазақ даласын өлең-жырға толтырды, тек туған жұртына ғана емес, сахараға ат ізін салған орыс жөне Еуропа ғалымдары мен оқымыстыларына да кеңінен танылып, көшпеңділердің ақындық өнерінің жайсаң түлғалары ретіңде мәшһүр болды. Жетісуда Сүйінбай өзінің отты да откір жырларымен бұқарашыл ақын ретінде танылса, түстікте Майлықожа Шығыс үлгісіне бейім назым жырға машығады. Ал Сыр өңірінде коне жыраулық және ақындық поэзияның құрыш қорытпасындай Базар жырлары өріс табады.

Осы Ресей патша өкіметінің отарлық басқару жүйесінің қазақ даласындағы іс әрекеті ақындардың зар заман дәуіріндегі қоғамдық басқарудағы отарлық басқару әрекеті былайша жырмен жетті:

... Заман - заман дегенде

Заманға қожа адам ғой!

Наразы болсаң заманға

Бар кінәні соған қой.

Тек XIX ғасырдағы ғана емес, қазақтың ескі заман, көне рухани өміріндегі өзіндік сипаты мол арнаның бірі — салдар мен серілер өнернамасы болды. Сал мен сері — суырып салма ақын, әрі сыршыл композитор, оның үстіне әсем де асқақ дауысты әнші болуы шарт еді.



Мезгіл түрғысынан алғаңда бізге біршама жақын заманда жасаған, сондықтан есімдері сақталумен қатар, онер туындылары, өмір кешулері де әжептеуір таныс сал, серілердің ішіндегі ең атақтылары — Біржан, Ақан жене Әсет.

Біржан сал (1834-1897) қазақ рухани мәдениетінің тарихында ақын, композитор әрі өнші ретінде белгілі. Салдықтан бастап, серілікке ойысқан Біржан озінің бар ғүмырын онер жолына жұмсады.

Қазақ даласының әсем табиғаты, кошпендінің дарқан жаны, сыршыл сезімі мен сырбаз мінезі шебер керініс тапқан Біржан әндері қазақ музыка онерін жаңа сатыға көтерді, ал оның шығармаларын ғана емес, өзіне дейінгі қазақ компози-торлары мен музыкалық фольклор үлгілерін орындаудағы әншілік мәдениеті сахарада бағзыдан калыптасқан әншілік дәстүрді одан ары жетілдіре түсті. (Біржан мектебінен тәлім алған халық таланттары революциядан соңғы жерде қазақтың профессионалдық театр онерінің қалыптасуы жолында ерекше роль атқаруы кездейсоқ емес).

Біржанның ақындық мұрасында оның оз әндеріне шығарған текстері елеулі орын алады. Бұл олеңдерінде Бір жан нәзік сезім, махаббат күйін ғана шертпейді, ел билеу-шілердің озбырлығын әшкерелейді, онер жолындағы адам тағдырының қиындығы туралы толғайды. Әйтсе де Біржанның ақындық даңқын шығарған — оның Жетісудың ақын қызы Сарамен айтысы. Бұл классикалық айтыстан қазак



ақындық өнерінің ең озық қасиеттері корініс тапқан. Мұнда тапкырлық пен тегеурін де, ұтқырлық пен еткірлік те бар. Санлақ, жүйрік екі ақынның онерге, өмірге көзқарасы, ақыл-парасаты, білім-танымы айқын бедерленген. Біржан мен Сара айтысының аса бір қүңды сипаты - қазақ қауымындағы елеуметтік қайшылық, әйел теңсіздігі, адамның бас бостан-дығы төрізді, заманның кокейкесті мәселелерінің котерілуі.

Үстірт көзге қайғысыз, қамсыз көрінетін Біржан ез заманының трагедиялық тұлғасы еді. Еркін жүрісі де, ерке әңдері де жүрт билеген жуандар коңіліне жаға бермеген, бас — теперіш, рухы — қысым корген, ақыры жан тыныштығынан да, ден саулығынан да айрылған сері онерімен бірге жасайды, омірінің ақырғы сәтіне дейін сырлы әуезінен жаңылмайды.

Қызығынан - қайғысы, дуынан — шуы басым, бірақ мәнді де мағыналы ғүмыр кешкен ақын, композитор және әнші Ақан сері де (1843-1913) Біржанмен тағдырлас. Әуелде мерекемен, сайранмен күн откізуге, кейін дүниеден баз кешіп, едден аулақта тіршілік құруға тырысса да, Ақан омірден, оз заманының мүң-нала, қайғы-зарынан тысқары қала алмайды.

Ақан сері артында қалған ақындық мұра идеялық -тақырыптық жағынан алғанда негізінен екі топқа бөлінеді. Мұның біріншісінде (көбіне ақын өнернамасының алғашқы кезеңіңде туған) Ақан жастық шақтың қуанышын қызық-тайды, аңшылық, саятшылық теңірігінде жыр етеді. Ал Ақан емірінің екінші кезеңінде жазылған шығармаларда мүң басым. Еңді біраз туындыларында сері ел билеуші зорлықшыл әкімдерді, надан дін басыларды өжуалайды. Екі ғасыр шегіндегі аграрлық саясатқа байланысты туған өлеңдерінде Ақан жаңа тәртіп зардаптарын суреттейді, алайда, серінің бұл тараптағы шығармаларын ел ішіндегі әділетсіздікке кінәлі - ұсақ шенеуніктер, патшаның ақиқат саясаты бұлай болмауы керек деген балаң ұғым да елес береді.

Ән текстерін озі шығарып отырған Ақан серінің асқақ әуенді әндері қазақ музыка мәдениетінің асыл қорына енген.

Қазақ халқының ақындық өнеріне жоғары баға берген Г.Потанин, Г.Мейендорф, М.Аткинсон, Дж. Мак-Гахан, Р.Карутк, А.Алекторов, А.Брем, П.Мелиоранский, Д.Клеменц тәрізді орыс және Батыс Еуропа ғалымдары, саяхатшылары мен этнографтары казақ поэзиясының байлығын, мазмүңдылығын әрі терендігін ашып керсетеді.



"Қазақтар нақысты сейлеуді бар өнердің алды деп біледі, сондықтан олардың поэзиясы дамудың жоғарғы сатысына жеткен", — деп жазды ұлы тюрколог В.Радлов.

XIX ғасырдың екінші жартысында халықтың ауыз әдебиетімен бірге қазақтың жазба әдебиеті де дамыды. Онын негізін қалаушы ұлы ақын және ойшыл Абай Қүнанбаев (1845-1904) болды. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мен Шығыс, орыс классикасының үлгілерінен нәр алған Абайдың лирикасында адамгершілік пен шыншылдық, ақыл-ой мен әдіддіктің болашақтағы жеңісіне сенім, гуманистік идеялар мен принциптерге айнымас ададдық жырланды. XV ғасырдан XIX ғасырдың үшінші ширегіне дейінгі сахара поэзиясының озіндік бір ерекшелігі — оқшаулық, түйықтық еді. Қазақ поэзиясы негізінен озінің коне дәстүрлерін үлгі түту жене одан ары дамыту жолымен ғана ілгерілеп отырды. Қазақстанның Россия қол астына қарауына байланысты қазақ даласы экономикалық ғана емес, рухани тұйықтықтан да арыла бастады. Замана талабын, уақыт тынысын жіті андаған қазақ білімдарлары онерде, ғылымда ғана емес, рухани омірде де батыс бағытына біржола ден қояды. Ұлттық дәстүрлерді сақтай отырып, орыстың және басқа батыс жүрттарының биік ореге жеткен озық әдебиетінің абзал қасиеттерінің барлығын да бойға сіңіруге тырысады. Осының нәтижесінде қазақ әдебиеті айналасы елу жыл ішінде әлденеше ғасырлық даму жолын бастан кешіріп, жаңа сапаға ие болды. Қазақ поэзиясы түр, мазмүн жағынан ғана емес, тақырып түрғысынан да олшеусіз байыды. Проза, драматургия, әдебиет сыны сияқты жаңа жанрлар қалыптасты. Мүның бәрі тек сандық қана емес, сапалық та озгерістер еді. Тарихи қысқа мерзімде қазақ әдебиеті езінің озық үлгілері арқылы Европа классикалық әдебиетінің ересіне жетті.

Міне, осы ұлы төңкерістің бәрі Абайдан (1845-1904) басталған еді.

Озінің зор талантына орай, қазақ халқының ғасырлар бойы жасалған рухани мәдениетін санасына жинақтаған, кене тәжік-парсы, шағатай-түркі поэзиясының жақсы қасиеттерін бойына сіңірген, сонымен қатар орыс және Батыс Европа өдебиеті мен алдыңғы қатарлы ой-пікірінен тағлым алған Абай ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, қазақ әдебиетінің ұлы реформаторы ретінде қалыптасты.

Қазақ топырағындағы сыншыл реализмнің оркенін жайған, туған поэзиясын биік өреге котерген Абайдың жаңашылдық еңбегі терең мағыналы, сан салалы.



Қазақ поэзиясында бұрын, жалпы шығыс поэзиясындағы тәрізді, шын мәнісіндегі табиғат лирикасы болмайтын. Абай қазақ даласының дарқан табиғаты жан-жақты керініс тапқан кемел туындылар жасады. Абай бейнелеген қыс, жаз, коктем, күз суреттері, кок шалғында кең дала, күркіреген өзен, айлы түн, ызғырық боран — тек қана сақарасына ғана тән өзіндік бояулармен кескінделген жөне нағыз реалистік кейіпте.

Абай қазақ поэзиясындағы махаббат лирикасын бұрын болмаған дәрежеде орістетті. Абайға дейінгі қазақ ақындарының сүйіспеншілік тақырыбындағы жырлары қыздың сыртқы сұлулығын тамашалаудан аспайтын, ал қыздың озі тек жігіт тілегінің объектісі ретіңде, пассив қалыпта суреттелген. Абай лирикасында әйел заты сүйе, күйе білетін ғана емес, оз бойын қүрсаған сезім туралы сыр ақтара алатын жанды кейіпте бейнеленеді. Бүрын ерекше, тіпті, шешуші мән берілетін - қыздың сырт сүлулығы, жігіттің батырлығы, алуандылығы Абай шығармаларында сүйіскен жастардың көп қасиеттерінің бірі ғана болып қалды. Ұлы ақын өзінен кейінгілердің ішкі, рухани әлеміне ерекше ден қояды. Сонымен қатар ғашық жандардың махаббаты сыртай сипаттауға емес, сезім күшін нақты талдауға құрылады. Абайдың махаббат лирикасының ең басты қасиеті де осы терең психологизміңде.



Қазақ қоғамыңдағы әлеуметтік теңсіздікті жазбай таныған Абай мейрімсіз, сараң байды да, байдың малын бағып, отын жағумен бейнетті күн кешкен кедейді де назарынан тыс қалдырған жоқ. Әйткенмен де, ақынның ерекше жүйелі суреттегені — патша үкіметінің қолдауындағы ел әкімдері еді. Ұлықтың аты айтылса-ақ есі шығатын қорқақ, жандай-шап, бірақ өз келесіне келгенде қулық, сұмдыққа кемел, тізе батыру, зорлық-зомбылыққа да жетік болыс, билер, атқамінерлер өздерінің шынайы, жиренішті бейнесінде топ аддында тартылады. Ақын олардың сырдаң, жұтаң, екіжүзді, опасыз ішкі кейіптерін де шебер бейнелейді. Осьщцай адамдық түлғадан ада жандар билік қүрған заманда келбеті қандай болмағы өзінен-өзі айқындалғандай.

Абай қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып, ой жағынан ғана емес, түр жағынан да байытты. Қазақ поэзиясының көне үлгілерін, қазақ өлеңінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Абай поэзияға көптеген жаңа өлең өлшемдерін әкелді. Сонымен қатар Абайдың қазақ әдеби тілінің мәдениетін көтергенін де ерекше атап оту қажет. Өзгеше түрпатты жаңа әдебиеттің негізін салған Абай ұлттық өнердің бұдан соңғы даму бағдарын да белгілеп кеткен еді.

2. Халық ағарту ісінің жағдайы. XIX ғасырдың басында Қазакстан жерінде халыкка білім беру екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептерінде оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді. Мұндағы діни мектептерде сабақ беретін негізінен ауыл молалары еді. Олардың белгілі оқу жоспарлары, сабақ жүргізуде методикалықк тәжірибелері болмады. Көбіне балаларды араб тіліндегі құран сүрелерін жаттаттыруымен ғана айналысты. Осының салдарынан діни мектептегі шәкірттер ғылыми негізде тиянақты білім ала алмады. Бұл кездегі діни білім беру жүйесінде медресенің рөлі едәуір жоғары дәрежеде болды. Ондағы оқу мерзімі төрт жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінін үйренумен қатар, философия, тарих, тіл білімі, астрономия, медицина, математика пәндері бойынша мағлұматтар алды. Қазақ даласында бұл кезде жергілікті халықтың балаларын окытуға арналған азаматтық бағыттағы мектептердің саны өте аз болды. Мұндай оқу орындары Қазақстанда тек Ресейге қосылғаннан кейін ғана ашыла бастады. Атап айтқанда, 1786 жылы Омбы қаласында Азиаттық мектеп, 1789 жылы Орынбор қаласының айырбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды. Бұл оқу орындарында балалар, соның ішінде қазақ балалары тілмәштік, песірлік (кеңсе хатшысы) кызметтерге дайындалды. Әскери мамандары мен әкімшілік шенеуніктерін 1825 жылы Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 жылы негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады. Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылы ашылды. Бұл мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін, сондай-ақ ислам дінін оқып үйренді. Қазақ балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласындағы Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектеп болды. 1857 жылы бұл мектепті Ыбырай Алтынсарин алтын медальмен бітіріп шыкты. 1865 жылы Омбыда қазақ балаларына арналган тағы бір мектеп ашылды, ал 1869 жылы Орынбор гимназиясы жанынан шығыс тілдерінің тілмәштарын және әскери округтердің хатшыларын даярлайтын бөлімше кұрылды.

Қазақстанда XIX ғасырдың 60-шы жылдарында бастауыш мектептердің ашылуы аса көрнекті ағартушы, коғам қайраткері, жаңашыл педагог, этнограф-ғалым, казақтың жазба әдебиетінің және тілінің негізін салушылардың бірі – Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) есімімен тығыз байланысты. Ыбырай орыс графикасына негіздеп қазақ әліпбиін жасады. Осы әліпби бойынша жүргізілген сабақтар ол ұйымдастырған қолөнер және ауыл шаруашылығы училищелерінде қазақ балаларының дүниеге көзін ашты. Ол қазақ кыздарын өнер-білімге кеңінен тартты. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-интернаты 1888 жылы Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде жұмыс істей бастады. Оны бітірген қыздар кейін қазақ даласында білім ұрығын септі. Ыбырай Орынбордағы ғылыми-жағрафиялық қоғамның тілші мүшесі болып сайланды.



XIX ғасырдың соңына қарай өлкеде қалалық училищелер, шіркеулік училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс-қазақ училищелері мен мектептері, ауыл және бастапқы сауат ашу мектептері ашылды. Олар мемлекет есебінен қаржыландырылды және бастауыш оқу орындарының рөлін аткарды. 1898 жылдан 1914 жылға дейін Қазақстандағы бастауыш мектептердің саны 730-дан 1988-ге дейін, ал олардағы оқушылардың саны 29 мыңнан 101 мың адамға дейін өсті. Өлкедегі патша әкімшілігі қазақ халқының сауатын ашуда бастауыш білім берумен, немесе орыс жазуын, әсіресе ауызша сөйлесе білуді және арифметиканың алғашкы төрт амалын үйретумен ғана шектелу жеткілікті деп санады. Ресей өкіметінің осындай кертартпа саясатының нәтижесінде Қазакстандағы орта білім беретін оку орындарының, соның ішінде реалдық училищелердің, ер- мен қыздар гимназияларының саны баяу артты. 1914 жылы олардың жалпы саны 12 ғана болды. Бұларда 4 мың окушы білім алды. 1917 жылға дейін өлкеде халык санының өсуімен және қазактардың білімге деген кұштарлығы арқасында орта білім беретін оқу орындарының қатары өсіп, 47 жоғары бастауыш училище, 17 орта мектеп, 4 реалдык училище, 4 ерлер және 9 қыздар гимназиясы, 13 ауылшаруашылык төменгі мектебі мен қолөнер училищесі жұмыс істеді. Мектептік білім жүйесі деңгейінің өсуі және казақ қоғамының әлеуметтік-экономикалык дамуындағы өзгеріс мұғалім кадрлар даярлау мәселесін қай кездегіден болсын өткір қойды. Міне, осымен байланысты 1879 жылы Түркістан мұғалімдер семинариясы, 1833 жылы Орынбор қазак мұғалімдер мектебі кұрылды. Кейінірек мұғалімдер семинариялары Актөбеде, Верныйда, Семейде, Оралда ашылды. Бұл оқу орындары 1917 жылға дейін небәрі 300 қазак мұғалімін даярлады. Бұл Қазақстан мектептерін оқытушы кадрларымен жеткілікті камтамасыз ете алмады. Бір ерекше ескертіп айтатын жәйт, 1928 жылға дейін бүкіл өлкеде жоғары білім беретін бірде бір институт немесе университет болмады.

3. Қазақ өлкесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектері. Ресей мемлекеті Қазакстанды өзіне қосып алғаннан кейін, оның табиғи байлыктарын игеру, кен ресурстарын зерттеу мәселелеріне ден қоя бастады. Ол үшін өлке жеріне ғылыми іздену экспедицияларын жіберіп, казақ халкының жағрафиясын, тарихын, экономикасын, этнографиясын, минерал қорларын зерттеуге кірісті. 1769 жылы Қазақстанға жасалған алғашқы ғылыми экспедицияларының бірін П. С. Паллас басқарды. Экспедиция Симбирск, Орынбор, Елек, Орск, Гурьев, Жайык, Уфа қалалары аймақтарын аралады. Оның қорытындысы бойынша П. С. Паллас 1773 жылы өзінің «Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат» -деген еңбегін жариялады. 1769-1772 жылдары Н. Рычков патша өскерлерінің кұрамында Қара Торғай, Терісаққан, Есіл аймағында, Усть-Уйск, Крутояр, Тройцк бекіністері төңірегінде қазак өлкесі жөнінде мәліметтер жинастыру жұмысын жүргізді. Кейінірек оның «Капитан Н. Рычковтың 1771 жылғы қырғыз-қайсак даласына саяхатының күнделік жазбалары» - деген еңбегі жарық көрді. Қазақстанның тарихы мен этнографиясын, географиясын зерттеп, бір жүйеге түсі-руде белгілі тарихшы және мемлекет қайраткері А. И. Левшинның (1797-1879) «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ қалаларының сипаттамасы» деген іргелі еңбегінің зор маңы-зы болды. Сондай-ақ өлкені жан-жакты зерттеу көрнекті орыс ғалымдары П. П. Семенов-Тяньшаньский /1827-1914/, Н. А. Северцев /1827-1885/, И. В. Мушкетов /1850-1902/, В. В. Радлов /1837-1918/ жөне басқалардың есімдерімен тығыз байланысты. Олар өздерінің зерттеулерімен отандық ғылымның өркендеуіне үлкен үлес қосты.

Орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В. Вельямин-Зерновтың, А. И. Доб-ромысловтың, украин ақыны Т. Г. Шевченконың т. б. есімдерін атап өтуге болады.

Еліміздің мәдениеті мен қоғамдык ой-пікірінің тарихында қазақтың тұнғыш ғалымы, аса көрнекті демократ зерттеуші Ш. Ш. Уәлиханов /1835-1865/ кұрметті орын алады. Оның қоғамдык-саяси, ғылыми жөне әдеби қызметі қазақ даласында прогресшіл идеялардың тарауына үлкен жол ашты. Шокан 1856-1857 жылдары Алатау кырғыздарының жеріне, Ыстықкөл маңына сапар шекті. Осы сапарда ол қырғыз эпосы «Манастың» жекелеген бөлімдерін жазып алды. 1858-1859 жылдарда Шығыс Түркістанда болып, ондағы халықтардың тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда қырғыз елінің тарихына байланысты бай материал жинап, соның негізінде көптеген еңбектер жазды. Оньщ қазак халқының тарихына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды. Ол орыстың атақты жазушы-философы Ф. Достоевскиймен өте жақын дос болды. Оның ағартушы-демократ ретіндегі көзқарасының қалыптасуына орыстың прогресшіл революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов ықпал жасады. Шокан Ресейдің ғылыми-жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды.

Шоқанмен тұстас Батыс Қазақстанда өмір сүрген көрнекті қаламгер, этнограф тарихшы Мұхамбет Салық Бабажанов /1832-1872 жж./ өзінің шығармашылығымен өлкеге кеңінен мәлім. Орынбордағы кадет корпусын үздік бітірген ол қазақтардың мәдениет, білімге деген ықыласын қолдап, казақтың тарихына, тұрмыс-тіршілігіне, Орал казак-орыстарының зорлық-зомбылығына байланыстыры туралы негізгі деректер жүйеге келтірілген. Сонымен қатар Семей бөлімшесінде Ж. Ақбаевтың, Ө. Бөкейхановтың еңбектері басылып шықты. Ә. Бөкейханов Орыс географиялык қоғамы Батыс Сібір бөлімінің белсенді қайраткерлерінің бірі жөне Басқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды.



Қазақстан туралы ғылыми материалдардың қомақты қорын жасауда XIX ғ. екінші жартысында өлкенің облыстарында кұрылған Статистика комитеттері едәуір рөл атқ-арды. Статистика комитеттері 1878 жылы Ақмола, 1879 жылы Жетісу, 1887 жылы Сырдария, 1895 жылы Торғай, 1896 жылы Орал облыстарында ашылды. Олардың жұмы-старына Ресейдің орталық аймақтарынан революциялык қызметтері үшін айдалып келген халықшылдар белсене араласып, көп күш жұмсады. Статистика комитеттерінің басылымдарында облыс бойынша өндіргіш күштер, халық шаруашылығы, суландыру жүйелері, қатынас жолдары, тұрғындар жөне олардың кәсіптері, алым-салықтар, оқу-ағарту жөне т. б. туралы егжей-тегжейлі мәліметтер жинақталған шолулар ерекше орын алды.

4. Баспа ісі. Сонымен XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басына дейінгі кезеңде капиталистік құрылыс пен онымен бірге дамыған әлеуметтік мәдени өзгерістер казақ мәдениетіңдегі бағыт — реовлюцияшыл-демократиялық бағыт анықталды. Демократиялық интеллигенция халықты отырықшылыққа, білімге, ескірген әлеуметтік институттар мен әдет-ғүрыптарды өзгертуге шақырды. Зиялыларға арналған бастауыш мектептер саны көбейіп, қазақ тілінде газеттер мен журнаддар ("Айқап", т.б.) шығарыла бастады. С.Көбеевтің, С.Торайғыровтың, СДөнентаевтың, М.Сералиннің поэма, өлең, публицистикаларын халық жоғары бағалады. А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, АП.Чеховтың біраз шығармалары қазақ тіліне аударыдды. Орыстың ғалым-геологтары (В.А.0бручев, т.б.) мен тарихшы, этнографтары И.Ф.Катанов, В.В.Бартольд өлкені одан өрі зерттеді. Жамбыл Жабаевтың, Нүрпейіс Байғаниннің, Кенен Әзірбаевтың, т.б. халық ақындарының творчествосында азаматтық сарын, халық-азаттық күрес басты тақырыпқа айналды. Қазақ баспасөзі мен әдебиеті және музыкасы. 1870-1882 жылдарда Ташкентте «Түркістан уөлаяты газеті», 1888-1902 жылдары Омбыда «Дала уәлаятының газеті» шығып тұрды. Біріншісі Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болды, ал екіншісін Дала губернаторлығы шығарды. Патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктердің өкімі бойынша бұл басылымдар Орта Азия мен Қазақстан жерінде отарлық басып алуды, бұл аймақтардағы халықтарды рухани жағынан бағындыру саясатын насихаттады. Осы мақсатпен газет беттерінде түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен әдебиеті жөніндегі материалдар жарияланды, ғылым мен техника саласындағы жетістіктер туралы ақпарат аударылып басылды, өлкені шаруашылық жағынан игеру тәжірибесі қорытылды. Жергілікті халықтар арасында бұл газеттердің танымал болуына шығыс әдебиеті классиктері шығармаларын - «Шахнаме», «Фархат-Шырын», «Мың бір түн» және т. б. жариялау үлкен әсерін тигізді. «Түркістан уәлаяты газетінде» 1870 жылы бірінші рет қазақ тілінде Шоқан Уәлиханов туралы, Маңғыстау қазақтарының көтерілісі жөне баска да оқиғалар жөніндегі материалдар басылды. Орыс оқырмандары Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың орыс тіліне аударылып берілген шығармаларымен танысты. Дегенмен, бұл ресми басылымдар негізінен Ресей империясының отаршылық саясатын жүргізушілер болды. Оған дәлел ретінде «Түркістан уәлаяты газетінің» 323 нөмірінде жарияланған 633 мақаланың үштен бір бөлігі Ресейдің көрші мемлекеттермен катынастарына, империялық сыртқы саясатын негіздеуге арналғанын айтса да жеткілікті.

Бекіту сұрақтары:
1. Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебінің ақындарын атап беріңіз?

2. Қазақ өлкесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектерін атаңыз?

3. Неге «Зар заман» аталған?

4.Мерзімдік басылымдарды атаңдар?


Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №28-30 ХХғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Негізгі ұғымдар: Мемлекеттік Дума, реквезиция, бұлік, ақпан буржуазиялық-демократиялық революция, Алаш партиясы, Үш жүз партиясы, мұсылмандар партиясы.

Мақсаты: Қазақстандағы ерекше саяси жағдайды атап көрсету. Жұмысшылар мен интелигенцияның ролін ашып саралау, мұсілмандар қозғалысының мақсаттарын

Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХ ғғ. Тоғысындағы Қазақстан.

Жоспар:

1. Соғыс қарсаңындағы саяси жағдай.

2. Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында.

3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері.

4. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция Ресей мен Қазақстанда.
Лекция

1. Соғыс қарсаңындағы саяси жағдай.1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей халықтарына аса ауыр қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Соғыс жылдарында жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз өсті. Қазақтардан, бірінші кезекте Сырдария және Жетісу облыстарында жерлерін жаппай тартып алу жалғастырылды. Бір ғана Жетісу облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800 мың десятина жақсы жайылымдар мен егістік алаптар тартып алынды, ал осы жерлердің нағыз қожайындары қазақтар шаруашылық жүргізуге онша жарамды емес, немесе мүлде жарамсыз шөл немесе шөлейт аудандарға күшпен көшірілді.

Соғыс орасан көп мөлшерде шикізатты, азық-түлікті, малды және басқа да материалдық құңдылықтарды жалмап жұтты. Шаңырақтарға жаңа әскери салық енгізілді. Соғыс басталған соң жергілікті халыққа салынатын салықтар 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есе өсірілді.

Егіс алаптарының қысқартылуы нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірісі сұмдық құлдырап кетті.

1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің қазақ халқынан тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 миллион десятинаға теңелді.

Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі, соғыс кесапаты – халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық, ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті және өлке халқының әр түрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды.

Соғыс жағдайларында “Қазақ” жалпы ұлттық газетінің төңірегіне біріккен қазақтың либерал-демократиялық зиялыларының жетекшілері - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және олардың жақтастары, сондай-ақ қазақ зиялыларынан шаруа-демократиялық бағытты жақтайтын М. Сералин, Б. Майлин, С. Дөнентаев және басқалар сынды “Айқап” журналының төңірегіне топтасқан өкілдері басылып шыққан сөз арқылы өздерінің халыққа ықпалын нығайтуға ұмтылды.

Саяси көзқарастары мен әрекеттеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, қазақ зиялыларының жоғарыда аталған өкілдерінің көптеген туындыларының өзегі “Оян, қазақ!” ұраны болды. (осы атаумен 1909 жылы Міржақып Дулатовтың өлеңдер жинағы жарияланған еді.) Қазақ оқымыстылары өздерінің жан-жақты шығармашылығымен, жалпы демократиялық талаптар ұсынып және өз ойларын екінің бірінде мысқыл тілімен білдіре отырып, өлкеде отаршылдыққа қарсы саяси жағдайдың тамыр жаюына жәрдемдесті. Халық санасына ұлт-азаттық күресінің қажет екендігі идеясын сіңірді.

2. Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпыға бірдей дағдарыс үрдісін тездетті. Қазақстанның, Орталық Азияның барлық дерлік аудандарын қамтыған, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс соның жарқын көріністерінің бірі болды.

Көтерілістің басты себептері әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар: отаршылдық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың шамадан тыс ұлғайтылуы, қазақ халқы мен аймақтың басқа байырғы халықтары жөнінде патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясаты, қалың бұқара жағдайының күрт нашарлауы болды.

Бұл аталғандардың ішінен ежелгі қазақ жерлерінің жаппай, күшпен тартып алынуын және өлкені басқарудың отаршылдық жүйесінің күшейтілуін ең басты себеп ретінде қарастыру керек. Верный уезі Пригородный учаскесінің қазақтары өздерінің 1916 жылғы 17 қазанда Түркістан генерал-губернаторына көтерілістің себептері туралы арызында дұрыс атап көрсеткендей: оны туғызған “халық дұрыс түсінбеген тыл жұмысына жұмысшыларды шақыру ғана емес. Себеп тереңіректе жатыр. Бір жағынан, жерден қысым көру және екінші жағынан қазақтарды басқару жүйесі” қазіргі қайғылы оқиғалардың негізгі себептері болып табылады.

Жер жөнінен қазақтар соңғы он жылда өте қатты қысым көрді: облыста 1903 жылы құрылған қоныс аудару басқармасы 1908-1909 жылдарда қазақтардан жерді алып қоюды. күшті қарқынмен жүргізді. Соның салдарынан қазақтардың дайын суландыру арықтары, бау-бақшасы мен қора-қопсылары бар ең жақсы жерлері тартып алынды. Олар сусыз нашар жерлерге қуылды; орман алқаптары түгелдей қазынаның пайдаланылуына алынды.

Мұндай көрініс Қазақстанда жер-жерде байқалды.

Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы Қазақстанның, Орталық Азияның және ішінара Сібірдің 19 жас пен 43 жасқа дейінгі “бұратана” ер азаматтарын тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салу, майдан өңірі маңайында жолдар салу және т.б.) “Реквизициялау туралы” жарлығы тікелей себеп болды. Оның үстіне жарлықта “жұмылдыру”, “әскерге шақыру” деген сөз емес, қайта әңгіме бейнебір малды реквизициялау (өткізу, алу) туралы болып отырған сияқты, “реквизиция” (жеке адамның мүлкін зорлап алу) деген сөз қолданылды. Бас штабтың салғырт бойынша тыл жұмыстарына Қазақстаннан, Орталық Азиядан 400 мың адам, соның ішінде қазақтар мекендеген барлық облыстардан 240 мыңға жуық адам алу жоспарланды. Егер өлкедегі қазақ шаруашылықтарының саны 700 мыңнан сәл асатынын ескеретін болсақ, әрбір үшінші шаруашылық қызметкерінен айырылады екен, ал сонымен бірге мұндай мөлшерде жұмысшы қолын әкету ұлттық ауқымдағы сұмдық апатқа айналатын еді.

Жарлық туралы хабар жергілікті баспасөзде жарияланды және болыс басқарушыларының жиналыстарында оқылып, қосымша түсіндірмелер мен түсініктемелер берілді. Жарлықтың бірқатар ережелерінің бұлыңғырлығын отаршылдық әкімшіліктің жергілікті шенеуніктері шебер пайдаланды. “Инженер М. Тынышбаевтың жоғары мәртебелі Түркістан генерал-губернаторы мырзаға 1916 жылғы оқиғаларға байланысты айғақтарында” Жетісу генерал-губернаторының үндеу хатында окөп жұмыстарына шақыру туралы айтылғаны атап өтіледі. Селолардағы бұрынғы орыс солдаттары қазақтарға “окөп” дегеннің не екенін түсіндірген кезде, халықты жұмылдыру (“алу”, “өткізу”) шын мәнінде қарусыз адамдарды қыруға әкеп соғады деп санады. Ал мұның өзі өз кезегінде қазақтардың патша жарлығына жаулық көзқарасын күшейтті. “... Мұның ең қауіпті жұмыс екені, - деп жазды одан әрі М. Тынышбаев, - оларға түсінікті болды... жұмысшыларды шақырудың мәнін халыққа ешкім де түсіндіріп бере алмады; оның орнына жергілікті өкімет орындары патша жарлығын асығыс түрде орындауға кірісе бастады. Кейбір жағдайларда дөрекі шаралар қолданды. Ара жігін бөліп жатпай 25 жасты (19-43) бір мезгілде асығыс алу халықты қайран қалдырды... осы ұрандармен қатар қиянат жасаушылық та қатар жүргізілді. Олар орыс әкімшілігіндегі кейбір адамдардың қатаң шаралары мен жай ғана қателіктері, болыс басқарушыларының құлқыны және тағы басқа сияқты болып келді. Бұл тәсілдер халық жанына тікелей батқандықтан, толқудың өріс алуы сөзсіз еді”.

3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері. Қазақстандағы көтеріліс 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы жарияланғаннан кейін басталды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімдерін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері ұшырады. Ол кезде қазақтарда метрикалық куәліктердің болмағанын пайдаланып, олар тізімге жас шамасына қарамастан кедейлерді қалауынша енгізді, ал байдың балаларын пара алып шақырудан босатты. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақорлық пен қиянат жасаушылық туғызды.

Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды, село және ауыл басқарушыларын; байырғы тұрғындардан шыққан төменгі шенді полицейлерді; имамдарды, молдалар мен мүдәристерді, ұсақ кредит мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлерді; жоғары және орта оқу орындарында оқушыларды; үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян және құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдарды әскерге алудан босатты.

Патша жарлығының қатаңдығы және жергілікті жерлерде оны жүзеге асырудың әділетсіз әдістері түңілуге дейін жеткізген, қолына түскенімен қаруланған еңбекшілер патша өкіметінің өкілдеріне: болыс басқарушыларына, ауыл старшындарына, полицейлерге, казактарға, шенеуніктерге бас салып “адам бермейміз!” деп айқайлап, оларды ұрып-соқты. Көтерілісшілер болыс басқарушыларының, ауыл старшындарының кеңселері мен үйлерін өртеді. Жүргізілген істер мен жұмысқа алынушылардың тізімдерін жойып, аңғалдықпен олар тыл жұмыстарына адам алудан осындай жолмен құтыламыз деп санады.

Стихиялық қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласа бастады; ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды және оның өткір жүзі патша өкіметінің әскери-отаршылдық және кең көлемде орыстандыру саясатына және белгілі бір дәрежеде ауылдардың феодал-бай үстем топтарына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысына ұласты. Осы тұрғыдан ол Ресейдің жұмысшы табы мен шаруаларының соғысқа және патша өкіметіне қарсы революциялық қозғалысымен ұштасты.

1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.

Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.

Күрделі және әртекті болған көтеріліс кең-байтақ өлке аудандарының көпшілігінде ұлт-азаттық сипатқа ие болды. Тек жекелеген жерлерде ғана қозғалыстың басшылығын байлардың үстем топтары мен клерикал элементтер қолына алды.

Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және басқа да кейбір халықтардың өкілдері қатысқан Оңтүстік облыстарды (Жетісу және Сырдария облысы) қоспағанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы құрамы жағынан бір ұлттың қозғалысы болды.



4. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция Ресей мен Қазақстанда. 1917 ақпанда буржуазиялық демократиялық революцияның жеңіп шығуы елдегі тап күшінің арасалмағын күрт өзгертті. Социалистік революцияның жолындағы басты кедергі — самодержавие жойылды. Бірақ революция негізгі мәселесі — өкімет туралы мәселе — өзінше шешім тапты.

Еңбекшілердің инициативасымен пролетариат пен шаруа-лардың революциялық демократиялық диктатурасының органы — жұмысшы, солдат, кейінірек оған қоса шаруалар депутаттарының Советтері пайда болды. Советтердің басшылығына еніп кеткен меньшевиктер мен эсерлердің келісім-паздық саясаты буржуазия өзінің өкімет оганы — Уақытша үкімет құруына мүмкіндік берді. Өтпелі кезеңнің аса күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын білдіретін қос өкімет дүниеге келді. Уақытша үкімет, сөз жүзінде өзгерістер енгізуге үмтыламыз дегенімен, іс жүзінде буржуазияның мүддесін көздеп, негізінен бүрынғы ішкі және сыртқы саясатты жалғастырды.

1917 жылғы 23-27 ақпанда (8-12 мамыр) болған Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясының нәтижесіңде самодержавие құлатылып, қос өкімет: буржуазия диктатурасының органы — Уақытша үкімет пен жұмысшы-шаруалар диктатурасының революциялық-демократиялық органдары — жұмысшы, соддат және шаруалар депутаттарының Советтері қүрыдды. Бүкіл елдегідей Қазақстанда да буржуазиялық демократиялық революция барысында 1917 жыддың наурыз-сәуірде Уақытша окімет органдарымен бірге Семейде Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Павлодарда, Өскеменде т.б. қалаларда жұмысшы және солдат депутаттарының Советтері пайда бола бастады. Кейін 1917 жылдың сәуір-маусымда Әулиеатада, Перовскіде, Қазалыда шаруа депутаттарының Советтері және қырғыз (қазақ) депутаттарының Советтері қүрыдды. Буржуазиялық Уақытша үкімет самодержавияның отаршылық және үлттық саясатын жалғастыра берді. Қазақстанда жерді күшпен тартып алу, 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларды қуғындау жүргізілді.

Қазақстанның ауылдары, деревнялары мен станциялары самодержавиенің ішкі саясатының зардаптарын басынан кешіре отырып, шиелініскен әлеуметтік қайшылықтың торабына айнадды. Патшаның аграрлық-қоныс аударушылық бағытын жүзеге асырудың нәтижесінде қазақ ауылы 1917 жылы 45 млн десятинаға жуық қүнарлы жерінен айырылды. Қүнарлы жерлерді 4 казак әскерінің (Орал, Орынбор, Сібір, Жетісу) пайдасына, сондай-ақ қоныс аудару басқармалары мен Романовтардың жеке меншігіне (Алтайда) беру көшпелі және жартылай көшпелі еңбекшілерді пайдалануға жарамсыз сор және құмды далаға ығыстырды. Аса қатал аграрлық дағдарыс болатындай жағдай туды. Феодалдар мен байлар оның бүкіл ауыртаплығын орта шаруалар мен кедейлерге аударды. Ал орта шаруалар мен кедейлер бүкіл шаруашылық-тың 2/3 бөлігін қүрайтын.

Соғыс аддында экономикалық жағынан нығайтып үлгер-меген қоныс аударған деревнялардың

шаруашылықтары соғыс жылдарьшда қатал дағдарысты басынан кешірді. Ол, ең аддымен, кедейлер мен орташаларды немесе барлық шаруашылықтың 4/5 бөлігін қамтыды. Дағдарыс көптеген қазақ шаруашылықта-рына да соққы болып тиді. 1,6 млн адам түратын селолар мен станциялардан 250 мың адам армия қатарына алынды. Бұл — еңбекке жарамды ерлердің тең жартысы еді. Бірсыпыра жерлерде егістік жердің көлемі күрт азайды, сөйтіп астық тапшылығы туды (әсіресе қалаларда жөне өлкенің Оңтүстік-Батыс аймағында). Мұны село буржуазиясы астықтың бағасын көтеруге шебер пайдаланды. Соғыс жағдайыңда самодержавиенің бүрын-нан да оңып түрмаған салық саясаты кошпелі және жартылай кошпелі қазақ шаруаларына өте ауыр соқты. Малды, жемді, киізді жаппай ортаға салу, ақша салығының артуы әр түрлі алым-жиымның кобеюі кептеген шаруаларға жүтау қаупін туғызды.

1917 жылы күзде Қазақстандағы революциялық процестің дамуында елеулі өзгеріс болды. Петропавловскіде, Се-мейде, Ақтобеде, Перовскіде, Қазалыда алғашқы Қызыл гвардия меньшевиктер Советтердің көпшілігіндегі басшылық жұмыстан аластатылды, дербес большевиктік үйымдар қүру басталды. Қазақ халқының Ә.Асылбеков, С.Сейфуллин, Т.Бокин, Т.Рысқұлов т.б. сияқты адал үлдары, партия қатарына отті. Жұмысшыларға, әсіресе теміржолшыларға, шахтерлерге, кеншілерге, майдан шебіндегі қара жұмыстан оралған қазақ жұмысшыларына, ауыл-село кедейлеріне, гарнизондардағы революциялық пиғылдағы соддаттарға арқа сүйеген қазақстандық большевиктер жергілікті елдің орталық аудандарыңдағы еңбекішлердің азаттық күресін басу үшін казак әскерлері мен өлкедегі әскери бөлімдер негізінде де контрреволюциялық күш құрауына кедергі келтірді.

1917 жыл қыркүйекте — бүкіл Россияда революциялық дағдарыстың шүғыл пісіп-жетілген кезеңі болды. Жұмысшы қозғалысы өкімет билігін пролетариат қолына алар кезеңге таялды: бүкіл елде ереуіл тоқтамады, көптеген фабрикалар мен заводтарда жұмысшы бақылауы орнатылды, Қызыл гвардия айбынды күшке айнадды. Петроград пен Москва Советтеріне іле-шала Урал, Донбасс, Сібір, Орта Азия т.б. Советтері де большевиктер жағына шықты.

1917 жылдың күзінде майдан мен тылдағы солдаттар, матростардың негізгі болігі пролетариат жағына өтгі. Солтүстік-Батыс, Батыс майдандарының, Солтүстік Балтық флотының, Қазан, Сібір және Түркістан әскери округының әскерлері революцияның сенімді қарулы күшін құрады. Қазақстан территориясында Орал, Черняев, Әулиеата, Петропавл, Семей, Павлодар, Қазалы, Түркістан т.б. гарнизондардың соддаттары Совет өкіметі үшін күресті. Олар Керенскийдің Уақытша үкімет басшысы бұйрығын орындаудан бас тартқан еді. Елдегі жаңа саяси жағдай жаңа дағдарыстың таялғанын көрсетті.
Бекіту сұрақтары:

1. І -ші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстандағы саяси жағдай қандай болды?

2. Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғысқа қатысты ма?

3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына не себеп болды?

4. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция Ресей мен

Қазақстанда қалай жүрді?


Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.

Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары.



Тақырыптар


Семинар сағаты


Апта

СОӨЖ

СӨЖ


1

Кіріспе.

XYIII ғ. мен XIX ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері.



1

1-2 апта

1

2


2

Батыр Сырым Датұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы

2

3-4 апта

1

2


3

ХҮІІІ ғ. ортасы мен ХІХ ғ. І ширегіндегі Қазақстан

2


4-5 апта

2

6


4

Қазақстандағы ХҮІІІ мен ХІХ ғ.басындағы саяси жағдай

2


6-7 апта

2

6


5

Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісі мен патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы азаттық күресі ( ХІХ ғ.20-40 жж.)

2

8-9 апта

2

4


6

ХІХ ғ. ортасысындағы Қазақстан территориясындағы Казачество.

1

10-11 апта

1

2


7

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ халқының арасындағы ағартушылық қозғалысы

2

12-13 апта

2

6


8

ХХ ғ. басындағы Қазақстан


2

14-15 апта

2

2




Барлығы:


15

15

15

30


жүктеу 5,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау