Қазақстан халықтарының Ассамблеясы және


Білім, ғылым, техника және технологиялар



жүктеу 145,62 Kb.
бет4/13
Дата07.10.2024
өлшемі145,62 Kb.
#45037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
аза стан халы тарыны Ассамблеясы ж не

Білім, ғылым, техника және технологиялар
Жоспар:
1. Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері.
2. Әдіс мәселесі.Танымның негізгі әдістері. Ғылыми таным әдістері және және ғылыми
ақиқат ерекшелігі.
3. Ғылымдардың классификациясы: Аристотель, әл-Фараби, Ф.Бэкон, Г.Гегель, О.Конт. Шоқан Уәлихановтың ғылым философиясы.
4. Ғылым және техника.
5. Қазақстан ғылымы дамуының келешегі.
6. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының үлесі.

Ғылым философиясы – кең мағынада – ғылым табиғаты мен мәні туралы философиялық ілім және осы мағынада ол жалпы философиялық білімнің бір бөлігі.


Ғылым философиясы – тар мағынада – қазіргі замандағы батыс философиясындағы ағым. Ол ғылыми танымның ерекшеліктерін айқындау, оның құрылымын зерделеу, ғылымның даму заңдылықтарын көрсетумен айналысады. Ғылым философиясын зерттейтін философиялық мектептер ішінен позитивизм мен непозитивизм, сыншылдық рационализм, постпозитивизм, ғылыми танымның философиясы мен методологиясы және т.б. атауға болады.
Ғылым философиясының басталу кезеңін шартты түрде XVIII ғасырдың екінші жартысына, ал толық қалыптасуын XX ғасырға жатқызуға болады.
Ғылым философиясының пәні, яғни зерттеу объектісі мыналар болады:
– ғылымның шығу тегі;
– ғылымның табиғаты мен мәні;
– ғылыми даму заңдылықтары;
– ғылым мен қоғам қатынасы;
–ғылыми қызметті ұйымдастырудың әлеуметтік формаларын дамыту;
– ғылыми қызметтің этикасы;
– ғылыми дамудың келешегі.
Ғылым генезисі (шығу тегі) туралы әр түрлі ұғымдар бар:
– Ғылыми адам бітімімен бірге пайда болған. «Неолиттік революция», яғни толықтай варварлыққа өту дәуірінде протоғылым (ғылымның бастамасы) адаммен бірге дүниеге келген (1. Спенсер, А. Гурштейн);
– Ғылым ежелгі шығыс өркениетінде пайда болған;
– Ғылым антикалық дәуірдің жемісі;
– Ғылым ортағасыр заманының аяқталуымен іспеттес пайда болды;
– Ғылым Жаңа заман (XVII ғ.) құбылысы;
– Ғылым тек XX ғ. Толық айқындалды.
Техника философиясы - бүгінгі күні өзінің гүлдену кезеңінен бастан кешіп жатқан батыс философиясының қазіргі бағыттарының бipi. Батыста техника философиясының қалыптаса бастауын И.Бекман есімімен және 1777 жылы басылып шыкқан оның «Технология бойынша жетекшілік, немесе қолөнерді, фабрикалар мен мануфактураларды тану» деп аталатын еңбегімен байланыстырады. Бірақ көпшіліктің пікірінше, бұл саладағы негіз қалаушы еңбек 1877 жылы жарияланған және жүз жылдан кейін Германияда қайта басылып шыққан Э.Капптың «Тех­ника философиясының нeгiзгi белгілері» деп аталатын жұмысы болып саналады.
Техника философиясы - қазipгi әлемдегі техника феноменін философиялық - методологиялық және дүниетанымдық тұрғыда зерттеуге негізделген қaзipгi философиядағы бүтіндей бip бағыт. Бұл бағыт бастапқыда Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада, кейнірек 60-80 жылдары Жапонияда кеңінен таралды. Батыстағы қазіргі техника философиясының бастапқы өкілдері қатарына Э.Капп және Ф.Дессауэрмен қатар О.Шпенглерді, М.Хайдеггерді, Ортега-и-Гассетті, Мэмфордты, К.Шиллинги және т.б. жатқызуға болады. Бірақ сонымен қатар техника ұғымы ертедегі ойшылдарда да кездеседі. Мысалы, енбектің табиғи және жасанды органдары арасындағы апология туралы ой Пла­тон мен Аристотельде ұшырасады. Егер Аристотель қолды «құралдың құралы» деп атаса, Гегель де осы идеяны кайталайды. Гегель техника табиғатын түсінуде бірқатар идеялар ұсынады. Гегельдің, пікірінше техникалық жабдықтар объект табиғатымен анықталады, ал екінші жағынан жабдықтар техникалық құралдар арқылы іске асатын мақсаттың тасымалдаушысы болып табылады. Гегель былай деп жазады: «адам өз мақсатында сыртқы табиғатқа бағынышты болғанымен, өзінің құралдары арқылы үстемдікке ие болады». Антик әлемі авторлары мен Гегельдің бұл идеяларын Батыстың кейінгі философтары Э.Капп және Л.Нуаре жалғастырды. Олардың негізгі идеясы техника феноменін «органопроекция» негізінде түсінумен сипатталады. Олардың пікірінше техника жасанды орта болып табылады, бірақ ол адам органдарының табиғи материалға проекциясы ретінде көрінеді, яғни техниканың бүкіл дамуы адамның табиғи еңбек органдарын көшіру арқылы, оларды сыртқы әлемге «проекциялау» арқылы жүзеге асады.
Техника феноменін түсіндіруде өзге, қарама - қарсы позицияны ұстанған философ - неотомист Ф.Дессауэр болды. Ф.Дессауэр, Э.Капп және Л.Нуаре ұсынған техниканың биологиялық концепциясымен келіспеді. Ол техника табиғат заңдарымен байланысты және оның шектерінен тысқары шықпайды деп есептейді. Алайда бұл да ешнәрсені айқындамайды, техниканың автономды да мәні бар. Оның пікірінше техникалық идеялар адам ақылында пайда болмайды, ол ақылдың көмегімен ауланады. Техникалық идеялар құдайдың ойы, жаратушының құдіретті ақыл ойының көpiнici.
Техника мәселесі Хайдеггер философиясында негізгі орындардың бipiн алады және көптеген шығармаларында үнемі кездесіп отырады. Бірақ бұл тақырыпқа арналған оның ең маңызды шығармасы «Техника туралы мәселе» деп аталады. Бұл жұмысында М.Хайдеггер техниканы пайымдауды жаңа іргетасқа қойды. М.Хайдеггер былай деп жазады: «техниканың мәні белгілі мағынада техникалық емес. Сондықтан да біз ол туралы жай ғана ойлағанда, оны қолданғанда, басқарғанда немесе одан қашқақтағанда техниканың мәніне деген өз қатынасымызды ешқашан да сезіне алмаймыз. Барлық осы жағдайларда, оны қызығушылықпен қолдасақ та, теріске шығарсақ та, біз техникаға құлдар секілді ажырамастай таңылғанбыз. Біз техниканы бейтарап нәрсе деп есептеген кезде, оның нағыз тұтқынына айналамыз. Қазіргі кезде кең өpic алған мұндай көзқарас оның мәніне деген мүлде көрсоқырлықты туындатады».
Хайдеггерге дейін техника ақыл - ой мен қайырымдылықтың (ізгіліктің) салтанатты шеруі ретінде бағаланып келді. Кейбір жағдайларда техниканың өзіне қарсы шығу емес, оны қолдануға қарсы шығу өзекті сөз болды. Мысалы, О.Шпенглер «түсті» нәсілдер еуропалықтардан техниканы тартып алып, оларды үстем жағдайынан айырады және түбінде техниканы жояды деп қорықты. Хайдеггер керісінше, техниканың өзін адам үшін үлкен қауіп - қатер деп есептеді. Техниканы түсіндірудегі Хайдеггердің тағы бip жаңалығы, оған дейін техника адамзат тарихы мен мәдениеті дамуы байланысындағы көптеген факторлардың бipi ретінде қарастырылып келсе, ал бұл неміс ойшылының пікірінше техника қазіргі дәуірдің болмысы болып табылады. Және Хайдеггерге дейін техника ең алдымен мәдениет философиясы мен тарих философиясының және тек кейін ғана антропологияның мәселесі болып келсе, ал М.Хайдеггер онан метафизиканың мәселесін шығарды. М.Хайдеггерде де техника болмыстың терең қасиеттерін пайымдаудың маңызды тәсілі болып табылады. Ол болмыстағы табылуға және өзінің нағыз, бүлінбеген кейпінде көрінуге тиіс нәрсенің жасырын жағын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Техниканың мәні арқылы адам болмыспен тілдесіп, оның үнін естиді. Бірақ импульс дұрыс табылмауы мүмкін, өйткені техника адамды өзіндік ашылудың жалған жағына қарай итермелейді.
К.Ясперс техниканы түсіндіруде Хайдеггерлік түсінікке жақын келді. Ол өзінің «Тарихтың қайнар көздері мен мақсаты» деген еңбегінде техниканы әлемдік тарихтың түбегейлі жаңа фак­торы ретінде қарастырады. К.Ясперстің пікірінше қазіргі заманда былайша пайымдау қажет: «Қазіргі уақытта біз тарихтың бұралаң кезінде тұрғанымызды сезінеміз, бұдан жүз жыл бұрын - ақ бұл кезеңді антик әлемі дағдарысымен салыстыра бастап еді, ал кейінірек оның тек Еуропа мен Батыс мәдениеті үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін орасан зор маңызы бар екендігін байқалды. Бұл - техника ғасыры өзінің барлық салдарымен қоса, адамның еңбек, өмір, ойлау саласындағы, символика саласындағы мыңдаған жылдар бойы жинақтағанынан сау - тамтық қалдырмайтын сияқты. Қазіргі техниканың пайда болуымен барлығыда өзгерді. Ең алдымен, К.Ясперстің пікірінше, адам­ның табиғатпен байланысы өзгерді. Адам техниканың көмегімен табиғатты бағындыра отырып, өзі табиғаттың ықпалына түседі, табиғат адамның тиранына айналады. Техника адамның барлық күнделікті өмірін өзгертіп жіберді, ол «бүкіл өмір сүруді белгісіз техникалық механизм әрекетіне, ал бүкіл планетаны - тұтас фабрикаға айналдырды. Сонымен бірге адамның өз түбірінен толық ажырауы жүзеге асты және бұл бүгінгі күш де жалғасуда. Адам отансыз жердің тұрғынына айналып, дәстүр жалғастығын жоғалтты. Рух пайдалы функцияларды орындау мен оқып - үйрену қабілетіне айналды». Ары қарай К.Ясперс былай деп жазады: «Мына нәрсе күмәнсіз: тех­ника адамның өзін өзгертуге бағытталған. Адам енді өзі қалыптастырған техника ықпалынан босанып шыға алмайды. Және техникада шексіз мүмкіндіктермен қатар, шексіз қауіп-қатердің де бар екендігін күдік туғызбайды. Адам өзі техниканың билігінің астына қашан және қалай түскенін аңғармай да қалды». К.Ясперстің пікірінше, техниканың маңызы мен рөлінің құдіреттілігі сонша, оның мәнін ашпай қазіргі ахуалды пайымдау мүмкін емес. Техниканың нақтылығы адамзат тарихындағы үлкен бетбұрысқа әкелді, біз адамзат өмірін механикаландырудың нағыз дер кезінде тұрғанымызбен, оның бар­лық салдарларын болжау небір ұшқыр көріпкелдердің де қолынан келмейді.
80 - жылдары көптеген батыстық философтар техника мен технологияны тек тарихи ағымда ғана қарастырып, техника мәнін ұғыну мүмкін емес деген қорытындыға тоқталды. Американдық философ Х.Сколимовскидің «Техника философиясы адам философиясы ретінде» деген жұмысында айқын көрінеді. Ол техника философиясын адам философиясы ретінде түсінуді ұсынады. Бұл мағынада адам техникалық императивке бағынғаннан гөрі, техника адам императивіне бағынуы тиіс. Х.Сколимовскидің пікірінше, философиялық зерттеулердің бұл саласының пайда болуы еуропалық өркениеттің пайда болуы мен жойылуындағы техника рөлін кеш мойындауды байқатады. Техника философиясы ең алдымен біздің өркениетті сыни тұрғыдан бағалау нәтижесінде пайда болғанын ескеру қажет.
Техника философиясын ең алдымен екі қарама ‑ қарсы бағытқа бөлінеді: техницизм және антитехницизм.
Техницизм қоғам өміріндегі техника рөлін тек қалыпты құбылыс ретінде, адамзаттың игілігі ретінде ғана қарастырады.
Антитехницизм ‑ өсіп келе жатқан жаңа технологиялардың қауып -қатері алдындағы үрей мен қорқыныш, сенімсіздік.
Техника философиясы негізінен екі басты дәстүр ықпалында: неопозитивизммен әсері және байланысы бар сциентистік методологизм және мәдениеттанымдық антропологизм. Техниканы философиялық зерттеулер осы екі дәстүрдің біріне бағдар ұстануына байланысты ‑ логикалық не методологиялық мәселелермен айналысады, не техниканың гуманистік құндылық қырларын зерттейді. 80 - жылдары техницизм идеологиясы қайтадан күшейе түсті. Бұл бағыттың негізгі тұжырымдары О.Тоффлердің атақты «Үшінші толқын» еңбегінде жарияланады. О.Тоффлер қоғам дамуын толқын қозғалысы ретінде қарастырады. Ал «Футуршок» еңбегінде қазіргі адам қоғам мен техниканың шұғыл өзгерістеріне дайын еместігін айта келе, болашақтың адамға ауыр тиетінін ескертеді.
ХХ ғасырдағы индустриалдық қоғамның ең күшті сыншыларының бірі Л.Мэмфорд болды. Бастапқыда ол болашақты өркениет технологиясына негізделген гуманистік прогресс ретінде елестетті. Кейінірек өзінің позициясын түбірімен қайта қарап, ақпарат саласын өз қолына шоғырландырған және күшті репрессивті бюрократиямен басқаратын әскери‑өнеркәсіптік истеблишмент тарапынан келетін қауіп ‑ қатер туралы ескертеді.
Қоғамды ақпараттандыру үдерісі техникалық және технологиялық үдерістерді өз бойына біріктіре, жинақтай және тек технологиялық мәселе болудан қалады.
Болашақта адамзат өркениетінің дамуы ғарыштық дәуір не компьютерлік немесе ақпараттық болсын, осының барлығы адамның игілігі үшін жасалып жатқандығын ескеруіміз керек. Бұл мағынада техника философиясы ең алдымен адам философиясы деген американ фи­лософы Х.Сколимовскидің пікірімен келісуге болады.

жүктеу 145,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау