Қазақстан экономикалық, Әлеуметтік және саяси жедел



жүктеу 354,95 Kb.
бет3/3
Дата29.05.2018
өлшемі354,95 Kb.
#18346
1   2   3
4. Мемлекеттік қызметші өз бизнесін сатқанын немесе басқаруға бергенін міндетті түрде жария етуге тиіс.
5. Мемлекеттік қызметшінің жеке бизнеспен айналысуына және компаниялардың мүдделерін жақтауына тыйым салатын Ар-ұждан кодексін әзірлеу керек.
6. Тәртіптік кеңестерді Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке түпкілікті беру, орталық бюджетке ауыстыру және оларды заңгер мамандармен нығайту керек. Оған ал зейнет жасына жақындаған шенеуніктерді орналастырумен шұғылдану әсте қажеті жоқ. Кеңес мемлекеттік қызметшілердің этиканы және Ар-ұждан Кодексін орындауын қадағалауға тиіс.
7. Пара алушыларды ғана емес, пара берушілерді де жазалау керек.
8.Бизнестегі жалақы деңгейіне жақындата отырып, мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру керек.
Мен тиісті мемлекеттік құрылымдар мен лауазымды тұлғалардың іс-қимылын реттеу туралы жиі айтып келемін. Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік дербес әрі тәуелсіз болуға тиіс. Оны Президенттің тікелей бағынысына көшірген дұрыс.
Үкіметке осы мәселелер бойынша нақты ұсыныстар енгізу мен оның орындалуын бақылауға алуды тапсырамын.
Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілерді жемқор етіп көрсетіп, жөн-жосықсыз айыптауларды тыйып тастайтын кез де жетті . Егер бұл көпе-көрінеу жала болса, онда мұны мемлекеттік қызметші сот арқылы дәлелдеуі керек. Егер олай болмаған жағдайда, дабыл тексерілуі тиіс. 
                                                                * * *
Мен сіздерге өзімнің саяси реформаларға көзқарасымды баяндап бердім. Аталған барлық мәселелерді қолданылып жүрген Конституцияның шеңберінде жүзеге асыруға әбден болады.
Менің бастаған реформалардың талқылануы, және оны оппозицияның да талқылауы барысында, еліміздің бұдан былайғы саяси құрылымының түрлі нұсқаларының да қарастырылып жатқанын біз білеміз. Егер олар ел мен халықтың мүддесін көздейтін болса, онда оппозицияның пікірін де құрметтеу керек.
Мен 2005-2007 жылдары алға қойған жұмысты аяқтауды ұсынамын. Сол кезде әрі қарай қалай жылжуымыздың керектігі айқындалады.
Мен Конституцияның тұрақтылығы – қоғамның тұрақтылығы екеніне кәміл сенемін. Ойланбай жасалған өзгерістер ел ішінде берекетсіздік туғызады. Конституцияның қандай да бір ережелеріне түзетулер енгізуді ұсынбас бұрын, қолымыздағы нұсқасын зейін қоя зерделегеніміз жөн.
Өзара бас қосып, осы мәселені егжей-тегжейлі талқылаған танымал заңгерлеріміздің үлкен тобына мен зор ризашылығымды білдіремін. Олар маған Конституцияны қорғау, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету жайында өтініш жасады.
Ата заңға өзгертулер енгізуге болады. Бұл өзгертулердің басты мәселесі – халқымыз президенттік басқарудың қазіргі жүйесін бұдан былай да қолдай ма әлде елдегі толып жатқан саяси партиялардың билік жүргізуін қалай ма? Нақ сол себепті мен төл Конституциямыздың мүмкіндіктері жайында мен тағы да қайталап айтып тұрмын. Ең демократиялық шешім халықтың өзінің еркі деп ойлаймын. Уақыты жеткенде, біз азаматтарымызға бұл жөнінде сауал салатын боламыз. Сөйтіп, біз халқымыз бен еліміздің қажетіне қарай шешім шығаратын боламыз.

 
5. Қазақстан қазіргі әлемде



5.1 Біздің сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз
Біздің басымдықтарымыз өзгеріссіз күйінде қалады. Бұл– ХХІ ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат.
Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі.
Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ел ішіндегі реформаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Үкіметтің алдында осы мемлекеттермен арадағы негізгі шарттар және келісімдерді бұлжытпай жүзеге асыру міндеті тұр.
Осыдан бір ай бұрын Мәскеуде қол қойылған Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараларды делимитациялау туралы шарттың тарихи маңызы зор. Тарихымызда тұңғыш рет біз өзіміздің стратегиялық әріптесіміз Ресеймен заң жүзінде ресімделген мемлекеттік шекараға ие болдық.
Осылайша біз соңғы жылдары ұзына бойы 14 мың километрден асатын шекараны толығымен межелеуге қол жеткіздік. Бұл біздің мемлекеттік құрылыстағы жоспарларымызды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын ұлттық қауіпсіздігіміздің маңызды кепілі.
Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескерілген жағдайда Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына тезірек кіруге ықыластымыз.
Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына , ТМД, ЕурАзЭқ- ті реформалауға, БЭК -ті құру жөніндегі жұмыстарға да ерекше мән береді.
Біздің еліміз үшін барлық бағыттар бойынша ЕҚЫҰ -мен бұрынғысынша іс-қимыл жасау маңызды болып қала береді. 2009 жылы осы ұйымға төрағалық етуге біздің кандидатурамыздың ұсынылуына барынша жауапкершілікпен қараймыз . Бүгінгі бастамалар сонымен қатар осы мақсаттарға қол жеткізуді көздейді.
Қазақстанның әлемде қуатты экономикасы бар әрі халықаралық қоғамдастықтағы тұғыры берік өңірлік держава ретінде қабылданатынын да естен шығармағанымыз абзал. Бұл мәртебені қастерлеуіміз және еліміздің қазіргі әлемдегі беделін нығайту үшін қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек. 
 
5. 2 Бізді бүгін не алаңдатып отыр? 
 Мен бұдан әрі экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңаруымыздың жолында елеулі кедергі болуы ықтимал ХХІ - ғасырдың қазір кезде көрініп жүрген объективті қатерлеріне сіздердің назарларыңызды арнайы аударғым келеді. Бұл қатерлер қыр астында жатқан жоқ. Біздің еліміздің бейбіт еңбегі мен прогресі баршамызға және әлемдік қоғамдастықтың ұстанымына байланысты.
Әңгіме не туралы болып отыр?
Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастады.
Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан белортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы.
Сондықтан да біз осы проблемаларды шешу үшін барлық мүдделі мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен бұрынғысынша белсене ынтымақтасатын боламыз.
ХХІ ғасыр қатерлерінің ішінде халықаралық лаңкестік ерекше орын алып отыр. Қаңтар айының аяғында Алматыда 40 халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Лаңкестікке қарсы комитетінің көшпелі отырысы өтті. Осы халықаралық зұлматқа қарсы күрес жүргізу үшін әлемдік қоғамдастықтың үлкен күш-жігер жұмсауы керек.
Біз өзіміз лаңкестікке қарсы коалицияға және Ирактағы жағдайды тұрақтандыруға саперлік отрядымыздың қатысуын нақ осындай ұстанымдар тұрғысынан пайымдаймыз.
Осы тұрғыда еліміздің өз ішінде де белсенді іс-қимыл жасалып жатыр. Жоғарғы Сот төрт лаңкестік ұйымды заңсыз деп жариялады. «Экстремистік қызметке қарсы қимыл жасау туралы» Заң қабылданды.
Лаңкестіктің ушығуы жағдайында біз өңірдегі барлық мемлекеттер мен мүдделі елдердің іс-қимылы мен белсенділігін үйлестіруді сапалық жаңа деңгейге көтеру жолында қадамдар жасауға әзірміз.

 
5.3 Өңірдегі жағдай туралы


15 ғасырдың соңына дейін Орталық Азия әлемдік экономиканың маңызды өңірі болып келді. Біздің өңіріміз Шығыс пен Батысты жалғастырып келді. Халықтар аумақтар мен ұлттарға бөлінген жоқ. Жібек жолының саябыр тартуы Орталық Азияны мешеу шет аймаққа айналдырды. Тәуелсіздік алғанымыздан кейін соңғы 500 жылда алғаш рет біздің өңіріміз әлемдік экономика үшін қайтадан экономикалық маңызына ие болды. Біз өзіміздің транзиттік мүмкіндіктерімізді нығайтып келеміз, әлемдік нарыққа бағалы тауарлар – мұнай, газ, кен, ауыл шарушылығы шикізатын шығаратын өңірге айнала бастадық. Қазірдің өзінде көне Жібек жолының бойымен өтетін ХХІ ғасырдың жаңа мұнай-газ құбырлары, авто және теміржолдарының сорабтары айқындала бастады.
Біз Азия «жолбарыстары» мен Еуропалық Одақ табыстарының сырына қаныға бастадық. Келесі бір жағынан Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тәуелсіздік алған елдер арасындағы халықаралық жауығу мен қақтығыстар да тоқтаған емес. Жаһандық экономикада ірі нарықтардың маңызы да үлкен. Біз, сонымен қатар, ұлы державалардың осы өңірде экономикалық басымдыққа ие болу жолындағы бәсекелестігін де байқап отырмыз. Осы жаһандық геоэкономикалық проблемаларға қатысты дұрыс тұғыр ұстанудың маңызы үлкен.
Біздің алдымызда таңдау тұр: бірі – әлемдік экономиканың мәңгілік шикізаттық қоржыны болып қалу, екіншісі тағы бір империяның келуін күту немесе Орталық Азияның барынша интеграциялануына қарай қадам жасау.
Мен осының соңғысын ұсынамын.
Бұдан былайғы интеграциялануымыз - біздің өңіріміздің тұрақтылығына, прогреске, экономикалық және әскери-саяси тәуелсіздікке апаратын жол. Тек осындай жағдайда ғана біздің өңірді әлем құрметтейтін болады. Тек сонда ғана біз қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, лаңкестік пен экстремизмге қарсы пәрменді күрес жүргізетін боламыз. Мұндай бірлестік, сайып келгенде, біздің өңірде өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың мүдделеріне толық сай келеді.
Мен Орталық Азия елдері Одағын құруды ұсынамын. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан арасында жасалған мәңгілік достық туралы шарт осындай бірлесу үшін берік негіз бола алады. Мен өңіріміздегі басқа да елдерді де естен шығарып отырғанымыз жоқ.
Біздің экономикалық мүдделеріміз де, мәдени-тарихи тамырымыз да, тіліміз, дініміз де, экологиялық проблемаларымыз да, керек десеңіз сыртқы қатерлеріміз де ортақ. Еуропалық Одақтың сәулетшілерінің өздері де осындай алғышарттарды армандаған да болар. Біз тығыз экономикалық интеграцияға көшуіміз және ортақ нарық пен ортақ валютаға қарай ілгерлеуіміз керек .
Біз осылай жасағанда ғана өзіміздің әрқашан бірге болуымызды аңсаған арғы ұлы бабаларымызға лайық бола аламыз. Алайда алдымен патшалық империя, кейіннен сталиндік ұлттық саясат осы бірліктен қорқып, өңірді әкімшілік-ұлттық аумақтарға бөлшектеп тастаған еді. Ол кезде «Бөліп ал да, билей бер» деген саясат үстемдік етті. Қазір бізге келесі ұрпақтарымыз үшін өңіріміздегі теңқұқылы халықтар жүруге тиіс жаңа жолды нұсқайтын сәт туды.

6. Біздің туған Қазақстанымыз үшін жауапкершілігіміз



                                                    Қымбатты қазақстандықтар, отандастар!
Түйіндеп айтқанда, таяу жылдардағы экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жөніндегі менің пайымым мен көзқарасым осындай.
Көріп отырсыздар, алда әлі талай алынбаған асулар бар..
Жүрер жолымыздың жеңіл боларына мен бұрынғы жылдардағы сияқты бұл жолы да уәде бере алмаймын.
Реформаларды жүргізу тактикасы, оларды жүзеге асырудың мерзімдері мен тетіктері жөнінде біздің көзқарастарымыздың әртүрлі болуы мүмкін.
Бірақ мен барша қазақстандықтарды, барлық саяси бірлестіктерді ортақ прогресс пен еліміздің болашағы жолында бірлесуге шақырамын.
Біз баршаға барынша мүмкіндіктер беретін қоғам : әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз.
Біз ұлтына және діни наным-сеніміне қарамастан, әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз.
Біздің құқық қорғау органдары тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, ал іскер адамдарға өз мақсатын іске асыруға мүмкіндік беретін қоғам құруымыз керек.
Біз әркімнің ар-ұжданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі мораль , этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құруға тиіспіз.
Біз жолымызды дұрыс таңдай білдік. Бұған бүгінгі қолымыз жеткен нәтижелеріміз айқын дәлел бола алады. Осы негізде өзіміздің ілгері басқан жүрісімізді одан әрі жеделдете түсуге тамаша мүмкіндігіміз бар. Қазақстанды әлемнің дамыған әрі көркейген елдерінің қатарына қосатын жол осы.
Мен Қазақстан халқының өзімнің осы бастамаларымды қолдайтынына, оған ықылас қойып, өзіміздің осы жоспарларымыздың іске асырылуына лайықты үлес қосатынына кәміл сенемін.
Мемлекеттігіміздің бастауында тұрған, әрі өзіне халықтың алдында ел тағдыры үшін жеке дара жауапкершілік алған менің жалғыз мұратым: осындай күннің келуін жақындата түсу. Осы ұлы мақсаттар мен мұраттардың орындалуы жолында баршаларыңызға мол табыс тілеймін.
жүктеу 354,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау