Қазақстан білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0,74 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата21.11.2018
өлшемі0,74 Mb.
#23219
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

13 

 

қызметіндегі  даярлық  бейінін  ескере  отырып,  қызмет  түрлері  бойынша  дағдыларға 



қойылатын талаптар негізінде қалыптасады.  

Құзіреттер  білім  мен  түсінікті  (академиялық  саланың  теориялық  білімі,  білу  және 

түсіну қабілеті), қалай әрекет етуді білуді (білімдер мен дағдыларды нақты жағдайларда іс 

жүзінде  және  шұғыл  қолдану)  және  өзін  ұстауды  білуді  (басқалармен  әлеуметтік 

байланыста тіршіліктің ажырамас бөлшегі ретінде құндылық аспекті) қамтиды.  

Кәсіби  құзіреттерді  қалыптастырғанда  жұмыс  берушілердің  ұсынымдары  міндетті 

түрде ескеріледі.  

Оқыту  нәтижелері  мен  негізгі  құзіреттер  сипатталғаннан  кейін     Оқыту  нәтижелері 

картасы әзірленеді. Ол оқытылатын пәндер мен модульдердің тізбесі аражігінде алынатын 

құзіреттердің қалыптасуын бейнелейді. 

 Модульдердің 

мазмұнының  зерттемесі  оқытудың  болжалды  нәтижелерін 

жоспарлаудан  басталады.  Оқыту  нәтижелері  білім  алушылар  модульді  оқу  аяқталғаннан 

кейін көрсететін білімдері, қабілеттері мен дағдылары түрінде сипатталады.  

Құрамдас  компоненттер  бойынша  оқыту  нәтижелері  бүкіл  модульді  оқыту 

нәтижелеріне  қол  жеткізуге  жәрдемдеседі.  Құзіреттердің  дескрипторларының  білім  беру 

бағдарламасы  модульдерін  зерделеу  нәтижелерімен  түйіндесу  матрицасы  модульдердің 

және  олардың  пәндерінің  тізбесін,  құзіреттердің  кодтарын  және  Дублиндік 

дескрипторларға  сәйкес  нақты  модульдің  аясында  оқыту  нәтижелерінің  сипаттамасын 

білдіреді.  

         Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мыналарды көздейді:  

1)  оқу  пәндерінен  қайталау  фрагменттерін  алып  тастау  мақсатында  қолданыстағы  білім 

беру бағдарламаларының мазмұнын алдын ала терең пәнаралық тексеру;  

2) МББ кіретін оқу модульдерінің тізбесін анықтау;  

3) бір МББ аясында ықтимал білім беру траекторияларын белгілеу (бағыттарды, магистрлік 

бағдарламаларды, элективті пәндер мен қосымша білім беру бағдарламаларын есепке ала 

отырып);  

4) профессорлық-оқытушылық құрамның еңбек шығынын және  ЖОО-ның материалдық-

техникалық,  ақпараттық-кітапханалық  және  баспа-полиграфиялық  базасының  сапалы 

жаңартылуын талап ететін оқу модульдерін іске асыру жүйесін әзірлеу;  

5) оқу үдерісінің қазіргі заманға сай жаңаруына жауап беретін жаңа қағидаттарда әкімшілік-

басқару қызметін іске асыру.  

         Білім  беру  бағдарламаларының  модульдері  нақты  салалар  немесе  пәндер  бойынша 

оқыту бағдарламаларының логикалық өзара байланыстағы компоненттерін білдіреді.  

        Бір модульдің көлемі 5 және одан да көп қазақстандық кредитті немесе 8 және одан да 

көп ECTS кредиттерін құрайды және екі немесе одан да көп оқу пәндерін қамтиды.  

         Кәсіптік практикалардың түрлері, дипломдық жұмыстар және магистрлік/докторлық 

диссертациялар  өзара  байланысына және оқу  пәндерімен  мақсаттарының  бірлігіне  қарай 

білім  беру  бағдарламаларының  тиісті  модуліне  қосылады.  Сонымен  қатар,  кәсіптік 

практиканың әрбір түрі әртүрлі модульдерге жатуы мүмкін.  

        Модульдің  құрамында  кредиттегі  әрбір  құрамдас  компоненттің  модульдің  жалпы 

еңбек көлеміндегі оның тікелей пропорционалдық үлесі анықталады.  

        Модульдік  қағидаттарға  сәйкес  білім  беру  бағдарламасын  және оқыту  пәндерін  өзге 

нұсқалық  бөліктерден  (міндетті  оқыту  үшін  модельдер)  және  вариативті,  яғни  еңбек 

нарығының, жұмыс берушілердің және студенттердің қажеттілігін есепке алатын ауыспалы 

модульдерден құрау мақсатты болып табылады.  

Сонымен бірге білім беру бағдарламасының оқу пәндері үш топқа бөлінеді:  

А тобы - міндетті пәндер, олар қатаң берілген бірізділікпен оқытылады;  

В тобы - міндетті пәндер, олар еркін бірізділікпен оқытылады;  

С тобы таңдау бойынша пәндер, кез келген академиялық мерзімде оқытылады.  

           Модульдер мынадай түрлерге бөлінеді:  



14 

 

1)  жалпы  модульдер  –  мамандығымен,  сондай-ақ  әлеуметтік-этикалық,  мәдени 



құзыреттілікпен  (тұлғааралық,  мәдениетаралық,  азаматтық),  экономикалық  (кәсіпкерлік) 

және  ұйымдастыру-басқару  құзыреттілігіне  тікелей  байланысы  жоқ  жалпы  білім  беретін 

құзыреттіліктерді қалыптастыратын жалпы білім пәндері (бұдан әрі – ЖБП) және базалық 

пәндер (бұдан әрі – БП) кезеңдерінің пәндерін қамтиды;  

2) мамандық модульдері  – мамандықтың негізін құрайтын және нақты жалпы білім беру 

бағдарламасының, сондай-ақ жалпы құзыреттіліктердің (сын тұрғысынан ойлау, креативті, 

шығармашылық), белсенді өмірлік ұстаным, инновациялылық) шеңберінде жалпы кәсіптік 

және  арнайы  құзыреттіліктерді  қалыптастыруға  бағытталған  БП  және  кәсіптік  пәндер 

(бұдан әрі – ПП) кезеңдерінің пәндерін қамтиды;  

3) біліктілік шеңберінен шығатын қосымша модульдер  – мамандығына қатысы жоқ және 

қосымша  құзыреттіліктерді  (ақпараттық  технологиялар,  шетел  тілдері  және  т.б.) 

қалыптастыруға бағытталған пәндер кезеңдерін қамтиды; 

4) әрбір модуль бөлінісінде қалыптасатын құзыреттіліктерді, қазақстандық кредиттердегі 

және  ECTS  кредиттердегі  көлемін,  оқыту  кезеңін,  модуль  компоненттерін  (құрамдас 

модульдің (пәндер, практикалар және т.б.) коды және атауы), пәндер топтамасын (ДБП, БП, 

ПП), міндетті компонентке немесе таңдау бойынша компонентке тиістілігін, кредиттердің 

санын және әрбір құрамдас модульге қатысты бақылау формасы) көрсете отырып, модуль 

түрлерінің шеңберінде білім беру бағдарламасының мазмұны;  

5)  білім  беру  бағдарламасының  модульдері  бөлінісінде  игерілген  кредиттердің  көлемін 

көрсететін жиынтық кестесі осы ереженің 4-қосымшасына сәйкес.  

        Оқу пәндеріне модуль құруда оның бағдарламасы білім алушылардың қажетті білім, 

іскерлік, дағды және құзыреттілік алуына бағытталған модульге (кіші модульдер, бөлімдер) 

құрылады.  

        Сонымен  қатар,  оқыту  пәндерінің  модульдік  бағдарламасы  білім  алушылардың 

дәрісханалық  пен  өзіндік  жұмысы  ретінде  оқытылады  және  оқытушыларды  ақпараттық 

функциялардан босатады.  

         Модульдік оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды:  

1) оқу пәндерінің мақсаты мен міндеттерінің тізбесі;  

2)  білім  алушылардың  «түсу  алдындағы»  және  пәндерді  меңгергеннен  кейінгі 

(пререквизиттер  және  постреквизиттер)  дағдыларына  (құзыреттілігіне)  қойылатын 

талаптар;  

3) пәндердің әрбір модуліне сипаттама (модульдік бірліктер тізбесі, яғни олардың қысқаша 

мазмұны,  семинарлық  және  зертханалық,  практикалық  сабақтардың  жоспарлары, 

студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары мен сұрақтары, оның ішінде оқытушының 

жетекшілігімен, тапсырманы орындау және тапсыру кестесі);  

4) қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама (оқыту мен оқу жетістіктерін бақылаудың 

негізгі формалары мен әдістері, оқытушының талаптары, курстың саясаты мен рәсімі);  

5) білім алушылардың оқу жетістіктері нәтижелерін бағалау жүйесі.  

         Білім  бағдарламалары  жалпы  білім  беру  және  қосымша  құзыреттіліктер 

қалыптастыруға  бағытталған  өзіндік  оқыту  модульдерінен  (кіші  модульдер,  бөлімдер, 

тақырыптар) тұратын пәнаралық модульдерді  қамтиды. Бұл ретте мақсаттары бір болған 

жағдайда бірнеше пәндер бір модульге бірігуі мүмкін.  

         Модульдік тәртіппен жасалған оқу жоспары: ЖББП, БП, ПП кезеңдерінің пәндерінде 

қалыптасатын, жалпы мамандықтардан, қосымша және пәнаралық модульдерден, қосымша 

оқыту  модульдерінен  тұратын  білім  беру  мазмұнының  моделін  көрсетеді  және  міндетті 

компонент пен таңдау бойынша компонент пәндерін қамтиды.  

       Модуль  бойынша  кредиттер  алудың  шарты  әрбір  компоненттегі  жұмыстың  барлық 

түрлерін орындау және қорытынды бақылау бойынша оң баға болып табылады.  

Егер  тұтас  бір  модуль  бойынша  қорытынды  бақылаудан  қанағаттанарлықсыз  деген 

баға алған жағдайда, білім алушылардың оның жеке компоненттері – оқу пәндері бойынша 

оң  бағасы,  онда  олар  қайта  есептеледі.  Келесіде  білім  алушылар  бұл  пәнді  оқымайды. 



жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау