«Қазақстан – 2050» Стратегиясында қойған міндетін жүзеге асыруға бағытталғанын да білеміз. Қазіргі таңда елімізде өндіріс саласындағы бірқатар өнім өндіру



жүктеу 1,26 Mb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата23.01.2020
өлшемі1,26 Mb.
#27183
1   2   3   4   5

№7(124), шілде 2013

www.nap.kz



Қазақстан  нарықтық  экономикаға  бет  бұрып,  құлаш  ұрғалы  бері 

шағын және орта бизнес экономиканың өзекті саласының біріне айнал-

ды. Сол себепті қазір адал кәсіппен айналысып, мал тауып отырған 

адамның жүзі жарық болып тұр. 

Қаржы бәрін шешпейді

Әлдеқандай жағдай болып, мемлекеттік 

қызметтен  қош  айтысқан  шенеуніктер 

«енді  өзімді  кәсіпкерлік  салады  сынап 

көруге  бел  будым»  деп  әңгіме  айтатынын 

естіп те жүрміз. Көпшілік былайғы уақытта 

шенеуніктердің мемлекеттік қызметтін қолы 

қалт  еткенде  бизнеспен  айналысатынын 

жұрттың бәрі біледі. Сондықтан отставкаға 

кеткен шенеуніктердің «енді бизнеспен ай-

налысамын» деп жалын күжірейтуі біз үшін 

таңсық  дүние  емес.  Қайта  мемлекет  үшін 

қарапайым адамдардың кәсіпкерлікпен ай-

налысуы маңыздыра-ақ. Бүгінде Мемлекет 

басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жал-

пы  халықты  кәсіпкерлікпен  айналысуға 

үгіттеп келеді. Бірақ жоғарыдан басталған 

жақсы істі жергілікті жердегі атқамінерлер 

өз 

пайдасына 



жартып, 

жұрттың 


кәсіпкерлікпен  айналысуына  барынша 

кедергі  келтіріп  отырғаны  жасырын  емес. 

Мемлекеттің  шағын  және  орта  бизнестің 

көкжиегін  кеңейтуге  бөлінген  қаржысын 

банктер мен шағын несие тарату ұйымдары 

да пәре-пәресін шығаруда. Үстеме пайызы 

әлденеше есе арытқ несиені алып, тәуекелге 

бас тіккенше, айранныңды ұрттап, қойыңды 

құрттап  тыныш  отырғаның  жақсы.  Сол 

себепті қазір жұртқа «екінші деңгейлі бан-

ктерден несие алып, кәсібіңіді баста» десең 

«мынау  нағыз  әпенде  екен»  деп  теріс  ай-

налып кетеді. Иә, бүгінде несие алып биз-

нес  бастауға  болады  деген  ойға  ешкімді 

сендіре алмайсың. Кез келген мемлекет өз 

азаматтарының  кәсіпкерлікпен  айналысу-

ына кеңінен жол ашуы үшін бірінші кезекті 

қаржы  ресурсатарына  қолжетімділікті 

арттыруы  шарт.  Өйтпеген  жағдайда  биз-

нес  мемлекеттің  сүйеніші  деген  мәртебелі 

атқа  қол  жеткізе  алмасы  анық.  Осы 

тұрғыдан  алғанда  қарпайым  халықтың 

кәсіпкерлікпен  айналысуы  елімізде  әлі 

де  болса  түйіні  тарқамаған  мәселе  болып 

қалып  отыр.  Рас,  кәсіпкерлікті  дамыту 

тек  қана  қаржы  бөлумен  шектелмейтінін 

мойындауымыз  керек.  Көзін  тапқан  адам 

әр  істі  кәсіпке  айналдыратыны  ақиқат. 

Кең  байтақ  қазақ  жерінде  әр  саланы  та-

бысты  көзіне  айналдыруға  болады.  Мал 

теппейді.  Қазіргі  таңда  Германиядағы 

тәжірибелі  мамандардың  қызмет  көрсету 

орталығы  осындай  әр  салының  жілігін 

шағып, майын ішкен 10 000 маманды ел эко-

номикасын дамытуға кеңінен пайдалануда. 

1983 жылы қолға алынға бұл жоба бүгінде 

өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Бүгінде 

орталыққа тіркелген тәжірибелі мамандар 

Германияның былай қойып, дүниежүзінің 

өзге  де  елдерінде  өз  қызметін  ұсынып 

келеді. 

Германияның 

Экономикалық 

ынтымақтастық және даму министрлігіне 

бұл  жобаны  қаржыландыруды  өз  мойны-

на  толықтай  алған.  Осы  уақытқа  дейін 

орталық  тәжірибесі  толысқан  білікті 

мамандарының  қатысуымен  әлемінің  160 

елінде 25 мыңнан астам жоба іске асырып 

үлгерді.  Аталмыш  орталық  1994  жыл-

дан бері Қазақстанда жұмыс істеп келеді. 

Осы  уақытқа  дейін  Германиядан  келген 

білікті  мамандарының  араласуымен  500-

ден  астам  бизнес  жоба  іске  асқанын  айта 

кетуіміз  керек.  Осы  ретте  орталықтың 

мамандары  ірі  кәсіпорындардан  бастап, 

шағын кәсіпкерлерге дейін көмек көрсетіп 

келеді.  Ендігі  кезекті  орталық  тарапы-

нан  кәсіпкерлерге  қандай  көмектер  бо-

латынан  айта  кетсем.  Көп  жағдайда 

өсіріп, егін шаруашылығымен айналысқан 

адам  табысқа  кенелетіні  сөзсіз.  Еліміз 

тәуелсіздікке қол жеткізіп, нарықтық құлаш 

ұрса да әлі күнге дейін бизнес айналысудың 

пайдалы тұстарын қарпайым халық әлі жете 

түсіне қоймағаны анық. Кез келген кәсіпті 

дөңгелетіп  әкету  үшін  адам  сол  саланың 

қыры  мен  сырын  бір  кісідей  білуі  шарт. 

Елімізде кәсіпкерлікті дамытуда қаржыдан 

басқа насихат жұмыстары да кемшін түсіп 

жатқанын  мойындауымыз  керек.  Қазір 

көпшілік  «бизнес  бастасаң  қадағлаушы 

орындар қаныңды ішеді» деп өз уәжін айтуға 

дайын.  Әсіресе  мұндай  пікірді  жергілікті 

қазақтар  көп  айтады.  Сондықтан  Үкімет 

жалпы  халықтың  шағын  кәсіпкерлікпен 

айналысуға  үндейтін  ақпарат  жұмысын 

бастау  тиіс.  Біздің  мұндай  ой  айтуымызға 

Германиядағы  Тәжірибелі  мамандардың 

қызмет  көрсету  орталығының  іс-әрекеті 

түрткі  болды.  Әлемге  тиянақтылығымен 

танылған  немістер  түрлі  салаға  саналы 

ғұмырын  арнаған  білікті  мамандардың 

басын  қосып,  Тәжірибелі  мамандардың 

қызмет көрсету орталығын құрыпты. Олар 

бизнесті  жаңадан  бастаған  жастарға  түрлі 

ақыл-кеңестерін айтып, кәсібі аяққа тұрып 

кетуі  үшін  дұрыс  жолды  нұсқайды  екен. 

Таяуда  осы  орталықтың  Қазақстандағы 

өкілі  Данияр  Байшораев  есімді  азамат-

пен  сөйлесіп  қалдық.  Германиядан  бастау 

алған өнегілі істің ел пайдасын қалай көріп 

жатқанын  Данияр  жан-жақты  әңгімелеп 

берді. 


Озық тәжірибе

Данияр  Байшораев,  Senior  Experten 

Service (SES) орталығының өкілі:

–  Бүгінде  озық  технология  мен  кемел 

білімді  Германиядан  табысыз.  Бір  салада 

ұзақ  жылдар  бойы  табан  аудармай  еңбек 

етіп,  соңында  зейнетке  шығып,  қоғамға 

пайдасын  тигізіп  жүрген  азаматтар  Гер-

манияда өте көп. Немістер жылдар бойына 

қажетті іс-тәжірибені бойына жинақтаған 

білікті кадрларды шау тарттың деп сыртқа 

біздің  орталық  бизнес  жобаны  жаңадан 

бастаған  мамандарға  көмек  қолын  соза-

ды.  Сондай-ақ,  ірі  өндіріс  шақтарында 

түрлі  техникалық  жабдықтарды  орна-

туда  қандайда  бір  қиындықтар  туындап 

жатса,  сала  мамандар  мәселенің  түйінін 

тарқатуға  дайын.  Осы  ретте  орталық  ісін 

жаңдан бастаған кәсіпкерлерге тегін көмек 

көрсетіп, кәсіпкерлердің қатарға қосылып 

кетуіне барынша көмек көрсетеміз. Бүгінде 

біздің мамандар, ауыл шаруашылығы, ме-

дицина, құрылыс, тамақ өнеркәсібі, жиһаз 

құрастыру,  жеңіл  өнеркәсіп,  гастрономия 

және  саула  саласы  бойын  сапалы  қызмет 

көрсетуде.  Мәселен,  ауыл  шаруашылығы 

саласының  жетекші  мамандары  қазіргі 

таңда  қазақстандық  шаруаларға  түрлі 

техникаларды  қалай  пайдалануды  және 

олардың күтіп баптаудың жолдарын және 

түрлі  дақылдардан  мол  өнім  алудың 

сан-түрлі  тәсілін  үйретіп  жатыр.  Осы-

лайша  неміс  мамандары  Қазақстанның 

тауар 


өндірушілерінің 

Еуропадағы 

әріптестерімен  бәсекеге  түсе  алатын 

деңгейге жеткізуге тырысуда. Нақты сала-

лардан басқа бизнесті қажетті инвестиция 

тартудың жолын қарастыруға орталық ма-

мандары қашанда әзір. 

«Нұр Отан» ХДП Талдықорған қалалық  филиалы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының 

тапсырмалары бойынша шағын және орта кәсіпкерлікпен шұғылданушылар тарапынан қалай жүзеге 

асырылып жатқаны жөнінде арнайы мәселе талқылады. 

Шараға  қатысушы  Жұмыспен  қамту  орталығының  бөлім 

басшысы  Талғат  Құсайынұлы    бағдарламаның  талаптарының 

орындалу барысына  жан-жақты тоқталып, бизнестің әлеуметтік 

жауапкершілігін  және  жастардың  кәсіпкерлікпен  шұғылдауына 

қызығушылығын 

артты-

ру 


жайларын 

баяндады. 

Бағдарламаның 

«Жастар 


тәжірибесі»  тармағына  сәйкес 

бос 


жұмыс 

орындарына 

жіберілген жастар  жұмысқа ор-

наласып, кәсіби мамандықтары 

бойынша  іскерлік  қабілеттерін 

таныта 


бастаған. 

Биылғы 


жылы  кәсіби  мамандығын 

қайта  жандандыруға  ықылас 

білдірген  12  жасқа  қаржылық 

жағынан қолдау көрсетіліп, не-

сие  алуға  жағдай  жасалынып-

ты.  Алайда,  арнайы  кәсіптік 

білім беретін оқу орындарында 

оқыған жастардың мамандықты 

атқаруға келгенде шалағайлықтары байқалып, іскерлік  қабілеттілігі 

жетіспей  жататыны  жасырын  емес.  Себебі  арнайы    кәсіптік  

білім беретін оқу орындарында оқыған жастардың мамандықты 

атқаруда  бірқатар  кемшіліктері  байқалды.  Осыған  орай  «Шы-

мыр»  серіктестігіне  жұмысқа 

қабылданған 

жастардың 

кәсіби  мамандықтарын  жете 

меңгермегендіктен, 

оларды 


қайта  даярлаудан  өткізуді 

қолға  алған.  «Нұр  Отан»  ХДП 

Талдықорған  қалалық    фи-

лиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары 

Әсия 


Ахме-

това 


Үкімет 

тарапынан 

кәсіпкерлікті  дамыту  үшін 

қолдау  көрсетуді  нысана  етіп 

қойған «Бизнестің жол қартасы 

–  2020»  бағдарламасының  тап-

сырмаларын  тиянақты  жүзеге 

асыру  бағытындағы  келелі 

міндеттерді әңгімелеп берді. 



жүктеу 1,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау