Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Стоматология Мейірбике ісі Курс: І семестрі: І


Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы



бет8/8
Дата23.11.2018
өлшемі1 Mb.
#23870
1   2   3   4   5   6   7   8

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

1.С.Сейфуллин қашан,қай жерде дүниеге келген?

2.Тұңғыш өлеңдер жинағы қалай деп аталады?

3.Ақынның қандай драмалық шығармаларын білесіңдер?
4.С.Сейфуллиннің әке-шешесі туралы не білесіңдер?

5.Тұңғыш өлеңдер жинағы қай қалада басылып шықты?

6.С.Сейфуллиннің қандай шығармаларын білесіңдер?
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

Білім саласына қосқан үлестері, жазған өлеңдері.

-1917 жылы Бұғалыда мектеп ашты

-1932 жылы Қазақ әдебиеті кітабын алғашқы

зерттеушілердің бірі.

-Қазақ әдебиетін жанрлық жағынан жіктеп, идеялық –

көркемдік талдаулар жасаған

-Мектептерге оқулық жазу ісіне қатысқан

-Мектеп оқулықтарындағы көптеген өлеңдердің

авторы.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Сәкен Сейфуллин туралы оқып келу.


35-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Көкшетау» поэмасы
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: ақынның өміріне шолу жасау, мәнерлеп көркем оқуға үйрету және идеялық- тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру;

  • Тәрбиелік: эстетикалық сезім тудыру, туған жерін қадірлеу, табиғаттың сұлулығынан нәр алу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін дамыту;


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. C. Сейфуллиннің алғашқы драмасын атаңдар.

2. С. Сейфуллин қазақ фольклоры мен әдебиетіне қандай үлес қосты?

3. Ақын туындыларындағы тұрақты образдарды атаңдар?


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
«Көкшетау» поэмасы

. Көкшетау поэмасы 1929 жарық көрді. Бұл кезең советтік өмірдің ең бір белеңді уақытымен шендесіп жатыр. Бұл поэма ҚазААП-тың сынағына көп ұшырады. Сәкенге бүгіннен алшақтап өткенді аңсадың,өткен дәуірге көңіл бөлдің деген айып тағылды.Осындай жан-жақты қысымға қарамай Сәкен құнды шығарманы дүниеге әкелді.


Поэма 4 бөлімнен, 47 тараудан құрылған. Бастала бере Көкшенің әдемі табиғатын көлі мен терегін, қарағайы мен қайыңын, тау мен тасын, ауасы мен суын тамылжыта суреттейді.табиғат сұлулығына, ел мен жер тарихын, ескі ақындарын, шежіресін қосып сұлулық пен рухани байлық үйлесімділігін жыр етеді. Ақын Оқжетпес, Жеке батыр, Бурабай атаулары жөнінде аңызды ел, жер тарихымен бірге береді. Өнер адамдары өмірін айтады. Поэманың ең негізгі арқауы- қалмақ қызы
мен Адақ батыр арасындағы сюжет.жаугершілікте қолға түскен сұлулығымен талай ержүрек батырларды таластырып қойған қалмақ қызының тағдыры арқылы шешіліп, осы ақылды ұға білген Адақ батыр арқылы толықтырады. Ақын табиғат сұлулығына адамдар сұлулығын, жер, ел тарихының терең тамырын көркем бейнелер жан дүниесінің ізгілігіне сәйкестендіріп, Көкшенің қадір- қасиетін жерімен, онда тіршілік еткен елімен бірге жырлайды.

«КӨКШЕТАУ» ПОЭМАСЫ Арқаның кербез сұлу Көкшетауы Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар келіп, Жүреді біліп кетіп есен-сауын. Сексен көл Көкшетаудың саясында. Әрқайсы алтын кесе аясында, Ауасы дертке дауа, жұпар иісі― Көкірек қанша жұтса, тоясың ба? Ырғалған көкке бойлап қарағайы, Қасында көк желекті аппақ қайың. Жібектей желмен шарпып төңіректі Балқытып мыс қылады иіс майы. Әлеуметтік өмірде, Совет өкіметі үшін күрес жолында ұлтшылдыққа қарсы батыл күрескен.. олардың кертартпалық сыпаттарын үнемі ашып айтып, әшкерелеп отырған Сәкен әдебиетте де осы жат ағымға қарсы үн қатты. Халық аңыздарын зерттей отырып, ақын осы поэмасында Арқаның көрікті жері — Көкшетауды ел тарихымен, оның ізгілік жолындағы күрестерімен байланыстыра жырлады.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. С.Сейфуллиннің поэмаларын оқу
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

2. Поэмаларын оқу, талдау жасау
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

«Көкшетау» поэмасын оқып келу.


36-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Қызыл ат» поэмасы
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: ақынның өміріне шолу жасау, мәнерлеп көркем оқуға үйрету және идеялық- тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру;

  • Тәрбиелік: эстетикалық сезім тудыру, туған жерін қадірлеу, табиғаттың сұлулығынан нәр алу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін дамыту;


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы

2. «Қартқожақ», «Ақ білек» романдары
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)








«Қызыл ат» поэмасы

   34 жылдарға шейінгі жіберілген асыра сілтеу мәселесін түп тамырымен ашық сынауға ол кезде мүмкіндік болмағандықтан, бүркемелеп те болса, оқырмандары сезерлік дәрежеде етіп, жеке адамға табынушылыққа қарсы дауыс көтерген тек Қазақстан ғана емес, бүкілодақ көлеміндегі бірінші ақын - С.Сейфуллин. «Қызыл ат» поэмасындағы «кәрі райкомға» арналған қатал сын, түптеп келгенде, жеке адамға табынушылыққа, оның қолшоқпарына арналды.

            «Қызыл ат» поэмасы пернелеу (аллегория) әдісімен жазылған. Ақын поэмасын кешегі Октябрь революциясы кезінде өзінің жан серігі болған, талай қиын-қыстау, қан майданда жаудан алып шыққан Қызыл аттың асыра сілтеу кезіндегі хал-жағдайын диалог түрінде сырласу әдісімен баяндайды. Басқа жағының барлығы - шындық. Аллегориялық әдіс - тек осынысында.

 

Досым ең сырлы сұлу сөзге маман,



Сұрамай бір қайырылып, есен-аман.

«Еркем!..» - деп, енді елжіреп сөз қатасың,

Еске алмай жүріп мені талай заман.

 

            Талай тайғақ, тар жолда серігі болған Қызыл ат ақынға осы өкпесін айтудан бастап, жеке адамға табынудың кесапаты, оның Қазақстанға отырғызып қойған оң көз, оң құлағы Голощекин, олардың шашбауын көтерушілер және ауылдағы «мін де шап!» жалған белсенділердің зымияндық іс-әрекеттері тұтаса келіп, бір арнаға құйды. Ол ауылшаруашылығын күйзелтті. Мал басын азайтуды сол кезде райкомның бірінші хатшысы Голощекин айтты дейтін «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» тәрізді «қанатты» сөз оның мал шаруашылығына қалай қарағандығын аңғартпай ма? Қызыл ат:



 

Колхоздың құртты қулар ет пен майын

Қоймады ұрламаған тағал тайын.

Белгілі ат айғырлар не болмады,

Жеп құртқан уақ малды не қылайын!..

 

Білемісің, жүйрік сұлу қара айғырды,



Білемісің, әлгі жалбыр сары айғырды.

Сүр жорға ат, сүтті мама боз биені, -

Соларды зиянкестер қалай қылды... -

 

            Бұл сол кезге тән колхоз өміріндегі бір алуан шындық болатын. Зиянкестікпен тамырласқан ауылшаруашылығындағы асыра сілтеуді түзету, құлдырай төмендеп кеткен мал шаруашылығын сабасына түсіру мақсатымен 1934 жылы Қазақстанды Шығыстағы мал шаруашылығының тірегі ету туралы қаулы, қарарларға сәйкес, Сәкен бастаған қазақ поэзиясы түгел ауылға бет бұрып, партия мен үкіметіміздің бұл жөніндегі қолданған шараларын іске асыруға белсене араласты. Ауыл-селолардағы күйзеліске ұшыратқан сұм-сұрқиялардың қылықтарын әшкерелеу, олардың қалдықтарын жоюға көпшілікті үндеу, мал шаруашылығын жақсарту жолдарын көрсету, бұл майдандағы еңбек ерлерінің образдарын жасау, қысқасы, ақын-жазушыларымыз колхоз өмірін әр алуан жақтарынан алып көрсетуге тырысты. Солардың ішінде шоқтығы жоғары тұрғаны, нақтылы социалистік реализм әдісімен жазылғаны - Сәкеннің «Қызыл ат» поэмасы.



            Поэманың негізгі идеясы сол кездердегі Қазақстанда болған теріс басшылықты, оның теріс нұсқауларын артығымен орындап, ол әрекеттері кейде ашық, кейде бүркемелі түрде зиянкестікке айналғандығын, олардың барлығын «үкімет жоспарын» орындау ұранының астында жасағандығын, бұрынғы «кәрі райком», яғни Голощекиннің барлық басшылықты кабинетте отырып-ақ жасап, өмірде не болып жатқанын білмеу, білгісі де келмеуін, оның үстіне жаратылысында самодур және сыңар езу қателіктерін әшкерелейді.

            Ақын Голощекиннің кейде ерекшеліктері арқылы жеке басқа табынушылық үлгісіндегі басшыларға тән өзімшілдік, бұйырымпаздық, ешкіммен санаспаушылық, әкімшілік тәрізді мінездерді қамтып, қысқасы, төрешілдіктің образын жасайды.

            «Кәрі райкомның» образына қарама-қарсы жаңа райкомның жағымды образын қояды. Бұрынғыдай емес, жаңа басшы жұмысты жаңашалап басқарып, жар құлағы жастыққа тимей, ел аралап, колхоз еңбекшілерімен ауызба-ауыз сөйлесіп, бар ынта, бар жігерін ел қамы, жұрт пайдасы үшін жұмсайтын Лениндік партияның ұлы екендігін баяндай келіп:

 

Сөйтіп ол колхоздармен танысуда,



Сан жәрдем колхозшылар алысуда.

Сөйлесіп өзіменен ауызба-ауыз,

Мүддесін айтып халық қанысуда.

Бұрынғы кәрі райкомды алып тастап,

Жіберген «жөндесін» - деп мұны қостап...

Міне, бұл партияның дұрыс жолын

Қисайтпай апаратыр тура бастап, -

 

дейді.



            Жаңа райком тек өзінің іскерлігімен ғана емес, кескін-келбетімен де ерекше көзге түседі. Партияның адал ұлы Мирзоян шынында да ақынның суреттегеніндей, іскерлігімен қатар, қарапайым халықтың көпшілігімен араласқыш, мейлінше бір ізгі адам болатын.  Ол 1937 жылғы жеке адамға табынушылық кесапатына ұшырап, ақыры жазықсыз кетті. Әйтсе де, өте бір келбеті де келіскен, іскер де алғыр адам еді.

            Не барлығы Қазақстанда екі-ақ жылдай істеді. Екі мәселені қолға алды. Біріншісі - ауылшаруашылығы, екіншісі - мәдениет мәселесі. Бұл екі жұмысты да сол өзі ұсталғанға шейін дәл ойдағыдай етіп жүргізді.

            Сөйтіп С.Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасы 30 жылдардың алғашқы жарымындағы Қазақстанның колхоз құрылысында жіберген қате-кемшіліктерді жою, мал шаруашылығын өркендету, халықты еңбек майданына жұмылдыру нысанасынан жазылған, сол кездегі поэзиямыздың социалистік метод тұрғысынан жазылған зор табысының бірі болды.

            30 жылдардың алғашқы жарымындағы қазақ поэзиясын сөз еткенде, аз-мұз тоқталуды қажет ететін бір тақырып - табиғаттың мылқау күштерін өздеріне бағындыру жолындағы Совет адамдарының ерлік істерін, қайсарлық, өжеттіктерінен Советтік Ұлы Отандарына деген шын сүйіспеншіліктерін, патриоттықтарын жыр ету. 34 жыл жалғыз қазақ поэзиясы емес, бүкіл Одақтық поэзияда адам баласының табиғатпен күресін жыр етуде биікке бір-ақ шырқаған жыл болды. Оған негіз - челюскиншілер жорығы. Ғасырлар бойы өр көкірегін ешкімге бастырмаған мұзды мұхитты меңгеру, адамға бағындыру мақсатымен аттанудың өзі тарихты таң қалдырған қимыл болса, олардың апатқа ұшырап, мұзды мұхиттың дүлей табиғатымен бетпе-бет келіп белдесуі еш тарихта теңдесі жоқ оқиға еді. Бұл елдің елдігін де, ердің ерлігін де сынайтын жайт болды. Біздің еліміз де, оның адал ұлдары да қатал сыннан сүрінбей өтті. Адам баласының тарихында болмаған төзімділік, моральдық беріктік, айтса нанғысыз ерліктер көрсетті. Қақаған аяз, қопарыла көшкен сеңдердің қақ ортасында, мұздардың тұтқынында қалса да, Совет адамдарының бірде бірі селт етпей, табиғаттың дүлей күшіне күрес ашып, аянбай арпалысты, өлімді емес, жеңуді ғана ойлады. Олардағы жеңілмес күш - патриоттық, өз халқына нық сенушілік еді.

            Бұл жағдайлар ақындардың патриоттық сезімін оятып, ақындық шабытын шарықтатпауы мүмкін емес еді. Челюскиншілер оқиғасына Одақ көлемінде көптеген ақындар өлең жазды. Солардың ішінде қазақ поэзиясы айрықша орын алады. Өйткені сол оқиғамен байланысты бізде (34-34 жылдары) көлемді алты поэма дүниеге келді: С.Мұқанов «Ақ аю», І.Жансүгіров «Жорық», А.Тоқмағамбетов «Уборщица», Т.Жароков «Мұз тұтқыны», А.Тәжібаев «Құтқару», Ғ.Орманов «Алынған қамал».

            Олардың жақсылық, не кемшіліктерін былай қойғанда, бір республикадан алты поэма жазылу фактісінің өзі үлкен көңіл аударарлық жайт. Қазақстанда бірінші бәйгі алған С.Мұқановтың «Ақ аю» поэмасы - сол поэмалардың ішінде өзінің мазмұнымен де, көркемдік ерекшелігі, өлеңдік құрылысымен де поэзиямызға қосылған жақсы қазыналардың бірі. Сонымен қатар бұл оқиға қазақ ақындарын тек Қазақстан шеңберінде емес, бүкіл Одақтық көлемге шығарып, құлашын кеңейте түсті және қазақ поэзиясы Совет адамдарының табиғатпен күресін асқақ рухта, космосты игерудегі бүгінгі ғылым-техника табыстарын сол кездің өзінде-ақ өте бір көрегендікпен жырлады. Бұған «Күн тіл қатты», «Ақ аю» поэмалары айғақ.

            Әрине, ол кездейсоқ емес, жалпы совет әдебиетінің өрлеуі, оның әдеби методы болған социалистік реализмнің өсуі, марқаюымен байланысты еді. Бұл жайтты Совет әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі А.А.Фадеев өте қырағылықпен сол кезде-ақ айқындаған-ды:

            «Социалистический реализм не есть вымысел досужих людей и ни в коем случае не является догмой... он обладает свойствами более объективного познания действительности... в состоянии лучше видеть передовые элементы исторического развития, передовых людей своего времени, видеть завтрашний день человечества»1.

0





11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. С.Сейфуллиннің поэмаларын оқу
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

2. Поэмаларын оқу, талдау жасау
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2мин (2%)

«Қызыл ат» поэмасына талдау жасау.



37-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Бақылау тесті
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға өткен сабақтардың желісімен тест дайындап, білімдерін тексеру мақсатында бақылау тестін алу.

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, бақылау жұмысын дұрыс тапсыра білуге дағдыландыру.


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы

2. «Көкшетау», «Қызыл ат» поэмалары
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Өтілген тақырыптар бойынша білімдерін тексеру мақсатында тест жұмысын алу.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Өткен сабақтарды қайталау



12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Берілген тест тапсырмаларына дұрыс жауап беру


13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

1. Берілген тест тапсырмаларына дұрыс жауабын тексеру.


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Өтілген тақырыптарды қайталау


38-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Шығарма
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға тақырыпқа сәйкес немесе еркін тақырыпта шығарма жаздыру, жоспар құрдыра білу, ойын жүйелі түрде жеткізе білулеріне бағыт беру;

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: оқушыларды сапалы шығарма жазуға дағдыландыру, жоспар құра білуге, ойын жинақтап, тиянақты түрде жеткізе білуге үйрету.


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары,

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

Орындалған тест тапсырмаларының қорытынды бағасымен таныстыру, дұрыс жауап берілмеген тест сұрақтарына дұрыс жауап беру, қайталау.


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында шығарма жұмысын жаздырту.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

Шығарма жұмысын жазу.


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:


13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

Шығарма жұмысын қорытындылау


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Өткен сабақтарды қайталау



39-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға жалпы қазақ әдебиеті пәні бойынша өтілген тақырыптарды қайталау, әр кезең әдебиетінің тақырыптарына тоқталып, еске түсіру, түйген білімдерімізді қорытындылау.

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, өтілген сабақтарды қайталап жүруіне дағдыландыру.


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.


  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

Жазылған шығарма жұмыстарының қорытынды бағасымен таныстыру, дұрыс жазылмаған шығарма жұмыстарының иелеріне ескерту жасау.


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өткен тақырыптарды еске түсіру өткенді қайталау.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Өткен сабақтарды қайталау


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау


13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

Өткен тақырыптарды қайталау


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Өткен сабақтарды қайталау







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау