Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мурзагалиева Рита Гильмановна



жүктеу 264,51 Kb.
бет2/3
Дата27.02.2018
өлшемі264,51 Kb.
#10820
түріСабақ
1   2   3

Мурзагалиева Рита Гильманқызы

Есенсай ОЖББ мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

БҚО, Ақжайық ауданы, Есенсай ауылы





Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:


Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау (5Т/Ж1)

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады

● Шығарманы оқып, мазмұнын түсінеді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

● Сурет бойынша сюжеттік дамуын сипаттай алады

Кейбір оқушылар орындай алады

● Шығарманың жанрына қарай фабуласын тауып, композициялық құрылысын талдай алады



Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін айқындайтын тірек сөздер мен іс- әрекеттер арқылы сюжеттік дамуын сипаттайды.

Пісім – егіннің толық піскен кезі.

Тағзым – ізет, құрмет, қошемет.

Қожа – қазақ тілінде «қожа» сөзінің мағынасы өте көп. Бұл жерде бір нәрсенің иесі, егесі деген мағынаны білдіреді.

Кекірею – бәлсіну, кесапаттану, шалқаю, яғни тәкаппарлану.

Қалып – қазақ тілінде мағынасы өте көп. Бұл жерде белгілі бір сәттегі адамның қал-жайы, күйі, кейпі, түрі деген мағынад

Талқылауға арналған сұрақтар


  • Адамгершілік дегенді қалай түсінесің?

  • «Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның...» деген жолдардан не түсінесіңдер?

  • Адам бойындағы жағымсыз мінездерді анықтап, одан құтылу жолын айтыңдар.




Құндылық:

Рухани-адамгершілік

Пәнаралық байланыс:

Өзін-өзі тану

Бағалау критерийлері:

● Шығарманы оқып, мазмұнын түсінеді

● Композициялық құрылысына талдайды.

●Жанрын анықтай отырып, фабуласы мен сюжеттік дамуын салыстыра сипаттап, өмірмен байланыстырады.


Алдыңғы оқу:

Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтады.


Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі:

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5 минут

Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу

Топқа бөлу

Адамгершілік қасиеттерге байланысты 3 мақал-мәтел арқылы 3 топқа бөлемін.



1.Бидайдың кеудесін көтергені –

Дақылы жоқтығы

Жігіттің кеудесін көтергені –

Ақылы жоқтығы.



2.Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,

Батырмын деп мақтанба, барып қайтпай.



3. Жақсы болсаң, жердей бол,

Бәрін шыдап, көтерген.

Таза болсаң, судай бол,

Бәрін жуып кетірген.



Мақал-мәтел жазылған қима қағаздар.


Ортасы

10 минут

Білу, түсіну

10 минут
Қолдану

15 минут
Талдау

ТЖ

1. «Оқиға картасы» әдісі бойынша топтағы оқушылар әдеби шығарманы оқып, бір-біріне мазмұнын түсіндіріп және шығарманың сюжетін сурет бойынша рет-ретімен орналастыра айтып береді.



Егіннің бастары

Бір адам жас баласын жанына алды,

Екеуі сайран етіп кетіп қалды.

Қыдырып әрлі-берлі жүрді-дағы,

Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,

Кез еді пісіп болған егін түрлі.

Бастарын дәнге толған егін түрлі,

Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.


Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,

Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.

Баланың сол бидайға көзі түсіп,

Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап.


Құбылып бидайлар тұр басын салып,

Жіберген мырза Құдай нұрға қанып.

«Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші,

Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.


Бұл бидай көтеріп тұр басын көкке,

Қарайды шекірейіп өзі көпке.

Өзіне өзгелерді теңгермейтін,

Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?»


«Айтайын мұның мәнін, балам, саған:

Шырағым, түрін көріп таңданба оған.

Өзгесі төмен қарап бүгілгенде,

Ойлама кем екен деп бәрі сонан».


Және де әкесі айтты баласына:

«Сұқтанба құр сорайған қарасына.

Құдайым өзгесіне дән бергенде,

Бұл бидай дәнсіз қапты арасында»


Бидайлар басы толық иіліп тұр,

Дән берген қожасына сиынып тұр.

Басында бұл бидайдың дәні болмай,

Кекірейіп, көкке қарап бүлініп тұр.


«Елде көп бұл бидайдай адам дейді,

Тәкаппар , оны халық жаман дейді.

Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,

Тұтынба бұл мінезді, балам» дейді.




Әке жауабы




Әке мен баланың егін алқабына баруы

Бидайлардың сипаты




Баланың әкесіне сауалы


Әке өсиеті. Тәкаппарлық туралы түйінді ой



Бағалау критерийі

  1. Шығарма мазмұнын түсінеді.

  2. Сюжеттік дамуын сипаттайды.

Дескриптор

  • Шығарма мазмұнын сұрақтар қойып түсіндіреді

  • Шығарма сюжетін сурет бойынша орналастырып, дамуын сипаттайды.

ТЖ

2. «Салыстыру кестесі» әдісін пайдалана отырып, осыған дейін өткен өлеңмен салыстырады.



(Д.Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»)


Салыстыру аймағы

Өлең

Мысал

Мақсаты

Жарқын болашаққа жетелеу

Тәкаппарлықтан арылып, адамгершілікке тәрбиелеу

Кейіпкерлері

Дулат Бабатайұлы, Ақтан

Әке, бала, бидай

Кейіпкерлердің сөйлеу формасы

Ақыл, өсиет

Диалог

Ойды жеткізу

Жетімдік

Жақсы мінез қадірің

Өз мінезің – өз қадірің

ҚБ

«Басбармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Саралау тапсырмасы

Ж 3-тапсырма

«Егіннің бастары» өлеңін композициялық құрылысына талдаңыз.

Композиция

Басталуы




Дамуы




Шиеленісуі




Шарықтау шегі




Шешімі




Саралау жұмысы

  • А деңгейіндегі оқушыларға кесте дайын күйінде қима қағаздар арқылы беріледі. Композициялық құрылысын сәйкестендіреді.

  • В деңгейіндегі оқушыларға тірек сөздер ұсынамын.

  • С деңгейіндегі оқушыларды сұрақ қою арқылы жетелеймін. Кестені өз бетінше толтыру арқылы композициялық құрылысына талдау жасайды.



ҚБ. «Бағдаршам» әдісі арқылы.




Б.Керімбекова

Ә.Қуанышбаева

«Қазақ әдебиеті» жоба оқулығы

5-сынып


Алматы «Мектеп»

2017 жыл


жүктеу 264,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау