Қазақ тілі мен әдебиеті орыс



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет8/28
Дата10.11.2018
өлшемі0,54 Mb.
#18807
түріЛитература
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28

30

31

Ойын-ойдың өрісі



Л.АЙТЖАНОВА,

Ақтөбе  облыстық  арнайы 

(түзетім) есту қабілеті бұзылған

 балалар  мектеп-интернат-колледжі.

 ГРАММАТИКАЛЫҚ ОЙЫН-

ЖАТТЫҒУЛАР

«Кім көп біледі?» ойыны. 

Ойынның  мақсаты:  зат  есімнен  алған  білімдерін 

бекіту.

Ойынның шарты: тақтаға үлкен бір сурет ілінеді. 



Оқушылар  суреттен  заттың  атын  білдіріп  тұрған 

сөздерді атап жазу керек. Дұрыс, тез әрі көп сөз тауып 

жазған оқушы жеңімпаз атанады.    

 «Сөздер баспалдағы» ойыны.

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін 

дамыту.

Ойынның  шарты:  оқушыларға  тігінен  жазылған  



бірдей  бірнеше  әріптер  беріледі.  Олар  сол  берілген   

әріптерден  басталатын зат есім сөз жазу керек және 

жазалған  зат  есім  сөз  әр  жол  сайын  бір  әріпке  өсіп 

тұруы шарт. 

1.    Жуан, езулік, ашық дауысты дыбыс.

2.  Бір жылда 12  ...  болады.   

3.  Әкеңнің әкесі.

4.  Жеміс түрі.

5.  Қымбат металл.

6.  Қазақстан Республикасының астанасы.

7. Автобус күтетін жер.

«Қыз қуу» ойыны.

Ойынның мақсаты: жалқы есімді  қайталап бекіту, 

оқушылардың  тез ойлай білу қабілеттерін дамыту.

Ойынның  шарты:  тақтаға  екі  оқушы  шығып  

белгілі  уақыт  ішінде  10  қыздың  атын  жаңылмай 

айтып шығуы керек. Тапсырманы жаңылмай орындап 

шыққан оқушы жеңімпаз атанады.   

«Бос  торды  толтыр» ойыны.

Ойынның  мақсаты:  зат  есімнен  алған  білімдерін 

бекіту. Ойлау қабілеттерін арттыру.

Ойынның  шарты:  берілген  бос  торлардың 

орнына зат есім сөз шығатындай етіп буынды тауып 

жазу. 


  ға

  ға


  ға

лақ


лақ

лақ


ға

ға

ға



    

«Жаңа сөз құра» ойыны.

Ойынның мақсаты: ойлау қабілетін дамыту, сөздік 

қорларын молайту.



32

33

Ойынның  шарты:  тақтаға  кез  келген  зат  есім 



сөз  жазылады.  Сол  жазылған  сөздегі  әріптерден 

оқушылыр  тағы  да  зат  есім  сөздер  ойлап  табулары 

шарт.

Мысалы:  БАУЫРСАҚ.



Бауыр,  бақ,  ау,  ара,  қар,  Сара,    сақ,  сақа,  қасық, 

бақа, т.б.



«Адасқан әріптер» ойыны.

Ойынның  мақсаты:  оқушыларды    зат    есімдерді  

дұрыс  құрастыра  білуге  үйрете  отырып,  сауатты  

жазуға  дағдыландыру.  Ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның шарты: тақтаға  немесе  қима қағаздарға  

шашыранды әріптер жазылады. Сол берілген әріптерді 

дұрыс құрастыру арқылы оқушылар  жасырынған зат 

есім сөздерді  табу  керек. 

Мысалы:   қ, у, о, ы, ш  (оқушы)

 

 



т, п, і, к, а (кітап)

 

 



і, і, л, б, м (білім)

 

 



м, м, ғ, ұ, а, л, і (мұғалім)

 

 



о, т, н, а (отан)

 

 



п, е, м, к, е, т (мектеп)

«Сөз қуаласпақ» ойыны.

Ойынның  мақсаты:  оқушыларды  тапқырлыққа, 

шапшаңдыққа тәрбиелеу. Зат есім сөздерді тез ойлап 

таба білуге үйрету.

Ойынның  шарты:  ойын  бастаушы  кез  келген  бір 

тақырыпты  алып  сол  тақырыпқа  қатысты  зат  есім 

сөзді тақтаға  жазады, ал келесі ойыншы тақырыпты 

өзгертпей  сол  сөздің соңғы дыбысынан басталатын 

келесі  сөзді  тақтаға  жалғастырып  жазады.  Ойын 

осылай жалғаса береді. Тақырыпқа байланысты сөзді 

дұрыс таба алмаған оқушы  ойыннан шығады. Ең көп 

сөз ойлап тапқан  ойыншы жеңімпаз атанады.

Мысалы:  «Азық-түлік»  тақырыбы  бойынша 

ойынды төмендегідей ойнауға болады.

Самсалма лмұрторталқанан.

«Сиқырлы шеңбер» ойыны.

Ойынның  мақсаты:  байқағыштық,  шапшаңдық 

қасиеттерін  дамыту.  Зат  есім  сөздерді  таба  білуге 

және олардың мағынасын дұрыс түсінуге үйрету.

Ойынның  шарты:  тақтаға  немесе  екі  қағазға  

шеңбер сызып, оның  ішіне кез келген  көп әріптері 

бар зат есім сөз жазылады. 

Ойыншылар  сол  берілген  сөздегі  әріптерді 

қолданып жаңа сөздер ойлап табулары шарт. Ойынды 

екі топқа бөлініп ойнауға болады.

«Байлаулы төртбұрыштар» ойыны.

Ойынның  мақсаты:  оқушыларды    тапқырлыққа, 

зейінділікке  тәрбиелеу.  Жалқы  есімдерді  ажыратуға  

және  сөздерді сауатты жаза білуге дағдыландыру.

Ойынның  шарты:  берілген  зат  есім  сөздерді 

торкөздерге  дұрыс  орналастыру  арқылы  екі  ер 

баланың,  бір  қыз  баланың  жасырынған  есімдерін 

табу  шарт.

Берілген  сөздер  (ойын  жүргізуші  сөздерді  өз 

қалауынша өзгертуіне болады)

Мысалы: мата, ата, арман, тай, жан, бала, арық, 

жарық.



34

35

«Әріптер сөйлейді» ойыны. 

Ойынның  мақсаты:  зат  есім  сөздерді  табу, 

сұрақтарын дұрыс қоя білуге үйрену.

Ойынның  шарты:  тақтаға  бір  мақал  (  нақыл  сөз, 

өлең жолдары)  жазылады. Ойын  шарты  бойынша 

оқушылар    сол  жазылған  мақалдың    әр  әрпінен 

басталатын  зат  есім  сөздер  тауып,  сұрақтарын  қою 

керек.

Мысалы: «Өнер алды-қызыл тіл»



Ө-рнек (не?)              Қ-озы (не?)

Н-ан (не?)                 Ы-дыс (не?)                              

Е-р (не?)                   З-ат (не?)        

Р-ух (не?)                 Ы-нта (не?)  

                                  Л-ақ   (не?)

А-дам (кім?)

Л-әззат (кім?)           Т-алғат (кім?)   

Д-әрігер (кім?)           І-ні (кім?)

Ы-рысты (кім?)       Л-әйлә (кім?)

«Айырмашылығы неде?»  ойыны. 

Ойынның мақсаты: зат есімнен зат есім тудыратын 

жұрнақтарды  есте  сақтау,    зат  есімнің  сұрақтарын 

дұрыс қоя білуге дағдыландыру.

Ойынның шарты: тақтаға  зат есімдер жазылады. 

Оқушылар  тақтада  жазылған  зат  есімдердің 

айырмашылығын  ажыратып,  сұрақтарын  қоюлары 

шарт.


 Мысалы:

 Кітап-кітапханашы;

Дәрі-дәрігер; 

Ас-аспаз;

Балық-балықшы;

Аң-аңшы;


 « Ойлан, тап» ойыны.

Ойынның  мақсаты:  тапқырлыққа,  зейінділікке, 

сауаттылыққа үйрету.

Ойынның  шарты:    оң  және  теріс  оқығанда 

мағынасы өзгеріссіз қалатын зат есім сөздерді табу.

Мысалы:


ҚАЗАҚ,  ҚАЛАҚ,  ҚАДАҚ,  ШЫБЫШ,  ШАШ, 

АТА, АНА, ІНІ, АҒА,  т.б.




жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау