«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет10/34
Дата14.05.2018
өлшемі1,08 Mb.
#12315
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34

34

35

ойлап, 



бағалап,  талдап,  синтездеген  шешімдері 

бақыланды.

Не үйренді? Оқушы жаңа ақпарт (ертегі) алды, сөздік 

қор  жинады.  Ұғымы  кеңейді:  тырна  –  су  құсы;  түлкі 

қырда мекендейді. Қонақты дұрыс қарсы алу керек.

5-6-сыныптарға  өткен  алғашқы  сабақтардың 

бірінде ауызша кері байланыс болды. Сонда оқушылар 

оқытудың  жаңа  тәсілдері  туралы:  -Біз  білімді  өзіміз 

оқып,  түсініп,  талдаумен  алдық,  -  десе,  бір  оқушы: 

-  Жоқ,  мұғалім,  олай  емес.  Егер  сіз  бізге  тапсырма 

беріп,  орындауға  жағдай  жасап,  бағыттамасаңыз,  біз 

бос  параққа  қарап  отырар  едік,  -дейді.  Демек,  ендігі 

сабақтар  үнемі  «Түрткі-реакция»  әрекетімен  жүзеге 

асады.  Торндайктің  оқу  теориясы  мен  Скиннердің 

«оперантты  шарттылық»,  яғни,  адамдардың  лайықты 

іс-әрекетіне  ынталандыру,  тоқтатылуы  қажет  мінез-

құлықты  елемеу  немесе  жаза  қолдану  теориясына 

сүйенеміз.  Оқытудағы  бихевористік  тәсіл  тәжірибеде 

осы тұрғыда қолданылды.

Оқытудағы танымдық тәсіл туралы ғалымдар (Пиаже, 

Пиагет, Монтессори, Выготский) кіші жастағы балалар 

дәл өзін қоршаған ортамен және адамдармен әрекеттесу 

кезінде оқу және даму жүзеге асады деп сендірген. Жан 

Пиаже  ортаның  әсерінен  ішкі  танымдық    құрылымда 

өзгерістер  болатынын  мойындаған.  Ол  психикалық 

дамудың 


төрт 

сатысын: 

сенсорлы-моторлық, 

шапшаңдылық 

алдындағы, 

шапшаңдылықты, 

шапшаңдылықтан кейінгіні айқындады. 

«Сыни  тұрғыдан  ойлауды  бағалауды»  (8-тапсырма) 

алуға  болады.  Оған  5,6,7,8-сынып  оқушылары  тұтас 

қатысты. Құбылмалы жастағы оқушыларды топтастыру 

қиындау  болды.  Дегенмен  әзер  біріккен  «Болашақ» 

тобының  жұмысы  сәтті  шықты:  безендірілген  және 

суреттерді  сұрыптауда  неғұрлым  озық  үлгеретін 

оқушыларға  арналған  тарихи  кестені  таңдаған.  Орта 

буын  оқушыларына  арналған  географиялық  кестені 

таңдаған  «Достық»  тобы  тапсырманы  жылдам 

орындады  және  шебер  тілмен  қорғады,  нәтижесінде 

көп  ұпай  жинады.  Суреттерді  сұрыптауда  орта  буын 

оқушыларына  арналған  тарихи  кестені  таңдаған 

«Сәйгүлік»  тобы  да  басы  әзер  біріккенімен,  ортақ 

мүддеде  ынтымақтаса  жұмыс  атқарды.  Қорғауда 

қобалжулар болды.

Жұмыс  барысында  А,В,С  деңгейлері  бойынша 

«Болашақ»  тобы  зерделеуге  алынды.  Оқушылардың 

жас  ерекшелігі  де  ескерілді.  Бір  қызығы  бұл  топ 

неғұрлым  озық  оқушылар  үшін  арналған  тарихи 

кестедегі «100, 100-50 жыл бұрын; 50-25 жыл бұрын; 

соңғы 25 жыл» деген тапсырма санатын таңдады. Бұл 

топтағы  оқушыларды  атап  кетсем:  А.  –  «А»  деңгейлі 

(14жас), Е.  «С» (15 жаста), А. «В» (13жаста) және А. 

«С»  (11  жаста)деңгейлі.  А.  когнитивтік  қабілеті  анық 

көрінді.  Тарих  пәнінен  алған  білімі  көмекке  келді.  Е. 

қоршаған  ортаны  тану  тәжірибесі  көмектесті.  Негізгі 

дереккөздерді бағалауды және соларға сәйкес сұрақтар 

қоюда төмендегі сөйлесім өрбіді:

А.: 100-50 жыл бұрынға қай тарихи датаны алайық?

Е.: Жобамен қай жылдар?

А.: 1941 жылы ҰОС болды.

А.: Кинодан көргенді еске түсірейік.

А.:  Уақытты  алмай,  парақтарды  біреуің  біріктіре 

беріңдер.

А.: Мен жазайыншы., т.с.с.

Тапсырманы орындауға 1-бетпе-бет кезеңінің 3-апта 



36

37

таратпасындағы  127-беттегі  кесте  үлгісі  ұсынылды. 



Тапсырма  кестесін  оқушылар  өз  қалауымен  таңдады. 

Әуелі  тапсырмамен  танысты,  суреттерді  тапсырма 

негізінде  бақылады  (анықтады);  өзара  сыннан 

өткізе  іріктеп,  тәжірибе  жасады;  орналастыру  ретін 

ойластырды;  сызбаға  қалай  қондыруды  талқылап, 

нәтижесінде  алынған  ақпарат  –  өз  еңбектерінің 

қаншалықты  құнды  шыққандығын  ойлап,  бағалап, 

өз  өнімдерін  басқа  топқа  талдап  (қорғап) 

ұсынып, 

тұтастыққа  қол  жеткізе  алған  білімдерінен  жаңа 

өнім  (нәтиже)  жасап  шықты.  Бұл  сыни  ойлау 

үрдісін  балаларды  оқыту  мен  когнитивті  дамытуды 

формативті  бағалау  үшін  және  әлеуметтік  ғылымдағы 

оқыту  үдерісінің  бір  бөлшегі  ретінде  куәлардың 

көмегімен  қадағаладым.  Балалардың  өз  идеяларын 

алға тартуы мен оны өз араларында талқылауы кезінде 

адамдар  белгілі  бір  мақсатқа  жұмылғанда    деңгей 

де,  жас  ерекшелік  те  ешқандай  рөл  атқармайды 

екен.    Оқытудағы  әлеуметтік-жағдаяттық  тәсіл  де 

өзінен-өзі  анық  байқалды.  Бандура:«...Субъектілерде 

басқалардың  мінез-құлқының  салдарын  көруге,  әр 

түрлі  мінез-құлықтың  салдары  туралы  белгілі  түсінік 

алуға мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі – бақылау...»-

дейді.  Менің  байқағаным:  оқушылар  бұл  тапсырмада 

физиологиялық  болмыстарын  мақсатқа  бағындырып, 

әлеуметтік  сенім  арту  арқылы  өзінің  де  қолынан 

келетініне  көзі  жете  пішіндеуге  қатысты.  Топтасып 

нәтижелі (тәжірибе) жұмыс атқарды. 

5-6-біріккен 

сыныптар 

қазақ 

әдебиетінен 



«Кейіпкерлер  әлемі»  (Қ.Жұмаділов  «Қозыкүрең», 

М.Мағауин  «Бір  атаның  балалары»)  үшінші  қайталау 

сабағында  «Венн  диаграммасымен»  кейіпкерлерді 

салыстыру  жұмысында  әр  түрлі  деңгейлі  оқушылар 

топтық  жұмыста  зерттелді.  Н.  «А»  деңгейлі;  Е.    «Б» 

деңгейлі;  А.  «С»  деңгейлі  оқушы.  Екі  ұл  бала  А-ны  

қабылдағысы келмеді. Ал А ұлдармен бірге отырғысы 

келмеді.  Оқушылар  үнін  шығарып,  өзіндік  «Менін» 

көрсетті.  Содан  баламен  балаша    өз  тілінде  сөйлесіп, 

үшеуі  ең  мықты  топ  болатынына  «бәс»  тігіп,  әзер 

көндірдім. Ұсынған тапсырманы орындауда көшбасшы 

Н. болды.

Н. Е-ге Қозыкүреңнің суретін салуды тапсырды. Е. 

маған: - Спириттің мультфильмін тағы да көрсетіңізші, - 

деген тілегін білдірді. Өзіне керек кадрды тапқан кезде: 

«тоқтатыңызшы»,  -  деп  өтінді.  Айтқаны  орындалған 

Е.сурет салуға кірісті.

Н.  Қозыкүрең  мен  Спириттің  ұқсастығы  мен 

айырмашылығы  туралы  ойланды.  Өзі  үлгермейтін 

болған соң А-ға түсті қағаздарды қия беруге және «қыз 

баласың ғой, әдемілеп әрлеуді ойластыр» деп тапсырма 

берді. А. құлшына кірісті. Жазып бергендерді жылдам 

желімдеп  жапсыра  бастады.  Жобалары  танымдық 

тұрғыдан  маңызды,  безендірілуі  өз  деңгейлері,  жас 

ерекшеліктері  үшін  тамаша,  ұпайды  көп  жинаған 

топ  болды.  Беспальконың  білім  деңгейлерін  саралау 

технологиясы  өлшеміне  салар  болсақ:  А.  оқушылық 

деңгей көрсетті. Топ басшысының нұсқауымен тапсырма 

орындады.  Қойылған  мақсатқа  бар  мүмкіндігін 

пайдаланды. Бұрынғы жинақтаған білімді пайдаланып,  

өз бетімен жұмыс істей алатын алгоритмдік деңгейдегі 

Е.  эвристикалық және шығармашылық деңгейге бірақ 

көтерілді.  Мейкер  мен  Нильсонның  «Өзгертілген  оқу 

жоспары»  әдістемесі  көмегімен  ерекше  балаларға 

жеке  тапсырмалар  әзірлеуге  болады.  «Дарындылық 

ұрпақ  бойында  демалады,  бірақ  оны  дер  кезінде  оята 

білу  керек»,  -  дейді  даналық.  Ауылда  Е.  дарынын 



жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау