47
б) Оқушылармен, кітаппен жұмыс.
Алдымен өлеңдерін дауыстап мәнерлеп оқыту.
Өлеңнің тақырыбын анықтап, тіл көркемдігіне, өлең
құрылысына талдау.
«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі. 1. 1 шумақ, 19 тармақ,
2 бунақ, 8 буыннан тұрады, шұбыртпалы ұйқасқа жазылған.
2. Гипербола, ассонанс, аллитерация, риторикалық сұрақ
бар. 3.
Туған жер үшін күреске шақырады. Ер адам осындай
қиындыққа шыдау керек. Азаматтың алдындағы қиындықтар
мен ауыр сынақтарды тізіп шығады. Қиындыққа шыдаған
кісі
ер атануға лайық.
«Мұнар күн» өлеңі. 1.
1 шумақ, 36 тармақ, 2 бунақ, 8
буыннан тұрады, шұбыртпалы ұйқасқа жазылған. 2. «Күн»
сөзі қайталанып келу арқылы өлеңнің әсерін күшейтіп тұр,
теңеу
(Хас бәйтерек...) эпитетті
(мұнар, шұбар) пайдаланған.
3. Ішкі жан сыры жырланады. Достан айырылғанын сезесің.
- Досы кім?..
- Досына шығарған қандай өлеңімен таныстық?
в) Салыстыру.
«Ереуіл атқа ер салмай» «Мұнар күн»
Күреске шақырады. Өмірге құлшыныс Жан сыры
Жігерлендіреді. сезіледі. байқалады.
Ерлік Күрес жолынан Достан
намысын қайрайды. таймайтыны айырылғанын
көрінеді. сезесің.
Шұбыртпалы ұйқас- Мұңаю бар.
пен жазылған.
8 буынды.
Ер сөзіне байланысты қандай мақал білеміз.
г) Шығармашылық жұмыс.
1-тапсырма. Махамбеттен (өлеңдерін жатқа оқу)
2-тапсырма. Махамбеттен (өлеңдеріндегі афоризмдерді
мақалмен салыстыру)
48
3-тапсырма. Махамбетше (өз шығармашылығын оқу).
1.
Асыл ердің баласы
жауды көрсе шыдамай «Өзіммін деген жігітті
көзін салар қияға. түзде сынама, үйде сына»
Ермін деген жігітті
кеңшілікте сынама.
(«Қарағай шаптым шандоздап»)
2.
Айырдан туған жампоз бар
Нарға жүгін салғысыз.
Аруанадан туған мая бар
Асылын айуан десе нанғысыз.
«Жақсыдан туған жаман бар,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар-
Атасын айтса нанғысыз»
(«Атадан туған қазанат»)
3. Жаманменен дос болсаң,
Айырылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Басқа
кетер бөлектеп,
Қолдан берер есептеп,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
«Жаманменен дос болсаң,
аузы-басың қан болар.
Жақсыменен дос болсаң,
аузы-басың май болар»
(«Арғымақ, сені сақтадым»)
4. Сан шерулі қол болса,
Батырлар болар ағасы. «Ел ағасыз болмас,
Аз
сөйлер де көп тыңдар, тон жағасыз болмас»
Хас асылдың баласы.
(«Аспандағы бозторғай»)
49
ғ) Пікірталас.
- Бүгінгі өмірімізде Махамбеттер бар ма?
д) Мұғалімнің жинақтап қорытындылауы.
«Махамбет - өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі
қасиеттің символы». Өзін емес, өзге жайын, ел қамын ғана
ойлаған. Отбасынан баз кешіп, өз рахатынан өзі безіп,
ылғи ғана «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып»
жүргендегі мақсат-мүддесі – елінің ертеңі, дәлірек айтқанда,
- біздің бүгінгі күніміз, азат Қазақ мемлекетінің егемендігі.
(Зейнолла Қабдолов).
Үйге тапсырма беру. 1. Махамбет Өтемісұлы туралы
деректерді оқу. 2. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жаттау. 3.
Афоризмдерді жазу. 4. Түсініктеме күнделігі.
Гүлсім ЖҰМАҒАЗИНА,
Ақтөбе облысының
Хромтау ауданындағы
«Дөң» орта мектебінің мұғалімі.
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ. «АНАНЫң
АНАСЫ»
(7-сынып)
Сабақтың мақсаты: 1) оқушыларға жазушының өмірі,
шығармашылығынан мәліметтер беру және оның әңгімесін
оқып, мазмұнын ашу;
2) ізденгіштік қасиеттерін арттыра
отырып, дәлелді пікір айту, ойлау қабілеттерін дамыту,
шығармашылық жұмыс істей білуге, өзінше тұжырымды ой
айта білуге үйрету;
3) шығарма идеясы негізінде оқушыларды
адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге баулу.